Отан тарихы №4 (96) 2021
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
219
Қазба жұмысы барысында анықталғандай «Мешіт бөлмесі мен «Ғардың» салыну уақыты екі
түрлі екендігі анықталған. Себебі, қазіргі жерасты мешіті қабырғаларының «Ғар»
қабырғаларымен
сәйкес келмеуі мешіт бөлмесінің кейін немесе бұзылған құрылыс орнына қайта салынғандығын
көрсетеді. Бұл туралы жазбаша есепте «Ең алдымен, «Ғар» қабырғалары мен оның үстінде
орналасқан «Мешіт» бөлмесі қабырғаларының бағыты біршама сәйкес келмеуі, олардың бір-
біріне (шамамен 15 градус) қиғаш бұрышта болуы назар аудартты. А.Л. Шмидттің макетінде де бұл
қабырғалар дәл солай сәйкес келмейді. «Ғар» үстімен Мешіттің оңтүстік-батыс қабырғасы өтеді.
«Ғар» қабырғасы мен Мешіт бөлмесі қабырғаларының сәйкессіздігі екі құрылыстың бір-біріне
салыну мерзімі жағынан қатысы жоқтығын көрсетеді» («Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музей қоры, Ф.6:1).
Негізгі археологиялық жұмыстар «Ғар» қабырғасының сыртқы жағынан жүргізілген. Қазба
жұмыстары үшін алғашқы тексеру жұмыстары кезінде (шурф) бір метрден аса тереңдікте қам
кесектен соғылған қабырға орны кездеседі. Бұл қабырға бойынша құрылыстың көлемі қазіргі
тұрған «Мешіт»
қабырғасынан бір метрдей кіші, бірақ, қазіргі қабырғамен параллель орналасқан,
яғни, «Ғар» қабырғасынан 15 градустай қиғаш. «Ғардың ең жоғарғы жаппасы бір метрдей төменде
орналасқан. Осы жерден «Мешіт» бөлмесінің күйдірілген қыштан қаланған едені де 15 градустай
қиғаш. Бұдан шығатын қорытынды қам кесектен соғылған мешіт қабырғасы да «Ғар» құрылысынан
кейін қаланғандығын көрсетеді. Бұл туралы М.Тұяқбаевтың «Археологические исследование в
Большом Хильвете» атты мақаласында «Қам кесектен соғылған қабырға, қазіргі тұрған «мешіттен»
бұрынғы мешіттің орны екендігінің, бірақ, «Ғар» бөлмесінен кейін салынғанының дәлелі»
(Тұяқбаев, 2011:42). Осы мақалада «Ғар» үстінде мешіттен бұрын басқа шаршы немесе шеңбер
формасында құрылыс болған, кейінірек ол құрылыстың орнына «Мешіт» XV ғасырларда салынған
болуы мүмкін деген пікір айтылады.
Жоғарыда келтірілген дәлелдер «Қылует» жерасты мешіті күйдірілген
қыштан Әмір Темір
заманында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылысы кезінде қайта салынған болуы мүмкін деген
ойға итермелейді. Бұл туралы М. Тұяқбаевтың «Археологические исследование в
Большом
Хильвете» атты мақаласында «Хильветтің күйдірілген кірпішпен қайта салынуы тимуридтік
кезеңге, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылысымен байланысты деп болжап отырмыз. Сол
уақыттарда «Зиярат» бағытына кесенеден басқа «Қылует» және Ахмет Ясауи тұрғын үйі (қазіргі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында орналасқан «Жұма мешіті» орны) және оның жақындарының
жерленген орындары кірді. Ұлы Темір де Ясауи есімімен байланысты жерлерге қызығушылық
танытып, толық бағдарлама бойынша зиярат жасауға ниетті болған. Зиярат кезінде қам кесектен
салынған «Қылуеттің» аянышты хәлін көріп қайта салғызуы мүмкін. Осылайша, «Мешіт» бөлмесі
еденінің қазіргі деңгейі түпнұсқадан 80 см
жоғары көтеріліп, ал «Ғар» тағы бір метрге тереңдей
түскен. «Ғар» құдығының (люгінің) қабырғасы жоғары қарай тоғыз қатар қышпен қосымша
қаланған. Мұны құдықтың (люктің) жарып көрсетілген кескінінен (2 сурет) оңай анықтауға
болады. «Ғар» кіреберісінің алдындағы алаңның қабырғалары тағы тоғыз қатар кірпіш қаланып
жоғары көтерілген және төрт жағынан бөренелермен қоршап, нығайтылған. Кіреберіс арканың
үстіне де белағаштар орнатылып, сол арқылы жоғарыдан болатын салмақты азайтуға тырысқан»
(Тұяқбаев, 2011:42).
«Ғар» үстіне салынған құрылыстардың жасын бұрынғы жүргізілген археологиялық зерттеулерде
анықтағанмен, «Ғар» бөлмесінің салынған уақытын анықтау өзекті мәселе болып қала берген еді.
Осы мақсатқа жету үшін 1996 жылы археологтар «Ғар» қабырғасының
сыртқы жағынан қазба
жұмыстарын жүргізеді. Қазба кезінде қабырға сыртынан топырақ арасынан керамикалық
бұйымдардың сынықтары табылған. Табылған заттардың бөліктеріне жасалған сараптама олардың
Х-ХІІ ғасырларға тән екенін көрсетеді. Сонымен қатар, «Ғар» қабырғалары қаланған шамамен
24х27 см. көлемдегі қыштар ХІ-ХІІ ғасырларда кеңінен қолданылған. Бұл туралы М. Тұяқбаевтың
«Археологические исследование в Большом Хильвете» атты мақаласында «Көлемі 24X27; 25X26;
26x26 см. болатын осындай кірпіштер Орта Азияның ХІ-ХІІ ғғ. көптеген ғұрыптық-мемориалдық
құрылыстарынан белгілі. Дәл осындай кірпіштер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі І-кезеңінің
қабырғаларын
салу кезінде пайдаланылған, олар XIV-XV ғасырлар аралығында кесенеге арнайы
жасалған ІІ-кезеңнің кірпіштерінен көлемінің кішілігімен ерекшеленеді. Құрылыстың бірінші
кезеңінде олар болашақ кесененің аумағына кіретін ескі ғимараттарды бұзып, қабырғалардың
төменгі бөліктерін салу үшін пайдаланды. «Қылует» құрылысы І кезеңіндегі кірпіштердің 24 см-
ден 27 см-ге дейінгі ауытқуларының себебі осында» («Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музей қоры, Ф.6:2).