«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны


-кесте. Педагогикалық зерттеулер әдістері



бет89/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   152
Байланысты:
gpza daris 2023

9-кесте. Педагогикалық зерттеулер әдістері



Теориялық әдістер

Эмпирикалық әдістер

Теориялық анализ және синтез

Іс-әрекет нәтижесін (оқушылар мен мұғалімдердің) зерделеу
Байқау

Абстракциялау және дәріптеу (идеализация)

Әдебиеттерді, құжаттарды зерделеу.

Модельдеу

Педагогикалық тәжірибені зерделеу және жинақтау




Тәжірибелік жұмыстар
Эксперимент




Анкета
Сауалнама
Эксперттік бағалау әдісі

Эмпирикалық зерттеу әдістері зерттеу мәселесі бойынша деректерді жинақтау кезеңінде, сонымен қатар алынған қорытындыларды тексеру және нақтылау кезеңінде қолданылады.


Теориялық зерттеу әдістері фактілердің мәнін түсіну және теория құру кезеңінде пайдаланылады.
Қазіргі кезде ғалымдар дидактикалық зерттеулерде қолданылатын салалап жіктеуге байыпты көңіл аударып жүр. Салалау - ғылыми білімді ұсынудың кең тараған әдісі. Салалауды қолдану ғалымнан ғылыми-зерттеу мәдениеті саласында қажетті ғылыми дайындықты және кәсібилікті, білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды пайымдай білуді талап етеді (А.В. Коржуев).
Оқу үдерісінің ғылыми ізденістерімен байланыс әдістеріне экспериментке, ықтималдықтар теориясына, рәсімдеу теориясына, болжамдау заңдылықтарының статистикалық сипаттары мен заңдылықтарына, сол сияқты териялық модельдерді нақты оқу үдерісінде қолдану жодарына елеулі назар аударылады.
Тенденциялар мен құбылыстар туындайтын болжау және озық жүру білім беру саласындағы жобалау секілді әдістермен тығыз байланысты. Бұл әдіс ғылыми-техникалық салада (мысалы, космонавтикада), архитектурады және дизайнде т.б. кеңінен қолданылады. Жобалау әдісі, белгілі бір бағыт және алынған нәтиженің дәлелділігі бойынша ғылыми ізденісті толық көруді қамтамасыз ететіндіктен, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу үдерісіне енгізіледі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін таңдаудың келесі ұстанымдарын меңгеру, оның ішінде дидактикалық, оның қолдану нәтижелілігін көтереді:

  • зерттеу әдістерінің жиынтық ұстанымы;

  • зерттеліп отырған құбылыстың мәніне орайласқан, зрттеушінің мүмкіндігінше алынуы болжанған нәтиженің әдістерінің барабарлық ұстанымы;

  • зерттеушілерге сыналушыға, оқу-тәрбие үдерісіне зиян келтіретіндей, адамгершілік нормаларға сәйкес емес зерттеу әдістерін, экспериментті қолдануға тиым салу ұстанымы.

Зерттеу әдістері: 1) олардың нәтижелеріне бір мезгілде ықпал етуші факторлардың көптігінен дидактикалық үдерістердің бір мәнділіке сәйкессіз өтуі,; 2) зерттелуші дидактикалық үдерістердің сыртқы түрінің олардың нәтижелеріне бірмезгілде ықпал ететін ұқсас сияқтылығына, қайталанбайтындығымен, сипатталады.
Әдістерді таңдау көбіне жұмыстың қандай жолмен жасалуына (эмпирикалық немесе теориялық), зерттеудің сипатына (әдіснамаліқ, теориялық, қолданбалы), оның соңғы және аралық міндеттерінің мазмұнына қарай анықталады. Соңғысы көбіне зерттеудің мазмұндық, нысандандырылған, сапалық және сандық, аналитикалық және синтетикалық, түсіндірмелік және жобалаушылық элементтерінің қатынасын анықтайды. Бірақ бұл қатынастар дидактика мен оған жақын ғылымдардың әдістемелік қоймасының (арсенал) жасақталуына тәуелді. Кезкелген әдістің жүзеге асатын нақты мазмұны оның зерттеу жүйесіндегі орнына және оның жүргізілу шарттарына байланысты. Бірдей әдістер (арнайы жағдаят туғызу, байқау, сұрау, жобалу, модельдеу және т.б.) зерттеудің нақты мәтінінде әртүрлі мағынаға ие болады, әртүрлі мақсатқа қызмет етеді (болжамды эксперименттік тексеру, фактілерді айқындау және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет