Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет34/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Қожахметова Қ.Ж., Ортаев Б.Т. Технология пәні мұғалімінің технологиялық мәдениеті 

 

 



 

жалпы 

(мәдениет) 

І 

жалпы негізгі 



(педагогикалық 

мәдениет) 

ІІ 

ерекше (кәсіби 



педагогикалық іс-

әрекеттегі техно-

логиялық мәде-ниет)  

ІІІ 


Жеке дара 

(өндірістік іс-

әрекетке тән 

технологиялық 

мәдениет) 

ІV 


І→ІІ→ІІІ→ІV бағыты: жалпы 

мәдениеттің мұғалім жеке  

тұлғасының технологиялық  

мәдениетіне ықпалын көрсетеді 

ІV →ІІІ→ІІ→І бағыты: мұғалім 

жеке тұлғасының технологиялық 

мәдениетінің жалпы мәдениетке 

шығуын көрсетеді 



 

239 


дамытушылық, бағдарлаушылық, мобилизациялық, зерттеушілік, техникалық 

іскерлік элементтерін педагогикалық мақсатқа сәйкес қамтып көрсетеді. 

Ғылыми-зерттеу  еңбектерін  зерделей  және  талдай  келе  мұғалімнің 

технологиялық  мәдениетіне  «мәдениет»  ұғымы  және  өндірістік  іс-әрекет 

тұрғысынан  төмендегідей  өзіндік  анықтама  беруді  жөн  көрдік.  Болашақ 

технология  пәні  мұғалімінің  өндірістік  іс-әрекетке  тән  технологиялық 

мәдениеті  -  өндірістік  технологиялық  үдерістерді  танып  білу  мен  оны 

сапалық  тұрғыдан  жүзеге  асырудағы  ұйымдастыру  түрлерін  орындау 

үлгілерін;  студенттердің  техника-технологиялық  шығармашылығы  мен 

қабілетін;  оқушылардың  технологиялық  білім,  іскерлік  және  сапалық 

қасиеттерін  еңбекке  дайындық  бағыты  бойынша  қалыптастыру  үдерісін 

жүзеге асырудағы мұғалімнің сәйкес кіріктірілген сапасы. 

Бұл  анықтамаға  сәйкес  оның  мазмұны  оқушылардың  іс-әрекетіне 

қарағанда  анағұрлым  бай,  терең,  әрі  кең  болып  табылады.  Ол  оқытудың 

мазмұнымен  және  студент  пен  оқушының  орындайтын  іс-әрекетіне 

байланысты анықталады, әрі жоғары оқу орындарында мектеп дайындығына 

байланысты байытылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Сенько  Ю.В.  Гуманитарные  основы  педагогического  образования: Курс  лекций:  учеб.  пособие 

для студентов высших пед. учебных заведений. – М.: Изд. Центр «Академия», -2000. – 240 с. 

2.

 

Гребенюк О.С., Рожков М.И. Общие основы педагогики: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. 



– М.: Изд-во ВЛАДОС–ПРЕСС. – 2003. – 160 с. 

3.

 



Исаев  И.Ф.  Профессионально-педагогическая  культура  преподавателя  высшей  школы: 

воспитательный аспект. – Москва – Белгород: Всзелица, 1992. – 102 с. 

4.

 

Сластенин  В.А.  Формирование  личности  учителя  советской  школы  в  процессе 



профессиональной подготовки. -М.: Просвещение, 1976. –160 с. 

5.

 



Сластенин  В.А.,  Мищенко  А.И.  Профессионально-педагогическая  подготовка  современного 

учителя // Советская педагогика. – 1991. -№10. – С. 79-86. 

6.

 

Сластенин  В.А.  Формирование  профессиональной  культуры  учителя:  Учебное  пособие.  М.: 



Прометей, 1993. – 177 с. 

7.

 



Никишина  И.В.  Инновационные  педагогические  технологии  и  организация  учебно-

воспитательного  и  методического  процессов  в  школе:  использование  интерактивных  форм  и 

методов в процессе обучения учащихся и педагогов. – Волгоград: Учитель, 2007. – 91 с. 

8.

 



Максимова  Н.А.  Проектирование  системы  формирования  технологической  культуры  учителя: 

Дисс. ... канд.пед.наук: 13.00.01. –Смоленск. 2004. -207 с.  

9.

 

Крылов  Д.А.  Формирование  технологической  культуры  будущих  учителей  технологии  и 



предпринимательства. Дисс. ... канд.пед. наук: 13.00.01, 13.00.08. – Йошкар-Ола. 2002. -173 с. 

10.


 

Таубаева  Ш.  Вопросы  моделирования  генезиса,  структуры  и  содержания  исследовательской 

культуры учителя // Поиск серия гуманитарных наук. – 2002. -№1. -С.193-202. 



 

 

 

 



 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

                

Л.К.КЕРІМОВ 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор 



 

240 


 

Ж.Қ.ДҮЙСЕНОВА 

А.Ясауи ХҚТУ-нің аға оқытушысы 



 

ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР  ЕҢБЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-

ПСИХОЛОГТАРДЫҢ  ІЗГІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН  ЖЕТІЛДІРУ 

 

В  этой  статье  рассматривается  совершенствование  системы  гуманных  качеств  у  будущих 

педагог-психологов в трудах великих мыслителей

 

 This article deals with improvement of a system of humane qualities of future teachers-psychologists 

in works of outstanding thinkers. 

 

 Қазақтың  этнопсихология  тарихында  жағымды  мінез,  көркем  мінез 

жайында  ғалымдар  мен  ағартушылар  өздерінің  еңбектерінде  мұра  етіп 

қалдырғанын Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, 

М.Жұмабаев, Н.Манаев шығармаларынан анық көруге болады. 

 Қ.А.Ясауи  «Диуани  хикмет»  еңбегінде  жалпы  мұсылмандар  үшін  қажетті 

ислам дінінің парыздарына жан-жақты тоқталған. Осы діни тәрбиелік еңбегінде, 

ол:  1)  тәубашылдық;    2)  ғибадатшылдық;    3)  махаббат;    4)  сабырлылық;    5) 

шүкіршілік;  6)  ризашылдық;  7)  заһидшілдік  (анықтық);  8)  ғаріптік  (мүсәпір, 

бишара)  жүйесімен  саралаған.  Бұлардың  барлығы  адам  бойындағы  жағымды 

мінез-құлықты айғақтайды. 

Адам өмірінің мәнді де сәнді болуы ішкі ойының тазалығына және өз бойын 

қызғаныш  пен  қиянат  жасаудан  аулақ  ұстауына  тікелей  байланысты  екендігі 

анықталған.  Осындай  пікірді  қолдаған  Ясауитанушы  әрі  зерттеуші  ғалым  п.ғ.к. 

С.Н.Құрбанқожа  адамның  жағымсыз  (жаман)  қасиеттерінің  қалыптасуын 

төмендегідей береді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Керімов Л.К.,

 

Дүйсенова Ж.Қ.

 

Ұлы ойшылдар еңбектері негізінде болашақ педагог-психологтардың...

 

 

 



Менмендік 

Дұшпандық 

Қызғаныш 

Жақтырмау 

Ашу 

Кекшіл 


Жеке көру 

Қайғылану 

Кінәлау 

Бақталастық 

Дүниеқұмарлық 

Қатыгездік 

Мансапқорлық 

Қайырымсыздық 

Адамда жаман қасиеттер туындап, қалыптасады әрі әдетке 

айналады 



 

241 


Осы суретке қатысты п.ғ.к. С.Н.Құрбанқожа «Әрбір жағымды, жағымсыз 

жаңалықтың  қайсы  бірі  болмасын  бәрі  де  жіңішке  энергия  жүйесі  арқылы 

күнделікті ғарышқа жеткізіліп тұрады» деп діни астарын тұспалдап көрсетеді 

[1].  


 Әл-Фараби:  «Жақсы  мінез-құлық  пен  ақыл-күш  біріккенде,  бұлар 

адамның жағымды қасиеті болып табылады» - деп баға береді. 

Мінез  -  адамның  өмір  жағдайларына  сәйкес  және  солардың  ықпалымен 

байқалып  отыратын,  оның  тұрақты  психикалық  қасиеттерінің  жиынтығы. 

Мінездің  қоғамдық  психологиялық  табиғаты  болады,  яғни  адамның 

дүниетанымына  білімі  мен  өрісі,  тәжірбиесі  бойынша  сіңірген  моральдық 

ұстанымдарына,  басқа  адамдар  тарапынан  басшылық  жасалуына  және 

олармен белсене араласуына байланысты. 

М.Жұмабаевтың  «Педагогика»  оқулығында  мінез  туралы  былай  дейді: 

«Бір  адамның  барлық  ісін  басқа  адамдардың  істерінен  айыратын  сипаттар 

мінез деп аталады. Сондықтан мінез ақылға, яки сезімге байлаулы нәрсе емес, 

қайратқа байлаулы һәм мінез қайрат» деп дәріптеп әрі қарай бөледі. Егер бір 

адамның  қайраты  күшті  болса,  сөзінен  ісі  айырылмаған,  екеуі  екі  бөлек 

жайылмайтын болса, ондай адамның мінезі қайратты, күшті, берік мінез деп 

аталады. Егер де сөз бен ой және іс қабыспайтын болса, ауыз айтқанды қол 

істей алмаса, ондай адамның мінезі жұмсақ мінез деп аталады [2]. 

Мінез  -  адамның  жаратылысына  қарай  тума  пайда  болады.  Тума  мінез 

көбінесе  тұқым  қуалап  келеді.  Сондай-ақ  адамның  өмірлік  бет  алысын 

білдіретін,  оның  бір  сыдырғы  тұрақты  және  жеке-дара  тұрлаулы  қасиет 

мінезінің  екі  сипаты  барын  көрсетеді:  бірі  -  адамның  ақиқат  дүниеге 

қатынасы және оны жүзеге асырудың өзіндік амалдары. 

Екіншісі  -  өз  әрекетін  тәртіпке  келтіре  алатын  өзіндік  еріктері.  Адам 

ғұмырының барлық жасындағы мінезіне тәрбиенің ықпалы зор.  

Қазақ-түркі  және  мұсылмандық,  діни  тәлімдік,  этикада  мейірімділік, 

сабырлылық, адамгершілік құндылықтарды бір түп негізділікке бағындырып, 

содан  тарату  жүйесі  болғандығының  ой  бағыты  Н.Манаевтың  еңбектерінде  

көрініс  табады  [3].  Мысалы:  «Қабуснамада»  адамның  адамдық  қасиетін 

сипаттайтын  құдіретті  үш  нәрсе  бар.  Олар:  1)  Ақыл;  2)  Туралық;  3) 

Жомарттық [4]. 

Ал,  Ж.Баласағұн  өзінің  ізгілік  бағыттағы  моральдық  жүйесінде  қанағат 

категориясын  басты  ұғымға  айналдырады.  Ж.Баласағұн  істерді  пайдалы 

нәрсе,  пайдасыз  нәрсе  деп  ажырата  отырып  қарастырады.  Пайдалы  нәрсеге: 

ізгі  іс,  ұят,  әділдік  қатысты  болса,  пайдасыз  іске:  жауыздық,  жалған  сөз, 

сараңдық тән болып табылады. Бұлар қазіргі педагогикалық тұрғыдан мінез-

құлықтан туындайтын туындылар ретінде де қарастырылады [5]. 

Н.Манаевтың  көркем  мінезде  қолданған  ұстанымдары  Аллаға  тәубә 

қылу, шүкіршілік ету, барлығын қанағат тұту сияқты ұғымдарда біріктірілген  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Керімов Л.К.,

 

Дүйсенова Ж.Қ.

 

Ұлы ойшылдар еңбектері негізінде болашақ педагог-психологтардың...

 

 

 



 

242 


түсінігіне  сәйкес  қазақ  мәдениетіндегі  діни  педагогиканың  өкілдері: 

Ж.Баласағұн, 

 

Қ.А.Ясауи, 



т.б. 

ойшылдардың 

тұжырымдарымен 

сабақтастырған. 

Ы.Алтынсариннің «Мұсылмандықтың тұтқасы» атты еңбегінде пенденің 

көңілінде болатын пиғыл екі түрлі дейді. Бірі - көркем, бірі - бұзық сипатты. 

Аят  пен  хадисте  білдірілген  жаман  мінездер  алпыс  түрлі.  Мұның  бәрін  бұл 

кішкене  кітапта  баян  етуге  орын  болмайды,  бірақ  сол  алпыс  түрлі  жаман 

мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті. Біз осы жеті түрлісі 

турасында ғана айталық. Бұл жетеудің арабша аттары: әуелі – куфр, екінші – 

бидғат,  үшінші  –  кубр,  төртінші  –  рия,  бесінші  –  хасад,  алтыншы  –  бухл, 

жетінші – исраф. 

1. Куфр - дінге сенбеу, дінсіздік. 

2. Бидғат - діннен бөлек өз ойынан шығарылған уағыз, шариғаттар. 

3. Кубр - менмендік, өзімшілдік. 

4. Рия - мақтану, өзін-өзі көрсету. 

5. Хасад - қызғаншақтық, күншілдік. 

6. Букл - сараңдық. 

7. Исраф - дүние шашқыштық, ысырапшыл [6]. 

Әрбір  пенде  дүниеге  келгенде  жақсылық  жасау,  рахымшылық  көрсету, 

кең  пейілді  болу  сияқты  қасиетті  құндылықтар  адам  баласын  рухани  биікке 

көтеретіндігі ақиқат. 

Өткен  ғасырымыздың  басында  өмір  сүрген  Н.Манаевтың  оқулығы  - 

қазақ  ғибратындағы  діни  жүйесі  әрі  діни-имандылық  тәрбие  бағытымен 

сабақтастықта  таралған  маңызды  еңбектердің  бірі.  Н.Манаев  кітабында 

мұсылмандық  заңдарын  баяндай  келе,  адам  баласы  адамзаттық 

құндылықтарды  игеру  үшін  мынадай  көркем  мінездерді  жинақтаған  болуы 

керек дейді: 

1) Аллаға илану; 

2) тәуекел (тукл) қылу; 

3) уәдеге тұру; 

4) сабырлы болу; 

5) мәрт болу, таза болу

6) ұятты болу; 

7) шын сөзді болу. 

 Қ.А.Ясауи,  Ы.Алтынсарин  еңбектерінде  сегіз  көркем  мінез  туралы 

тұжырым жасалынған. Ал Н.Манаев түйіндеген сегіз көркем мінез уақыттың 

алшақтығына, заманның өзгергеніне қарамастан өзара үндесіп тұр. Дегенмен 

де, Н.Манаев зерттеуінде өзіндік ерекшелік анық көрінеді. 

Аллаға  «тукл  (тәуекел)»  қылу  дегеніміз  әр  істі  өз  құралдарымен  істеу, 

мысалы, жазу жазудың да өз құралы бар, жазатын қаламсап және сия, мұңсыз 

ойға  алғаныңызды  қағаз  бетіне  түсіре  алмайсыз.  Аллаға  «тукл  (тәуекел)» 

қылам деп, құралсыз іс істеуге мүлдем болмайды. Н.Манаев  кітабында  мынадай

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Керімов Л.К.,

 

Дүйсенова Ж.Қ.

 

Ұлы ойшылдар еңбектері негізінде болашақ педагог-психологтардың...

 

 

 



 

243 


мысал  келтіреді:  «Аллаға  тәуекел  (тукл)  «қыламын  деп,  жалаңаш  қолмен 

отты  ұстауға  рұқсат  жоқ.  Бұлай істеуге  Алланың рұқсаты  жоқ.  Оны  арнайы 

шоқ ұстайтын құрал шобаламен ұстау керек», - дейді. 

Н.Манаев  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  «сегіз  көркем  мінезді»  басты 

мәселе деп тұжырымдайды. 

Уәдеге  тұру  дегеніміз  -  айтқанын  жұтпау.  Мысалы,  үйретем  деген 

нәрсені үйрету. Пайғамбарымыз айтқан екен: «Уәдесіз кісі - дінсіз кісі» деп. 

«Сабырлы  болу»  деген  тақырыпты  ұсынғанда  басқа  түскен  қандай 

қиындық  болса  да,  шыдамды  болу  керектігіне  тоқталып,  «Сабақ  оқу  қиын 

жұмыс,  оқыған  сабақты  меңгере  алмасаң,  одан  да  қиындай  түседі.  Күнде 

сабақ  оқу  қиын  болса  да,  бір  күндері  пайдасы  тиер  деп,  қиындыққа  шыдап, 

сабақты мүлтіксіз орындап, сабырлы болу керек деп түсіндіреді. Әрбір адам 

өзінің    мақсат-мұратына  жету  үшін,  өмірдегі  күрделі  мәселелерді  шешіп, 

қажырлық  танытып,  табанды  еңбек  етіп,  кездескен  барлық  қиындықтарға 

төзімділік көрсетіп, шыдамды болуы қажет. 

Н.Манаев  жомарт  болу  керектігін  былайша  түсіндіреді:  «Жомарт  болу 

дегеніміз  -  мұқтаждарға  жәрдем  ету.  Мысалы,  жетім-жесірлерге-

мұндайлардың  бірінің  киер  киімі,  ішерге  асы  жоқ.  Киімі  жоққа  киім,  асы 

жоққа тамақ берсе, жомарт болады. Кейбір адамдар жоқшылықтың кесірінен 

балаларын  оқыта  алмай  қалып,  амалсыздан  телміріп  жүреді.  Міне, 

осындайларға  көмектесу,  қолының  ұшын  беру  нағыз  жомарттықтың  ісі  деп 

танимыз» дейді. 

«Таза  болу  дегеніміз  -  ластықтан  аман  болу.  Яғни,  киімді,  отыратын 

орынды,  ішіп-жейтін  тамақты,  ыдысты  таза  ұстау.  Үйдің  (киіз  үйдің) 

айналасын таза ұстау және үй маңына дәрет етпеу. Киіз үйдің жұртын әлсін-

әлсін жаптырып тұру. Ақты төкпеу туралы ырым-тыйымдардың, гигиеналық 

қызметін  көрсетеді.  Үйдің  ішіне  су,  айран,  іркіт,  қымыз,  тағы  басқа  ішкен 

кезде  қолды  тазалап  жуу,  асқа  шоқ,  қылшық-қыбыр,  қиқым  сияқты 

нәрселерді түсірмеу». 

Көркем  мінездің  бірі  -  ұятты  болу,  яғни,  жауыздық  қылудан  сақтану, 

ұрлау,  өлтіру,  серігінің  кітабын  ұрлап  алса,  ол  шәкірт  кітабын  ойлап,  азап 

шегеді. Егер де бай баласы болса, сатып алар, ал кедей баласы болса қайтып 

алмақ, әбден тақыршаққа отырғаны. Бұл жөнінде ұятсыздық пен арсыздыққа 

шәкірттердің  түсінігін  қалыптастырып,  ізгілікке  деген  сүйіспеншілігін   

арттырады.  

Ұятсыз болу – адам бойына біткен жаман қылықтар. Барлық адам баласы 

зұлымдыққа, жауыздыққа қарсы күрес жүргізіп жаңа дүниеге келген баланың 

мұндай 


іс-әрекеттерден 

таза 


болуын 

қадағалаудың 

тиістілігін 

тұжырымдайды. 

Н.Манаев  еңбегінде  көркем  мінез  арқылы  діни  қағиданы  ғана  сипаттап 

көрсетпейді, сондай-ақ, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері де ғылыми негізде 

талдаған.   Ұлттық  психикалық  құрылым  үш  бөліктен  тұрады:  ол - ұлттық  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Керімов Л.К.,

 

Дүйсенова Ж.Қ.

 

Ұлы ойшылдар еңбектері негізінде болашақ педагог-психологтардың...

 

 

 



 

244 


сезім,  салт-дәстүр  және  ұлттық  мінез.  Осы  үш  бірлестік  ұлттық  мәдени 

ерекшеліктің  шартты белгілері. Көркем мінез  - қалыптасқан жеке тұлғаның 

бойынан  кездесетін  адами  жағымды  қасиеттердің  жиынтығы  ретінде 

анықталады.  Жасөспірімнің  мінез-құлқын  тәрбиелеуде  ұлттық  психология 

ерекшелектерін  есепке  алу,  этнопсихологиялық  қағидаларға  сүйену 

(М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов) ұсынылады. 

 Рухы  күшті  адамды  жаңылдырудың  қиыны  -  оны  алдай  алмайсың,  ол 

зорлыққа  көнбейді,  байлыққа  мастанбайды,  асып-тасуды  білмейді,  ол 

қарапайым,  ізгі  қасиеттері  мол  иман  жүзді,  қайырымды,  батыл  да  батыр, 

білімді  де  парасатты,  сегіз  қырлы  бір  сырлы,  өнерлі,  қатарының  алды,  ол 

мақтауды,  марапаттауды  жек  көреді,  ол  көреген,  алдын  болжағыш,  қиын-

қыстаудан қиналмай өте алады.  

Адамның  көркем  мінезі  адами  жағымды  қасиеттерінің  жиынтығынан 

байқалады. 

Жағымсыз  қасиеттері  болған  жағдайда  адамның  бойында  биохимиялық 

үдерістер  жүріп,  жағымсыз  қасиеттердің  өзі  адам  ағзасына  әсер  етіп,  өзін 

ауру, сырқауға ұшырататын көрінеді. 

Қорыта айтқанда «Ізгілік қасиеттер  дегеніміз – адамның ізгі іс-әрекетін 

сипаттайтын жақсы әрекеттерден, жағымды белгілерден тұратын мінез-құлық 

сапалары».  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Құрбанқожа  С.Н.  Ясауитану  дәрісінің  рухани,  мағнауи  қажеттілігі  мен  тәлім-тәрбиелік  мәні 

және Ясауи кереметтері. Оқу құралы. Түркістан, 2006. -248 б. 

2.

 

Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:  Педагогика  және  психология. 



/жалпы ред. басқарған А.Қ.Құсайынов. Алматы: Мектеп, 2002. -256 б. 

3.

 



Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б. 

4.

 



Манаев Н. Иман - Ислам.  Уфа: Восточная печать, 1995. – 34 с. 

5.

 



Қабуснама. Өзб. тілінен аударған Т.Айнабеков.  Алматы: Балауса, 1992. - 160 б. 

6.

 



Баласағұн  Ж. Құтты білік. - Алматы: Жазушы, 1987. - 355 б. 

7.

 



Алтынсарин Ы. Мұсылмандықтың тұтқасы. Шариат – ул ислам. –Алматы: Қазақстан, 1991. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2010 



 

 

Е.О.ОМАР 

 

245 


педагогика ғылымдарының докторы 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессоры 

 

А.О.РАХЫМЖАНОВ 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 

 

САУЫҚТЫРУ КЕШЕНДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ-ЖАСТАРДЫҢ 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӨЗЕКТІЛІГІ 

 

В  этой  статье  рассматривается  актуальность  формирования  здорового  образа  жизни  с 



помощью  оздоровительных  комплексов  у  учащейся  молодежи  по  практическим  и  теоретическим 

возможностям их развитий. 

 

This  article  deals  with  the  urgency  of  formation  of  a  healthy  way  of  life  with  the  help  of  health-

improvement  complexes  of  students  according  to  their  practical  and  theoretical  possibilities  of  their 

development. 

 

Адамзат  игілігі  үшін  құрылған  дүниелер  өзінің  қызметінде  дұрыс 



пайдаланылмауда.  Қазіргі  таңдағы  шешілмей  жатқан  көптеген  проблемалар 

оқушы-жастарды  айналып  өтпейді.  Сонымен  қатар  осы  оқушы-жастардың 

қоғамдағы  өз  орнын  табуға,  денсаулығын  жақсартуға  мүмкіндіктер  туғызу 

қажет. Осы мақсатта бұқара халықтың, әсіресе, оқушы-жастардың сауықтыру 

кешендерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын тиімді етіп 

ұйымдастыру жүзеге асуға тиіс қажеттілік болып табылады. 

 Қазақстан  егеменді  ел  болып  құрылғанына  19  жылдан  астам  уақыт 

болды,  бұл  жылдарда  ғылымның  барлық  салаларында  көптеген  заңдар  мен 

заңдылықтар,  жарғылар,  жолдаулар  және  бағдарламалар  қарастырылды. 

Жылдан жылға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, алда тұрған кезкелген 

мәселені  шешуге  ұмтылыс  стратегиялы  түрде  жүзеге  асып  отырады.  Осы 

ұмтылыста  «Қазақстан  2030»  стратегиясы,  1995  жылғы  Дүниежүзілік  сауда 

ұйымына  кіру,  2006  жылғы  50  дамыған  елдің  қатарына  кіру,    дүниежүзілік 

білім  жүйесін  қалыптастыруда  сапа  мәселесі  және  Қазақстан  елінің  әлемдік 

статусын  құру  және  ондағы  ұлттық  болмыспен  өз  орнын  табу  анықталды. 

Қазақстанның  қазіргі  таңдағы  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық 

ұйымына төраға болуы біздің мемлекетіміздің өркениеттілікке қол жеткізудің 

алғашқы  қадамы  ретінде  көрінеді.  Дегенмен  осындай  бағыттардың  бірінде 

«Қазақстан  2030»  мемлекеттік  стратегиясында:  «Салауатты  өмір  салтын 

ынталандыру  әрқайсымыздың  дене  тәрбиесімен  айналысуымызға,  дұрыс 

тамақтануымызға,  есірткілерді,  темекі  мен  ішімдікті  тұтынуды  қойып, 

тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған», - делінген [1]. 

Жеткілікті  құралдар  болмай  тұрған  жағдайда  ауруларға  күрес  пен 

денсаулықты  нығайту  жөніндегі  біздің  стратегиямыз  азаматтарымызды 

салауатты  өмір  салтына  әзірлеуден  басталады.  «Салауатты  өмір  салты  мен 

дұрыс  тамақтануды,  тазалық  пен  санитария  ережелерін  насихаттайтын 

пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілу қажет», - деп атап көрсетілген.  

Сонымен қатар, «өмір салтын  теріс   әдеттерден  спортқа  көшіру  тиімді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет