«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет4/150
Дата07.10.2024
өлшемі0,64 Mb.
#147094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Ғылым және ғылыми зерттеу.
Ғылым деген не, оның қандай мәселеге арналғаны, ғылым саласында қалай сауатты, тиімді жұмыс істеуге болады деген мәселе - ғылыммен айналысқысы келетін әр зерттеушіге өте маңызды, себебі мұндай сұрақтарға жауап табу оған ғылымның әр адам өміріндегі, қоғамдағы маңызын сезінуге, мәнін түсінуге, сонымен қатар оның жүзеге асырылуының сатылары мен тетігін түсінуге көмектеседі.
Ғылым танымның үйреншікті, діни, мифологиялық, көркемдік философиялық сияқты әдістерінен қоршаған ортаны пәндік және нысандық жағынан тану тәсілімен ерекшеленеді. Әлемді адам әрекетінің ажырамас бөлігі танымның көмегінсіз, одан бөлек практикалық және рухани жағынан өзгерту мүмкін емес.
Ақиқат болмысты ғылыми тұрғыдан танудың қажеттілігі оның адамзат үшін пайдалы жетістіктерге бағытталуымен түсіндіріледі. Қазіргі инновациялық даму ашылған ғылыми жаңалықтардың өркениеттілік іс-әрекеті үшін тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ғылым -техника – өндіріс» үштігінің қалыптасуының қажеттілігін қажет етеді. Ғылымның анықтамалары өте көп, екі жүзден кем емес екендігі оның мағынасы мен атқаратын қызметінің түсінуге күрделі екендігін айқындайды.
Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады. Ғылым - білімдер жасау, алу мақсатындағы әрекет, жұмыс. Ғылым саласындағы әрекет - ғылыми зерттеу. Бұл ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін объектілері туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған. Оның нәтижелері ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжамдар жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Ғылымның басты параметрлері мен белгілері төмендегі 1-кестеде көрсетілген. Көрсетілген параметрлер мен белгілер негізінде ғылым туралы түсінікті анықтаймыз.
Ғылым - тарихи жағдайда пайда болған, яғни цивилизацияның қалыптасуымен байланысты қоршаған ақиқатты тануды қамтамасыз ететін, оның тиімді негізде жетілуі және адамның кезкелген әрекетін орындау барысында тиімді шешім қабылдауды ұйымдастыратын және тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін жұмсай отырып, арнайы инструментарий - эмпирикалық тәжірибе мен тексеруге сүйенген ойлау амалдарын жетілдірудегі тамыры терең адамзат әрекетінің аумағы.
ХХ ғасырда ғылым адамзаттың ең жоғары құндылығы болып табылады. Сциентизм (лат. scientia — білім, ғылым), ғылымдағы дүниеге мәдени көзқарас тұрғысынан мойындай отырып, ғылымның рөлін абсолюттендіреді, ғылыми критерийлерді адамзаттың дүниемен қарым-қатынасының барлық түріне тарата отырып, жаратылыстану және техникалық ғылымдар әдістеріне, математикаландырылған жаратылыстануға сүйенуді ықпалды түрде талап етеді. Оны жақтаушылар тұрмыс пен оралымды жайлылықты, басқарылымды, адам өміріндегі жетістіктерді көтеретіндей етіп өзгертуді ұсынады және ғылымның адамзат өміріндегі экономикалық, әлеуметтік-саяси мәселелерді шеше алатынына сенеді.
Антисциентизм оған қарама-қарсы көзқарасты ұстайды. Ол ғылымның, ғылыми жаңалықтардың (ғылыми инновацияның) бәрін тегіс қамти алатындығындай мүмкіндігіне сенімсіздік танытады, ғылыми-техникалық революцияның зардаптары мен технократия қауіптерінен сескенеді және адам өміріндегі адамгершілік, өнер, діни, рухани құндылықтардың, адамның сезімі мен күйзелістерінің маңыздылығын алға тарта отырып, дәстүрлі құндылықтарға, іс-әрекет амалдарына қайтып оралуды талап етеді.
Жеке білім тұжырымдамасының авторы М. Полани сциентизм адамның ақыл-ойын шіркеуден де артық тұйықтап, тіпті маңызды ішкі сенімдерімізге де орын қалдырмастан, терминдермен қымтап тастауы мүмкін екенін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет