Ғылыми жоба пәні: Қазақ әдебиетінің тарихы Тақырыбы



бет2/6
Дата04.11.2022
өлшемі45,39 Kb.
#47438
1   2   3   4   5   6
ІІ. Негізгі бөлім
20-жылдардағы қазақ поэзиясы
20-жылдардағы қазақ поэзиясының дамуын сөз еткенде, ондағы революцияшыл, солшыл бағыттың үстем болғанын атау орынды. Бұл бағыттың топ бастаушысы Сәкен Сейфуллин (1894-1938) азаттық үшін күрестiң от жалынын кешiп келген болатын. Ол Омбыда оқып бiлiм алган. Ондағы орыс революционерлерiмен қарым-қатынас жасаған. 1917 жылы Ақмолада Кеңес өкiметiн орнатуға қатысып, 1918 жылғы көтерiлiс кезiнде-ақ гвардияшыл атаман Анненковтың қолында, Колчактың Омбыдағы концлагерiнде азап көрген. 1919 жылы қашып шығып, оңтүстік Қазақстанға өткен. Орынборда Қазақ республикасының басшы қызметтерiнде болған Сәкен Сейфуллин әдебиетке біраз тәжiрибе жинақтаган күйiнде келдi. Ол ұлттык әдебиетiмiзде тұңгғыш рет азаттық сүйгіш, күрескер каhарманның бейнесін жасады. Оның лирикалық каһарманы озбырлыққа жаны қас, әділет жолында барын аямайтын тегеурінді жан. Ол революцияны елiне тәуелсiздiк, бостандық әкелетiн төңкеріс деп түсiнедi де, соған араласады. Осы жолдагы қиыншылықтың бәріне де төзiмдiлiкпен қарайды. Мысал ретінде оның "Қамаудан" өленiндегi мына жолдарын алсақ болады:

Отырмын күзет, камауда


Дұшпаннан тәнiм жеңiлдi.
Жеңе алмас, бiрақ, еш пенде
Асау, еркін көңілдi,-
деген жолдар каһарман бойындағы осындай жiгердi танытады. "Асығып тез аттандық", "Кел, жiгiттер!", "Түрмеден қашып шыққанда", "Жас қазақ марсельезасы" т. б. өлендерiнде ақын осы каһарманның күрес жолындағы өмiрiн жан-жақты бейнелейдi. Ол: "Азамат, жүнжіме, жүрме бос, қол ұстас, бiрiгiп тiзе қос",- деп, теңдiктiң күнi туғанын жария етедi. Патшаның әділ болмағанын, бұқара халықты кем тұтканын, ұлықтардың парақорлығын, ел-жұртты надан қылып, карангылықта ұстағанын суреттейді. Акын ескі ән ырғағы дәстүрiн жаңартып, асау, еркiн күрескер азаматтың көңiл-күйiн танытатын, сөйлеу мәнерін өленге кiргiздi.
Шыдамадым капасқа,
Кеншiлiкке каштым.
Көндiкпедiм матауга,
Асау атша бастым.
Уh! Шырқап, зымырап,
Сұңқардай заулап ұшайын!
Ушайын!
Жер-көктi қапсырып,
Әй, бiр кұшайын!
Бiрiктiрiп кұшайын
Бұл жолдардан еркiндiктi аңсаган каһарманның өмiрге деген кұштарлығы айқын танылады. Сәкен жаңа заманның екпiндi, қарқынды жүрiсi мен үнiн Асау тұлпарға теңеп, осы бейнеде суреттеді. Жинағының атын "Асау тұлпар" (1922) деп койды. Кейiн 1925 жылы "Советстан" поэмасында жаңа коғамның қарқынды дамуын экспресс-пойызбен салыстырады. Қазактың 11 буынды өлең ырғағын жаңартып, оны пойыздың жүріс ырғағына теңеді.
Сәкен азаматтық саяси лириканың ғана емес, табиғаттың да шебер жыршысы, адам жаны мен сырын түсiнетiн ақын болған. Онын "Көкшетау" поэмасы Қазакстанның ең бiр көрiктi өлкесi Көкше өңірінің сұлу табиғатын керемет суреттеуі халық арасында кеңінен тараған. Сәкеннің өлен жолдарын ел әнге қосып айтады. Поэма сюжетiнiң тарихи негiздерiне ақын тап көзқарасы тұргысынан баға береді. Ол көршi екi ел қазақтар мен қалмақтардың бiрiн-бiрi жаулаушылығын ел билеушiлердiң олжа табу жолындағы күресі деп таниды. Қалмақтарды шапқан Абылай хан әскерiнiң тұткынына түскен калмақ кызының тағдырына көңіл аударады. Оны хан тұткынынан қазақ батыры Адақ босатады. Мұны ақын озбырлықты адамгершіліктiң жеңуi деп санайды.
Сәкеннiн "Аққудың айырылуы", "Ақсак киiк" сиякты шығармалары адал махаббатты, өмірдің әсем көріністерін ардақтауға үндейдi. Аққу мен киiктi ол сұлулықтың бейнесi ретiнде алған. Алғашқы поэмада суы күміс, жасыл құрақты Айнакөлдiң суретiне оның көркi болған қос аққудың сұлулығы қосылып махаббаттың символымен суреттеледi де, соның бiрiн атып алған аңшының зұлымдығы сыналады. Сыңарынан айырылған аққудың назаланған үнi мен биiктен кұлап өлуiн, ақын үлкен тебіреніспен береді. "Ақсақ киiкте" де сұлу аңға қол көтерушiге де наза айтады. [5]
Сәкенмен бiрге жаңа пролетарлық әдебиет жасауға қатысқан Б. Майлин (1894-1938) бұрын демократтық бағытта өлеңдер жазған ақын едi. 1920 жылдардан бастап ол да өкiмет саясатын жақтап, қазақ кедейiнiң теңдiк үшiн күресiн, өсу, жаңару жолын көрсететiн өлендерiмен көзге түстi. Мырқымбай атты кедей өмiрiнiң әр қырын суреттейтiн өлеңдер циклін жазды. Өзi де қарапайым қазақ отбасынан шыққан акын:
Сенiң зарың зарлайтыным өмірде.
Сенің арың арлайтыным өмiрде.
Сен не көрсең, мен де соны көрмекпін.
Белді буғам ауырға да жеңiлге.
Сен жыласаң, көзден жасым тамшылар.
Сен куансаң, кайғы-шерiм аршылар.
Айт өлеңдi ен даланы жаңғыртып.
Қойшы-қолан кеше жүрген жалшылар.-
деп өзінің кедейлермен тағдырлас екендiгiн айтты.
Ал, оның "Маржан" атты поэмасында кедей өмiрiнiң қасiреттi жақтарын көркем бейнеледі. Қазақ айелiнiң теңдік алуын құттықтап өлеңдер жазды. Бейімбеттiң өлең-поэмалары қазақ әдебиетiнде жаңа заманның ұнамды типтерiн тануға деген ұмтылысты көрсетеді. [1]
Әдеби қызметiн осы дәуiрде бастаған Сәбит Мұқанов та (1900-1973) қазақтың революцияшыл поэзиясының көрнекті өкілі болды. Өзi жетiмдiктiң, жоқшылықтың зардабын көрiп өскен ол алғашқы күннен бастап өзi шыққан таптың жоқшысы ретiнде танылды. Оның өлеңдерi мен "Батырақ" поэмасы бұрын өмiрден кағажулық көрген қазақ кедейiнiң жаңа дәуірде қатарға кiрiп, коғамдык iстерге араласқанын бейнеледі. Ал, "Сұлушаш" поэмасында бай қызы мен кедей баласының арасындағы махаббатты, олардың қосылуына бөгет болған күштердi суреттеді. Акынның тапшылдығы, үстем тапқа деген көзқарасы дәуiрдiң саясаты тұрғысынан қарағанда түсiнiктi десек қателеспейміз.
Жаңа әдебиеттiң негiзгi идеясын қабылдап, оны жырлауға құлшыныс білдірген ақынның бiрi Ілияс Жансүгіров (1894-1938) едi. Төңкерiстен бұрын демократтық бағытта өлеңдер жазған ақынды идеясына тартқан да өкiметтiң кедейлерге деген қолдауы болды.
Ол "Арыным" атты өлеңiнде:
Алқынамын, басылмайды арыным,
Тау селіндей екпiн, қайрат, сарыным.
Жарлы-жалшы, жақыбайды жарылқау Жандағы ауру, жүректегi жалыным, - деп, өзiнiң ақындық бағдарламасын жариялай, жалындата келдi. Ол "Аспанды тұманнан, жердi жуаннан арылту" идеясына сендi. Кейiнгi шығармаларымен ақын өмiрге кiре бастаған жаңалықтарды мақұлдай ескішілдікті шетінен сынай отырып, белсендi үн қосып отырды. 20-жылдардың аяғына қарай Ілияс эпикалық поэзияга бет бұрды. Оның беташары "Күй" поэмасы қазақ өнерiнiң құдіреттi күш көркем бейнелеудегі ұлттық әдебиетiмiздiң алғашқы табыстары қатарына кiредi.[2]
Әдебиет майданында кұйрыкты жұлдыздай жарк етіп шығып, тез сөнген қазақ қызы Шолпан Иманбас ақын (1904-1926) өлеңдерi де осы дәуiрде кен тарады. Балалық шағы жетiмдiкпен өткен Шолпан 14 жасқа толар-толмасында бiр байға тоқалдыққа узатылып, бай үйiнiң тепкiсiнде күнiн өткiзедi. Кейiн кеңес мекемелерiне барып, басына бостандык алады. Сондықтан да болар, Шолпан қазақ әйелiнiң коғамдық теңсiздiк күйiн, қалыңмалға сатылуын, жаңа дәуiрде азаттыққа жетуiн өлеңдерiнiң негiзгi тақырыбы етiп алған.
Көп жыл жүрдiм бұзау, қозы соңында,
Маңдайымнан арылмаған сорым да.
Күл шығарып, тезек терiп, су тасып,
Күңi болдым жауыз байдың қолында.
Далба-дулба, шоқпыт-шоқпыт киiмiм.
Ауыр тұрмыс көрдiм талай қиынын
Өмiр өтiп зарлау, жылау, қайғыда
Шеше алмадым көңiлдiң тас түйiнiн
Жалпы әйелдiң атынан айтылған ақынның осы өлең жолдары теңiне қосыла алмай, қалың малға сатылып, байға тоқал болған қазақ әйелiнiң сол тұстағы өмiрiн, көңiл-күйiн дөп бейнелейтiн едi. Ақын өлеңдерi азат болған қазақ әйелiнiң қуанышы мен сезiмiн суреттеуге арналған. [3]
20-жылдардың екiншi жартысында Ә. Тәжібаев. Т. Жароков, Ө. Тұрманжанов, Ғ. Орманов, Ж. Сыздықов сияқты ақындар алғашқы шығармаларын жариялай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет