Ғылыми жоба тақырыбы



бет4/6
Дата04.06.2023
өлшемі403 Kb.
#98594
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғылыми жоба АЛМА 2

Алманың пайдасы
Жеміс - жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме? Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 - ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.
Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Сондай - ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.
Ақпараттық құралдар бетінен жинақтаған пайдалы кеңестерім:
Әлемде алманың 7 мыңнан астам түрі бар екен. Дәрігерлер оның бүгінде 7 түрлі пайдасын анықтап отыр.
1. Алманың химиялық құрамының қандай болатыны оның түріне байланысты. Әрі құнарлылығы да сортына қарай бөлінеді. Жасыл түсті алмаларда қызыл түріне қарағанда калория төмендеу. Сондықтан артық салмақтан арыламын деген адамдарға жасыл алманы таңдаған дұрыс дейді мамандар.
2. Дегенмен, ақ халаттылар күніне ер адамдарға 700, нәзікжандыларға 500 грамнан артық алма жеуге болмайтынын ескертеді. Алманың құрамында болатын қышқыл қарын сөлін бөлетіндіктен, оны түскі ас алдында пайдалану қажет. Сонда әдеттегіден гөрі миға тойғаныңыз туралы хабар тезірек жетеді.
3. Алманың дәндерінде йодтың көп мөлшері болғандықтан, күніне 2-3 алманы сүйегімен жеген өте пайдалы. Себебі, ол қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін көрінеді.
4. Пісірілген алмада шикі алмаға қарағанда калория жоғары болады деген қате пікір қалыптасқан. Егер алманы қайнатып жегіңіз келсе, бал, қант қоспасаңыз, калориясы көбеймейді. Егер қыс мезгіліне арнап алмадан алма шайын немесе компот қайнатар болсаңыз, шөлді қандырып, қарынның ашқанын басатынын таптырмас сусын.
5. Темірге бай жеміс адам ағзасын тыныштандыратын қасиетке ие. Егер гемоглобиніңіз төмен болса, алма дертіңізге таптырмас ем. Сондай-ақ, С дәрумені мен пектинге бай жеміс ішек қызметтерін де реттейді.
6. Кез келген алманың 80 пайызы судан тұрады. Жасыл сортты алманы кептіріңіз. Өйткені, ондағы микроэлементтер ағзаны дәрумендермен қоректендіреді.
7. Ас қорыту жүйесінің ауруларында алмамен емделуге болады. Әсіресе, гастрит, колит, эрозия, жара секілді сырқаттарға жақсы дауа.
Алмадан шай, тұнба, ботқа жасау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет