Ғылыми жоба Тақырыбы: Көтеш Райұлы(1747-1838) Орындаған: Омыралды А. Серікқали А. Топ: кял-101 Тексерген: Қадыров А. Қ 2022-2023 оқу жылы Жоспар I. Кіріспе II. Көтеш ақын шығармаларының жарық көруі, зерттелуі III



бет1/4
Дата19.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#102176
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4

ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі Семей қаласы
« Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Филиология факультеті

Ғылыми жоба
Тақырыбы: Көтеш Райұлы(1747-1838)

Орындаған: Омыралды А.
Серікқали А.
Топ: КЯЛ-101
Тексерген: Қадыров А. Қ

2022-2023 оқу жылы


Жоспар
I. Кіріспе


II. Көтеш ақын шығармаларының жарық көруі, зерттелуі
III.Көтеш Райұлының шығармашылық өмірбаяны
IV.Көтеш ақынның шығармашылығының тақырыптық ерекшелігі
V.Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Жырауларды халық қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп , істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Қазақ хандығы дәуіріндегі ел тәуелсіздігін, ел тыныштығын, халықтың жан айқайын жырлап, сол жыры арқылы көзге түскен жырауларымыз өте көп. Сол жыраулардың қатарына он сегізінші ғасырда өмір кешкен белгілі ақындардың бірі Көтеш Райұлы. Көтеш ақын өмір жолында өте көп өлеңдерді шығарып, сол замандағы ішкі-сыртқы қайшылықтарды көтеріп, өз шығармасына қосып отырды. Бір өкініштісі бұл шығармалары әлі жинақталмай ел аузында жүргені баршамызға мәлім. Өлең шығарумен қатар ақынымыз төкпе айтыскер болған деседі. Осы айтыстың арқасында өзін-өзі пір тұтатын, мақтаншақ жандардың үнін өшіретін өткір тілді жан болған. Қазіргі таңда Көтеш Райұлының шығармашылығы зерттеуді қажет ететін тақырып.


Көтеш ақын шығармаларының жарық көруі, зерттелуі
Көтеш Райұлының өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мұхтар Мағауин, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ханғали Сүйіншәлиев. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді.
Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін толғана жырлады. “Ақтабан шұбырынды ” оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық хайғысына үн қосады.
Баянауыл өңірінің тумасы Көтеш ақынның даңқы «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деп басталатын өлеңі арқылы шыққан. Ақынның бұл өлеңі «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты жинақта 1967 жылы басылды. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің зерттеуі бойынша бұл өлеңнің жарық көруі, Көтештің ең алғаш он жеті жаста ақындық жолға келгенімен сипатталады. Ақынның бұл өлеңіне тән кейбір сипаттарды ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясына шолу жасау барысында айтылып өткен. Негізінде, Көтештің ақындық даңқын шығарған осы өлеңге себепкер болған оқиғаның нақты жай-жапсары белгісіз. Десек те, өлеңнің бірінші шумағын оқи отырып, Мейрам руының Ботақан деген жігіті кісі қолынан мерт болғанын, оның өлімі үшін Абылайды кінәлі санаған жігіттің руластары Хан ордасын қоршай жиылып, құн даулағанын көреміз. Екінші шумақтан аңғарылатын жағдай – Абылай ханның салдырған қаласының өртеніп кеткендігі, сол өрт үшін Мейрам руының Жанай деген адамының кінәланып, қамауға алынғаны, «Мейрам руына жала жабылды» деп ашуланған жұрттың тағы да Хан ордасына келіп, Жанайды босатуды талап еткендігі. Бұл – қос шумақтан тұратын өлеңнен танылатын көріністер.
Өлеңнен көрінетін осы жәйттерге ойлана қарасақ, сол дәуірдегі қазақ халқының өмірінде орныққан Дала демократиясының көріністерін көрер едік. Демек, бұл жағдай жыраулар мен ақындар поэзиясына тек көркем сөз үлгілері ретінде қараудың аздық ететінін аңғартады. Сол себепті хандық дәуірдегі поэзиялық туындыларға сол дәуірдің бейнесі ретінде қарап, соған орай тереңірек үңіле зерделеу абзал болмақ.
Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін толғана жырлады. “Ақтабан шұбырынды ” оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық хайғысына үн қосады. Ә.Жиреншиннің зерттеуі бойынша, ел арасына кең танымал “Қаратаудың басынан көш келеді”өлеңін шығарған осы Көтеш.
Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорында Көтеш айтқан осы “Қаратаудың басынан көш келеді”өлеңінің бір нұсқасы жатыр.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Жақсы қыздың үйіне күйеу болсаң
Табақ-табақ алдыңа төс келеді...
Бұл өлең жолдарын Көтеш ақын өзінің құдасына айтыпты-мыс. Яғни, жақсы елмен құда болсаң алыстан сыйласасың, сонымен қатар әр уақытта бірлігің жоғалмай сыйлы жан боласың деген мақсатпен бұл өлеңді жазды.[4.349-бет]
Профессор Х.Сүйіншәлиевтің Көтеш Райұлы туралы зерттеуінде автор баянаулық Жағыпар Ахметовтен алынған деректен алынды деп, Көтеш Торайғыр биді Шоң бимен араздасқанда тоқтатқан деген мәлімет береді. Заманында еліне елеулі болған Көтештің ондай сөздерді айтуына күмән келтіруге болмайтын шығар. Бірақ, Көтеш мұрасын да, Торайғыр бидің айтқан билік сөздерін де барынша мұқият хатқа түсірген Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің“Торайғырды тоқтату” дейтін жазбасында Шоң мен Торайғыр екеуі араздасып, Торайғыр Жиделібайсынға көшіп бара жатқанда оны Қарауыл Мүсет би тоқтатып:
Шоң,Торайғыр сенбісің, мақтап жүрген,
Бар өнерің осы ма сақтап жүрген?!
Елден кетіп барасың
Мамыр менен Сабырға,
Барғаннан соң сен жерсің
Жал-жая жоқ қабырға.
Шоң,Торайғыр атанған
Егіз шыққан атыңды
Қайдан іздеп табарсың?!
Ұқсаң, айтқаным осы,
Ұқпасаң-қайтқаным осы!
Босат атымның басын-депті!.- сонда Торайғыр түсініп, елге қайтқан екен.
Ал, Көтеш Райұлының “Алдымнан алты пұшық анталады…” атты өлеңі - ақынның ең соңғы туындысы. Қазақ ССР Ғылым академиясына 1961 ж. А.Данияров тапсырған. “Ертедегі әдебиет нұсқаларында” атты жинақта жарияланды[2.379-бет].
Жалпы айтқанда, Көтеш Райұлы жастайынан сөзге шешен болып, әр нәрсені өлеңдетіп шешіп отырған. Көтеш ақынның өлеңдерін көптеген ғалымдар зерттеп, олардың тақырыптық ерекшеліктерін баяндап, халыққа мұра етіп қалдырған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет