Негізгі бөлім
І тарау - Өрмекшілердің дене құрылысы мен түрлері
1.1. Өрмекшілердің дене құрылысы.
Дене тұрқы 0,1 мм ден 17 см –ге дейін. Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. . Осы екі бөлім сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7 бунағы бар) . Бас – кеуде бунағының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Қан айналу жүйесі ашық.. Сезім органдары жақсы жетілген. 8 көзі 2 доға түрінде орналасқан.
1.2. Өрмекшілердің түрлері
Бүйі – ірі өрмекшіі. Шөл-шөлейтті, далалы аймақтарда кең тараған, әсіресе ылғалы мол өзен, көл жағалуларында жиі кездеседі. . Дене тұрқы - 25-30 мм, өне бойын түк жапқан, түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден тереңдігі 50-70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш жемтігін көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Өрмек торын құрмайды. Бүйі – улы өрмекші. Уы тырнағымен жалғасқан 1 – жұп яқтарында түзіледі. Оның уы өмірге қауіп төндірмейді, бірақ бүйі шаққан кезде адамның басы айналып, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Сондықтан бүйі шаққан жердің қанын сәл ағызып жібереді де, үстіне дәрі ертіндісіне малынған дәке басып, таңып тастайды.
Қарақұрт – улы өрмекші. Денесі шағын 4-7 мм, түсі қара, құрсағында қызыл дақтары бар. Қазақстанның шөлді және далалы аймақтарында кездеседі. Жәндіктермен қоректенеді. Топырақты аршып, үңгірлеп, ұя салып алады да інінің аузына жем ұстайтын өрмек құрады. Оған түскен шегіртке, шілделік сияқты жәндіктерді улап өлтіреді. Әсіресе сәуір айында қарақұрт өрмекшілері жан – жаққа тарап, адам мен малға қауіп төндіреді. Қарақұрт шаққан жерде қызыл дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10-15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты аурады, аяқтарының жаны кетіп құрысып қалады. Дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам 1-2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. Сондықтан өрмекші түрлеріне жататын жәндіктерден абай болу керек.
ІІ тарау - Өрмекшілердің тіршілік ерекшелігі
Достарыңызбен бөлісу: |