А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Вахидов Ш.,
Елшибаев С. XVIII ғасырдың соңындағы «Анжум ат-таворих»
шығармасындағы ...
Біздің ойымызша, бұл автордың түпнұсқасы болған. Оның әр жерінде
көрсетпелер, шеттерінде жазулар, қайта жазылған мәтіндер және сол мәтінді
жоққа шығарған жерлері де кездеседі.
Қарындашпен жазылған жерлерін оқу өте қиын. Барлығы 235 беттен
тұрады және қосымша ретінде жазылған бірнеше беттер де бар. Шығарма
мұқабасыз. Осы нұсқа қазіргі күнде тарихшы ғалым профессор Хайдарбек
Бобобековтың өз кітапханасында сақталуда. Оны Р.Набиев басқа қол
жазбаларымен және архивімен өз шәкірті Х.Бобобековке берген.
«Анжум ат-таворих» шығармасының авторлық түпнұсқасы Р.Набиевтің
кітапханасына өткен ғасырдың 40-жылдарында келіп түскен. Оны Өзбек
халқының төл тарихшысы Турди Мирғиёзов Р.Набиевке пайдалану үшін
берген. 1958 жылы Р.Набиев өтініші бойынша осы автограф нұсқасы Абу
Райхон Беруний атындағы шығыс институтының аға ұстазы, тарих
ғылымдарының кандидаты А.Мурадов еңбектерінің арқасында бүгінгі күні
қолымызға осындай құнды мұра ретінде келіп түскен. Осы нұсқа 1958 жыл
30-наурызда көшірілген (қазіргі таңда Өз Фа Ши қазынасында 11366 сан
астында сақталуда) шығарма мұқабасы үстіне сары абрий қағазы
жабыстырылған қарапайым картон. Өлшемі 29х19,5 см.
Біз мына нәрсені айта кетуіміз керек, А. Муродов автор нұсқасын көшіру
кезінде тексеру жұмыстарын жүргізген және автор жоспарына қарай
шығарма мәтінін тәртіпке салған, яғни оның бөлімдерін өз орындарына
көшіріп, қиын мәтіндерді қайта жазған. Сонан кейін ғалым шығарма
бөлімдеріне ат қойған. Осы нұсқаның фотокопиясы Х.Бобобеков
кітапханасында бар. Шығарма авторы Қоқан хандарының тарихын толық
білмекші болған. Оның жоспарында бірінші бөлімде «Худоерхонның ел
билегенге дейінгі Фарғана және Мәуірнахар хандарының әулеттерін» жазып,
екінші бетінде Худоерхонның билікке шыққанынан бастап Ферғана тарихын
1318/1900-1901 жылдарда болған оқиғаларды Түркістан еліне мұра етіп
жазуды мақсат еткен. А.Муродов өзі көшірген шығарма соңына өкінішпен
«Анжум ат – таворихтың» екінші бөлімі табылмағанын жазған. Қолымыздағы
екі нұсқада да автордың жоспарлаған шығармасының бірінші бөлімі
баяндалған. Онда Мухаммад Закиридин Бобур кезеңі және оның балалары
Үнді үкіметі, Алтын бесік әулетінен Элик – Тангриер сұлтан дәуірі кезеңі
(басы) хикая етіледі және ортадағы кезең жазылмаған (көшірілмеген) оның
жайы
бос
қалдырылған.
Кейінгі
кезең
Шохрухбидин
әкесі
Амурмухаммадханның кезеңінен басталады.
Шығарма үлкен бір кіріспемен басталады. Осы кіріспеде (3
а
) автор
шығарма атын «Анжумтаворих» деп берген. 3
б
парақта Ферғана және
Мәуірнахар хандарының әулеттері деген бөлім (айтар сөзден) басталады.
Кейін Бабурханды Самарқанд қаласына азамат еткен (8
а
–13
а
) «Захириддин
Мухаммад Бабурдың зікірі» (13
а
–27
а
) «Султан Элик Тангриер сұлтан үлесінің
242
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Вахидов Ш.,
Елшибаев С. XVIII ғасырдың соңындағы «Анжум ат-таворих»
шығармасындағы ...
зікірі» деген бабтар бар. Осы үшінші бөлім басталуымен беттер бос қалған.
Автор қолжазбасында осы кезең жазылмаған яғни, 2 бөлім жоғалған.
Автор шығармасын мың тайпасынан шыққан Шыңғысхан және Әмір
Темірге байланысы көздеген болып тұрып, жаңаша бір көріністе береді. Бірақ
ол жасаған іс-шарада да келіспейтін жақтар бар. Худаерханзадаға арнаған
шығарманың жазылуы да мың тайпасы Бобурге осылай жалғанған. Алтын
Бесік ұлы Мухаммадмұқым ұлы Хумоюн салтанат иесі Бобур ұлы Умар
Шайх. Алтын Бесік шешесі Шарафниса ханым Валимухаммадханқызы.
Мухаммадмұқым Имамқұлиханнан жеңіліп Тарғаваға келеді, жаңа туылған
сәбиін (ұлын) шешесі перзент үстінен қайтыс болып қалдырып кетеді. Осы
оқиға 1020/1611-12 жылдарда болған. Мухаммадмұқым Ошта қайтыс болады.
Алтын Бесік ер жетіп мың қолбасшысынан Қутлуқнигор ханымға үйленеді.
Олардан Тангриер және Худоерхон атты екі перзентінен Худоерхон бірінші
дүниеге келеді. Тангриерхон Имамқулихонның қызы Фатима Сұлтанға
үйленеді. Бұл некеден Сұлтан Элик және Мухаммадамин атты екі ұл дүниеге
келеді.
Махаммадамин Хоразмды атасы Имамқулихан жәрдемімен иеленді, онда
екі жыл хан болып дүниеден озды. Одан Ферғанада Абулқасым атты бала
қалған. Алтын Бесік 1066/1655-56 жылда 46 жасында қайтыс болып, орнына
Сұлтан Елікхан ел билейді.
Нұсханың 75
а
бетінде «Ашурмухаммадхан оның ұлы Шахрухбектің
зикри», «Абдурахмонхон салтанаты және жағдайы, көңіл-күйі зикри» (76
а
),
«Абдукаримхон ұлы Шахруххонның бақыт зикри» (79
б
– 84
б
), «Эрданихан
атты әйгілі болған Абулқаюмхон ұлы Абдурахманхон жахонбанлигінің
зикри» (87
б
), «Нарбатир атты атаққа ие болған Абдухамид ұлы
Абдурахманхан зикри» (88
а
), «Олимхон ұлы Абдулхамидхон билігі зикри»
(95
а
)
«Умархан
ұлы
Абдулхамидхан
салтанаты
зикри»
(113
б
)
«Мухаммадалихан ұлы Умарханның жумақ зикри» (127
а
– 153
б
). Шығарма
мазмұнынан аян беріп тұрғандай шығармадағы тарихи жағдай 1842 жылда
хан кезінде болып, соңы трагедиямен біткен. Мысалы, 1842 жыл мамыр
айында Амир Насруллох хан отбасын және балаларын (Мухаммадалихон ұлы
Мухаммадаминхон, Мухаммадалихонның інісі Сұлтан Махмудхон шешесі
Махларойим ақын Нодра) өлтірді.
Қоқан көтерілісінде қырғыз-қыпшақ жәрдемімен Шералихан мемлекет
басына келгені және басқа жайлар айтылады. Осы болып өткен жағдай
шығарманың бірінші бетінде таусылады. Шералиханды 2 тамыз 1260/16
тамыз 1844 жыл Муратхан өлтірткен. Ол 55 жасқа келіп, бар жоғы екі жыл 1
ай 25 күн ел басқарған Муратхан тоғыз күн ел басқарған, кейін 9 тамыз
1260/
23 тамыз 1844 жыл қыпшақтар қолында Мусулманқұл және
Мухаммадназарбек
басшылығында өлтірілген. Автор әкесі Худоерхон 24 тамызда хан болды.
Худоерхон үш рет Қоқанға хан болған. Худоер балаларынан Ибн Яминбек
243
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Вахидов Ш.,
Елшибаев С. XVIII ғасырдың соңындағы «Анжум ат-таворих»
шығармасындағы ...
біраз алдын «Туркистан облысы газетінде» (1893 - №№22-28) өз мұраларын
жазған, халық арасында үлкен абыройға ие болған. Оның шығармалары орыс
тілінде шығарылған, Худоерхонның тарихты өте жақсы білгені, оның
ізденімпаздығы шығарманың бірінші бетінен байқалады.
«Анжумат – таворих» шығармасы мынадай үлкен жетістіктерге ие:
-
шығарманы Ферғана мен Қоқан хандығында өмір сүрген мың
тайпасынан шыққан кісі жазған;
-
шығармада Қоқан хандығының сол кездегі байлығы, өсіп-өнуі, дамуы
туралы мәліметтер келтірілген;
-
Худоерхонзода өз шығармасын жазуда, тарихи шығармалардан
(«Бобурнома»,
Абулғазий
Баходирханның
шығармалары
«Тарихи
жахонномайи», «Шахномайи Абдуллаххоний», «Тарихи Муқимхоний»,
«Гулшан ат-таворих», «Мунтахаб ат-таворих», «Афзал ат-таворих»,
«Мустафод ал-ахбор фи ахвол ал-Қазон ва-л-Булғор» шығармаларының
авторларын тілге алады) оның сөзіне қарағанда құжат, хат естеліктерден
пайдаланған (4
а
);
-
шығармада
мың
тайпасының
генеалогиясына
байланысты
анықтамалар бар. Онда Худаерханзада өз тегі Шыңғысхан және Темур Бобур
арқылы таралғаны айтылған;
-
«Анжум ат–таворих» шығармасында мың тайпасының отбасылық
жағдайы, туысқандық жағдайлары туралы мәліметтер келтірілген.
-
Шығармада билікті қолға алу үшін тайпалар ортасындағы соғыстар
айтылған;
-
хандық арасындағы атақ-даңқ, көшпенді мен отырықшы халықтың
өмір сүру дәстүрі туралы мәліметтер келтірілген;
-
Ташкент пен Дешті Қыпшақта болып өткен саяси жағдайлары
айтылған;
-
Жоңғарды жеңуге қатысқан қазақ тайпалары Ташкент қаласы және
оның жан-жағына келіп орналасуы, Ташкенттегі Чорхакимлык және
Юнусханның мемлекет құруы айтылады;
-
шығарма авторы өз әулетінің мүсіншілік, егіншілік суару істеріне
қосқан үлесін ерекше жазған;
-
шығарма кең ғылыми талқыға салынбаған, қазірге дейін тарихи
тұрғыда зерттелмеген.
Жоғарыда айтылғаннан қорытынды, Ибн Яминбек Ибн Худоер
қаламынан шыққан «Анжум ат–таворих» деген туынды Қоқан хандығы,
Бұқара әмірлігі мен Шығыс Түркістан тарихы және мәдениетіне тән өте
маңызды тарихи нысан болып есептеледі.
Мұнда Ташкент және айналасындағы қазақ тайпалары және рулары
тарихына байланысты ең маңызды мәліметтер келтірілген.
244
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Вахидов Ш.,
Елшибаев С. XVIII ғасырдың соңындағы «Анжум ат-таворих»
шығармасындағы ...
Сол жаугершілік кезеңде қалмақтардың қолбасшысы Қонтәжі тұтқынға
түсіп, дүниеден өтеді. Ол өте ақылды, білікті еді. Ислам дінін ұстанған
жұртпен жақсы қарым-қатынаста болған оның қолбасшылық еткен кезінде
қалмақтар тарапынан бірде-бір мұсылман жапа шекпеген және ешкім
басынбаған. Баж салығын да мұсылмандарға ауырлығы түспейтін етіп
тағайындаған. Халыққа басымдылық етпеген оның өлімінен кейін
тәжірибесіз және ақылсыз бір жас жігіт қалмақтарға қолбасшы болды. Үкімет
істерін оқта-текте атқарып, көшпелі қалалық Дешті қыпшақ, Түркістан мен
Ташкент мұсылмандарына зұлымдық жасай бастады. Елдің зары көкке жетті.
Алла Тағаланың кеңдігінен қалмақ тайпасында ауру тарады оны осы
мемлекеттің жұрты «обилай тифлон» Ферғана түрктері «шешек» деген. Осы
аурудан қалмақ елінің алдыңғы қатарлы адамдары көз жұмды. Кейбір
аңыздарға қарағанда олар «хасба», парсыда «сурахак» және сол жердің
түркілерінде «қызамық» ауруы деп аталған екен. Осы себептен сол қауымның
күші кеміп құлдырауға айналған соң ислам дінін ұстанған көшпелі ел ол
тайпаға баж салығын төлеуден бас тартты. Осы оқиғалар барысында бұл
өлкенің көшпелі мұсылмандары, оларды осы мемлекетте қазақ деп атап
кеткен, олар да бірнеше ру тайпаларға бөлінген, әрбірі бөлек-бөлек атқа,
лақапқа ие, жалпы алғанда Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз, найман руы абақ
тарақты, арғын, қоңырат, қыпшақтардан бір топ ұлылары жиналып кеңес
құрды. Қалмақ зұлымы мен жапасынан азат болу үшін шыңғыс әулетінен
Абулфайзханды (өзбек халқы мен қазақ халқы оны Абылайхан
1
деген)
Қызылжар деген жерде хан тағына отырғызды және оның туының астына әр
рудың ірі басты қолбасшылары жиналды, қалмақ елін жермен-жексен ету
үшін жандарын пида етті.
Ислам дінін ұстанған елдің жауға қарсы жиналғаны қалмақтарға белгілі
болған соң олар сан мың әскермен Дешті қыпшақтың шығыс жағына келді.
Екі дұшпан бір-біріне бетпе-бет келгенде ислам дінін ұстанған ел өзін
дұшпанның әскерінің бестен біріне тең екендігін біліп олармен соғысуды жөн
көрмеді. Қолбасшымен бір жерді белгілеп, айналасын үй сияқты етіп қазды.
Шыбық–бұталардан және топырақтан қабырға тұрғызды, оның ар жағын
қорғануға пайдаланады және жер–жерге басқа рулардан көмек сұрап
атшабарларды жіберді. Хан Тәңірге жалбарынды. Атшабарлар көмек сұрап
жан-жаққа кеткенде Абылайханның әйелі өз заманының Надырасы, өте
ақылды ру басыларының әйелдерін жинап оларға: «Ерлеріміз кәпірлермен
жауласып, соғысып жатыр. Олар жеңсе мұратымызға жетеміз, егер жеңілсе
ұлтымыз бен отанымыз қалмақтың аяғының астында жаншылады. Тәңір бізді де
пенде етіп жаратқан. Не болса да ерлеріміздің қасында боламыз оларсыз
өмір
сүру өлімнен жаман» деген осындай сөзінен ер жігіттерден және әйелдерден
бір топ қол жиналды. Абулфайызханның әйелі жауынгерлердің ханшайымы
болып жәрдем берді. Өздерінен алдын Абулфайызға елші жіберді.
245
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Вахидов Ш.,
Елшибаев С. XVIII ғасырдың соңындағы «Анжум ат-таворих»
шығармасындағы ...
Атшабарлар келгенде ислам сарбаздарында азық-түлік жоқ еді. Жәрдем
келмей қиналып жатқан сарбаздар қалмақ еліне соғыс ашуды жариялады.
Әйелдерінің күш-қайраты ер кісілерді жігерлендірді. Олардың күшіне күш
қосты. Қалмақ сарбаздары ислам сарбаздарының іс-әрекетін көріп қорқу
басты. Олар қаша бастады. Ислам сарбаздары оларды қылыштан өткізді.
Қалғандары жан-жаққа қашты.
Мұсылмандар осы жеңістен көңілі толып Аллах жолына құрбандықтар
шалды. Осы жеңіс Дешті Қыпшақ және Түркістандағы барлық қалмақтардың
үрейін ұшырды. Дешті Қыпшақ, Түркістан және Ташкент мемлекеті
дұшпаннан таза болды.
Осы істер біткен соң Абылайхан билігінде болған жерлерді мұсылман
қабилаларына, яғни бүгінгі күнде қазақ атымен танымал болған елге бөліп
берді. Шымкент Шымыр
2
руына берілді. Ташкентті Бесағаш шайхым
3
тайпасына, Көкше қоңырат және орта жүзге, Себзар жіңіш
4
руына, Шайх
Хованд тухур сіргелі, еслі және ошақты
5
қабиласына берілді. Шыназ құлаш
6
және найман және соған ұқсас тайпаларға Фарқат ауылы шақшам
7
қабиласына берілді. Қабилалардың аты өте көп, бірақ олардың кейбіреулері
тілге алынады. Көшпенді халық жаз, көктем айларында тауға кетіп, қыс
айларында жергілікті халыққа жақын өмір сүрген. Ниязбек Төлебидің ұлы
жіңіш қабиласына Бай Табақ деген сіргелінің қият және қыбырай
8
руынан,
өмір сүру үшін өздеріне қала құрған. Олар шайх және қожаларды өздеріне пір
тұтып, оларға ықылас қойған салықтан құтқарған [2].
Бірнеше жылдан соң қазақ және қырғыз көшпенділері сартия
9
атымен
әйгілі болған қала және ауыл тұрғындарына көп қиыншылықтар туғызды.
Сартия басшылары өзара кеңесіп, қазақ көшпенділерінен қалайда құтылу
керек жолдарын іздей бастады. Соңында қожалардан бірін өз жұртына басшы
етіп көшпенді қазақ пен қырғызға соғыс ашуға кеңесті. Бірақ қазақтардың
жағдайын біліп жүрген шайхтар өзара келісіп бұл сырды қазақтарға айтуды
дұрыс деп тапты. Ақырында Бесағаш ауданында Салық ақсақал алдына
келеді, ол шешендігі мен ел арасында беделді кісі еді. «Біз қашанға дейін
қазақ көшпенділерінің құлы, әйелдеріміз олардың күңі болып жүруі керек біз
мұндай қиыншылыққа қашанғы шыдап, төзе аламыз, өзіміздің елімізді,
Отанымызды құлдықтан құтқаруымыз керек. Мен сіздерге осыны жеткізе
отырып, қабылдауларыңызды сұраймын». Юнусқожа айтты: «Қазақ
тайпалары жақсы және бай өмір сүреді, бірақ олардың ішінен қаңлы және
шанышқылы руларына суы кем жерлер тиген» соның арқасында олар нашар
өмір сүреді. Олардың осындай жерлерге жайлануы Абылайхан қалмақпен
соғыс жүргізген кезде қаңлы
10
мен шанышқылы
11
рулары соғысқа қатыспай,
мал
және адамын да қатыстырмаған. Осының нәтижесінде басқа қазақ
тайпалары өте жақсы жер, атақ даңққа ие болған, ал қаңлы мен шанышқылы
басқа жерге көшіп
өтуіне қарсы келген. Біз оларға жақсы жер уәде беріп
246
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Вахидов Ш.,
Елшибаев С. XVIII ғасырдың соңындағы «Анжум ат-таворих»
шығармасындағы ...
оларды басқа тайпаларға қарсы қойсақ қиыншылықтардан арыламыз. Кеңеске
қатысушылар Юнусқожаға пікірі мен кеңесі үшін алғыстарын білдірді.
Кеңеске қатысушылар Юнусқожаға қаңлы мен шанышқылы тайпаларына
елшілікке баруды және де өзара байланыс етуді тапсырды. Юнусқожа қаңлы
мен шанышқылы тайпаларының басшысы болған. Юнусқожа Шайх Қовонды
Тахур ауданының басшысы етіп тағайындады. Ал Себзар және Көкше
ауданын Бадалқожа Себзарийға, Бесағаш ауданын молда Шамсидин және
Салық ақсақалға Бесащыны берді. Осыдан кейін шығарылған өкімдерге берік
болуға уәделесіп, әркім өз үйлеріне тарады.
Юнусқожа қаңлы және шанышқылы тайпасына барып, өзінің
айлакерлігін қолданып қала және сарт тұрғындарымен бірігіп, соғыс
жариялауға үндеді. Бір атшабарын ойлаған істі жүзеге асыру үшін елшілікке
жіберді.
Хатта қала мен сарт халқы соғыс ашу үшін барлық нәрселерді дайындап,
үш күн ішінде қорғаныстың дайын болуын және кімде-кім қарсы шықса,
оларды ұстап өлтіретіндігін айтты. «Белгіленген күні біз басқа тайпаларға
соғыс ашамыз» деп жазған еді. Бірден қала тұрғындары әрекет ете бастады.
Барлық адамдар қолына не түссе соны алып, құрал-жабдықтармен
белгіленген күнді сабырсыздана күтті.
Осы екі тайпа Юнусқожаны өздеріне басшы етіп тағайындады өздеріне
жақын болған қият
12
және түрік тайпаларын топ-топқа бөліп, аттары тілге
алынған басқа тайпаларға жорыққа шықты.
Бірінші дулат тайпасына қаралы хабар жетті. Олар дулат
13
тайпаларын
жеңіп бар мал-мүлкін талан-тараж етіп тартып алды. Екінші күні сырғалы
тайпасын жеңді. Паркент және жетікент халқы да қазақтардан зорлық-
зомбылық көргені қолдарына кетпен, орақтарын, таяқтарын алып оларды жоқ
қылу үшін қозғалды. Намдан ауылынан Айқожа деген сарттардың үлкені бір
тобы Юнусқожа және қаңлы, шанышқылы, қият, түрік тайпаларына жәрдем
беру үшін жетіп келді. Олар барлығы бірігіп, жеңіске жетіп, мал-мүлкін
тартып алды.
Жеңілген тайпалар Ташкент және оның аумағынан уақытша ұзақ
жерлерге кетті.
Сарт тайпаларының ақсақалдары жеңіске жеткеннен кейін ұлан-асыр той
жасап, қаңлы, шанышқылы, түрік тайпаларына жақсы жерлер берді. Ташкент
маңайындағы шөл және құмдық жерлерді төрт тайпаға бөліп берді. Қожагелді
мерген Паркент пен Жетікенттің
14
әкімі болды. Ташкентте Юнусқожа,
Бадалқожа Молда Шамсидин және Салық ақсақалы төрт әкім болып
мемлекетті басқарды.
Үш жылдан соң төрт әкімдіктің достығы дұшпандыққа айналып,
Юнусқожа
өз айласын Себзар мен Көкше ауданының әкімі Бадалқожаны парақорлықта
247
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Вахидов Ш.,
Елшибаев С. XVIII ғасырдың соңындағы «Анжум ат-таворих»
шығармасындағы ...
айыптап өлтірткізді. Бесағаш ауданының әкімдері Молда Шамсидин және
Салық ақсақалды қонаққа шақырып у беріп өлтіртті.
Оның қолдаушылары болған шанышқылы және қаңлы тайпалары
арқасында Юнусқожа Ташкенттің барлық ауданына әкім болды.
Жетікент және Паркент әкімі Қожагелді мергенді имансыздықта
айыптап, шанышқылы көшпенділеріне: «Паркент әкімі Қожагелді мерген –
үлкен байлық иесі оның мал-дүниесін сіздерге бердім, жақындарының
үйлеріне барып, мал-мүліктерін, өздерін, барлық ағайын-туыстарымен менің
алдыма алып келіңдер» деп бұйрық берді. Мұндай бұйрықты алған кезде
Қожагелдіні
ағайын-туыстарымен
және
жақындарымен
қол-аяғын
шынжырлап байлап, жалаңаш күйде Юнусқожаға алып келді. Сол мезетте
оның бала-шағасын, әйелін шағадат дәрежесіне жеткізіп, оның орнына
Айқожаны Паркент және Жетікент әкімі етіп, үлкен жасақпен жіберді. Бұл
аудандар да Юнусқожаның қолына өтті. Кейінгі жылы Піскент
15
Киров және
Тилав
16
қыстақтары басып алынды. Юнусқожа басқарған аумақ Солтүстікте
Шымкент, шығыста Писком атымен мәлім болған Пасткан, оңтүстікте
Кендіршыңы және батыста Сырдарияға дейін созылған еді. Жасақтары
шанышқылы, қаңлы және қалалықтар есебінен 20 мыңға жеткен еді. Соғыс
жүрісі кезінде адам саны және де көбейіп тұратын болған.
Түсініктемелер
1
Абылайхан атымен атақты болған Абулфайызхан – Абылайхан (? - 1781) –
қазақтардың орта жүз сұлтаны, ханы (1771 жылдан). 1740 жылдан Ресей
қарамағына өтуге мәжбүр болды және Ресеймен сауда-саттық қарым-
қатынаста болды. Орта жүз, Ұлы жүз қазақтарына қарағанда
Қырғыздардың кейбір руларын өз үстемділігінің арқасында бірлестірді.
2
Шымыр - қазақтар ішіндегі ру.
3
Шайхым - қыпшақ(қазақтар) ішіндегі ру.
4
Жіңіш - қыпшақ(қазақтар) ішіндегі ру.
5
Сіргелі Еслі және Ошақты – қыпшақ (қазақтар) ішіндегі рулар.
6
Құлаш - қазақтар ішіндегі ру.
7
Шақшам - қазақтар ішіндегі ру.
8
Қият және қыбырай - қыпшақ(қазақтар) ішіндегі рулар.
9
Сартия/сарттар – тәжік және өзбек тілінде сөйлейтін Орта Азия
қалаларының халқы. Сарт сөзі ежелден керуенбасы немесе саудагер деген
мағынада айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |