Ғылыми жоба: Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату



бет4/5
Дата13.02.2023
өлшемі23,73 Kb.
#67412
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылыми жоба

Металл қалдықтары
Материал: темір немесе шойын.
Табиғатқа залалы: темір қоспалар көп ағзалар үшін уытты. Металл қалдықтары жануарларды жарақаттайды.
Адамға зияны: Әр түрлі жарақаттар тудырады.
Ыдырау жолдары: Суда еріген немесе ауадағы оттегінің әрекетінен темір оксидтеріне дейін баяу тотығады.
Соңғы ыдырау өнімі: тат ұнтағы немесе ерігіш темір тұздары.
Ыдырау жылдамдығы: жерде –10-20 жыл ішінде 1 мм терендікте, тұщы суда 3-5 жылда – 1мм терендіте, тұзды суда – 1-2 жылда 1 мм терендікке.
Қайта өндеу әдісі: қайта балқыту.
Зиянсыз етудің ең аз дегенде қауіпті әдісі: дампқа (қоқыс үйіндісіне шығару) шығару немесе көму.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: темірдің оксидтері немесе ерігіш тұздары.
Фольга
Материал: алюминий.
Табиғатқа залалы: көбінесе қауіпсіз.
Ыдырау жолдары: оттегінің әсерінен алюминий оксидіне дейін баяу тотығады.
Соңғы ыдырау өнімі: оксидтер немесе алюминий тұздары.
Ыдырау уақыты: жерде – бірнеше ондаған жылдар, тұщы суда – бірнеше жыл, тұзды суда – 1-2 жыл.
Қайта өндеу әдісі: қайта балқыту.
Зиянсыз етудің ең аз дегенде қауіпті әдісі: көму.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: алюминий оксиді.
Сыра және әр түрлі шырындардың қалбырлары
Материал: алюминий және оның қорытпалары.
Табиғатқа залалы: темір қоспалар көп ағзалар үшін уытты. Металл қалдықтары жануарларды жарақаттайды.
Адамға зияны: Қалбырда қан сорғыш бунақденелілер дамитын су жиналады. 
Ыдырау жолдары: оттегінің әсерінен алюминий оксидіне дейін баяу тотығады.
Соңғы ыдырау өнімі: оксидтер немесе алюминий тұздары.
Ыдырау уақыты: жерде – жүздеген жылдар, тұщы суда – бірнеше ондаған жыл, тұзды суда- бірнеше жыл.
Қайта өндеу әдісі: қайта балқыту.
Зиянсыз етудің ең аз дегенде қауіпті әдісі: көму.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: алюминий оксиді.
Шыны ыдыстар
Материал: шыны.
Табиғатқа залалы: сынық шыны қалдықтары жануарларда әр түрлі жарақаттар тудырады.
Адамға зияны: сынық шыны қалдықтары жарақат тудыруы мүмкін. Шыны ыдыста қан сорғыш құрттар дамитын су жиналады.
Ыдырау жолдары: температураның өзгеруіне байланысты баяу шыны ыдыстар сынып шашылады; шыны біртіндеп кристалданып шашылады.
Соңғы ыдырау өнімі: ұсақ шыны қалдықтары сыртынан кұмға ұқсас.
Ыдырау уақыты: жерде – бірнеше жүздеген жылдар, тыныш суда -шамасы 100 жылға дейін.
Қайта өндеу әдісі: тура тәсілі бойынша қолдану немесе балқыту.
Зиянсыз етудің ең аз дегенде қауіпті әдісі: дампқа шығару немесе көму.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: шыны ұнтағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет