«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет1/150
Дата07.10.2024
өлшемі0,64 Mb.
#147094
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
Дәрістер


«ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ


1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы» оқу курсын пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті. Педагогикалық зерттеуге кіріспе: белгілері мен түрлері. Студенттердің оқу-зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар».
(шолу дәріс).
Дәрістің мақсаты: Студенттерге таным және ғылыми таным әрекетімен таныстыру негізінде зерттеу әрекетінің құрылымын және алгоритмін меңгерту.
Дәрістің негізгі терминдері: таным, ғылыми таным, таным теориясы, әрекет, зерттеу әрекеті, педагогикалық зерттеу, оқу-зерттеушілік әрекет.


Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы» оқу курсына кіріспе: пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті
2. Ғылым және ғылыми танымның кезеңдері.
3. Педагогикалық зерттеу туралы ұғым.
4. Зерттеушілік ізденістің көздері мен шарттары
5. Студенттің оқу-зерттеушілік әрекеті. Қазақстанда таным теориясының дамуы.


«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы» оқу курсына кіріспе: пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті

Оқу курсының түрі (элективтік) және оның мақсаты (ББ-дағы курстың рөлі мен орны): Таңдау компоненті, ЖБТ 2- практикалық педагог-психолог. Ғылыми жұмыс логикасын меңгеруге және барлық теориялық тұрғыдан алынған білімді тәжірибеде, экспериментпен ұштастыра қолдануға мүмкіндік береді.


Пәннің мазмұны: пән мазмұнына студенттердің ғылыми-педагогикалық зерттеу саласындағы замануи түсініктері, зерттеудің теориясы мен әдістемесі, зерттеу бағыттары, зерттеу құралдарына қойылатын талаптар туралы ғылыми білімдер енеді.

Пәннің мақсаты: студенттерді мектептегі ғылыми-зерттеушілік және оқу-зерттеушілік жұмысты басқаруға дайындау, оларды дипломдық жұмыс саласында зерттеу жобасын құруға бағыттау. «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері» ғылыми-педагогикалық пәндерді меңгерудің жалғасы болып табылады және ол педагогикалық қызметте студенттердің кәсіби сауаттылығын, біліктілігін, кәсібіи мәденеитін дамытуға, магистратураға түсуге даярлануына бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет