Ғылыми жоба



бет3/3
Дата29.03.2023
өлшемі22,43 Kb.
#77216
1   2   3
Денсаулық сақтау
Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында да жаңа белес бар. Айта кету керек, өңірде осы саланы дамыту, медициналық емдеу және аурудың алдын алу, дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар қолға алынған. Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге 456 медициналық нысан жұмыс істейді. Ал, мемлекеттік жүйедегі 389 нысанның 26 аурухана, 23 бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымы, 1 санаторий, 3 реабилитациялық орталық, 122 дәрігерлік амбулатория, 53 ФАП, 152 медициналық пункт, 5 медициналық қызметкер және әр түрлі тағы 5 медициналық ұйым. Одан басқа 2022 жылы облыста паталогоанатомиялық бюро жұмысы іске қосылды.
Өңірдегі емдеу мекемелерінде медициналық маман тапшылығы кезең-кезеңімен шешімін табуда. Денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық емдеу және алдын алу қызмет көрсету сапасын арттыру бағыттарының бірі – цифрландыру. Тағы бір қуантарлығы Тараз қаласында облыстық көпбейінді онкологиялық және хирургия орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін халық игілігіне пайдалануға берілмек.


Әлеуметтік инфрақұрылымды
Жамбыл облысындағы 371 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні бірнеше шақырымға газ құбыры тартылып, газ реттегіш жәшігі орнатылуда. Биыл бюджеттен бөлінген 11,9 млрд теңгеге 18 газдандыру нысанының құрылысы жүргізілді. Нәтиже бар, яғни осы жылы 274 елді мекен (73,9%) немесе 1 029,3 мың адам (89,5%) табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
Таза ауыз су – денсаулық кепілі. Ауыз су елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі екені белгілі. Мемлекет тарапынан бұл мәселені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатыр. Өңірдегі 371 елді мекенді 2025 жылға дейін 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтудың жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:
Қалаларда: 2022 жылы – 92,4 %, 2023 жылы – 97,5 %, 2024 жылы – 98,8 %, 2025 жылы – 100 %.
Ауылдық елді мекендерде: 2022 жылы – 94,6%, 2023 жылы – 96,5 %, 2024 жылы – 98,3 %, 2025 жылы – 100 %.
Өңірдің кейбір елді мекендерінде электр қуатының сапасы төмен. Осыған орай электр энергетикасын дамыту Жамбыл облысының 2030 жылға дейінгі электр желілерін дамыту схемасына сәйкес жүзеге асырылады. Схема электр энергиясын тұтыну деңгейін, электр желілерін және қосалқы станциялардын құрылысын қамтиды.

Жамбыл облысында жалпы қуаты 1 587,8 МВт құрайтын 20 нысан электр энергиясын өндірумен айналысады. Негізгі электр энергиясын өндіруші ұйым «Жамбыл ГРЭС» АҚ, орнатылған қуаттылығы – 1 107 МВт.


2011-2021 жылдар аралығында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында жалпы 485 үй жөндеуден өткен. Бұл жұмыстарға 13 млрд 104 млн теңге жұмсалды. Атап айтсақ:
республикалық бюджет есебінен – 8 559 млн теңгеге 309 үй;
жергілікті бюджет есебінен – 1 473 млн теңгеге 53 үй;
қайтарым қаражат есебінен – 3 071 млн теңгеге 123 үй.
Дегенмен, облыстағы 4 қала мен Т. Рысқұлов ауданында жөндеу жұмыстарын қажет ететін көп пәтерлі үйлер аз емес. Бірақ, назардан тыс қалған жоқ. Бүгінде 2023-2026 жылдары облыс аумағында жөнделетін үйлердің жоспары әзірленген. Сондай-ақ 2023 жылы жөнделу керекті көп пәтерлі 59 үй бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетіне бюджеттік өтінім жолданған.


Жамбыл облысының соғыс жылдарындағы экономикасы
Ұлы Отан соғысы жамбылдықтар үшін де қымбатқа түсті. Тұрғындар мен
облыс экономикасы соғыстың алғашқы күнінен бастап соғыс жүйесіне тез бейімделді.

Тәуелсіздік жылдарындағы Жамбыл облысының экономикасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет