3
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ
1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
A.Yesevi UKTÜ Bülteni
Вестник МКТУ им. А.Ясави
Bulletin of IKTU named A.Yasawi
№4-5 (72-73)
Қыркүйек-қазан
2010
Қ о ғ а м д ы қ ғ ы л ы м д а р с е р и я с ы
БАС РЕДАКТОР
техника ғылымдарының докторы, профессор
ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ
Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А
ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы
филология ғылымдарының докторы, профессор
-Бас редактордың орынбасары
ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы
-аға редактор
БАЙҒҰТ Мадина Жүсіпқызы
-көркемдеуші редактор
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
4
ҚҰ
РЫЛТАЙШЫ
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
А қ ы л д а с т а р а л қ а с ы :
Ағдарбеков Т.А., Айменов Ж.Т., Ақбасова А.Ж.,
Әбілтаин М., Байдәулетов И.О., Байжігітов Қ.Б.,
Балабеков О., Бахтыбаев А.Н., Бердібай Р.,
Беркімбаев К., Ділбарханова Р., Жолдасбаев С.,
Жұмабаев М.Ж., Исламқұлов Қ.М., Кенжетай Д.Т.,
Мұхамеджанов Б., Мырзалиев Б., Нұсқабаев О.,
Оңалбек Ж., Раимбердиев Т.П., Тәукебаева Р.Б.,
Тұртабаев С.Қ., Сейдинов Ш.М.
Журнал Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері
жөніндегі ұлттық агенттігінде 1996 жылғы 8-қазанда тіркеліп, №232 куәлік берілген.
Индекс №75637
Редакцияның мекен-жайы:
161200, Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан қаласы,
ХҚТУ қалашығы, Б.Саттархан даңғылы, №29, 131-бөлме
(8-725-33) 3-11-15 (133), E-maіl: islam2006-82
@
mail.ru.
Журнал Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
«Тұран» баспаханасында көбейтілді.
Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.
Шартты баспа табағы 16.3. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 425.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
5
ФИЛОЛОГИЯ
Г.О.СЫЗДЫҚОВА
филология ғылымдарының кандидаты,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ
ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ МӘСЕЛЕСІ
В статье рассматриваются некоторые вопросы о совместимости значения слов, отношения
совместимости значения и сочетаемости.
Some guestions on word meanings compalibility, relations of meaning compliance are revealed in this
article.
Тіл білімінің қазіргі даму кезеңінде тілдік құбылыстарды формадан
мазмұнға қарай зерттеу бағытына баса назар аударылып, соның негізінде тіл
бірліктері мен заңдылықтары жаңа ғылыми парадигмада жан-жақты
қарастырылып жүргендігі белгілі. Бұл тіл ғылымында жаңа бағыттардың
қалыптасуына, тіл деңгейлеріндегі құбылыстардың жаңаша қырларын
анықтауға да белгілі бір дәрежеде әсер етпей қоймайды. Сондай өзекті
мәселелердің бірі – валенттіліктің семантикалық теориясындағы сөз
мағыналарының үйлесімділігі мәселесі.
Қазақ
тіл
білімінде
сөз
таптарының
лексика-семантикалық,
грамматикалық сипатына қатысты жалпы және жекелеген теориялық
мәселелерімен қатар сөз таптары қатарындағы сөздердің мағыналық
үйлесімділігі мен тіркесімділігі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев,
Ы.Маманов, М.Оразов, А.Ысқақов, С.Исаев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде
лексикалық, грамматикалық тұрғыдан жан-жақты қарастырылып, соның
негізінде валенттіліктің семантикалық теориясына қатысты маңызды
теориялық тұжырымдар қалыптасты.
Қазақ тілінің дыбыс, сөз және сөйлем жүйесін ғылыми негізде
қарастырып, тілдің жалпы жүйесінің теориялық негізін салушы
А.Байтұрсынов сөз мағыналарының үйлесімділігі туралы: «Қандай құрал
болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі – құралдың ішкі-тысқы
бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескенінен
шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп
отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға
керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп
алып жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен тетіктерін бұл таныс құралды жұмсап
жүріп, онымен көп істес болып барып, тәжірибе арқылы таниды» [1.186] деп
жазады. Мұндағы құрал – тіл, жұмсаушы – адам, ішкі-тысқы бөлшектер – тіл
бірліктерінің ішкі мағынасы мен сыртқы формасы, бөлшектердің үйлесуінен
шыққан тетіктер – сөз тіркесі мен сөйлем. Ғалымның пайымдауынша, тілдің
«тысқы бөлшектері мен тетіктеріне» қарағанда, «ішкі бөлшектері мен
тетіктері», яғни сөздің сыртқы грамматикалық формасына қарағанда ішкі
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
6
Сыздықова Г.О. Қазақ тіл біліміндегі сөздердің мағыналық үйлесімділігі мәселесі
мағынасы сол сөздің тілдің белгілі бір деңгейінде басқа сөздермен
тіркесімділік байланысын анықтау үшін аса қажет. Ал тіл бірліктерінің бір-
бірімен байланысуы олардың мағыналық үйлесімділігіне негізделеді. Сөз
басқа сөздермен мағыналық үйлесімділік жасаған жағдайда ғана
байланысады.
Сөз мағыналарының үйлесімділігі туралы ғалым Қ.Жұбановтың
зерттеулерінде де маңызды тұжырымдар жасалады. «Сөздер жеке-жеке
жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға жанасым тауып,
үйлесерлік болып жасалған. Өз басы атау болуға жаралған сөзді бүтін дейміз.
Бүтін, әрине, бөлшек емес. Сөйте тұра олар құрамды бөлшек болып барып
материал болып, тұтас ой туғызатындықтан, жеке сөздерді үйлесім
табушылар тобының бір бөлшегі дейміз. Бұл айтылған бүтіндік пен
бөлшектілік бірінсіз бірі өмір сүре алмайды (семасиология мен лексика бір
зат, бірақ ілім ол екеуін бір-бірінен айырып қарайды: лексика – сөздің денесі
болса, семасиология – мағынасы)» [2.99] деген тұжырымды негізге алсақ, сөз
мағынасы оның атауыштық қызметімен толық сипатталмайды, бұл жағдайда,
яғни сөздің «тұтас ой туғызуы» оның басқа сөздермен үйлесімділігі негізінде
жүзеге асады. Сөз атау қызметінде бүтін ретінде танылса, үйлесімділік
қызметте бөлшек болып табылады. Сөздердің бөлшектік қызметі олардың
екінші сөзбен қарым-қатынасында анықталады. Ғалымның «жеке сөздерді
үйлесім табушылар тобының бөлшегі» деп атауы олардың тіркесімділік
құрамдағы қызметіне қатысты болып келеді. Ал сөздердің мағыналық
жағынан үйлесімділік сипатқа ие болуы олардың валенттілік байланысының
қалыптасуына негіз болады.
Ғалым Ы.Маманов сөздердің бір-бірімен тіркесуінің «бірінші шарты –
сөздер тіркесуі үшін олардың арасында мағыналық (ұғымдық) үйлесім болу
керек. Мысалы, жақсы стол, биік стол, үлкен стол деп айтуға болады.
...екінші шарты – тіркес құрайтын сөздер арасында мағыналық үйлесім
болумен бірге, олар грамматикалық формада қолданылып, жалғаулар арқылы
тіркеседі»
[3.422]
деп,
сөз
мағыналарының
үйлесімділігін
сөз
тіркесімділігінің ең басты шарттарының бірі ретінде атап көрсетеді.
Сөздердің мағыналық үйлесімділігінің сөз тіркесіміндегі маңызын
түсіндіруде С.Исаевтың тұжырымдарының да маңызы зор. Ғалым:
«Сөздердің тіркесуі тіркеске енетін сөздердің семантикасы мен олардың
қолданылу, қалыптасу дәстүріне байланысты. Өзара мағыналық байланыста
айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің
құрамында айтыла алады» [4.77] деп, сөздердің арасындағы мағыналық
байланысты, яғни мағына үйлесімділігін синтаксистік сөз тіркестерінен
жоғары қояды. Соның негізінде сөздердің синтаксистік тіркесімділігі мен
лексикалық тіркесімділігінің аражігін нақтылап, сөздердің мағыналық
үйлесімділігінің синтаксистік тіркесімділікке қарағанда лексикалық
тіркесімділік үшін шартты екендігін атап көрсетеді. Бұл орайда ғалым
7
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сыздықова Г.О. Қазақ тіл біліміндегі сөздердің мағыналық үйлесімділігі мәселесі
К.Ахановтың «...сөздердің бір-бірімен грамматикалық тұрғыдан тіркесу қабілеті
мол болғанымен, олар лексикалық тұрғыдан тіркесу мүмкіндігі болған жағдайда
ғана бір-бірімен тіркесіп, сөз тіркесін жасай алады» [5.388] деген пікірі де осы
тұжырыммен
сабақтасып,
лексикалық
тіркесімділік үшін мағыналық
үйлесімділіктің шарттылығын нақтылай түседі.
Сөздердің лексикалық мағыналары бір-бірімен мағыналық жағынан үйлесу
үшін шындық болмыстағы тоқтаусыз жүріп жатқан үздіксіз процестер де
динамикалы сипаттағы үйлесімділікке сай жүруі қажет болады [6.105]. Заттар
мен құбылыстардың, қимыл-қозғалыстардың өзара ықпалдасуы негізінде туған
әр түрлі қатынастар адам санасында үйлесімділікке негізделген жүйелі процестер
арқылы орнығады. Зерттеуші Ғ.Хасанов шұбатылған сөзінің басқа
лексемалармен лексикалық тіркесімділігін (мысалы, шұбатылған ащы шектей,
шұбатылған түтін, шұбатылған көш, шұбатылған адамдар, т.б.) талдай келіп,
«сөз мағыналарының үйлесу негізінде заттық және ұғымдық деп аталатын
мағынаның құрамдас бөліктерінің басты болатындығын» [6.105] анықтайды.
Лексикалық мағынаның құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыс арқылы
сөздер мағыналық жағынан үйлесімділік сипатқа ие болады. Шындық өмірдегі
зат, құбылыс, қимыл-әрекетке тән басты белгілер адам санасында ұғым арқылы
жинақталып, қорытылады. Заттың, құбылыстың негізгі, жалпы белгілері ұғым
болып, тек сөз арқылы қалыптаса алады. Ұғым тілдегі сөздердің негізінде туады,
сол арқылы жарыққа шығады.
Тіл білімінің семасиологиялық бағыттарындағы зерттеулерде «үйлесімділік»
сөздердің мағыналық құрамындағы компоненттерінің семантикалық жағынан
үйлесуі ретінде қарастырылады. Мағыналарының арасында өзара үйлесімділік
болған жағдайда ғана, сөздер тіркесімділік қатарда байланысады.
Жалпы сөз мағынасы мен оның тіркесімділігі арасындағы қарым-қатынас
тіркесімділіктің тілдік болмысын кеңінен анықтауға мүмкіндік береді. Контексте
басқа бір сөзбен тіркесімге түсуі сөзді семантикалық сипаты тұрғысынан
айқындайды. Сөздер, лексикалық бірлік ретінде, тіркесімділік сипатына қарай
жекелеген мағыналарының ұқсастығы негізінде топтастырылса, ұғымдық
мағынасының ортақтығына қарай контексте негізгі мағынадан басқа сипатта да
қолданылуы ықтимал.
Сөздердің тіркесімділігіне тілдің ішкі факторларымен қатар сыртқы
факторлар да әсер етеді. Мәселен, сөз мағынасының өзгеруі, дамуы, жаңа
қолданыстық сипатқа ие болуы оның тіркесімділік аясын кеңейтеді. Ал белгілі
бір сөздің мұндай өзгерісі тілден сыртқары себептерге байланысты болатындығы
белгілі.
Тіркесімділік – өте кең ұғым. Сөздер тіркесімділігінің грамматикалық,
лексикалық және семантикалық факторлармен анықталуы оларды бірнеше
түрлерге бөлуге негіз болады. Атап айтсақ, семантикалық тіркесімділік,
лексикалық
тіркесімділік
және
морфосинтаксистік
тіркесімділік.
Морфосинтаксистік тіркесімділік сөздің қай сөз табынан болуына және оның
грамматикалық формаларына
байланысты болса, семантикалық тіркесімділік
8
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сыздықова Г.О. Қазақ тіл біліміндегі сөздердің мағыналық үйлесімділігі мәселесі
өзара байланысатын сөздер мағынасында ортақ семаның (синтагмема) болуымен,
ал лексикалық тіркесімділік лексемалар арасында пайда болады.
Белгілі бір құбылыс, әрекет өздігінен пайда болмайды, олардың пайда болуы
мен қалыптасуы, дамуының өзіндік себебі, дәлелі болады. Ғылымда мұндай
құбылыс уәждеме (мотивация) ұғымымен түсіндіріледі. Сөздердің бір-бірімен
тіркесім құрап, өзара мағыналық байланысқа түсуінің өзіндік уәждемесінің
болуы немесе болмауы олардың мағыналық жағынан үйлесуі немесе
үйлеспеуімен байланысты. Сөз мағыналарының үйлесімділігі олардың
тіркесімділік құрамдағы мағынасына да әсер етеді. Мысалы: суық, ызғарлы,
қаһарлы, боранды сын есімдері тура мағынасында жыл мезгілдері атауларының
ішінде тек қыс сөзімен ғана мағыналық жағынан байланысып, тіркесім құрайды.
Тіркесімділік құрамындағы сөздердің семантикалық құрылымындағы ортақ
семалар олардың өзара байланысып, тіркесім жасауына негіз болып тұр.
Белгілі бір сөздің сөз табы ретіндегі семантикалық белгісі оның сөз тіркесі
құрамындағы екінші бір сөзбен арадағы лексикалық қарым-қатынасы негізінде
анықталады. Сөздердің сөйлем ішінде жүйелі түрде синтетикалық тәсілдермен
байланысып, өзара лексикалық және грамматикалық қарым-қатынаста болу негізі
де олардың тіркесімділігімен тікелей байланысты.
Жалпы тіркесімділік сөздерге ғана тән емес, сөз құрамындағы морфемалар
мен фонемалар да өзара үйлесімділігі негізінде тіркеседі. Тілдің белгілі бір
деңгейіндегі тіл бірліктерінің тіркесімділігі сол деңгейдегі белгілі бір
заңдылықтармен жүзеге асады. Мысалы: Сырт бітімі бұрынғысынан да
жарасымды (Б.Н.) деген сөйлемдегі сөздердің, сөз құрамындағы морфемалар
мен фонемалардың тіркесуі белгілі бір тілдік заңдылыққа бағытталады.
Сондықтан тіркесімділік қасиеті тек жекелеген сөздерге ғана емес, сол сөзді
құраушы морфемаларға, дыбыстарға да тән, яғни фонема мен фонема, морфема
мен морфема, сөз бен сөз арасында болып, олардың әрқайсысы сол тілдік
деңгейдің заңдылықтары бойынша жүйеленеді. Мәселен, фонемалар деңгейіндегі
тіркесімділік фонемалық белгілердің үйлесу-үйлеспеуінен көрініп, үйлеспейтін
белгілері бар фонемалар тіркескенде, олар комбинаторлық өзгеріске ұшырайды.
Мысалы: басшы (башшы), сенбі (сембі), он күн (оңгүн), т.б.
С.Исаев «тіркесімділік – сөздердің тек грамматикалық (синтаксистік)
қызметі ғана емес, лексикамен, сөздердің ішкі мағына сыйымдылығымен,
семасиологиямен тығыз байланысты. Сөздердің ішкі мағына сыйымдылығына
қарай олардың тіркесімділігі артып я кеміп отырады. Тегінде, сөздердің ішкі
мағыналық шеңбері, көлемі тіркес арқылы ашылып, содан көрінеді. Осы
жағынан сөздердің тіркесімділігі лексика-грамматикалық категория тұрғысынан
зерттелуі тиіс. Синтаксистік (грамматикалық) өрісі мен семантикалық
сыйымдылығын салыстыра отырып, соған сәйкес қарағанда ғана сөздердің
тіркесімділік сыры толық ашылмақ» [7.140] деп, сөз тіркесімділігі мәселесінің
тек грамматикалық тұрғыдан ғана емес, семантикалық жағынан да, оның ішінде
мағыналық үйлесімділігі тұрғысынан зерттелуі қажеттігіне назар аударады.
9
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сыздықова Г.О. Қазақ тіл біліміндегі сөздердің мағыналық үйлесімділігі мәселесі
Сөз тіркесімділігінің «сөздердің мағыналық сыйымдылығына сүйенуі»,
«сөздердің ішкі мағына сыйымдылығымен байланыстылығы», «сөздердің ішкі
мағыналық шеңберін, көлемін ашуға» негіз болуы тіркесімділік ұғымының
валенттілікпен тығыз байланысын көрсетеді.
«Сөздердің бір-бірімен тіркеске түсуінде, сөз тіркесімділігінің жүзеге
асуында сөздердің лексикалық мағынасы жағынан да сәйкестігінің атқаратын
қызметінің орасан зор» [7.22] екендігін ескерсек, сөз тіркесімділігі тілдік
категория ретінде сөздердің лексикалық мағынасы жағынан да байланысты
болуына негізделеді. Сөз тіркесімділігі мен сөз семантикасы арасындағы қарым-
қатынаста сөз семантикасы сөздің тілдік жүйедегі лексика-семантикалық бірлік
ретіндегі мағынасы арқылы, тіркесімділік сөздердің синтагматикалық қатынасы
негізінде анықталады. Бұл орайда сөз тіркесімділігін грамматикамен қатар
лексикалық тұрғыдан да қарастыру қажеттілігі туындайды. Тіркесімділік
мәселесін лексикалық жағынан қарастыруда сөздердің сөйлемдегі байланысының
қалыпты жақтары негізге алынады, ал оның лексикалық бірлік ретіндегі
ерекшелігі олардың мағынасына тәуелді болмайды.
Тіл теориясында лексикалық және синтаксистік тіркесімділік ұғымдарының
арасындағы айырмашылықтар олардың құрамындағы тілдік бірліктердің
грамматикалық байланысымен сипатталады. Сөздің лексика-грамматикалық
категорияның бірлігі ретінде тіл жүйесінде белгілі бір байланысқа түсіп, соның
негізінде сөйлесімде нақты орынға ие болуы синтаксистік тіркесімділік ретінде
қарастырылса, осы бірліктің басқа тілдік бірліктермен байланысуы және ол
байланыстағы іріктеу қабілеті лексикалық тіркесімділік ретінде танылады.
Осындай ерекшеліктеріне байланысты синтаксистік тіркесімділік сөздердің
грамматикалық топтарына қатысты анықталса, лексикалық тіркесімділік сөздің
жеке семантикалық қасиеттеріне, оның ішінде мағыналық үйлесімділікке
негізделіп, сөздердің тар көлемдегі тіркесімінің заңдылықтарымен анықталады.
Сонымен сөздер өзара мағыналық үйлесімділігі болған жағдайда ғана
тіркесімділік сипатқа ие болады. Ал сөздердің арасындағы өзара мағыналық
үйлесімділік негізінде пайда болған тіркесімділіктің валенттілікпен байланысы
лексикалық және синтаксистік тіркесімділіктердің жалпы валенттілік
құбылысына қарым-қатынасында анықталады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Алматы: Сардар, 2009.
2.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1999.
3.
Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007.
4.
Исаев С. Қазақ тілі жайында ойлар. Алматы, 1997.
5.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Санат, 1993.
6.
Хасанов Ғ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы. Ф.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін
жазылған дисс. Алматы, 2009.
7.
Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі.
Алматы: Санат, 1997.
10
Достарыңызбен бөлісу: |