Сәттілікке жету жөніндегі ақпаратты талдау және сараптау.
Осы тақырыпқа байланысты жасалған зерттеу жұмыстарымен танысып, анализ жасау.
Ғылыми жоба жұмысының нысаны:Сәттілік формуласы.
Ғылыми жоба жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Сәттілік формуласы тақырыбындағы отандық және шетелдік авторлар еңбектерін пайдалану.
Ғылыми жоба жұмысының зерттеу әдістері.Теориялық-методологиялық әдістер, зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау.
КІРІСПЕ Математикалық ұғымдарының бірі формула. Адам өз өмірінде кездесетін жолдың уақытқа тәуелділігі, судың қайнауы, заттың құнының бағаға т.с.с тәуелділіктерді сипаттап, түрлі мәселелердің шешімін ғылымда формуламен беруге болады.
Мектеп курсында түрлі формулалармен таныса отырып , адам өмірін жетістікке жетелейтін сәттілік формуласы бар ма екен деген ой туындап қызығушылығымды оятты. Сәттілік формуласы ол қандай түрде болуы мүмкін, ол формуланы ашқан қандай ғалымдар екені туралы сұрақтарға жауап іздедім.
Өмірге келген әр адамның өз арман- мақсаты болады, сол мақсат-армандарды бағыныдыруға бекінген өзіндік биігіміздің бары сөзсіз. Бірақ сол биікке жетуде түрлі жолдардың бары анық. Ғалымдардың айтуынша адамға жетісітік екі жолмен келеді: сәттілік және еңбек.
Кім сәттілікке жетуді армандамайды? Оған жеткендер ғана.
Сәттілік қалай өлшенеді? Сәттіліктің өлшемі бар ма?
Формула – салыстырмалы түрде анық тәртіп, амалдар тізбегі.
Сәттілік - қанағат сезімі пайда болған кездегі жан сезімінің деңгейі. Ал олардың қосындысы күрделі философиялық мағынаға ие.
Менің пікірімше, сәттілікке жету әдістері кез келген уақытта өз өзектілігін жоғалтпайды. Бұрынғы замандардан бастап адамдар сәттілікке жетудің түрлі жолдарын іздеумен айналысуда
Қарастырып отырған сәттілік формуласын түрлі зерттеушілер мен ғалымдар философиялық, психологиялық тұрғыдан қарастырған . Осы жұмысты зерттеу барысында түрлі ғалымдардың зерттеулеріне тап болдым. Тіпті, әлемге әйгілі ғалым Альберт Эйнштейн де өз сәттілік формуласын тұжырымдаған.