Ғылыми мақала



бет1/7
Дата15.12.2023
өлшемі260,5 Kb.
#138078
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
?ûëûìè ìà?àëà

Ғылыми мақала құрылымы

  • Куашова Динара

Ғылыми мақала дегеніміз не?

  • Ғылыми мақала – нақты ғылыми парадигма аясында жазылған және зерттеу тақырыбына байланысты мәселерді ашатын сұрақтарды қамтитын логикалық үйлесімді және аяқталған жұмыс

Ғылыми мақалалардың қандай түрлері бар?

  • Ғылыми мақалалар ұсынылған материалдардың сипаты бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
  • қысқаша хабарлама, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін немесе олардың кезеңдерін қысқаша (конспективті) баяндайды;
  • түпнұсқа мақала, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар барысында алынған негізгі нәтижелер мен қорытындылардың толық мәлімдемесінен тұрады;
  • шолу мақаласы, онда белгілі бір саладағы жетістіктер жинақталады, қазіргі уақыттағы немесе болашақта даму жетістіктері көрсетіледі;
  • пікірталас мақаласы, баспаға жіберу алдында даулы ғылыми жағдайлар талқыланады.

Ғылыми мақалалардың қандай түрлері бар?

  • Шешілетін міндеттердің сипаты бойынша ғылыми мақалалар:
  • ғылыми-теориялық, онда пайымдау, теориялық негіздемелер, есептік деректер немесе тәжірибелердің нәтижелерінен тұрады. Олар зерттелетін құбылыстардың заңдылықтарын теориялық іздеуге және түсіндіруге арналған. Теориялық мақалалар кез-келген зерттеулер үшін негіз болып табылады. Көбінесе теориялық пайымдау арқылы іргелі заңдар ашылып, оларға сынақ және тәжірибелер жүргізіліп расталады. Қызығушылық танытқан нысанды тек қана теориялық әдістер арқылы ғана ашып көрсетуге мүмкіндік беретін салалар да бар.
  • ғылыми тәжірибелік, ғылыми тәжірибелерге және нақты сынақтарға арналған. Мұнда тәжірибелерді жүргізу әдістері немесе бақылау тәсілдері мен бақылау барысындағы көріністерді тіркеу сипатталады. Мұндай мақаланың міндетті бөлігі зерттеу нысанына тікелей жанасу және әсер ету үрдісінде алынған нәтижелерді баяндау және оларды түсіндіру болып табылады;

Ғылыми мақалалардың қандай түрлері бар?

  • Шешілетін міндеттердің сипаты бойынша ғылыми мақалалар:
  • ғылыми-әдістемелік, ғылыми немесе қолданбалы міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін үрдістерді, әдістерді, құралдарды шолуға арналған. Көбінесе, жаңа әдіснаманы қалыптастырудың алдында толыққанды ғылыми жұмыс жүреді, оның нәтижелері жаңадан анықталған заңдылықтар негізінде дәлірек әдістеме жасауға мүмкіндік береді. Мұндай мақалалар кейіннен анықтамалық жинақтар құру үшін негіз ретінде таңдалуы мүмкін;
  • шолу, онда кез-келген тақырып, оқиға туралы жалпы ақпарат беріледі, талдау жасалады, мәселеге назар аударылады.
  • Сонымен қатар, мақалалардың техникалық немесе гуманитарлық ғылымдар саласына жататындығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін екенін түсіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет