Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/1814-6961_2021_4_213



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата13.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#82396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
-..--..--..--..--.

ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/1814-6961_2021_4_213
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ МАҢЫНДАҒЫ ҮЛКЕН «ҚЫЛУЕТ» ЖЕРАСТЫ 
МЕШІТІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ
М.Қ. Тұяқбаев
1
, Х.М. Тұрсұн
2
, М.С. Исаев
2*
, Б.Қ. Байболов
1

С.Т. Шаметов
1
1
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қазақстан, Түркістан қ.
2
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан 
*Aвтoр-кoррoспeндeнт
Е-mail: mukhtar.issayev@ayu.edu.kz (Исаев)
Түйіндeмe. Мақала ХІІ ғасырда іргесі қаланып ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін 
жұмысын жалғастырған, ислам әлемінде сопылық ілімнің қалыптасуынада өзіндік орны бар және 
ірі орталықтарының бірі болған «Қылует» жерасты мешітінің археологиялық зерттелуіне арналады. 
«Қылует» жерасты мешітінің тарихы мен қызметін, салыну жылдарын анықтауға байланысты 
зерттеу нәтижелерінің әртүрлі болуы, құрылысының бірнеше мәрте өзгеруі, жетілдірілуі нақты 
кезеңін анықтауда қиындықтар туғызды. Жерасты мешіттерінің тарихы мен салыну мерзімін анықтау 
аталған құрылыстардың типологиялық функциясын дәл қорытындылауға мүмкүндік береді.
«Қылует» жерасты мешіті туралы тарихи деректерді талдау мен сараптаудың тарихи-
салыстырмалы және тарихи-типологиялық, индуктивті талдау әдісітері бойынша жүргізілді. 
«Қылует» жерасты мешітінің қызметі мен салыну кезеңіне қатысты деректерді, ғылыми 
тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған салыстыру, талдау тәсілдеріне басымдық 
берілді.


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №4 (96) 2021
214
«Қылует» жерасты мешіті туралы аңыз-әңгімелер көп болғанымен, ғылыми әдебиеттер 
мен әлем саяхатшыларының жазбалары, тарихи мәліметтер өте аз, тек 1972-1973 жылдардан 
басталған археологиялық зерттеулердің нәтижелері көне жәдігердің салынған мерзімі мен алғашқы 
түпнұсқаның қалпын анықтауға мүмкіндік берді. 
Археологиялық қазба жұмысының жинақталған нәтижелері саралана отырып, ғылыми айналымға 
ұсынылады.
Кілт сөздер: «Қылует», «Ғар», Қ.А.Ясауи, сопылық, мешіт, діни құрылыс.
Осы мақала ғылыми зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт 
министрлігі қаржыландыруымен, «BR10164268 «Қазақстандағы рухани жерасты мешіттерінің 
тарихы және «Қылует» жерасты мешітін музейлендіру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 
бағдарламасы аясында жүргізіліп, жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет