2.1. Өрмекшілердің тіршілігі
Жер шарында кең тараған 60 мыңға туық түрі бар. Қазақсатанда өрмекшілердің 400 ден аса түрі кездеседі. Өрмекшілердің ерекшелігі - өрмек сұйықтығы бөлініп шығатын өрмек бездерінің дамуы. Олардан бөлінген сұйық зат ауада тез қатады да, өрмек жібіне айналады. Бұларды өрмекшілер тор құру, ұстап алған жемтігін орап тастау үшін пайдаланады. Өрмекшілер жыртқыштар, жәндіктермен қоректенеді. Жаздың аяғы, күздің басында бақтағы кейбір ағаш, бұта бұтақтары арасынан, кейде сарайдың іш жағындағы бұрышынан өрмекшінің торын кездестіруге болады.
Оны халық «өрмек» дейді.
Өрмекші өрмекті шыбын, ұсақ көбелек сияқтыларды аулау үшін құрады.
Өрмекке тиіспей ғана шыбынды торға тастап, өрмекшінің іс әрекетін бақылаған қызық. Шыбын өрмекке ілінісімен, тордың ортасынан созылып, ұшы өрмекшінің аяғына ілінген жіпше тордағы қозғалысты оған жеткізеді. Өрмекші жасырынған жерінен тез шығып, тордағы жәндікті үзіп кетпестей етіп, тормен шырмап тастайды. Одан соң жәндік денесіне ауыз жағындағы тырнағын шаншып у жібереді де, өзі жасырынған орнынан барып, біраз тосады. У жәндікті тек өлтіріп қана қоймай, оның ішін ерітіп, сұйыұұа айналдырады. Өрмекші сол сұйықты сорып қоректенеді. Жәндіктің тек сыртқы қатты қабығы ғана қалады.
Сонымен өрмекші шыбын, көбелек сияқты зиянды бунақденелілермен қоректененіп, өсімдікке, адамға пайда келтіреді.
2.2. Өрмекшілердің тиімділігі мен зияндылығы
Өрмекшілер мақта, бақша дақылдары, соя, жылыжайдағы қиярға көп зиян келтіреді. Адам мен жануарлар өміріне қауіп төндіретін улы жәндіктердің бірі. Көпшілігі пайдалы ауылшаруашылық зиянкестерін құртады, уы медицина мен биохимияда пайдаланылады. өрмек жібегі алынады. Бүйі мен қарақұрт аса улы жәндіктерге жатады. Егіс маңындағы арам шөп пен ағаштан жел, су арқылы екпе дақылдарға таралады. Күрес шаралары: ауыспалы егіс, күзде өңделген жерді терең жырту, арнайы тыңайтқыштармен өңдеп отыру. .
Естеріңде болсын! Өрмекші тәрізді улы жәндіктер де бар. Олар бүйі, қарақұрт, кенелер жатады. Олардан сақ болу керек. Қарақұрттың уы адамды өлтіріп жібереді. Бүйі мен кененің шаққаны ауыр науқасқа ұшыратады.
Қорытынды
Сонымен, зерттеу жұмысы барысында өрмекшілердің құрылысы, түрлері, тиімділігі мен зияндылығын - жалпы тіршілік ету ерекшелігін қарастырдық. Біз алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жеттік деп ойлаймын. Дүниетану сабағында ең қызықтырған жәндіктердің бірі де осы өрмекшілер еді. Мені қызықтырғаны - өрмекшінің өрмек жібінің түзілу ерекшелігі, олардан сақ болу жұмыстары. Балалар, естеріңде сақтаңдар! Улы өмекшілердің ұясын бұзуға, тіптен қасына жақындауға болмайды. Әсіресе, көктем айларында өрмекшітәрізді жәндіктерден сақ болуға шақырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы
Биология журналы
Экология журналы
Дүниетану оқулығы
Интенрнет желісі
Қазақстан Республикасының жануарлар мен өсәмдіктер әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |