Соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі әдебиет Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиетке тоқталатын болсақ, сол саптағы қаламгерлердің басында Бауыржан Момышұлы тұрады. Бауыржан Момышұлы – Ұлы Отан соғысының басынан кіріп, аяғынан шыққан, ерлігі елдің есінен кетпейтін талантты да қаһарман қолбасы. Ол жауынгерлерімен бірге соғыста шынықты, соғыста шыңдалды, соғыста өсті. Отан үшін от кешіп, оққа ұшқан ерлердің, ерліктің атаусыз қалуын халық трагедиясымен бірдей көрген сардар елдегі белгілі жазушыларға арнайы хаттар жазды. Соғыстың төртінші жылы Алматыда ғылым мен білім, өнер саласындағы зиялылар үшін оқыған лекцияларында жазушылардың соғыс шындығын жазуы қажеттігіне ерекше мән берді. «Шындықты жазу – суреткердің ұлы міндеті. Ұрыста шындықты табу оңай емес, ал оны жинақтау одан да қиынырақ. Бәлкім, менің тарапымнан жазушыларға қойылып отырған талап шектен шыққан әділетсіздіктей көрінуі мүмкін, бірақ мен мұны заңды деп білемін», – деді қолбасы осы лекцияларының бірінде. Лекция барысында лектор баспахананың бояуымен жазылған кітаптар да, адам қанымен жазылған кітаптар да болатынын, ал өзінің баспахана бояуымен емес, майдан даласында шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен жазылған соғыс кітабын оқығанын баян етті.
Б.Момышұлының лекцияларында, хаттарында, естеліктерінде, соғыс үстінде қойын дәптеріне түсірген қолжазбаларында соғыс шындығын жазу туралы міндетке аса зор мән берілді. Осы бағыттағы ойлар, майдан даласында бастан өткергендері мен көзбен көргендері соғыстан сау оралған сардардың жазбауға мүмкіндігін қалдырмады. Қолбасы өзінің кітаптарында соғыс адамының образын шын қалыпта, ол шайқасқа қалай кіріп, одан қалай шықса, тура сол қалыпта, сол күйде сомдады. Олар автордың өзі айтқандай, қанмен жазылған кітаптар еді. Олардың қатарында соғыстың қызыл жалынын жамылған «Москва үшін шайқас» трилогиясы да бар», — дейді.
Қазақ поззиясы бұл дәурде өзінің заман талаптарына елгезек қарайтын әдетімен, соғыстан кейінгі бейбіт еңбек тақырыбын жырлауға белсенді кызмет етті. Қазақ өлеңі көркемдік салада іздене журіп, еңбектің коғамдағы ролін, еңбек адамының бейнесін, сол арқылы жаңарып жатқан өмірдің жарқын суреттерін ашуда бірқатар табыстарға жетті, қазақ лирикасының да өсіп жетілгені осы тұс. Шагын лирикада казак ақындары отан суйгіш сезімді, адамның ішкі байлығын, табиғаттың жарқын көріністерін суреттей алуға көтерілді. Бұл салада F. Ормановтың, Қ. Аманжоловтың, Ж. Саинның, С. Мәуленовтің, М. Әлімбаевтың табыстары әжептәуір.
Соғыс жылдары танылған Қасым таланты бұл тұста ерекше толысты. Оның жырларынан адам бойындағы рухани қуат, тегеурінділік, табандылық, қайсарлық мол көрінеді. Соғыстан қайтқан солдат сезімінінң байлығы да,
отаншылдық ойдың толысуы да танылады. Майданнан ақын "Өлмес өмір өлеңін" айтып қайтты. Өзінің "Қазақстанын" мақтан етті.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолга ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман , -
деп жырлады[7].
Әдебиет жаппай жырлауға жұмылған адам еңбегін суреттеуге ол "Сауыншы жеңгейдің жыры", "Кун көтерген қарындас", "Ай астында алтын тау" « Ауылдын сырты маржан көл" өлендерімен үн қосты. Оларда еңбек адамынын бейнесі, ауылдың молшылық үшін күресінің жанды көрінісі жасалады. "Туған жер" атты жүрегін жарылп шыққан , зор азаматтық сезімнен туған, патриоттык өлең акынның еліне деген махаббатын бейнелейді.
Қасымның ақындық жолы қиын өтті, отаншыл акын "ұлтшыл" деген айыптауларды да естіді. Сынга ұшырады.
Бірақ ол жасыған жоқ. "Нар тәкекел" деп, "қиынға құлаш ұрды". Ауру шағында да күйзеліске берілмей, өлеңінің тағдыры, өмір туралы ойлады.
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп';-
деп толғанады. Ақын шығармашылығы ұлттық әдебиетіміздің нағыз халықтық үлгілеріне жатады.
Соғыс тақырыбына арналған талай жақсы өлеңдердің үлгісн Сырбай Мәуленов жазды. Ол өмір тануды, өлең жазуды майданда бастады. Әскери өмірдің күрделi шындығы оның ойын да ерте ұштап, қаламын да тез жетілдірді. "Әскери өмір менің өмрімнін мектебі болды" деп оны ақынның өзі де мойындаған. Соғыстан соң осы тақырыпты жалғастыра отырып, Сырбай өзі көрген өмір шындығын суреттеу арқылы өмір үшін күресті жаңғтыртты. "Кұлын" деген өлең өмірдің өзінен туған еді, - деп жазды ол. - Волхов майданында қалың орманның ішінде бір буаз бие толғатып жатқанда, жанына пугас бомбасы түсіп жарылды. Айнала қып-қызыл өрт. Орман отқа оранды. Шыртылдап жаткан орман үстінде көкала түтін көлбейді. Сол бір сурапылдың ішінен кісінеген құлын даусы естілді"
Оттың ортасында
Шіркін өмір
Кұлын боп кісінейді [8], -
деп түйеді. Соғыстың халық басына түскен ауыртпашылығы мен кайғысы
"Соғыстан қайткан солдаттар" өлеңінде психологиялык тургыда суреттеледі. Осы бір шағын өлеңде баласын күткен ата-ана, жарын күткен ару, әкесін күткен сәби қайғысы, солардың "көрдің бе?" деген сұрағына жауап таппай, үнсіз түнерген солдат сезіміне қосылып, үлкен суретке айналады. Бейбіт еңбектің өндірістегі қимылын, ондағы адамдарды жырлауда Қ. Бекхожиннің "Жезказған жырлары" мен М Әлімбаевтың "Қарағанды жырлары" көрнекті орын алады. Бұл жырлар еңбекті адамға аброй, даңқ әперетін творчество дәрежесіне көтере жырлауымен, адамды таңдаудағы және суреттеудегі көркемдік ізденістерімен бағалы. Мұзафар шағын көлемдегі лириканы дамытуға үлес қосты. Тоқаш Бердияров,Қ Аманжол Шамкеновтің, Рафу Қайырбековтің, Ізтай Мәмбетовтің акындык қалыптасуы да осы дәуірде өтті. Аманжолдың ақындық сезімі адамның таусылмайтын арманынан, өмірге кұмарлыктан тұрады. Сондықтан ол:
Теңізге бардым, арбадым,
Қуатын қайтіп алсам деп.
Жайлауға бардым, аунадым,
Қымызын калай тауысам деп.
Далаға бардым, жүгіндім,
Кеңдігін жанға жисам деп.
Көлге де бардым, үңілдім
Көзіме көркін құйсам деп',
деп жырлайды. Осы аталған және басқа ақындардың шығармашылық еңбегімен бұл дәурде қазақ поззиясы өмірдің әр саласын, адам еңбегі мен жан сезмін жетілдіре жырлады. Қазақ жыры шындық сырын кең қамтыған, ойлы, суретті лирикаға молықты. Махабатты, табиғатты жырлау да бұрынғы дәурлерге қарағанда едәуір дамыды. Соғыс апатынан жапа шеккен хальктың баянды бейбітшілікті қалауы да жырға айналды. Қазақ әдебиетіндегі бейбітшлік жырлары "Бейбітшілік даусы" (1951), "Бейбітшілік берік қолда" (1952), "Бейбітшілік жасасын" (1953) атты жинақтарға бірікті. А. Тоқмағамбетов сатиралық поззияны дамытуға көп күш жумсады. Оның мысалдары мен сатиралық өлеңдері адам мінезіндегі келеңсіздікті, өмірдегі жағымсыз жайларды сынауға арналды.
Поэзияда көркемдік-бейнелеу амалдарын жетілдіру, өлең техникасын жаңарту саласында да жаңа ізденістер байқалды. Бұл жылдар поэма жанрының да өркен жайган кезеңі болды. Соғыс салган жараны еске алу, бейбіт еңбекке көшудің проблемалары, коғамдык өмірдің жаңалықтары мен жаңа адамның бейнесін жасау қазақ позмасының тақырыптық ауқымын кеңейте түсті..
Тайырдың "Кырда туған құрыш" (1952) атты поэмасы да қазақ жеріндегі жаңалыкқа үн қоскан туынды. Қазақстанда металлургия зауытының салынуы мен тұңғыш кұрыш құю оқиғаларына арналған шығармада ақын кешегі қойшы қазақтың бүгін кұрышшы мамандығын игергенін, осымен байланысты оның өміріндегі болған жаңалыкты суреттеді. Бұл арқылы халыктың өміріндегі жанаруларды көрсеті. Поэманың негізгі кейіпкерлерінің сипаттары белгілі металлург Алтынбек Дәрібаевтың өмірінен алынды. Соғыстан кейінгі дәуірдегі қазақ поэмасының идеялық-көркемдік ізденістерін байытқан айрықша талант иесі Хамит Ерғалиев (1916-1997) еді. Ол алғаш "Әке сыры" (1947) поэмасымен танылды. Поэма соғыстың ауыртпашылығын көрген солдаттың баласымен сырласуы түрінде жазылған. Солдаттың соғыс оқиғаларын еске алған тебіренісі. ішкі жан дуниесі, биік моральдық бейнесі онда зор шабытпен жырланған. Бұдан кейін ол "Үлкен жолдың үстінде" (1949), "Біздің ауылдың қызы" (1950) атты поэмалар жазды. Алғашқы поэма Мойынты -Шу темир жолы кұрылысшыларына арналған. Онын кейіпкері Есболат - соғыс жолынан өтіп, бейбіт еңбекке оралған еңбеккер. Ақын оның азаматтық бейнесін, күнделікті тіршілігін, еңбек үстіндегі көңіл күйін тартымды суреттейді. Елімізде жеке адамға табынушылықты сынаумен байланысты идеологиялық шектеушілік пен ой-пікірге салынған тұсаудан босау казак поэзиясының қанатын жазуына, өмір шындығын бейнелеуде ақындық ойды шалқыта еркін жырлауына жол ашты. Бұрын салатқа кұрылған наукандық өлеңдердің үгіттік сыпатына көбірек көңіл бөлінсе, енді жалпы адамның рухани тіршілігіне, оның қуанышы мен кайғысына, суйіспеншілік сезімдері мен табиғатпен сырластығын жырлауға мүмкіндік туған. Осындай тұста әдебиетке келген жас ұрпак тежеу көрмеген қалпымен еркін араласып, поэзияны, әсіресе, лириканы жаңа сапаға көтерді. Олардың ішінде:
F. Қайырбеков, І. Мәмбетов, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, С. Жиенбаев, М. Мақатаев, Е. Ибрагим, Ш. Мұхамеджанов, Ж. Нажмедденов, Т. Айбергенов, С. Асанов, О. Абайділданов, т. б. бар еді. Бұлардың шығармашылығы шындыктың бетіне жалтақсыз қарап, ойын бүкпесіз ашық айтуымен, поэзиядағы әр алуан жазу өрнегін байытуымен, біріне-бірі ұксамайтын стильдік өзгешеліктерімен ерекше көзге түсті. Олардың ақындық "мені" адамзат рухымен, оның байлығымен тұтасып, заманның кеңес қоғамына тән сырын оңашаламай, әлемдік ой-пікірдің дәрежесіне көтеруге көмектесті. Ақындық пафостың биіктіні, өмірге бейнелі көзбен қарап, оны өлеңге айналдыру мәдениетін көтеруде де бұлар қазақ поэзиясына өз жаңалықтарымен келді.