Ғылыми жоба Тақырыбы: «Сәттілік формуласы» Бағыты: Қолданбалы математика Секциясы: Математика Орындаған: 10 «Ә» сынып оқушысы Каменова Аружан Советхановна Жетекшісі


«Америкалық шығармашылық орталығының белсенділерінің сәттілік формуласы



бет5/11
Дата14.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#74209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сәттілік формуласы дурысы

1.2 «Америкалық шығармашылық орталығының белсенділерінің сәттілік формуласы»
Формула өте қарапайым: егер алынған нәтиже қалаған нәтижеге сәйкес келсе, онда біз сәттілікке жеттік. Егер олай болмаса, біз сәтсіздікке ұшырадық. Егер қол жеткізілген нәтиже қалаған нәтиженің бір бөлігін құраса, онда біз дұрыс жолдамыз. Математикалық формула ретінде өрнектелген ол келесідей болуы мүмкін:

Мұндағы, S= Сәттілік


Және △а = △алынған нәтиже = (алынған нәтиже) – (бастапқы нәтиже)
Және △d = △қалаған нәтиже = (қалаған нәтиже) – (бастапқы нәтиже)


Бұл формула іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көрейік.
Мысал үшін, сіз қоғамдық саябақтарды көбірек салуға шақыратын жұмыс
жасағыңыз келеді. Сіздің алғашқы ұйымдастыру жиналысына 10 адам ғана
келді. Сіз екі есе көп адам келгенін қалайсыз және оған дайынсыз. Сіз
арнайы жарнама дайындап, оны барлық ауданға көрсетесіз және келесі
жиналысқа 20 адам келеді. Егер осы мәндерді осы формулаға салатын болсақ,
ол осылай болады:


Егер 20 адам келген болса:
S =  (20-10) = 10 = 1 = 100% Сәттілік
(20-10) = 10 = 1

15 адам келген болса:


S =  (15–10) = 5 = 1  = 50% Сәттілік
(20-10) = 10 = 2
10 адам келген болса:
S = (10-10) = 0 = 0 = 0% Сәттілік, немесе сәтсіздік
(20-10) = 10 = 1
30 адам келген болса:


S  =  (30-10) = 20 = 2 = 200% Сәттілік
(20-10) = 10 = 1


1.3Психология ғылымы сәттілікке жету туралы не дейді?

Психология ғылымы сәттілікке жеткен адам қандай қасиеттерге ие болу керектігі туралы ақпарат береді. Батыстың зерттеушілері ауқымды және үлкен сәттілікке жеткен адамдардың өмірбаяндарын зерттеді. Ол адамдардың қатарында Билл Гейтс, Уоррен Баффет, Марк Цукерберг, Сергей Брин, Ларри Пейдж, Павел Дуровтар бар. Осы тұлғалардың өмірбаяндарының талдаулары нәтижесінде зерттеушілер сәттілікке жету үшін қажетті негізгі тұлғалық қасиеттерді шығарды.


1. Сәттілікке ұмтылатын адам үнемі мүмкіндік іздейді. Мысалы, ақша жетпей жатса, оның көзін іздеп, тапқанша тыным таппайды. Білімінің, қабілет-қарымының аздығына қарамастан, жалқаулығын жеңіп, тырбана береді. Темірдей төзімді, еңбекқор болады. Әлбетте, "1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек" деген сөз дәлелденгелі қашан?..


2. Жағдайының бұдан да жақсы болғанын қалайды. Яғни, бір орында тоқырап қалмай, алға ұмтыла береді. Сүрінсе де, орнынан қайтып тұрады. Адамзатқа әйгілі адамдар тағдырында қиындық, дағдарыс дегендер аз болмаған.


3. Сәттілікке ұмтылатын адам өз-өзіне күш-қуат беріп, өз-өзін ынталандырып отырады.


4. Тәуекел түбі - жел қайық. Сәттілікке жететіндер басын бәйгеге тігуге әзір. Көбіне үлкен шаруаларды былай қойғанда, күнделікті күйбең тірлікте әлдебір шешім қабылдау үшін тәуекелге бара алмай жатамыз. Соның кесірінен көбіне таяқ та жейміз. Дегенмен, он ойланып, тоқсан толғанған соң, тәуекелге барған жөн...


5. Армандай білу. Таңғалатын шығарсыз, бірақ армансыз адам да болады. Ал бұл адамның кемел өмір сүруінің ең басты қасіреті. Армандай алмау... Ал сәттілікке ұмтылатын адам армандай біледі. Өмірден не нәрсені қалайтыны өзіне анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет