Ғылыми жоба тақырыбы



бет6/6
Дата04.06.2023
өлшемі403 Kb.
#98594
1   2   3   4   5   6
Тәжірибе №1
Бұл тәжірибедегі негізгі мақсатым бұнда алма құрамындағы темір элементінің ауамен тотығу жағдайын анықтадым, және оны тотығу процессінен қалай сақтауға болатынын көрсеттім.

  1. Алманы қақ ортасынан екіге бөлеміз

  2. Осы тәсілмен лимонды да кесіп аламыз

  3. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығамыз да, екіншісін сол күйі қалдырамыз

  4. Нәтижесінде лимон шырынын құйған алма сол балғын қалпында, ал лимон шырынына батырмаған алма қарая түскенін байқаймыз.

Тәжірибе нәтижесі: Лимон шырынының алма құрамындағы темірді ауамен тотығуынан қорғап қалғанын байқадым.
Тәжірибе №2
Ғалымдардың пайымдауынша піспеген алманың құрамында піскенге қарағанда крахмал көп болады екен,Осыған орай, тәжірибеде біз алманын піскен немесе піспеген қалпын айыруды үйрендік.

  1. Піскен алманың кішкентай бөлігін кесіп алып оның үстіне йод ерітіндісін тамызамыз.

  2. Нәтижесінде йодтың түсі өзгермегендігін байқадық

  3. Ал піспеген алмадаға йодтың түсі қара көк түске боялғанын байқадым

Тәжірибе нәтижесі: Піскен алмада піспегенге қарағанда крахмал аз екендігін анықтадым.
1-тәжірибе 2-тәжірибе





III. Қорытынды
Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30 – жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Менің туған өңірім Орал қаламда алма ағашын өсірумен айналысатын адамдар бар. Біздің бақшамызда да зәулім алма ағашы бар. Әкем мен әжем саябақты күтіп баптайды, бар мейірімін салады. Бақшамызда алмұртпен будандастырылған алма ағашының түрі өседі. Алма ағаштары күтіміне қарай жеміс береді. Алмадан анам шырын, тосап, қант көбейтетін тәттілер жасайды. Мен әжем мен әкемнің отырғызған алма ағаштарын әрі қарай күтіп, баптаймын. Себебі олардың адамға пайдасы зор екенін түсіндім. Сөзімді аяқтай келе
Алма, алма дейсің,
Алма әкелсем жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме – дегім келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сайт : http:\www.Google.ru\

  2. Дүниетану Б.Л.Хаджиева, Т.С.Идилова, Қ.А.Аймағамбетова

  3. “Расцвет земли казахстанской” Д.А.Кунаев

  4. Сұрақ және жауап энциклопедиясы С.Паркер, Б.Уильямс

“Алматыкітап” баспасы, 2012 жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет