А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Мұстапаева Д. Музейдегі этнографиялық және археологиялық материалдар, оларды ғылыми ...
ыңғайланып жасалған бұл ыдыс талай-талай ғасырлар бойы елдің көшіп-
қонған кездерінде, жорықтарда батырдың жанында жүретін жанторсығы
болды. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысқан қазақ, қырғыз, түркімен,
қарақалпақ халықтары кең пайдаланған бұл затты жасауда негізгі
қолданылған материал – тері болған. Торсықтар әр түрлі және түрлі
сыйымдылықта жасалып отырған. Басқа да теріден жасалған ыдыстар секілді
торсықты түйе, өгіз, т.б. мал терісін өңдеп, тігетін болған. Торсықтың
сыймдылығы әр түрлі 3-8 литрге дейін сусын құюға болатын, ыңғайлы ыдыс
болған [5].
Аталған заттардың бәрі теріден жасалған. Көшіп-қонуға, қозғалыстағы
өмір салтына ыңғайлы жеңіл, сынбайтын бұл ыдыстарды жасау үшін арнаулы
терілерді өңдеп, ыстаған. А.И.Левшин өзінің зерттеуінде көшіп-қонғанда,
жол жүргенде қазақтардың Орта Азияның басқа да халықтары секілді толық
қой терісінен тіккен, ұзақ уақыт бойы, ыстық күнде су салқын күйінде жақсы
сақталатын торсық, местерді қолданғанын, қазақ ордасында әр түрлі көлем
мен сипаттағы теріден ыдыстар жасалғанын айтады. Ыдысқа арналған
терілерді арнайы түрде жақсы бапталға, соғымдық мал терісінен дайындаған.
Теріні ашыған айранға салып, жұмсартқан, сырықтарға іліп кептірген екен
[6].
Аталмыш тері ыдыстардың жасалу технологиясына келсек пішіліп,
жіппен түрлі тігіс әдістерін қолданып, тігілген. Ыдыстардың сыртына көркем
етіп өрнектер түсірілмеген. Қарапайым, күнделікті тіршілікте қолдануға
арнап жасалғаны байқалады. Тері ыдыстарды жасауға ел өте үлкен мән
берген. Себебі күнделікті тағамдарының өңделіп, сақталуы осы ыдыстардың
сапасына тікелей байланысты болғаны белгілі. Сол себепті, жақсы бапталған
мал терісін арнайы түрде ыдыс жасау үшін алып өңдеген теріден қажетті
ыдысты пішіп, түйенің жүнінен жасалған шудамен, таспамен тігетін болған.
Теріден жасалған ыдыстарды тігуде арнайы жіптердің шуда, таспа, тарамыс
деп аталған түрлері қолданылған. Аталған тері ыдыстарды тігуде жіптердің
әр түрлі жіңішкеліктегі формалары қолданылған. Тігістеріне назар аударсақ,
өте көркем, қарапайым түрдегі тігістермен тігілген деп айтуға болады. Халық
қолөнерінің дәстүріне қарасақ, тігіліп болған бұйымдардың ішіне құм
толтырып, тығыздап, ыстық пен желде бірнеше күн қойған. Ыдыстың іші-
сыртын тұздалған сары маймен немесе жылқының сүр етінің майымен
майлап, күнге қоятын болған. Осыдан кейін ыстау процесінен өткен. Ыс салу
кез-келген адамның қолынан келе бермейтін, өзіндік бір кәсіп болған.
Онымен арнаулы түрде, бұл кәсіпті жақсы білетін, игерген адам айналысқан.
Қазақтарда ыс салу тобылғы бүршіктеген кезде басталған, яғни көктем
кездерінде жүргізіліп отырды. Ыдыстарды түтінмен ыстау үшін қурамаған
бүрлі тобылғы, көк пішен, ши, иіс сіңіру үшін жусан, адыраспан, арша қосып
жаққан екен [7]. Ыс әбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңдеп, кепкен
257
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Мұстапаева Д. Музейдегі этнографиялық және археологиялық материалдар, оларды ғылыми ...
мейіздей болып қатып қалады. Музей жинағындағы тері ыдыстардың сыртқы
түсі айтылып отырғандай қызыл күреңделіп, қатып қалған. Күнделікті
қолданыстан шыққан бұл бұйымдар да кезінде ең жоғары өңдеу дәрежесінен
өтіп, дайындалған соң да өзінің затқа тән сипатын сақтап тұрған болу керек.
Дегенмен, осы аталған тері бұйымдардың қазіргі кездегі сақталу дәрежесін ұстап
түру өте маңызды. Музей қорында сақталып, экспозициясына қойылған қазақ
халқының материалдық мәдениеті туындылары мен сүт өнімдерін өңдеу, сақтау,
қолдануда пайдаланылған теріден жасалған ыдыстардың жиынтығын:
1.
Сүт өнімдерін құюға арналған ыдыс (бие шелек; құты, топатай):
2.
Сүт өнімдерін сақтауға арналған ыдыс (мес, көнек, түйемойнақ):
3.
Сүт өнімдерін тасу, қолдануға арналған ыдыс (торсық, сүйретпе)деп
жіктеуге болады. Бұл ыдыстардың жасалу процесі келесі:
1.
Шикізатта яғни теріні өңдеу, пішуге дайындау.
2.
Ыдыстарды пішу.
3.
Тігу кезеңі.
4.
Құм толтырып, өзіне тән формаға келтіру.
5.
Ыс салу кезеңдерінен өткен.
Бие шелекті бие сауғанда қолданып, кейіннен ыдыстағы сүтті басқа
ыдысқа құйып алып отырған. Бұл ыдысты бие сауу кезінде қолданған болса,
түйемойнақ, көнек, сүйретпе, местерді сүт өнімдерін сақтап, тасуда кең
пайдаланған. Музей коллекциясындағы қазақтардың сүт өнімдеріне қатысты
теріден жасалған бұйымдар қазіргі заманда қолданыстан шыққан, өзіндік бір
жасалу шеберлігіне ие құнды, халық өнерінің, даналығының ерекше бір
туындысы болып табылады. Малдың сүт өнімдері үшін пайдаланылған тері
ыдыстарды жасау, өңдеу үшін қажетті шикізатты, өңдейтін заттарды осы мал
шаруашылығының өнімдерінен алды деуге болады. Яғни, қоршаған орта,
табиғат өңдеуге қажетті заттарды өзі беріп отырған. XIX ғ. екінші
жартысында 1871-1872 ж.ж. Түркістан өңірінде болып, суретке түсірген
А.Л.Кунның таңдаулы суреттер жинағында тері өндірісіне байланысты
қызықты деректер кездеседі. Осы көптеген суреттер жинағын қамтыған
«Түркістан альбомдарында» теріні айранға салу, ашыту, тазарту, ыстау,
кептіру процестеріне байланысты фотосуреттер қамтылған [8]. Дәстүрлі
қолөнер түрлерінің бірі - теріні өңдеу, бұйымдар жасаудың дамығанын
байқауға болады.
Қазақтар жыл мезгілін, табиғаттағы жануарлар және өсімдіктер
дүниесіндегі тері ыдыстарды өңдеуге қолданылатын аса қажетті түрлерін аса
үлкен білгірлікпен, талғаммен қолданып ұқсата білген.
Музейдің этнографиялық кешеніндегі ағаш ыдыстар жиынтығы да
ертеден келе жатқан дәстүр жалғастығын бейнелейді. Ағаш ыдыстарды табақ,
керсен, қасық, ожау, кесе, шара деп жіктеуге болады. Сонымен бірге кезінде
«Халім
» деп аталған асты
дайындағаннан соң келушілерге үлестіру
258
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Мұстапаева Д. Музейдегі этнографиялық және археологиялық материалдар, оларды ғылыми ...
үшін қолданылған астаулар да ағаштан жасалған. Аталған ағаш бұйымдар
ешбір өрнексіз, қарапайым түрге ие. ¤зінің тұтынушысы үшін көптеген
жылдар беделінде
жұмыс істегенін байқауға болады. Ағаш бұйымдарды тұтыну
ерекшелігіне қарай тамақ салатын және сұйықты құятын деп екі топқа бөліп
қарастыруға болады. Мал өнімдерін тұтынған елдің етті көп қолданылғаны
белгілі. Осы жүйені негізге ала отырып, аталған ағаш ыдыстардың табақ, керсен,
шара деп аталған түрлеріне мал өнімдерін салып қоюға, тұтынуға пайдаланған.
Ортағасырлық Түркістан оазисінің суландыру жүйесіне қатысты
археологиялық материалдар тізбегі бұл аймақтың сумен қамтамасыз етілуінің
жоғарғы дәрежеде болғанын көрсетеді. Кезінде егіндік жерлерді, бау-
бақшаларды, қаланы сумен қамтамасыз етуде қолданылған суландыру
құралдарының жинағында керамикалық материалдардан жасалған су құбырлары,
шығырдың шөлмектері, кәріз құдығының қыш сақиналары кездеседі. Ежелден
жергілікті тұрғындар егін, бау-бақша егіп, табиғат берген қазынаны өз игілігіне
қолданып өмір сүрген. Егіншілік табиғи, жауын-шашынмен суландырылған
немесе арнаулы суландыру құралдары арқылы жүргізілді және суды арықтар
арқылы жүргізіп, қажетті жерлерді суарып отырған. Суармалы егіншілікпен
айналысқан тұрғындар бидай, тары, бау-бақша өнімдерін өсіріп, жүзімдіктерді де
дамытты [9.8]. Түркістанның айналасын көкөніске бай, кең қанат жайған Иқан,
Қарнақ, Қарашық, т.б. үлкен жер өңдеген оазис болған және олар су көздері,
бұлақтар, тау өзендерінің суларымен суландырылып отырды [9.38].
Әмір Темірдің вауфтық грамотасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап
бөлінген жер мен арық суларының аты аталған. Осы деректен Мір Қарасу,
Сығанақ, Шорнақ, Қарабұлақ, Қия шоқ, Бохарық, Шағт-Дарбаза, Ташанақ, Шаға,
Қосқорған арықтарының аттарын кездестіруге [10].
Қаланы суландыру жүйесі өзендерден, жүргізілген каналдардан, олардың
тармақталған арықтарынан тұрған. Осы аталған жарма немесе беларықтардан
отырықшы ел су алатын майда арықтар жүргізіп отырған. Музей
экспозициясындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған
суландыру құралдары Түркістан оазисінде өте жетілген суландыру жүйесі
болғанын дәлелдеген ғалымдардың тұжырымының нақты көрінісі деуге болады.
XVI-XVIII ғғ. мерзімделген керамикалық су құбырлары (кк 523, инв, АВ.-к482)
Түркістан оазисіндегі суландыру жүйесінің, қала мәдениетінің деңгейін
көрсетеді. Оңтүстік Қазақстанның суландыру жүйесін зерттеген В.А.Грошев
Сығанақ, Сауран, Түркістанның айналасында суландыру құрылыстарының
болғанын тұжырымдайды [11].
Суландыру жүйесінің құралдарының келесі түрі шығыр шөлмектері болып
табылады. Керамикалық үш дана шығыр шөлмектері XVII-XVIII ғғ.
мерзімделген. Аймақта кезінде су көтеретін құрылыс шығыр өте кең
қолданылған. Егін егетін жер суландыру арықтарынан жоғары орналасқан
жағдайда, сол танабқа су жіберу үшін су көтеретін құрал – шығырларды
қолданған [11]. Шығыр көптеген бөліктерден тұратын, судың немесе ірі қара
малдың күшінің негізінде жұмыс істейтін құрал болды. Этнографиялық
259
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Мұстапаева Д. Музейдегі этнографиялық және археологиялық материалдар, оларды ғылыми ...
зерттеулерге сүйенсек, шығырлар суды қандай
тереңдіктен алуына байланысты
әр түрлі көлемде болған. Шығырдың дөңгелегіне әдетте отыз екі шығыр шөлмегі
байланған және қозғалысқа келтіру үшін өгіз, түйе, есек, жылқы секілді
жануарлардың күші пайдаланылды [12]. Кей жерлерде ағыны күшті суларға
орнатылғанда судың күшін қолданып отырған. Осы аталған шығыр құрылысы
көптеген бөліктерден тұрған. Зерттеулерде оларды: ‡стіңгі тоғын, астыңғы
тоғын, тоғын (су төгетін ыдыс), науа (су құйылатын астау) деп зерделейді. Музей
экспонаттарының осы аталып отырған шығырдың шөлмегі деп отырған
суландыру құралдарының түрлерін «тоғын» деп те атаған екен. Шығырдың
дөңгелектерін мықты ағаштардан иіп жасаған және оған су құйылатын
ыдыстарды, атап отырған шығыр шөлмектерін немесе тоғындарды бекіткен
[2]. Осы аталып отырған «шығыр шөлмектері», «шығырдың шелектері»
«тоғын» деп атаған, суландыру құралының аса қажет бөлігін ілгері кездерде
керамикалық бұйымдарды өңдеп, жасайтын жерлерде керамикадан жасап
қолданған. Ал, мұндай керамикалық өндіріс орындары жоқ жерлерде ел
шығыр шөлмектерін немесе тоғынды ағаштан, кейде теріден де жасап
қолданған екен [2]. Ертеден-ақ шығырмен суару кең өріс алып, тоған,
басарық, өзен, құдық суларының негізгі көздерін шығыр арқылы көтеріп, су
бара бермейтін жерлерді суарып отырған. Егіншілікпен айналысқан ел
шығырларды жасап, орнатылуын арнайы тойлап, судың мол болуын тілеген
[13]. Осыған байланысты қазақтардың егіншілікке байланысты әдет-
ғұрыптарында Шығыр атасы – Әлі Шынар туралы айтылады. Мал
шаруашылығымен айналысқан елде сиыр атасы, түйе атасы, т.б. туралы әдет-
ғұрыптар суға байланысты шығыр атасы – Әлі Шынармен үндеседі. Мал
шаруашылығы, егіншілікті дамытып, тіршілік көзі ретінде өмір сүрген елдің
әдет-ғұрпында орын алды. Шығырға байланысты «Шығыр атасы - Әлі
Шынарға сыйынып, сыйынбаса шығыр сынар, сыйынса қашан да Тәңір
оңғарып, ісің тынар» деп Сырдың орта ағысында аса құрметтеліп,
қарттардың есінде қалған [13.106]. Яғни, шығырды суландыру жүйесінде кең
қолданған жерлерде осындай сенімдер кездеседі. Түркістан оазисінде,
егіншілікпен айналысқан жерлерде шығырдың кең қолданылғанын
көрсететін археологиялық деректер, аталған кейінгі ортағасырлық
керамикалық шығыр шөлмектері формасы бойынша X-XII ғғ. шөлмектермен
бірдей, бірақ салыстыра қарағанда тұтқасы мен жапсырмасы жоқ, жасалу
сапасы төмен, көлемі олардан кішірек, салмағы ауырлау болып келеді [11.74].
Сонымен шығыр шөлмектерінің керамикалық түрінің өзі көптеген ғасырлар
беделінде сақталып, қолданылып отырды. Музей экспозициясында
суландыру жүйесін көрсететін кешеннің маңызды экспонаттарының бірі –
кәріз құдығының діңгегін бекіткен қыш сақиналар болып табылады. Құмшық
ата әулие шілдеханасының жанынан табылған бұл қыш сақиналар қайта
қалпына келтіріліп, Түркістан оазисінде суландырудың кәріздік жүйесінің
260
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Мұстапаева Д. Музейдегі этнографиялық және археологиялық материалдар, оларды ғылыми ...
дамығанын айғақтар музейдің құнды заты ретінде көз қуантады [14]. Музей
қорына археолог М.Тұяқбаев өткізген, реставратор марқұм Қ.Қошқаров
реставрациялаған бұл құнды ирригацияның кәріздік жүйесін айғақтар қыш
сақиналар деуге болады. Кәріз жер асты суларын пайдалануға негізделген
гидротехникалық құрылыс
[14. 21]. Кәріздік жүйе көптеген ғасырлар бойы Орта
Азияда, Иранда кең қолданылған. Мұндай суландыру жүйесін жасаумен арнаулы
кәсіпкер ұсталар кәріз ұсталары немесе кәрізгендер айналысқан [15.22].
Кәріз негізінен екі бөліктен тұрған: құдықтар жүйесі және жер асты
галлереясы. Сауран және Түркістан маңайында кәріздік жүйенің дамығанын
Түркістан археологиялық экспедициясының кәріз құдықтарын тауып,
зерттеулерінің нәтижесі айқындап беріп отыр [16]. Осы кәріздік жүйедегі тік
құдықтың қабырғалары тастармен шегенделіп, арнайы қыш сақиналармен
бекітіліп отырған. Осы қыш сақиналар кәріз құдықтарының опырылып
құлауынан сақтап, ұзақ тұруына негіз берген. 2002 жылы Құмшық ата әулие жер
асты шілдеханасынан кездейсоқ табылған қыш сақиналар да кәріздік суландыру
жүйесінің дамуын көрсеткен материал. Зерттеушілер В.А.Грошев [11],
К.М.Байпақов, Е.А.Смағұлов [14] Түркістанда кәріздік суландыру жүйесінің кең
дамығанын нақты зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр. Музей қорындағы аталған
материалдар Түркістан оазисінде негізінде егістіктерді суаруда, қаланы сумен
қамтамасыз етуде су құбырларын, шығырларды, кәріздік суландыру жүйесін
жан-жақты қолданғанын және ғасырлар бойы шаруашылықтың жоғары деңгейде
өркендегенін көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматы, 2007.
2.
Хозяйство казахов на рубеже XIX-XX веков . Алма-Ата, 1980.
3.
Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.6. Алматы, 1975. -598-бет
4.
Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. Алматы: Ғылым, 1993. – 248
с.
5.
Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.11. –Алматы, 1977. -118 -бет.
6.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией
академика М.К. Козыбаева). –Алматы: Санат, 1996. -С.386
7.
Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан, 1995. –240 бет.
8.
Кун. А.Л. Түркістан альбомы. 1871-1872 ж.ж. Таңдаулы фотосуреттер. –Алматы: ОФ «Берел», ТОО
«Asia line» 6, 2005.
9.
Смагулов Е., Григорьев Ф., Итенов А. Средневековая археология города Туркестана. –
Туркестан:Мирас, 1995. –228 с.
10.
Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995.
11.
Грошев В.А. Ирригация Южного Казахстана в средние века. Алма-Ата: Наука, 1985. –156 с.
12.
Шалекенов У.Х., Шалекенов М.У. История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в XVIII-
XXв.в. Алматы: Қазақ университеті, 2003. –315 с.
13.
Карамышева Дж. Қазақтардың егіншілікке байланысты әдет-ғұрыптары //Қазақ халқының дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Арыс, 2005. –328 бет.
14.
Байпақов К.М., Смағұлов Е.А. Ортағасырлық Сауран шаhары. Алматы, 2005. –202 бет.
15.
Овезов Д.М. Кяризная система водоснабжения Копетдагской груааы районов Туркмений в XIX -
начале XX в. // Очерки истории т хозяйства народов Средней Азии и Казахстана. –Ленинград, 1973. –
259 с.
16.
Смагулов Е.А. Кяризы Туркестанского оазиса // Известия МОН РК, Серия обществ.наук, 2003.
261
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Н.Т.ЖАНАҚОВА
тарих ғылымдарының кандидаты
Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗ ҰЛТТАР ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
В статье рассматриваются проблемы диаспор в Казахстане и отношение к ним со стороны
правительства.
The author of the article presents some matters of national minorities in Kazakhstan and the
government’s attitude towards them.
Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағы кезінде негізгі ұлт – қазақтардан басқа
120 ұлт өкілдері мекендесе, тәуелсіз ел атанған он жыл аралығында да біздің
республикамызда дәл осы мөлшердегі ұлт өкілдері тұрып келеді. Мұның өзі
қазақ халқы мен өзге ұлт өкілдері арасындағы көптеген жылдар бойы берік
қалыптасқан ұлтаралық татулық пен өзара түсіністікті, жарастық пен
келісімді айшықтайды.
Осы ретте ұлтаралық достық пен татулықты, халықтардың өзара
түсіністігі мен келісімін одан әрі нығайтып, алдағы күндерде де елімізді
мекендеген
ұлттарды
топтастыра,
жарастыра
беру
Қазақстан
Республикасының басты стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады.
Мемлекеттегі ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас осы
сындарлы саясат нәтижесі екендігін аз ұлт өкілдері мысалында нақты көз
жеткізуге болады.
Ұлттың құрамы жағынан өзге елдерге ұқсамайтын Қазақстанда әлемдегі
136 ұлт пен ұлыстың өкілдері қазақтармен бірге тұрып, қоян-қолтық, емін-
еркін, тату-тәтті өмір сүруде. Республикада бұған дейінгі аз ұлт өкілдерінің
тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін дамытуға байланысты атқарылған
көптеген игі істерді жоққа шығаруға болмайды. Еліміздің мектептерінде
республика тәуелсіз мемлекет атанғанға дейін де сабақ қазақ, орыс тілдерімен
бірге ұйғыр, өзбек, тәжік, неміс, корей тілдерінде өткізіліп келеді.
Қазақстанда бұрын кеңестік кезде қалай болды, қазір де сол қалпында
күнделікті мерзімді басылымдар мен кітаптар алты тілде шығарылып келеді.
Мәселен, қазақ, орыс тілдерінен басқа ұйғыр, неміс, корей және украин
тілдерінде республикалық, мемлекетаралық газеттер шығып тұрады. Мұның
сыртында елімізде қазақ театрларымен бірге орыс, ұйғыр, неміс, корей
театрлары да қалыпты жұмыс істеп келеді. Осы ретте бір миллионға жуық
қазақ мекендейтін көршілес Ресейде ұлттық театр туралы сөз қозғамай-ақ,
қазақ тілінде мектеп, аудандық деңгейдегі газет ашуға жағдай жасалмай
отырмағандығын айтып өткен жоқ. Ал, бізде жоғарыда атап өткеніміздей,
қазақтардан кейін сан жағынан көп орыс пен немісті айтпағанның өзінде
жүздеген мың ұйғыр, корейлердің ұлттық драма театрлары бар екендігін
мақтан етуге болады.
262
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жанақова Н.Т. Қазақстандағы аз ұлттар өкілдеріне қамқорлық
Бұл еліміздегі аз ұлт өкілдері жөніндегі сындарлы ұлт саясатының жемісі,
республикадағы әрбір ұлт пен ұлысқа құрметпен қараудың нақты белгісі.
Халықтарды топтастырып, табыстырған да тағдыр ортақтығы, мақсат пен
мүдденің, тілек пен ізгі ниеттің ортақтығы. Сондықтан ешкім де оларды
ұлтқа бөліп, түсін түстеп жатқан жоқ. Бүгінде олардың бір ананың
баласындай ынтымағы мен бірлігі, достығы мен туысқандығы құрыштай
берік.
Еліміздің өз алдына дербес мемлекет болған соңғы он жыл аралығында аз
ұлт өкілдері проблемалары әркез күн тәртібінен түспей, өз шешімін тауып
келеді. 1991 жылдары республикада ұлтаралық қатынастарды зерттеу
жөнінде арнайы орталық құрылып, сол кездегі халық депутаттарының
облыстық атқару комитеттерінде осындай бөлімдер ашылды, ұлттық мәдени
орталықтар құрылды. Осы игі істің заңды жалғасы ретінде немістер жиі
қоныстанған Ақмола облысында сол жылдары ТМД шеңберіндегі және
қазақстандық неміс әдебиеті күндерін өткізу дәстүрге айналды, 1991-1994
жылдары Жамбыл облысында дүнген, грек, Семей облысында татар,
Көкшетау облысында поляк, Талдықорған облыстарында корей, ұйғыр, неміс,
түрік ұлттарының мәдени апталықтары өткізілді.
Республикамыздағы аз ұлт өкілдері елбасы мен үкімет басшылығының
ұлтаралық қатынастарды жетілдіру, ішінара кезігіп қалатын қақтығыстардың
алдын алу мақсатындағы сан қырлы бағыттағы қызметін қызу мақұлдайды.
Оның жарқын мысалдары еліміздің Конституциясы мен «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Заңда жарқын көрініс тапқан. Қазақстан
Республикасының
1995
жылы
30
тамызда
қабылданған
жаңа
Конституциясының 7-бабында «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең
қолданылады» деп орыс тіліне мемлекеттік тіл деңгейінде мәртебе берілсе
осы баптың 2-тармағында: «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену
мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп нақты атап
көрсетілген. Сол сияқты 1997 жылы 2 шілдеде қабылданған «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында орыс
тіліне еліміз Конституциясында жазылғандай мәртебе беріліп, «Мемлекеттің
тіл жөніндегі қамқорлығы» деген 6-бап пен «Тілдердің қолданылуына кедергі
келтіруге жол бермеу» деген 7-бап республиканы мекендейтін аз ұлт өкілдері
тілдеріне арналған. Осы Тіл туралы Заңның 6-бабында: «Қазақстан
Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие,
оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар» деп аз ұлт
өкілдері тілдерінің дамуына заңды түрде көңіл бөлінсе, одан әрі еліміз
Конституциясында
атап
көрсетілгендей
бұл
тілдерге
қамқорлық
жасалатындығы айтылады да: «Ұлттық топтар жинақы тұратын жерлерде іс-
шаралар өткізілген кезде олардың тілдері пайдаланылуы мүмкін» деген
263
Достарыңызбен бөлісу: |