«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны



бет88/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   152
Байланысты:
gpza daris 2023

10. Давыдов В.П. Методология и методика педагогического исследования: Учебное пособие. - М.: Логос, 2006. - 128 с.
11. Егоров В.В., Скибицкий Э.Г. Организация и технология научного исследования. – Новосибирск: ОАО «Новосибирское книжное издательство», 2006. - 426 с.
12. Мардахаев Л.В. Магистерская диссертация: подготовка и защита: учебное пособие. – М№: Издательство РГСУ, 2013. 106 с.

17-18 дәріс. Тақырыбы: «Педагогикалық зерттеудің әдістері. Әдістерді жіктеу. Зерттеу әдістерін таңдау өлшемдері (дәріс-әңгіме)
Дәрістің мақсаты: Студенттерде зерттеу тақырыбына сәйкес әдістердің әлеуетін анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Дәрістің негізгі терминдері: зерттеу әдістерінің әлеуеті, зерттеу әдістерін таңдау өлшемдері.


Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Педагогикалық зерттеу әдістерін таңдау өлшемдері.
2. Педагогикалық зерттеу әдістерін таңдау алгоритмі.
3.Педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктемесі

Бүгінгі күні зерттеу қызметін ұйымдастыруда білім мен біліктерді меңгеру мәселесі әрбір мұғлім, әрбір басшы үшін ерекше көкейкесті болып отыр, себебі педагогикалық ұжымдардың көпшілігі тек оқу үдерісін жетілдірумен ғана емес, сонымен қатар инновациялық технологияны қолданып және жасаумен де айналысады.


Еліміздің көптеген мектептерінің базасында эксперименттік білім беру алаңдары құрылған. Эксперименттік білім беру алаңдары жалпы мектептерден оқытудың жаңа мазмұнының, педагогикалық қызметтің жаңаша әдіс-тәсілдерінің жобалап, жүзеге асыруымен ерекшеленеді және білім беру үдерісінің жаңа формалары іздестіріліп, сәйкес диагностикалық жүйе жобаланып, сынақтан өткізіледі (8-кесте).
8-кесте. Дидактикадағы әртүрлі ізденістер үшін классификациялық белгілер (В.М. Полонский бойынша)



Зерттеудің түрі

Зерттеу міндеттері

Зерттеу нәтижелері

Зерттеу мекен-жайы

Басылым түрі

Іргелі

Даму
Ғылыми тұжырымдама жасақтау
Дидактикалық жүйе

Идея
Болжам
Заңдылық
Тұжырымдама

Ғылыми қызметкерлер
Педагогика кафедрасының оқытушылары
Әдіскерлер

Мақала
Ғылыми есеп
Монография
Диссертация

Қолданбалы

Даму
Әдістемелік ұсыныстар дайындау

Ережелер
Ұсыныстар
Әдістер
Талаптар
Әдістемелік жүйе
Критерий
Шарттар

Мұғалімдер
Әдіскерлер
Мектептен тыс мекемелер қызметкерлері

Мақала
Ғылыми есеп
Диссертация
Дидактикалық немесе әдістемелік құрал



Жасалымдар

Даму
Нақты нұсқаулар жасау

Алгоритм
Құралдар
Ереже
Ұсыныс
Әдістемелік жүйе

Мұғалімдер
Оқушылар
Білім беру ұйымдарының жетекшілері

Оқулық
Бағдарламалар
Есептер жинағы

Дидактикаық зерттеудің әдістерінің мәні мен атқаратын қызметі неде? Жеке және ұжымдық ғылыми ізденіске қатысушылардың қолданатын әдістері қандай?


Зерттеу әдістерін объективті шынайылықтың жолдары мен тәсілдері деп түсінген дұрыс. Әдіс-тәсілдердің көмегімен әрбір ғылым зерттеліп отырған нысан туралы ақпаратқа қол жеткізеді, талдайды және алынған мәліметтерді жинақтайды, оларды белгілі білімдер жүйесіне енгізеді. Жалпы дидактика зерттеу пәніне: дидактикалық жүйені зерделеу, мақсаттары, үдерістердің мазмұны, ұстанымдар, әдістер, сонымен қатар оқыту құралдары сияқты маңызды жақтарына байланысты мәнін ашу үшін әдістер жүйесін пайдаланады. Сонымен бірге дидактика педагогикалық зерттеудің барлық эмпирикалық және теориялық деңгейге топталатын негізгі әдістерін пайдаланады (9-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет