Жауабы: 0.08 немесе 8%
Есеп №2 «Телефон нөмірі» Марат кәсіпкерлік кездесуге кешігіп келетіндіктен, кездесетін адамға қоңырау шалып өзінің кешігетінін ескерткісі келеді. Бірақ Марат ол адамның телефон нөмірінің соңғы цифрасын жазып алмаған.Телефон нөмірін терген кезде Марат соңғы цифраны кездейсоқ теріп көрді. Қажетті цифра терілетінінің ықтималдығын табыңыз.
Шешуі: «А» оқиғасы – «қажетті нөмір терілді»
P(A)=
Марат 10 цифраның кез келгенін теріп көре алады, сондықтан жалпы оқиғалардың саны n=10. Осы жалпы оқиғалардың тек біреуі ғана қолайлы болып табылады, сонда m=1.
Жауабы:0,1 немесе 10%.
Есеп №4 «Емтихандағы жағдай» Асан Қазақстан тарихы пәнінен емтиханға дайындалғанда 25 билеттің тек 5еуін ғана жаттады. Оқушыға өзінің жаттаған билеті түсетінінің ықтималдығын табыңыз.
Шешуі: «А» оқиғасы – «жаттаған билет түсті»
Жалпы 25 билет болғандықтан, жалпы оқиғалар саны n=25 болады. Ал оқушы тек бір билетті жаттағандықтан, қолайлы оқиғалары саны m=1 болады.
P(A)=
Жауабы: 0.2 немесе 20%
Есеп №5 Ағылшын тілін жетік меңгеру үшін зерттеушілердің айтуы бойынша адам шамамен ағылшын тілінде 6000 сөз жаттауы қажет. Ал сол 6000 ссөзді жаттау үшін 4 жыл қажет. Оқушы 1 жылда 1000 сөз жаттады. Оның ағылшын тілін үйренуде жетістікке жету ықтималдығы қандай?
Шешуі:6000:4=1500, демек оқушы ағылшын тілін меңгеру үшін жылына 1500 сөз жаттауы қажет.
Р(A)=1000:1500=2:3
Жауабы: Оқушының жетістікке жету ықтималдығы 2/3
Есеп №6 1)Асық - қазақтың ұлттық ойыны. Асық ойындары: Ханталапай, Үштабан, Омпа, Алшы ойындары. Асықтың түсуі: Алшы, тәйке, бүк, шік, омпы, сомпы. Айдос асық ойнап отыр. Оған ойыннан жеңіп шығу үшін асықты алшысынан түсіру керек. Асықтың алшысынан түсу ықтималдығы қандай?