Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата13.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#82396
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
-..--..--..--..--.

Негізгі бөлім. «Қылует» жерасты мешітіне археологиялық зерттеу жұмыстарының алғашқысы 
1940 жылы архитектор (ғылыми әдебиеттерде бірде скульптор, бірде археолог, бірде саяхатшы) 
А.Л. Шмидт жасаған макеттен (1 сурет) басталған деуге негіз бар. Себебі, «Қылует» жерасты 
мешітіне жүргізілген археологиялық зерттеулер түгелге дерлік осы макетті негізге алады. «Қылует» 
жерасты мешіті сынды күрделі құрылыстың макетін жасау археологиялық зерттеу жұмыстарынсыз 
жүрмегені белгілі. Е. Смағұлов, Ф. Григорьев, А. Итеновтердің «Очерки по истории и археологии 
средновекового Туркестана» атты еңбегінде «1940 жылы Үлкен Қылует жойылғанға дейін 
сәулетші А.Л. Шмидт ағаштан және папье-машеден Қылуеттің интерьерінің макетін жасады. Оны 
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қылуеттің келбетін анықтау үшін қолдануға болады», – 
делінген (Смагулов, Григорьев, Итенов, 1999:138).
Макеттің дұрыс жасалғандығына «Қылует» жерасты мешіті 1940 жылдарға дейін жұмыс 
істеп тұрғаны туралы көнекөз қариялардың ауызша деректері дәлел болса, екіншіден, белгілі орыс 
ориенталисі В.А. Гордлевскийдің «Концепци истории Туркестанского святилища» атты кітабында 
«Қылует» туралы: «ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін Қожа Ахмет Ясауидің жолын 
ұстанушылар оның құлшылық еткен орнына мыңдап (жиырма мыңға дейін) жиналатын болған» 
(Смагулов, Григорьев, Итенов, 1999:136) – деген мәлімет береді. А.Л. Шмитдтің жүргізген 
зерттеулері туралы мақалалары мен жазбаша есебін іздестіру әзірге нәтижесіз аяқталуда. 
Макет бойынша «Қылует» жерасты мешітінің ауданы 20,5х11,5 м10 және солтүстік-шығыстан 
оңтүстік-батыс бағытында түскен (Сенигова, 1977:47).
Дегенмен, кейінгі жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде «Қылует» 
жерасты мешітінің алғашқы құрылысының қабырға қалдықтары табылып, ол қабырғалардың 
А.Л. Шмидт жасаған макетпен сәйкессіздігі анықталды. Себебі, «Қылует» жерасты мешіті құрылысы 
бірнеше кезеңнен тұратыны дәлелденді (Смагулов, Григорьев, Итенов, 1999:138).


Отан тарихы №4 (96) 2021
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
217
«Қылует» жерасты мешітіне мұқият археологиялық зерттеу жұмыстары 1972-1973 жылдары 
басталды. 
1972-1973 жылдары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мемориалдық кешенінің қорғау аймағында 
ҚазССР ҒА Тарих, археология және этнология институты Қазақ ССР Мәдениет Министрлігімен 
бірлесе ескерткіштерге археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Археологиялық қазба
жүргізілетін діни құрылыстар қатарына – «Кіші Қылует», «Шілдехана» және «Үлкен Қылует» кірді 
(Сенигова, 1977:42). 
«Қылует» жерасты мешітінің Кеңестік кезеңде бұзылып құрылыс материалдарының май 
зауытын салуға алынып кеткендігі (Смагулов, Григорьев, Итенов, 1999:138) және жерасты мешітінің 
үстіне кеңестік кезеңде салынып, қолданыста тұрған басқа да қосымша құрылыстардың болуы 
қазба жұмыстарын толық жүргізуге кедергі келтіргендіктен, Т.Н. Сенигова кең көлемде 
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізе алмаған. Тек қана солтүстік-шығыс қабырғасының 
бойынан шығыс бағытта 3 траншея және солтүстік бағытта 3 траншея қазу арқылы негізгі 
қабырғаның бағытын және ол қабырғаның Л.А. Шмитд жасаған макетпен сәйкес келетінін анықтап, 
«Қылует» жерасты мешітінің ішкі бөлмелеріне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған 
керамикалық ыдыстарға жасалған сараптамалар бойынша ғимарат ХV-XVI ғасырларда салынған», – 
деген тұжырым жасайды (Сенигова, 1977:58). Осы археологиялық қазба барысында «Ғар» бөлмесінің 
ішіне де зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ол туралы Т.Н. Сенигова: «Төменгі жағында жер асты 
бөлмесіне кіреберіс орналастырылған – «Ғардың» диаметрі 75х90 см және тереңдігі 1,10 см сопақ 
құдық (люк) түрінде жасалған. Әрі қарай қорап тәрізді қабырғамен қоршалған ұзын дәлізбен 
жалғасып, кірпішпен қаланған төрт баспалдақ бар. «Ғарға» апаратын дәліз михраб тәрізді шығысқа 
бағытталған және 12 күйдірілген қыштан (кірпіштен) жасалған аркамен аяқталады. Арка ені екі 
кірпіш (55 см.). Дәліз арканың негізгі көлеміне орай 40 см. дейін тарылып, жоғарыға қарай 50 см. 
дейін көтеріле кеңейген. «Ғар» шаршы пішінді (1,34х1,34 м) және күмбезбен көмкерілген, еденіне 
күйдірілген кірпіш қаланған. «Ғардың» қарама-қарсы екі қабырғасының бұрышында кірпішпен 
қаланған бір-бір ойықшасы бар. Ойықтың биіктігі 50 см, ені 30 см. Ойық тереңдігі 25-27 см. 
(Сенигова, 1977:48-50), – деген анықтама береді. 
Т.Н. Сенигова объектінің сыртқы қабырғаларына толық археологиялық қазба жұмысын 
жүргізбеуі, ғимараттың салынған кезеңін дәл анықтауға мүмкіндік бермеді. Археологиялық қазба 
кезінде табылған заттарға сараптама жасай отырып, Т.Н. Сенигова ғимараттың жасын ХV-XVI 
ғасырлар деп қате тұжырым жасайды. Ғимарат ішінен табылған ХV-XVI ғасырларға тән ыдыстар 
«Қылует» жерасты мешіті сол дәуірден бері жұмысын тоқтатпағанының дәлелі болса керек. 1972-
1973 жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына талдау жасай отырып, 1979 жылы 
археологиялық зерттеу жүргізген Е. Смағұлов, А.Л. Шмидт макеті бойынша «Үлкен Қылует» кешені 
әртараптандырылған бөлмелер арқылы құрылатынын, оның екі құрылыс кезеңінен тұратынын 
анықтады. 
1979 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында «Қылует» жерасты 
мешіті бүкіл қабырғалары биіктігінің жартысына жуығы жер астында орналасқандығы айтылған. 
Дегенмен, «Қылует» жерасты мешіті алғашқы нұсқасында жартылай жер асты құрылымы ретінде 
салынған ба, әлде оның айналасында сақталған мәдени қабаттың өсуіне байланысты қабырғалары 
жартылай жерге көмілген бе деген сұраққа жауап берілмейді. Бірақ, осы зерттеу барысында 
Қожа Ахмет Ясауидің пайғамбар жасына жеткен соң, жерастына түсіп, өмірінің соңына дейін 
сонда мінәжәт еткен «Ғар» бөлмесі ХІІ ғасырда соғылған болуы мүмкін деген пікір айтылады. 
«Халық аңызы бойынша «Қылуеттің» ең ежелгі бөлмесі және дәл сол жерде Қожа Ахмет Ясауи 
қайтыс болғанға дейін өмір сүрген деп саналатын «Ғар» №1 мешіт және №2 дәліз бөлмелерінде 
(1 сурет) еден астында орналасқан. Яғни, оның құрылысын XII ғасырға жатқызуға болады» 
(Смагулов, Григорьев, Итенов, 1999:141). 
1979 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде Е. Смағұлов «Қылует» жерасты 
мешітінің негізгі бөлмесі болып саналатын № 6 (1 суретте) жалпы жиналыс жасалатын үлкен 
залдың жайпақ төбесінің белағаштары он алты бағаналарға сүйелетінін және ол бағаналардың 
Түркістандық әсем өрнектермен бедерленгенін, ол бағаналардың түпнұсқасы қазіргі кезде Ташкент 
өнер музейінде экспозицияда тұрғаны туралы Г.А. Пугаченкованың «О резных деревянных колоннах 
XIV-XV и. И Туркестане» (Пугаченкова, 1948) атты еңбегіне сілтеме жасайды. 
Осы үлкен залға жалғастырыла құрылыстың екінші кезеңі салынған, сондықтан үлкен залдың 
батыс қабырғасынан кіру есігі орналастырылған. Құрылыстың екінші кезеңіне № 9-18 бөлмелер 
(1 сурет) жатады. Бұл бөлік негізінен шаруашылық бөлмелер болып табылады. Бұл бөлмелерге 
жүргізілген қазба жұмыстары барысында анықталғанындай екінші кезең құрылыстарының өзі бір 
мезгілде салынбаған. Себебі, зерттеу жұмысының жазбаша есептеріне қарағанда әр бөлме еденінің 
деңгейі әртүрлі болып келеді. 
Екінші кезеңге жататын ғимарат бөлігінің үш бөлмесінен (№10,11,14) құдық орны, ал №14,15 
бөлмелерден суағар орны, №14 бөлмеден ошақ пен қазан орны, №13 бөлмеден №14 бөлмедегі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет