Ғылыми жоба Тақырыбы: Көтеш Райұлы(1747-1838) Орындаған: Омыралды А. Серікқали А. Топ: кял-101 Тексерген: Қадыров А. Қ 2022-2023 оқу жылы Жоспар I. Кіріспе II. Көтеш ақын шығармаларының жарық көруі, зерттелуі III


Көтеш Райұлының шығармашылық өмірбаяны



бет2/4
Дата19.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#102176
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Байланысты:
2222222 (копия)

Көтеш Райұлының шығармашылық өмірбаяны
Көтеш Райұлы – XVIII-XIX ғасырлардың арасында өмір сүрген, жыраулық поэзия өмірінен оқшауланып, жаңа әдебиет нышандарына алғашқылардың бірі болып жол ашқан ақындардың бірі. 1745 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туып өскен. Арғы атасы -Тұрлыбек. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Күлік бөлімінен шыққан. Осы уақытқа дейін Көтеш ақынның тегі «Райымбекұлы» деп қате жазылып келді. Ал шындығында ол Райымбектің інісі Райдың ұлы. Өзінің бір өлеңінде Көтеш ақын:
«Арғы атамды сұрасаң–Сексен-Жұлма,
Райымбек Сексеннен туған ұл ма?
Райымбек дейсің де, Райды айтпай,
Райымбек би болса, Рай құл ма?»–дейді. Осы шумақты бұрыннан оқып жүріп, ақынның Райымбек емес, Райдың намысын қорғап тұрғанын байқап, Көтеш Райдың ұлы емес пе екен деп іштей дүдамал болып жүретінбіз. Шындығында, шежірене дұрыстап зерделей келе, солай болып шықты. Өлеңдегі Жұлма–Сексен батырдың үлкен баласы. Жұлмадан–Рай, Райдан Көтеш ақын туады.[5.9-бет]
Көтештің Райдан туғанын растайтын тағы бір дәлел, 1854 жылғы Қызылтау-Күлік болысының мал-жан санағында Көтештің баласы Жайлаубай Рай атасынан тараған ауылдың ішінде көрсетіледі. Егер Райымбектен тараса, олай жазылмас еді. Себебі аталмыш санақта ру ішінде әр атадан тарайтын ауылдардың малы мен жан басы жеке-жеке бөлініп, анық көрсетілген. Бұл ешқандай дау тудырмайтын дәлел.
Тағы бір жүгінеріміз, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының деректері. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Көтештің Райдың ұлы екенін өз еңбектерінің бірнеше жерінде анық жазады. Мысалы, 2007 жылы шыққан 13 томдықтың 10 томының 91 бетінде «Сексеннен-Райымбек, Рай, Қараша... Райдан–Көтеш ақын» – дейді.
Сондай-ақ, Мәшһүр-Жүсіптің:
«Жабысты маған өлең он бес жаста
Жұрт айтты, не қыласың, деді таста.
Дегенмен бастағасын қоя алмадым,
Сотым жоқ қылған жұртқа мұнан басқа»– деп басталатын өлеңі бар. Дәл сол жасында Көтеш ақын түсіне кіріп, аян берген екен. «Дәл он бесімде түсімде үш ауыз өлең үйретті, қызға жазатұғын өлең. Ояна келсем, ойымда сайрап тұр. Сонан соң гу-гу өлең ойма келе берді. Өз ойымда: «Түсімде өлең үйреткен Көтеш ақын-ау»–дедім. «Күлікпін!»–деп айқаны есімде» – дейді. [5. 9-бет]
Мәшһүр-Жүсіп бабамыздың дерегі бойынша Көтеш ақынның сүйегі қазіргі Ақмола облысы, Ерейментау ауданының аумағындағы Қарағайлы шоқыдан төмен, Балықты деген көлдің жағасында жатыр. «Көтешті қартайған шағында Шерудің ағашының жанында қарақшылар өлтіріп, тонап кетіпті. Бірнеше күннен кейін ауылдастары тауып алса, денесіне ит-құс тиген екен. Өзі толық адам болыпты, майы жерге сіңіп, айналасындағы топырақ қарайып кеткен екен» – дейді.
Көтештің өзін тонамақ болған ұрыларға айтқан:
«Әй, балалар, танымайтын не ел боларсың?
Не бастан, не дәулеттен кем боларсың?
Сексендегі Көтешті тонаймын деп,
Айдабол мен Күлікке жем боларсың!» – деген бір ауыз өлеңі бүгінге жеткен. Сүйіндіктің жақсылары кейін осы өлең арқылы қарақшыларды тауып алып, жазасын бергізіп, құнынын алады. «Қазақта бір басына үш кісінің құны төленген еркекте – Көтеш ақын, әйелде – Ұлбике ақын» – дейді Мәшһүр Жүсіп. Көтешті ақын қаза болған Шерудің ағашы бүгін де солай аталады, Балықты көлінен 20-25 шақырым шамасында, солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. [3. 129-бет]
Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Алғаш рет 17 жасында Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған.
Көтеш ақынның туған және дүние салған жылдары белгісіз болғандықтан көпке дейін нақтылы көрсетілмей келеді. Шығармалары алғаш жариялана бастағанда, энцклопедиялық басылымдардың өзінде ақынның туған, дүниеден қайтқан мерзімдері белгісіз екендігі ескертілген. Кейіннен зерттеушілер 1945 жылы дүниеге келіп, 1818 жылы қайтқандығын (“Бес ғасыр жырлайды” кітабы, үш томдық) болжап жазылып жүрді. Яғни жетпіс үш жыл жасаған деген болжам әдебиеттану еңбектерінің қолданысында тұрақтала түскен. Алайда, шығармаларындағы, өзге қолжазбаларындағы қисындарға қарағанда, ол 1818 жылдан көп беріге дейін өмір сүрген, жүз жасқа келмеді дегеннің өзінде, ХІХ ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарына таяған тәрізді.
Ал, қолжазба қорларында сақталған жазбаларда жетпіс үш, сексен үш, тоқсан үш, тіпті жүз жыл жасаған деген пікірлер де кездеседі. Соған қарағанда, ол қайткенде де ұзақ жасап, сексен-тоқсан жасты көріп қайтқан адам. Адам тағдыры деген осы. Ер десе ер, бай десе бай, перзентті ұрпақты десе ұрпақты, елге сыйлы десе – еліне сыйлы, көрнекті жан, бір халықтың сөз өнерінде өзіндік орны бар асқақ ақын, осылайша, дүние дегенде ешкімнің обалына қарамайтын жүрегі қара жандардың қолынан опат болған…



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет