ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл «Сәілік формуласы» ғылыми жобасында сәттілікке жетелейтін жағдайлар мен факторлар әртүрлі тұрғылардан қарастырылды. Осы тақырыпқа сай отандық және шетелдік әдебиеттер, зерттеу жұмыстары және басқа да жұмыстар жинақталып, талданды. Оның ішінде, «Сәттілік формуласын» математикалық, физикалық және психологиялық тұрғыдан жасап шығарған зерттеушілер мен ғалымдардың жұмыстарын анализ жасадым . Сонымен қатар, Сәттілік формулаларын талдауда шағын математикалық есептеулер жүргізілді
Қорытындылай келе, сәттілікке жету көп күш пен жұмысты, сонымен қатар мол тәжірибені талап етеді. Оған дәлел осы жобаны жазудағы іс-әрекетім десе де болады. Сәттілік формуласын жасап шығаруда көптеген жағдайлар мен факторлар есептеліп, ескерілуі керек. Сәттілікке жету тек қана математикалық формулаға емес, адамның психологиялық қасиеттеріне де тәуелді. Қысқаша айтқанда, адамның өзіне де байланысты. Жұмыстың екінші бөліміндегі тақырыпқа сай анкеталық сауалнама осыған дәлел бола алады. Сауалнамада тақырыптың төңірегіндегі сұрақтар қойылды. Осы сұрақтарға берілген жауаптардың нәтижесінде осы тақырыптың, яғни Сәттілік формуласының қазіргі кездегі маңыздылығы . сәттілікке сенгемен ол үнемі өз нәтижесін көрсете бермйтіндігі байқалды.. Абзалы, ерекше қабілетіңді еңбекпен ұштастырып, өмірден татқан әр қуанышыңды сәттілік деп бағалаған дұрыс.
Жалпы сан ғасырлар бойы, ерте кездегі Энштейіннің зерттеулердің сипаттамасы ықтималдылық теориясына ұқсас жасалғанын көруге болады. Адам өміріндегі жетістікке жетелейтін сәттілік формуласы, кездейсоқ оқиғалармен тығыз байланысты болғандықтан, есептердің басым көшілігі ықтималдылық пен камбинаторикамен тығыз байланысты екенін анықтадым. Соның негізінде практикалық бөлім осы тақырыпардағы есептермен ұштастырылды. Өз тарапымнан қазіргі сұранысқа ие болып жүрген, адамға қажетті құзіреттіліктер мен ұлттық құндылығымызға тән есептерді құрастырдым.
Зерттеу жұмысында «Сәттілік формуласы» туралы жаңа ақпарат, мәліметтермен таныса отырып, практикалық жұмысымның нәтижесі ретінде шағын есептер жинағын құрастырдым.
Достарыңызбен бөлісу: |