Ғылыми жоба пәні: Қазақ әдебиетінің тарихы Тақырыбы


-жылдардағы қазақ поэзиясы



бет3/6
Дата04.11.2022
өлшемі45,39 Kb.
#47438
1   2   3   4   5   6
30-жылдардағы қазақ поэзиясы
Партия мен социалистік реализмнің шектеуіне ең алдымен қазақ поэзиясы ілікті. Отызыншы жылдардағы қазақ поэзиясының тақырыбы - Социалистік Отан, елді индустрияландыру, ауылды колхоздастыру, жаңа ашылған өндіріс орындары, т. б. болды. Адамды жырлау оның еңбегімен ғана байланыстырылды. Оның ойын, сезімін, махабаты мен табиғатпен байланысын жыр ету саясаттан, күнделікті өмір шындығынан алыстау деп саналды, саяси қате ретінде бағаланды. Сондықтан да поэзия:
"Солқылдата соғылсын!.." [6]
-деп бастап, халықты бесжылдық жоспарды төрт жылда орындауға шақыратын, еңбекке үгіттейтін насихат жырына айналды. С. Сейфуллиннің "Калаушылар жыры" "Тоқу фабригінде", І. Жансүгіровтің” "Алтын қазан", С. Мұқановтың "Караганды", "Конвейер" жоне Магнито- горск туралы өлеңдері,
А. Тоқмагамбетовтің "Турксіб түйіскенде", Т. Жароковтың "Бесжылдыктың балғасы", "Миллион толкын", К. Әбдікадіровтың Ектін", F. Ормановтың “Шеңбер", "Мыс қала", Ә.Тәжібаевтың "Айнабұлақ", т. б. өлеңдері - бүкіл одақтық социалистік өндірістің даму қаркынына үн қосу үшін жазылған дүниелер. Көркемдік ізденістеріне карағанда осы тақырыпқа жазылған өлеңдер санатына қосылады. Алайда өлеңнің ақынның табиғатынан, ой сезімінен тумағаны, жазу үшін жазылғаны білінбей калмайды. Бұл такырыпқа басқа да көп өлеңдер туды. С. Сейфуллиннің "Даладағы жаңа күй", Б. Майлиннің "Коллективтің жырын айт", "Гүлленсе ауыл - гүлденеміз бәріміз", І.Жансүгіровтың "Қойшының ойы", С. Мұқановтың "Малшының мақтанышы" сияқты өлеңдерде үгіт сарынынан бой тартып, ауылдағы өзгерісті адамның көңіл-күйін, сезімін суреттеу арқылы көрсетуге талап жасалды.
Бір кезде, еңбектің азапты кезінде, қазақ кедейі безер болған кезде К. Әзірбаевтың "Бозторгайын" еске аламыз. Қойшылықты Ілияс творчество дәрежесіне көтере жырлады. Оның қойшысы өз еңбегін мақтан тұтып, егін мен жұмысшының еңбегімен қатар кояды.
Орақ пенен балганың арасына
Кояйын мен де апарып таяғымды', -
дейді[2]. Ауыл өміріне арналған шығармалар ішінде Сәкен Сейфуллиннің "Кызыл ат" поэмасын ерекше атау орынды. Бұл - 1931-1932 жылғы халықтың басынан кешкен аштық, ауылдың жүдеушілігі туралы шығарма. Ақын ауылдың жүдеушілік көргенін, шаруашылықтың күйзелісін кызыл аттың ақынмен сырласуы түрінде алып, аттың аузынан айтқызады. Ол асыра сілтеушілікті жалған белсенділерден көреді. Белсенділердің зиянкестігін, содан мал басының қырылуын, күтімсіздікті ашады. Оған жол берген кәрі райком (Голощекин) бейнесі көрінеді. Өкімет саясатының қателігін ашық айту мумкін емес кезде, олардың кылығын сол өкіметтің өкілдері-белсенділер мен кәпң райком арқылы көрсетудің өзі де ерлік еді.
Жалпы, Сәкен жаңа заманды жақтаушы болғанмен, партия саясатына бас сұға бермей, сын көзімен караған, оның халық мүддесімен сәйкес келмеген тұсында, оны ашық айтып жүрген ақын. 20-жылдары Орынборда ол елді сырттан келгендердің билеуінен ұлттық мүддені ескермеу етек алып бара жатқанын айтып бас көтерген, партияның жаңа экономикалық саясатына қарсы шыққан. Бұл- акынның өкімет басшылығынан босауына себеп болған. Ал, Голощекин тұсында, оның қателігін Сәкен ауызша да, жазбаша да айтып жүрген. Коммунист ақые "ұлтшыл" деген аттан да құтылмаған. Мұның аяңы 1937 жылы оны халық жауы ретінде тұтқындап, атып жіберумен тынды.
Отызыншы жылдары қазақ әдебиеті үшін үйреншікті емес тағы да біраз жаңа тақырыптар ұсынылды. Олар: челюскишілердің жорығы, Америкаға қонбай ұшқан Чкалов бастаған ұшқыштардың сапары, партияның XVIII сьезі күндері Федосенко, Васенко, Усыськиндердің стратостатпен 22 мың метр биікке котерілуі, самолеті апатқа ұшырап, тайга орманында 11 күн, 11 түн адасқан Марина Раскованың сапары сиякты тақырыптар еді. Кеңес идеологиясы бұл оқиғаларды біздің адамдардың танғажайыптылығы, ғылыми ой пікірдің орасан табысы, табиғатты игеру жолындағы ерлік күресі деп бағалады. Ақын- жазушыларды солардың ерліктерін жырлауға, сол арқылы кеңес заманын мадақтап көрсетуге шақырады. Челюскиншілер жорығына арналып жарияланған поэмалар бәйгесіне қатысып, І. Жансүгіров, "Жорық", С. Мұқанов "Ақ аю". А. Тоқмагамбетов "Уборщица", Ә.Тәжібаев "Кұтқару", Т. Жароков "Мұз тұтқыны", F. Орманов "Алынған қамал" сиякты поэмалар жазды. Олардың көбі бұл окиғаларды көркем бейнелеуге көтеріле алмады. Нақты газет хабарларының шеңберінде болған жағдайды тізбелеу тұрғысында жазылды. Тек С. Мұқановтың талабында ғана ізденушілік байқалатын еді. Ол челюскиншілер жорығын адам мен табиғаттың арасындағы мәңгілік күрестің жаңа бір көрінісі есебінде бейнелеп, ақ аюдың қолға тусуін табиғаттың мылқау, дүлей күшінің адамға бағынуы ретінде тұспалдап суреттеді. Халықты осыған сендіруге бүкіл идеологиялық аппарат кызмет жасады. Әдебиет те солардың қатарында кеңестік патриотизмді кең насихаттады. Осы тұстағы өлеңдердің шаттық сезімге, лепті қуанышқа толы келетіні де сондықтан. Акындар Отан бейнесін танытар жаңа поэтикалық құралдар іздеді. Кеңестік Отан, көбінесе, гүл бағына, бақшаға тенеліп, жер-ұйыққа баланып мадақталды. Оларда кеңес елі халықтарының достары, өкімет пен халықтың бірлігі, мұны нығайтудағы партияның рөлі асырыла суреттелді. Екінші империалистік соғыстың басталуымен байланысты, Отанды корғау мәселесі айрықша жырланды. Бұл тақырыптарға шығарма жазуға Қазақ акындарының барлық ұрпағы катысты. Революция тудырғанына ұрпақтың бейнесін жасауда "Тасқын" поэмасында Т. Жароков зор ұмтылыс көрсетті. Ол ғасыр басында Алматыда болған тасқын окиғаларын суреттеп, сонда жетім калған Қайсар мен Жамалдың кеңес өкіметі тұсында тәрбиеленіп, окып, білікті маман азамат болып шыққанын суреттеді. Поэма Қайсардың "халық жауларын" әшкерлеуге қатысуы сияқты жалған тартысқа құрылды. Кеңес елініі тарихына арналған Сәкеннің "Альбатрос" Алиястың "Дала" поэмалары да заман шындығын біржақты суреттеп, коғамды мадақтаудан аса алмады.! Бұл жылдардағы қазақ поэзиясының елеулі табысы Ілияс Жансүгіровтің "Күйші", “Құлагер", Ә. Тәжібаевтың "Оркестр", К. Бекхожиннің "Ақсақ құлан", И. Байзаковтың "Ақбөпе” сияқты поэмаларынан көрінеді. Алғашқы бес поэма халық өнерінің адам өміріндегі орнын танытуда, беймезгіл заманда өмір кешкен өнер адамдарының тағдырын суреттеуде бағалы орын алды. "Күйшіде" хан қызының қолына түсіп, азаттырынан айырылған жігіттің әр түрлі жастық сезімі, көңіл-күйі, бостандық аңсарынан өршіл ойы үлкен ақындық шеберлікпен суреттелсе, "Кұлагерде" зорлық күштің жәбіріне ұшырап, жапа шеккен ақын зары мен мұңының сыры айтылады. Сюжетті әр құбылыстың қоғамдық, әлеуметтік сырына ой жібірер толғаныстар арқылы дамытып, характерлерді терең психологиялық суреттермен сомдауда, ақындық сөз өнерінде Ілияс үздік табыстарға ие болды. Ал, И. Байзақов пен Ж. Саин поэмалары қазақ жастарының азаттық, бас бостандығы жолындағы күресі материалдарына сүйеніп жазылды. Оларда сүйіскен жастарды әлеуметтік теңсіздік мерт етеді. К. Бекхожин Кенесары- Наурызбай бастаған отаршылдыққа карсы халық көтерілісі тарихынан "Батыр Науан" деген поэма жаз-ды. Тарихи шығармалар бүгінгі заманның такырыбына жазылған өлең-поэмаларга қарағанда, шектеуге аз ұшырады. Ақындар талантын бұл тұста еркін таныта алды.
Олардың бәрі "заманның үні" болуға тырысты. Осындай ізденістер, жақсы-жаман болсын, отызыншы жылдарда саяси лириканың бірсыпыра есейіп, қазақ әдебиетінде орнығуына жеткізді. Ал, лириканың басқа түрі кең дами алмады. С. Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Ә.Тәжібаевтың, F. Ормановтың, Қ. Аманжоловтың жекелеген лирикалық өлеңдері болмаса, табиғат жырлары да, махаббат лирикасы да дами алмады. Көңіл-күйін жырлау тіпті мүмкін болмады.
Бул дәуір поэзиясын сөз еткенде, ондағы түрлі ізденістерді айтпай кетуге болмайды. Өлең ырғағын жаңа заманның даму қарқынына, экспресс жүрісіне, фабрикадағы станоктың козғалыс ырғағына бейімдеу, сол арқылы орыс поэзиясындағы В. Маяковский тәжірибесін қабылдауға тырысу бұл кездің өлең-поэмаларында жиі кездеседі. 20-жылдар Сәкен осы саладагы бастамага мұрындық болды да, "Советстан" поэмасы мен жекелеген өлеңдерінде осындай эксперимент жасады. Бұл ізденісін ақын отызыншы жылдары да жалғастырды. Ақын поэзиясында оның жекелеген табыстары да жоқ емес. Алайда ол ұзақ өріс алмады, орнықпады. С.Мұқанов, Т. Жароков сияқты ақындар әуелде Сәкенге еліктеп, артынан өз бетінше ізденіп көрді. Сәбиттің он бір буынды қара олеңнің буын санын сақтай отырып, жеке тармақтарды интонация кезінде бөлшектеуі, әр сөзге салмақты ой беруге тырысуы кезінде қолдау тауып жүрді. Бұл ерекшелікті Сәбит өз поззиясында соңғы жылдарға дейін сақтады. Ол Маяковский үлгісін осыдан таныды. 30-жылдар поззиясында халық ақындарының өзіндік орны болды. Жазба әдебиетпен қатар дамыған ақындық поэзия Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Иса Байзақов шығармашылығы арқылы жаңа заманға қызмет етуге тырысты. Олар заман алға тартқан такырыптарды жырлауда белсенділік көрсетті, азаматтық әуенімен, халық поэзиясы қорынан алған бейнелі сөз көркемдігімен, заманды толгай жырлауымен көзге түсті. Бұл салада Жамбыл поэзиясы айрықша танылды.
Сонымен отызыншы жылдар кеңес өкіметі тарихында ерекше бір өзгерістердің діуірі болғанын мойындауға тура келеді. Саяси-коғамдық жүйе жанарды, өмір соған бейімделе өзгеріске ұшырады, рухани тіршілікке өзгерістер кірді, мұның бәрі әдебиетке із қалдырды.. Өмірдегі жаңалық әдебиеттің мазмұнына да жаңалық әкелу занды. Ондағы түрлі ізденістер де осы мазмұн жаңалырынан туындайды. Ал, осы жаңалыкты қазақ поэзиясы калай бойына сіңірді деген сұрақ туындайды. Бұл - басқа мәселе. Социализмді жырлаудың әлемдік тәжірибесінің жоқтығы, жаңалық куып жүріп, ұлттық дәстүрімізден қол үзіп қалу-осы дәуірдегі қазақ поэзиясы сәтсіздіктерінің негізгі себебі болса керек. Соған карамастан, поэзия жүре тузелуге бет алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет