А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Мырзаханова А.Қ. Тілді газет
материалдары
арқылы оқыту әдістемесі
186
мәдениетке жататын екі әңгімелесушінің не екі адамның парабар түсінісуің.
Сонда олардың тілі «тілді қолданушылардың белгілі бір қоғамға (социумға)
қажетті бұйымы» ретінде танылады.
Лингво-әлеуметтік-мәдени әдіс тілдік құрылымдарды (грамматиканы,
лексиканы, т.б.) тілден тыс факторлармен біріктіреді. Сол кезде ұлттық
масштабтағы дүниетаным мен тіл жапсарында, яғни ойлау қабілетінде (адамның
қай тілде ойласа,сол елге жататынын ұмытпауымыз керек) «Тілдің әралуандығы
арқылы біз үшін әлем байлығы мен ондағы біз танитын нәрсеміздің әралуандығы
ашыладың деп В. фон Гумбольдт жазғандағы бай тіл әлемі өмірге келеді. Лингво-
әлеуметтік-мәдени әдістеме мынадай аксиомада негізделеді: «Тілдік
құрылымдар негізінде әлеуметтік-мәдени құрылымдар жатырң. Біз әлемді белгілі
бір мәдени алқапта ойлау арқылы танимыз және тілді өз әсеріміздің,
көзқарасымыздың, сезіміміздің, қабылдауымыздың бейнесін көрсету үшін
пайдаланамыз. Тілді беріліп отырған әдіс арқылы үйренудегі мақсат -
әңмілесушіні түсінудегі жеңілдікті тудырып, интуитивті деңгейде қабылдауды
қалыптастыру. Сондықтан да мұндай органикалық, тұтас әдісті пайдалану
ыңғайымен келген әрбір студент тілге жағрафияны, климатты, халық тарихын,
оның өмір шарттарын, дәстүрін, тұрмысын, күнделікті тәртібі мен
шығармашылығын көрсететін айнаға қарағандай қарауы керек
.
Бүгінде біз дәрісханаға ескі кітаптармен кірмейміз, біз бүгін, кеше ғана
болған жаңалықтармен кіреміз. Бұдан ұтатынымыз өте көп: студенттер
(тыңдушылар) бүгін не жаңалық оқиды екенбіз деп отырады және сол жаңа
материалды үлкен қызығушылықпен оқиды. Ал оқуға қызығушылық таныту –
үлкен жетістік.
Мәдениеттің ең маңызды жансерігі жазу арқылы өркениет жемісі саналатын
газеттер сөйлейді. Газет - халықтың рухани, мәдени өмірінің айнымас бөлшегі.
Газеттің жалпы адамзат тарихындағы, жекелеген халықтар мәдениеті мен
тарихындағы алатын орны айрықша маңызды [4].
Газет тілі көркем шығарма немесе ғылыми тілден, сөйлесу тілінен айырып
тұратын белгілі бір ерекшелікке ие екені даусыз. Бұл бұқаралық ақпарат
құралдарының негізгісі ретінде атқаратын газеттің ұзақ сұрыптаудан туындаған
әлеуметтік тапсырмасына сай тілдік мәнді құралдар салдары болып табылады.
Сабақта қосымша оқу құралы ретінде заманауи газет мақалаларын пайдалану оқу
тапсырмаларының біраз мәселелерін шеше алады. Біріншіден, газет
материалдары «неке және отбасы», «ажырасу», «балалар тәрбиесі» деген сияқты
тақырыптарға арналған; тіл үйренуші заманауи жағдайларды, сол үйреніп
отырған тіл өкілдерінің қоғамын, сұрақтарын, мәдениетін түсінеді. Екіншіден,
мақалаларда тіл үйренушілердің арасында талқылау тудыруға, өз ойын жеткізіп,
дәлелдеуге мүмкіндік беретін дискуссиялық сұрақтар бар. Мақала авторлары
көбінесе берілген тақырып бойынша өткен жарияланымдармен пікір
таластырып, қоғамда болып жатқан жаңа процестерді (үдерістерді)
түсіндіретіндіктен, үйренушілердің назарын түрлі көзқарастағы дәлелдемелер
тәсіліне аударуға болады. Үшіншіден, газет басылымдарында берілген тақырып
бойынша лексикалық бірліктер ғана емес, барынша қиын концепцияларды нақты
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Мырзаханова А.Қ. Тілді газет
материалдары
арқылы оқыту әдістемесі
187
бейнелейтін белгілі бір тұрақты тіркестер, сондай-ақ, фразеологиялық және
идиомалық тіркестер өте көп кездеседі. Тіл үйренуші үшін өз ойын бейнелеп,
өзіндік тұжырым жасауға, әсіресе, сөз сөйлеудің қиын құрылымын қажет ететін
проблемалық мәселелерді талқылауда клише мен тұрақты тіркестерді үйреніп
алудың маңызы зор. Осылайша, газет материалдары мәдениетпен, мінез-құлық,
жүріс-тұрыс стереотиптерімен, қоғамда болып жатқан үдерістермен таныстыра
отырып, сонымен қатар тілдік компетенцияның коммуникативтік құрылым
материалы ретінде пайдаланылады. Осыған қоса, лексикалық материал белгілі
бір социум өмірі / менталитет ерекшелігі көрінісінде талқыланып, меңгеріледі.
Ал бұл тіл үйренушінің қызығушылығын тудырмауы мүмкін емес. Қоғамның
ағымдағы, заманауи мәселелерін талқылау мүмкіндігі, оларды шешу жолдары,
социум тенденцияларының дамуын өз ортасындағы ұқсас тенденциялармен
салыстыру мүмкіндігі шет тілін үйренуде және толық меңгеруде жоғары стимул
береді.
¤тілген
лексикалық тақырыпты терењ мењгеру ‰шін газет
материалдарын (мақалаларды) байланыстыра оқытқанда ‰йренушініњ сµздік
қорын толықтырып және ауызекі сµйлеуде тілін жетілдіретінін ғалым
Қ.Қадашева өз еңбегінің бірінде айта отырып, газет материалдарын ±сынудыњ
ерекшеліктері мынада деп көрсетеді:
1.
Жанры, айдары, тақырыбы және стилі кез келген тілдіњ ерекшелігін
байқатады және тілді ‰йренуде газет мақаласымен танысып, ақпарат алу ‰шін
оқу техникасын жетілдіруді қажет етеді.
2.
Тілдегі болып жатқан т‰рлі µзгерістерді газет барынша айқындап
береді.
3.
Қазақстанныњ егемендігін алѓаннан бері саясатта, экономикада,
мәдениетте және тіршілікте ‰лкен µзгерістер болып жатыр, осыѓан байланысты
жања сµздер мен терминдер де қалыптасуда.
4.
Газет ақпаратты жалпы ж±ртшылыққа таратудыњ қайнар кµзі, сондықтан
да тілді ‰йретуде к‰нделікті µмірде болып жатқан жањалықтарды біліп отыру
қажет.
5.
Газет мақалалары µзініњ тақырыбымен, стилімен, жанрымен
ерекшеленеді. Олар: Президенттіњ жарлықтары, ресми сапарлары, интервью,
репортаж, хабарландыру, жарнама, т.б.[5]
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні. Фил. ғыл. канд...
дисс. авт., Алматы, 2002.
2.
Авакова Р.А. Фразеологизмдер – ұлттық мәдениеттің айнасы //Мир языка. А., 1999.
3.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –309 б.
4.
Момынова. Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылысы). Алматы: Арыс, 2003.
5.
Қадашева Қ. Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістемелері. Алматы, 2005.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
188
Н.ЖҮНІСОВА
AИУ-нің магистранты
ҚОЛӨНЕРШІЛЕРГЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
В данной статье рассмотрены вопросы профессиональной подготовки преподавателей
трудового обучения в общеобразовательных школах.
The article deals with some matters of vocational training of teachers of working education at
secondary schools.
Дүниені көркемөнер жанрымен сезіну, көркемдік тұрғыдан тану, жалпы
өмір құбылыстарына тарихи қатынас формаларының бар өзгерісі қоғамдық
даму үдерісімен қаншалықты дәрежеде сабақтастығын кейінгі өнер
тәжірибелерімен салыстыру арқылы, тәжірибе негізінде білім берумен
толықтырылады [1]. Көркемөнер бірте-бірте әлем сырын аша береді, дүние
жұмбақтарын танып, оны ғылыми тұрғыдан тиянақты беріп түсіндіреді.
Әлемді көркем бейнелеуде әрбір қайталанбас келбетін баяндау үшін
қолөнершілерге кәсіби білім беру тарихи талаптарын төмендегі тұрғыдан
қарастыруға болады [2] .
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы кәсіптік білім бағытына білікті
мамандар қажет екендігін туындатады. Сол себептен, білікті мамандарды
даярлау жаңа сипатта, жүйелі түрде екендігі сөзсіз.
Кәсіптік білім берудің ерекшелігі, әрбір адам жеке тұлға ретінде
қалыптасып алдына қойған мақсатын орындау жолында өзінің білімін
арттыру үшін мынадай кезеңдерден өтуі тиіс:
Элементарлық және функциялық сауаттылыққа жету кезеңі. Бұл
кезеңде тұлғаның білім алуына қажетті алғашқы білімнің бастаулары,
дағдылар мен қабілеттер, түрлі қасиеттер әр түрлі дәрежеде қалыптаса
бастайды.
Жалпы білімділікке жету кезеңі. Жеке тұлға өзінің айналасында
қоршаған орта туралы хабардар болатындай білім дәрежесіне ие болып, адам
қызметінің түрлі әдістерін меңгере бастайды.
Кәсіптік компоненттің кезеңі. Бұл кезеңде адам еңбек ету
барысында өзінің бойындағы қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні,
және жеке басына тән кәсіптік қасиеттерді жалпы білім беру негізінде
қалыптастырады. Мұндай сапалық қасиеттер белгілі бір саланың бәсекеге
түсе алатындай және мамандықтың қажеттілігін арттыра алатындай
дәрежедегі нарықтық механизмге сай болуы керек.
Көпшілік көңілінен шыққан мәдениеттілікті игеру кезеңі.
Дамудың бұл кезеңінде әрбір маман ата-бабалардан мирас болып қалған
материалдық және рухани құндылықтарды игеріп қана қоймай, қоғамның
дамуына өзінің қосқан үлесін бағалай алатындай дәрежеге жетеді және
үздіксіз жүріп отыратын мәдени үрдістерге және өркениеттілікке де өзіндік
үлес қоса алатындай жағдайға жетеді.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Жүнісова Н. Қолөнершілерге кәсіби білім берудің өзекті мәселелері
189
Жеке адамның өзіндік ділінің қалыптасу кезеңі. Мұндай жағдайда
маманның дүниетанымының, көзқарастары мен іс-әрекеттерінің тұрақты
негіздері тамырын тереңге жаяды. Бұл сапалық белгілер ділдік
құндылықтарды одан әрі байыта түсуі мен адамзаттың ділдік рухани
кеңістікте жан-жақты жетілуінің арқасында әрбір адамның бойында
қайталанбас адамгершілік қасиеттерді тұрақтандыруға себепкер болады.
Жоғарыда көрсетілген кезеңдерде жеке адамның даму процесін ғана
емес, сонымен қатар дәл осындай дамуды білімділік тұрғысынан қорғау
процесі де әрі жүйелі, әрі біртұтас етіп көрсетуге мүмкіндік туғызады. Бұл
ойымызды былай толықтыруға болады: білімнің әрбір кезеңінде өзіндік
қызметінің білім беретін құндылықтарын, оның басымдықтары мен
мақсатын бөліп қарастыруға мүмкіндік туғызып қана қарамай, бұл
мақсаттардың өзара сабақтастығын қамтамасыз етуге және оларға жетудің
жолдарын әрбір сатыға сай келетін білім берудің мәнді мазмұндылығын,
олардың тиімді әдістері мен ұйымдастырушылық түрлерін іздестіруге
қолайлы жағдайлар туғызады.
Алдымен кәсіптік білім беру жүйесінің тұтастығы мен бірлігіне назар
аударалық, Бұл білім беру жүйесінде жекелеген компоненттердің қызметінде
осал тұстары бар екенін аңғартуына байланысты бұл жағдайдың бүкіл
білім беру жүйесінің қызметінің тиімділігіне және оның нәтижелеріне өз
әсерін тигізетінін байқауға болады. Бұл әрине, кәсіптік білім берудің кез
келген кезеңінің қызметіне кері әсерін тигізеді. Демек, мамандықты не
кәсіпті ойдағыдай игере алмаған адамды мәдениетті адамның қатарына
жатқызуымыз орынды ма? Сонымен, бұдан шығатын қорытынды білім
берудің бұған дейін қалыптасқан кезеңдері тиімді қызмет жасамайынша жеке
тұлғаның басқа қасиеттерін де жан-жақты қалыптастыра алмаймыз. Себебі,
жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуында және оның өзіндік іс-
әрекеттерінің өмірге көрініс табуында кәсіби білімге тікелей қатысы бар
екендігі даусыз.
Кәсіптік білім берудің барлық сатылары бір-бірімен тығыз байланысты,
сондықтан білім беру саласы білім берудің сан алуан кәсіптік-дәрежелік
белгілерін өз бойына жинақтаған өзіндік бір жүйені құрайды.
Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты мынадай тұжырым
жасауға болады: кәсіптік білім беру жүйесі жалпы білім берудің дербес
саласын құрайды, ал екінші жағынан кәсіптік білім берудің идеялары мен
әдістері білім берудің басқа салаларынсыз өмір сүре алмайды, өйткені
олардың әрқайсысында, дәлірек айтқанда, жанұялық және мектепке дейінгі
білім беруден бастап кәсіптік білім берудің белгілері бар. Бұл компоненттер
баланың ең алғашқы еңбектену дағдылары, оқушылардың кәсіптік бағыт-
бағдары, әр адамның өз мамандығының субъектісіне айналуына қажетті
мазмұнды қызметі жеке адамның мәдениеті мен ділі арқылы танылатын
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Жүнісова Н. Қолөнершілерге кәсіби білім берудің өзекті мәселелері
190
арнайы кәсіптік компоненттерді қалыптастыру жайы сөз болғанда білім
берудің барлық сатыларында кеңінен көрініс табатынын аңғаруға болады.
Бұдан шығатын қорытынды: біріншіден, кәсіптік білім беру объектісіне
тек тұлғаны еңбекке баулудың арнайы бір ғана саласы емес, тұтастай білім
беру жүйесі кіреді, екіншіден, білім саласы қай кезде болса да қоғамдық,
жаратылыстану және техникалық ғылымдардың басты объектісіне айналады.
Себебі, білім жүйесінің тұтастық жағдайда дамуын нақты ғылыми
дәлелдемелер арқылы негіздеуге жекелеген ғылыми ықпалдың пәнаралық
байланыстармен қатар экономика, әлеуметтану, тарих, философия, табиғат,
ғылымтану, техника және технология одан қалды жеке тұлғаның
қалыптасуы жайындағы психология, физиология, педагогика және т.б. ғылым
салаларының жетістіктерін пайдаланбайынша ойдағыдай жүзеге аса
алмайды.
Кәсіптік білім беру мәселелерінің ішіндегі ең өзектісі - білім берудегі
педагогикалық болжамның тұрақты жұмыс істейтін жүйесінің қызметін
ұйымдастырудың әдіснамасы мен теориясы және тәжірибесімен тығыз
байланысты болып келетін өз шешімін күтіп тұрған мәселелерді анықтап
көрсете білу болып табылады.
Кәсіптік білім беру саласында өзіндік педагогикалық және дидактикалық
объектілердің дамуын болжауға байланысты мәселелер кәсіптік білім
берудің мақсатын, мазмұнын, әдістерін, қолданатын құралдар мен
ұйымдастыру формаларын және білім берудің түрлі кезеңдерінде
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді болжамдық тұрғыдан негіздеуге
байланысты туындайды [3]. Болжамдық зерттеулердің түйісетін жері оның
объектілерін анықтау және мүмкіндігінше сол объектілерге нақты сипаттама
беру болып табылады. Осы жағдайға байланысты кәсіптік білім беру
саласындағы болжамның екі түрін ажырата алуымыз керек: біріншісі -
кәсіптік білім беру жүйесінің дамуының ұзақ мерзімдік болашағын
зерттейтін стратегиялық болжам, екіншісі - жұмысшылар мен мамандарды
дайындаудың белгілі бір кезеңінде нақты білім беру жүйелерінің мақсаттық,
мәнділік және іс-әрекеттік компоненттеріне негізделген тактикалық болжам.
Кәсіптік білім беру жүйесінің дамуын тұтастай алып болжау ғаламдық
болжамдық сипаттағы мақсат екендігі ешқандай күмән тудырмайды.
Қолөнершіге кәсіби білім берудің ұйымдастырушылық-педагогикалық
шарттары өзара тығыз байланысты болып келеді. Бұл жерде дамушы білім
беру ортасы басым болып келеді. Өзара байланыстар саласы дамушы білім
беру ортасының компоненттерін және қолөнершінің тұлғалық белсенділігін:
ойлау белсенділігін, қатынастар мен мінез-құлық белсенділігін анықтайды.
«Қолөнершінің моделі және дамушы білім беру ортасы» шартының өзара
байланыстылық аясы, білім беру процесінің субъектілерінің шығармашылық
потенциалы мен танымдық потенциалы ретіндегі компоненттерін
анықтайды.
Бұл белсенділік мамандықтың спецификалық құндылықтарының
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Жүнісова Н. Қолөнершілерге кәсіби білім берудің өзекті мәселелері
191
болуынан көрінеді, оның жүзеге асырылуы «адам - мамандық объектісі»
қатынастарымен үйлеседі.
Қоғамға тек қана сауатты қолөнерші-орындаушы ғана емес, сонымен
бірге өз бетімен ізденуге және ақпаратты жинауға қабілетті, кәсіби іс-
әрекетке деген шығармашылық бағдар алатын, жоғары ойлау мәдениетіне ие,
жетілдіруге ұмтылатын, дұрыс шешім қабылдауға қабілетті маман қажет [4].
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіби оқыту бағыттары мен іргелі
негіздері туралы, кәсіби маманның - шағын кәсіпкерлік қызметкерінің
тұлғасының қалыптасуы, қолөнершінің кәсіби дайындығының бастапқы
міндеттері туралы нақты түсінігі болуы тиіс [5]. Жоғарыда аталған
талаптарды есепке ала отырып, әрбір пәннің бәсекеге қабілетті қолөнершінің
қалыптасуындағы орны мен маңызын, кәсіби даярлау пәндерінің оқу
бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ әлеуметтік-
гуманитарлық, арнайы, таңдау пәндерінің оқыту әдістемесі мен жалпы тәрбие
әдіснамасын анықтауға болады.
«Мен біздің жастарға сенемін. Сендердің білімдерің, сендердің күш-
жігерлерің мен сендердің еңбектерің күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға
жұмыс істейтініне сенімдімін» - деді Елбасы Н.Назарбаев Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған лекциясында [6].
Инновациялау мен оқу білімді жетілдіру арқылы қөлөнершілерге кәсіби
білім берудің негізі нығайып, сапаландыру артады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Жиентаева Б.Ж. Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнерді оқытудың тиімді әдістері.
Жезқазған: ЖезУ, 2000. -90 б.
2.
Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева Қ.С. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы.
Алматы: Заң әдебиеті, 2008. 124 б.
3.
Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең. Ғылыми әдістемелік монография.
Қарағанды: КарМУ, 1996. 198 б.
4.
Жолдасбеков С. Бастауыш класс оқушыларының сәндік қолданбалы өнерге эстетикалық
қызығушылығын қалыптастыру: пед.ғыл.канд.дис. Алматы, 1995.
5.
Төленбаев С. Ою. Алматы: Өнер, 1990. 70 б.
6.
Елбасы Н.Назарбаевтың Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған
лекциясы
//
Егемен Қазақстан, 2006 жыл, 27 мамыр.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
СОЦИОЛОГИЯ
192
Г.Н.НҮСІПОВА
география ғылымдарының кандидаты, доцент
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
АДАМ ДАМУЫ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ЖАҢА
ӨЛШЕМІ РЕТІНДЕ
В статье рассматриваются основные показатели человеческого развития как нового
измерения социально-экономического прогресса, а также баланс человеческого развития в
Казахстане.
The article deals with some main indicators of human development as new measurement of social
and economic progress. The balance of human development has been analyzed in this article as well.
Адам даму индексі - бұл ЖІӨ (жалпы ішкі өнімді) сауаттылықты және
өмір ұзақтығы сияқты үш түрлі көрсеткішті қосады.
Бұл индекс 1990 жылы пәкістандық экономист Махбуб уль-Хакпен
құрастырылды. 1993 жылдан бастап БҰҰ-нің адам даму потенциалының
есебінде қолданып келеді.
Сонымен қатар адам даму индексі әйелдер мен еркектерге, этникалық
және әлеуметтік топтарға және географиялық аудандарға бөлек есептеледі
[1].
Индексті есептегенде үш түрлі көрсеткіш ескеріледі:
Туылғандағы күтіліп отырған өмір ұзақтығы - өмірдің ұзақтығын
бағалайды;
Ересек халықтың сауаттылығы және бастауыш, орта және жоғары оқу
орындарына түскендердің жалпы жиынтық коэффициенті;
Жалпы ішкі өнім арқылы көрініс табатын өмірдің материалдық
деңгейі (АҚШ долларымен).
Осыдан кейін осылардың жай ғана орташа индексі есептеледі. 0,5-тен
төмен Адам даму индексін «төмен» деп есептеу, ал 0,8-ден жоғарыны
«жоғарғы даму» есептеу болып қабылданған. Индекс осы үш басты адам
дамуының аспектісінде мемлекеттердің жетістігін есептейді.
Жаһандық есептеулерде статистика үш негізгі мәліметтер көзінен
жиналады, олар - Біріккен Ұлттар Ұйымының халықтың қоныстануы
бойынша бөлімі, ЮНЕСКО және дүние жүзілік банктің статистика институты
[2].
1995 жылы елімізде БҰҰ бағдарламасымен Адамзат дамуы бойынша
алғаш рет есеп дайындалды. Осыдан кейін жалпы мемлекет тарапынан
Адамзат даму концепциясына деген қызығушылық артты. Осылайша адам
дамуы түсінігін «әлеуметтік даму», «еңбек ресурстарының дамуы» немесе
«гуманитарлық даму» сияқты түсініктерге ауыстыру ұсынылды. Алайда бұл
түсінік дүние жүзілік адам даму баяндамаларында қабылданғандай сақталып
қалды.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Нүсіпова Г.Н. Адам дамуы әлеуметтік -экономикалық үдерістің жаңа өлшемі ретінде
193
1996 жылы Адамзат дамуы туралы ұлттық есепте 1995 жылы басталған
дәстүр бойынша адам даму тенденциялары сипатталды. Ал 1997 жылғы
ұлттық есепте тек даму тенденциялары ғана емес, сонымен қатар
экономикалық-әлеуметтік үрдістерге кешендік жүйелік зерттеу жүргізілді.
Осылайша 1997 жылдан бастап Адам даму концепциясының мемлекетте
практика жүзінде тиімділігі байқала бастады. Алғашында негізгі көңіл
мемлекет ретінде қалыптасуға бөлінсе, одан кейін әлеуметтік сфераны
көтеруге аударыла бастады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бірінші кезеңде мемлекеттер ең бастысы
мемлекеттік билікті күшейтуге көптеп назар аударды. Ал Адамзат дамуын
екінші орынға ысырып тастады немесе мүлдем ескермеді. Тек 1995 жылы
жалпы ахуалдары түзеле бастады, мемлекеттер нарықтық қатынастарды
реттей бастағаннан кейін ғана Адамзат дамуы деңгейі көтеріле бастады.
1996 жылдан бастап ТМД елдеріндегі экономиканың көтерілуі жан
басына шаққандағы ЖІӨ-нің көтерілуіне, ал ол сәйкесінше АДИ-дің
көтерілуіне септігін тигізді. Алайда көптеген шешілмеген әлеуметтік
мәселелер қалып отырды. Осы мәселелерге назар аудармау жұмыссыздық,
халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі секілді жағымсыз үрдістерге алып
келді [3,4].
Беларусь, Ресей, Қазақстан, Украина және Түрікменстан күтіліп отырған
өмір сүру ұзақтығының төменгі деңгейіне қарамастан, жан басына
шаққандағы ЖІӨ-нің салыстырмалы түрде жоғары болу себебінен Адам даму
индексі көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары.
Ал Армения, Грузия және Әзірбайжан, керісінше, жан басына
шаққандағы ЖІӨ үлкен емес, алайда салыстырмалы түрде туылғандағы
күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы жоғары болғандықтан, бұл мемлекеттер
жалпы рейтингте салыстырмалы түрде жоғары орналасқан.
Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова және Тәжікстанға жан басына
шаққандағы ЖІӨ де, туылғандағы күтіліп отырған өмірдің ұзақтығы
көрсеткіштерінің де төмен болуына тән, сондықтан да олар ТМД-да Адам
даму индексі бойынша ең соңғы орындарда.
Осылайша біз елдерді үш топқа бөлуімізге болады. Сол үш топтың
өзінің алдында Адам дамуы бойынша қоятын өз мақсаттары бар.
Кесте 1
Достарыңызбен бөлісу: |