«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны


-дәріс. Педагогикалық зерттеудің мәселесін анықтаудың және тақырыбын таңдаудың алгоритмі



бет97/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   152
20-дәріс. Педагогикалық зерттеудің мәселесін анықтаудың және тақырыбын таңдаудың алгоритмі


Дәрістің мақсаты: Студенттердің ғылыми-педагогикалық зерттеу мәселесін таңдай алу дағдыларын дамыту.
Дәрістің негізгі терминдері: зерттеу мәселесі, зерттеуді мақсаты, зерттеу міндеттері, зерттеу болжамы.


Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсат міндеттерін айқындау.
2. Зерттеудің ғылыми аппараты мен логикасының құрылымы
3. «Дидактикалық зерттеудің нысаны» және «Дидактикалық зерттеудің пәні» ұғымдарының интерпретациясы


Педагогикалық зерттеудің мәселесін анықтаудың және тақырыбын таңдаудың алгоритмі. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап береміз: келешекте айналысатын мәселеміз қалай аталады? тақырыпта бұрынғы білімнен жаңа білімге қарай қандай қозғалыс көрініс табады, яғни, бір жағынан, тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендіріледі, ал басқа жағынан – қандай жаңа танымдық және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді?
Тақырыпты дұрыс таңдау көп жағдайда оның орындалу сапасы мен нәтижесін анықтайды. Зерттеудің кез келген тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытта орындалады. Ғылыми бағыт негізінде ғылым немесе ғылым кешені түсіндіріледі, техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т. б. салаларда зерттеу жүргізіледі.
Зерттеудің ғылыми аппараты мен логикасының құрылымы:
- зерттеушінің алғашқы қадамы – зерттеудің нысандық саласын таңдау, яғни шешімін табуға тиісті маңызды мәселелер жинақталған болмыс саласын таңдау Зерттеу нысанын таңдау мынадай шыеайы өлшемдермен сипатталады: оның маңыздылығы, шешілмеген мәселелердің болуы, жаңалығы және өміршеңдігі. Сондай-ақ, зерттеу нысанын таңдауға ықпал ететін субъективтік себептер де бар: зерттеушінің білімі, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, икемділігі, қызығушылығы, зерттеу нысанының практикалық әрекеттің бағыттарымен, ғылыми ұжыммен, ғылыми жетекшімен байланысы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет