Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


Key words: "Hilvet", "Gar", K.A.Yasawi, sufism, mosque, religious construction. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата13.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#82396
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
-..--..--..--..--.

Key words: "Hilvet", "Gar", K.A.Yasawi, sufism, mosque, religious construction.
Кіріспе. «Қылует» жерасты мешіті – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік батысқа қарай 
140 метр қашықтықта орналасқан жерасты ғимараты. Жерасты ғимаратының атауы «Қылует» 
ұғымының тарихи сырын анықтау өте маңызды. Бұл туралы М.Тұяқбаев «Түркістан сырлары» атты 
кітабында «Халауат» деген ұғымның Х ғасырда пайда болған деп келтіреді. «Халауат» сөзі арабша 
«Халауәтун» - жалғыз, жеке өмір сүруге ұмтылу деген сөзден шыққан, сонымен бірге, С.М. Давыдов 
өзінің «Суфизм в Туркмении» деген еңбегінде түркімен тілінде «Хылует» – «құпия» деген мағына 
беретіндігін айтады (Тұяқбаев, 2000:41). 
«Ислам. Энциклопедиялық сөздік» атты кітапта «Қылует» ұғымының пайда болу тарихына 
«Халаватия (түрік Халаветия) – XIV ғасырдың соңында Иранның солтүстік–батысында пайда 
болған сопылық бауырластық. Бауырластық алғашқыда түрік халықтарының арасында пайда болып, 
ортаазия түркілік мистикалық мектебінің кейбір идеяларын (Ахмад ал-Йасави) қабылдаған және 
маламатийа және календарийа дәстүрлерінің ықпалына қатты ұшыраған» деген анықтама береді 
(Ислам:Энциклопедический словарь, 1991:267).
«Халуат» мешітінің негізгі бөлігі болып жер астындағы «Ғар» және оның үстіне салынған 
«Мешіт» немесе «Шілдехана» бөлмелері саналады. «Халуат» мешіттері негізінен «Ғар» және 
«Шілдехана» бөлмелерінен тұрғандығын «Әулие Құмшық Ата», «Кіші Халуат» мешіттерінің 
құрылысынан байқаймыз және «Шілдеханасы» жартылай жер астында болса, «Ғары» міндетті түрде 
оның еденінің астына орналасады (Тұяқбаев, 2000:42). «Ғар» – сопылардың оқшауланып, құлшылық 
жасайтын орын. Ал, «Шілдехана» - рухани тазару үшін бойы діни рәсімдер орындалатын жеке бөлме.
Алғашқыда ортодоксалды ислам билеушілері мен ақсүйектері «Халауатия» ұстанымдарын 
мойындамай оларды қуғынға ұшыратқан. Сондықтан, өз идеялары мен ұстанымдарын уағыздау, діни 
әдет – ғұрыптары мен жоралғыларын жасау үшін ағым мүшелеріне құпия жер қажеттігі туындайды. 
Алғашқыда үңгірлер мен жертөлелерді мінәжәт орны ретінде пайдаланған қауым мүшелері құпия 
орындарын мешітке айналдыра бастайды. Осыдан келіп, «Қылует» жерасты мешіттері пайда болған 
деген тұжырым жасауға болады.
Қожа Ахмет Ясауидің немере інісі болып келетін Мәуләна Сафиаддин Орың Қойлақы жазып 
қалдырған «Насабнама» шежіресінде Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим шайықтың өзі отыздан 
астам «Қылует» жерасты мешіттеріне имамдық еткені, ал, Ахметтің өзі елуден астам «Қылуетке» 
ұстаздық жасағаны, олардың имамдарын өз шәкірттері арасынан тағайындап отырғаны туралы 
жазылады. 
Түркістан қаласы, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңына археологиялық 
зерттеулер тек кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарынан бастап, яғни 1920 жылдардан бастау алады. 
Дегенмен, архивтік материалдар мен әдебиеттерде орыс офицерлері мен басқа да саяхатшылардың 
жазбаларынан жалпылама сипаттамалар кездеседі. 1922-1927 жылдар аралығында Түрік
республикалары бойынша архив істері Орталық басқармасының және Средазкомстаристің 
басшылығымен бірнеше экспедициялар ұйымдастырылып, зерттеуге әрекет жасалған. Бұл зерттеулер 
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің архитектуралық өлшемдерін алу мен суретке түсіру, жөндеу 
жұмыстары үшін шаралар қабылдаумен шектеліп, жерасты мешіттері құрылысына назар 
аудармағандығы архивтік құжаттардан көрінеді. 
1922-1923 жылдары Түрікреспубликалары бойынша архив істері Орталық басқармасының 
арнайы тапсырмасымен құрылған Д.И. Нечкиннің археологиялық экспедициясы Қожа Ахмет 
Ясауи кесенесінің архитектуралық өлшемдерін алып, фототүсірілім жасайды. Осының негізінде 


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №4 (96) 2021
216
ескерткішті қорғауға алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде біршама шаралар қабылданды. 
Экспедиция құрамында профессорлар А.А. Семенов, А.Э. Шмидт және инженер С.К. Орлов болды 
(Миронов, 1926:28).
1925 жылы Б.П. Денике мен инженер М.М. Логиновтың Жетісу мен Түркістан қаласына 
жасаған археологиялық экспедициясы кезінде де Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің архитектуралық 
өлшемдерін алу мен фототүсірілім жасаудан әріге бармайды (Миронов, 1926:30). Бұл археологиялық 
экспедициялар жұмысы архитектуралық өлшемдер мен фототүсірілімдер жасау, ескерткішті 
сақтау және жөндеу жұмыстары бойынша шаралар қабылдаумен шектеледі. Осы экспедиция 
жұмыстарының нәтижесінде 1924 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің іргетасына зерттеу 
жұмыстары жүргізілді (Умняков, 1926:30). 
Жерасты рухани діни орындарға қатысты шетелдік ғалымдар еңбектерінде ішінара кездеседі. 
Жерасты діни ғимараттар мен рухани орындар туралы зерттеулер жүргізу барысында жерасты 
діни орындардың тарихы және салынуы туралы Г. Кановец, Ф. Ромагоса, А. Бланко, Г. Престли 
«Грекиядағы ортодокстық христиан діни жерасты ғимараттары» (Cànoves, Romagosa, Blanco, & 
Priestley, 2012:282-298) атты еңбектерінде және М. Терзидоу, С. Скарлес, М. Сондерс (Terzidou, 
Scarles, & Saunders, 2018:54-65) еңбектерінде құнды пікірлер білдіреді. Бұл еңбектерден христиандық 
жерасты діни құрылыстардағы бөлмелердің қызметі исламдық сопылық дәстүрдегі жерасты 
мешіттеріндегі бөлмелерден басқаша салынғандығы көрінеді.
Қазақстан территориясында жерасты діни құрылыстары Маңғыстау облысында көптеп 
кездеседі. Маңғыстау өңіріндегі жерасты ғимараттарының біршамасы Бекет ата атымен байланысты. 
«Мұнда Қазақстандағы ең көп ескерткіштер мен ғибадат орындары орналасқан» (Кoshim, Sergeyeva, 
Saparov, Berdibayeva, & Assylbekova, 2020:33-41). Аталған өңірдегі жерасты мешіттерінде де Түркістан 
өңіріндегі жерасты мешіттеріндегідей мешіт, «Ғар» сынды бөлмелер қызмет атқарған.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне алғашқы археологиялық зерттеу 1928 жылы М.Е. Массонның 
жетекшілігімен жүргізілді. Бұл жөнінде М.Е.Массонның арнайы мақаласы мен монографиялық 
еңбегі жарық көрген (Массон, 1929). Дегенмен, бұл еңбектердің ешқайсысында «Қылует» жерасты 
мешітіне археологиялық зерттеулер жүргізілгені туралы баяндалмайды. 
Ғылыми зерттеу әдіснамасы. «Қылует» жерасты мешітінің тарихы мен қызметін, салыну 
жылдарын анықтауға байланысты зерттеу нәтижелерінің әртүрлі болуы, құрылысының бірнеше 
мәрте өзгеруі, жетілдірілуі нақты кезеңін анықтауда қиындықтар туғызды. Жылдар бойы жүргізілген 
археологиялық зерттеу жұмыстарының арқасында ғана нақты тұжырым жасауға мүмкіндік туды. 
Жерасты мешіттерінің тарихы мен салыну мерзімін анықтау аталған құрылыстардың типологиялық 
функциясын дәл қорытындылауға мүмкүндік береді.
«Қылует» жерасты мешіті туралы тарихи деректерді талдау мен сараптаудың тарихи-
салыстырмалы және тарихи-типологиялық, индуктивті талдау әдісітері бойынша жүргізілді. 
«Қылует» жерасты мешітінің қызметі мен салыну кезеңіне қатысты деректерді, ғылыми 
тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған салыстыру, талдау тәсілдеріне басымдық 
берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет