Ғылыми жобамызда атақты шешен, «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарушылардың бірі Қазыбек бидің шешендік өмір жолы баяндалған



Дата18.04.2023
өлшемі18,04 Kb.
#83951
Байланысты:
аннотация


Аннотация


Бұл ғылыми жобамызда атақты шешен, «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарушылардың бірі Қазыбек бидің шешендік өмір жолы баяндалған.
Қай халық болмасын, ел-жұрт санатына, мемлекет қатарына кемеңгер ұлдарының арқасында енеді. Солардың бірі қазақ мемлекетінің ішкі билігіне де, сыртқы саясатына да өлшеусіз еңбек сіңірген Қаз дауысты Қазыбек би. Табиғатынан зерек, алғыр бала өнегелі, білімді ортада кемелденіп өседі. Шешендік қабілеті ерте ашылып, айналасындағыларды еріксіз елең етеді. Қаз дауысты Қазыбек би өзіне дейінгі ұлттық руханият, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, заң, құқық саласындағы қалыптасқан мемлекеттік нышандарды өз замандастары Төле би, Әйтеке билермен бірлесе отырып, Әз Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында одан әрі дамытып, өркендетуге айрықша енбек сіңірді. Ұлы бабамыз барша ғұмырын Қазақ хандығын нығайту іргелі ел ету сияқты істерді жүзеге асыруға арнап, көршілес мемлекеттермен достық, көршілік қарым-қатынас орнату, бейбіт өмір сүру сияқты мәселелерді басты назарда ұстады. Ұлы бабамыздың шешендік сөздері ұрпақ жадында сақталғандықтан ғана бүгінге жетіп отыр.
Шешендік сөздер деп қазақ халқының өмірінде арғы-бергі кезеңдерде ғұмыр кешкен белгілі бір тарихи тұлғалар есімдеріне байланысты айтылатын өнегелік мағына-мазмұны терең сөздерді айтады.
Шешендік сөздің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы кеңейген сайын арта түсуде. Бүгінде шешендік өнердің қолданылатын өрісі кеңіді. Ол қоғамның саяси, əлеуметтік өмірінің барлық саласында идеологиялық тəрбиелік іс-əрекеттердің, оқу-ағартудың, заң мен ғылымның, ел басқару істерінің, яғни, бұқараның ең қажетті құралына айналды.
Аннотация

В данном научном проекте изложен жизненный путь известного оратора, одного из издателей свода законов «Жеті Жарғы» Казыбек би.


Какой бы народ ни был, страна входит в категорию народа, в ряды государства благодаря своим гениальным сыновьям. Один из них - қаз дауысты Қазыбек би, заслуживший неоценимые заслуги как во внутренней власти, так и во внешней политике казахского государства. По натуре проницательный ребенок растет в нравственной, умной, образованной среде. Ораторские способности раскрываются рано, заставляя окружающих невольно блуждать. При ханах Аз Тауке, Абильмамбете и Абылай Казыбек би привил своим современникам, совместно с Толе би, Айтеке би, особую роль в дальнейшем развитии и процветании государственных символов в области национальной духовности, обычаев, традиций, права и т.д.. Наш великий предок посвятил всю свою жизнь осуществлению таких масштабных дел, как укрепление Казахского ханства, ставил в центре внимания такие вопросы, как дружба с соседними государствами, установление добрососедских отношений, мирная жизнь. нравственным смыслом-содержанием, которые звучат в связи с именами определенных исторических личностей, живших в разные периоды жизни казахского народа. Потребность в красноречии возрастает по мере расширения сферы устной речи.
Сегодня сфера применения ораторского искусства расширилась. Он стал самым необходимым инструментом идеологической воспитательной деятельности, просвещения, права и науки, управленческих дел страны, то есть во всех сферах политической, социальной жизни общества.
Annotation


Our scientific project is devoted to "The Life Path of the Kazakh oratory Kazybek bi" one of the publishers of the set of laws "Zheti Zhargy".
Every country is famous for its distinguished writers and it is highly valued for the great works of literary figures known all over the world. Kazybek bi, being one of these cherished people, earned invaluable services both in the internal government and in the foreign policy of the Kazakh state. By nature, an astute, insightful child he grew up in a moral, intelligent, educated environment. His rhetorical abilities are revealed early, forcing others to wander involuntarily. The eloquence of our great ancestor has been preserved in the memory of the following generations.
Rhetoric words are words with a deep moral meaning-content that sound in connection with the names of certain historical figures who lived in different periods of the life of the Kazakh people.
Rhetory builds intelligence, tolerance, love for the country, glorifies heroism and nationality, fights for justice. The younger generation grows as a caring citizen, nourished by caring for the country. The need for eloquence increases with the expansion of the sphere of oral speech. Today, the scope of public speaking has expanded. It has become the most necessary tool of ideological educational activity, education, law and science, administrative affairs of the country, that is, in all spheres of political and social life of society.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет