Ғылыми жоба


Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет2/3
Дата29.03.2023
өлшемі22,43 Kb.
#77216
1   2   3
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.
Облыстың аудандары:
Байзақ ауданы — Сарыкемер ауылы
Жамбыл ауданы — Аса ауылы
Жуалы ауданы — Момышұлы ауылы
Қордай ауданы — Қордай
Меркі ауданы — Меркі ауылы
Мойынқұм ауданы — Мойынқұм
Тұрар Рысқұлов ауданы — Құлан ауылы
Сарысу ауданы — Жаңатас қаласы
Талас ауданы — Қаратау (қала)
Шу ауданы — Төле би ауылы
2023 жылғы 1 қаңтарға облыс халқы 1218000 адамды құрады. 2022 жылдың басынан бастап облыс тұрғындарының саны 8,3 мың адамға немесе 0,7%-ға өсті. Қалалық жерлерде 526,8 мың адам (жалпы халық санының 43,2%-ы), ауылда – 691,2 мың адам (56,8%) тұрады. Жамбыл облысының гендерлік аспектісінде ерлер мен әйелдер санының арақатынасында тепе-теңдік қалыптасты деуге болады, халықтың жалпы санынан ерлердің үлесі 49,6% (604,3 мың адам), әйелдер 50,4%-ды (613,7 мың адам) құрады.
Ұлттық құрамы:
қазақтар 72,62 %
орыстар 9,95 %
дүнгендер 5,12 %
түріктер 3,03 %
өзбектер 2,51 %
басқалары 6,76 % (2018ж)
Білім беру

Жамбыл облысында 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыру үшін 236,6 млрд теңге бөлінді. Өңірде 567 мектепке дейінгі ұйымдарда 59 017 бала тәрбиеленуде. Ал, облыстағы 445 күндізгі мектепте 237 632 оқушы білім алып жатыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету жұмыстар да облыста жүйелі жүргізіліп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі 7 922 баланың 6 233 оқумен қамтылған.


Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты республикалық пән олимпиадасының нәтижесі бойынша 16 жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атанды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстар да табыссыз емес. Оған айғақ, соңғы 10 жылда облыстың 38 педагогі «Үздік педагог» атағын иеленді. Сондай-ақ республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын қашықтық пән олимпиадаларында Жамбыл облысының ұстаздары 1-ші орынды иеленіп, көш бастап тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет