1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы» оқу курсын пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті. Педагогикалық зерттеуге кіріспе: белгілері мен түрлері. Студенттердің оқу-зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар». (шолу дәріс). Дәрістің мақсаты: Студенттерге таным және ғылыми таным әрекетімен таныстыру негізінде зерттеу әрекетінің құрылымын және алгоритмін меңгерту.
Дәрістің негізгі терминдері:таным, ғылыми таным, таным теориясы, әрекет, зерттеу әрекеті, педагогикалық зерттеу, оқу-зерттеушілік әрекет.
Дәрістің негізгі сұрақтары: 1. «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы» оқу курсына кіріспе: пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті 2. Ғылым және ғылыми танымның кезеңдері. 3. Педагогикалық зерттеу туралы ұғым. 4. Зерттеушілік ізденістің көздері мен шарттары 5. Студенттің оқу-зерттеушілік әрекеті. Қазақстанда таным теориясының дамуы.
«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы» оқу курсына кіріспе: пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті
Оқу курсының түрі (элективтік) және оның мақсаты (ББ-дағы курстың рөлі мен орны): Таңдау компоненті, ЖБТ 2- практикалық педагог-психолог. Ғылыми жұмыс логикасын меңгеруге және барлық теориялық тұрғыдан алынған білімді тәжірибеде, экспериментпен ұштастыра қолдануға мүмкіндік береді.
Пәннің мазмұны: пән мазмұнына студенттердің ғылыми-педагогикалық зерттеу саласындағы замануи түсініктері, зерттеудің теориясы мен әдістемесі, зерттеу бағыттары, зерттеу құралдарына қойылатын талаптар туралы ғылыми білімдер енеді.
Пәннің мақсаты: студенттерді мектептегі ғылыми-зерттеушілік және оқу-зерттеушілік жұмысты басқаруға дайындау, оларды дипломдық жұмыс саласында зерттеу жобасын құруға бағыттау. «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері» ғылыми-педагогикалық пәндерді меңгерудің жалғасы болып табылады және ол педагогикалық қызметте студенттердің кәсіби сауаттылығын, біліктілігін, кәсібіи мәденеитін дамытуға, магистратураға түсуге даярлануына бағытталған.