«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет145/150
Дата02.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89184
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150
Байланысты:
« ылыми-педагогикалы зерттеулерді діснамасы» П ні бойынша д р (1)

- кәсіби іс-әрекет (А. Е. Абылқасымова, М. С. Молдабекова);
- педагогикалық шығармашылық іс-әрекет (В. И. Скляной);
- зерттеушілік іс-әркет (Н. В. Кухарев, А. И. Кочетов. А. Сыздыкбаева, А. Жексембинова т. б.);
- педагогикалық мәдениет (А.А. Молдажанова);
- ғылыми шығармашылқ іс-әрекет (Я.А. Пономарев және т. б.);
- педагогтің әдіснамалық мәдениеті (В.А. Сластенин, В. Э. Тамарин, т. б.);
- педагогикалық ойлау іс-әрекеті (Ю.Н. Кулюткин, Г. С. Сухобская. Ж.Е. Сарсекеева);
- кәсіби-зерттеу мәдениеті (З.А. Исаева, Р.Ч. Бектурганова, А.А. Булатбаева және т. б.);
- зерттеу жұмысының құралы (П.Т. Приходько, Г. Б. Омарова. А. Казиева, );
- кәсіби құзіреттіліктің даму деңгейі (А.К. Маркова, А.К. Мынбаева. т.б.);
- кәсіби мәдениет (В.А. Сластенин және т. б.);
- әдіснамалық ойлау (О.С. Анисимов);
- педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру (К.М. Варшавский. Т. И. Саломатова);
- оқыту үдерісіндегі зерттеушілік іс-әрекет (Т.И. Шамова. Е.С. Оналбеков, және т. б.);
- инновациялық іс-әрекет (Л С. Подымова, И.И. Цыркун және т. б.);
- технологиялық іс-әрекет (Г.К. Селевко);
- педагог менталитетін құраушысы (Б.Г. Гершунский және т. б.);
- рухани мәдениеттің құрамды бөлігі (Е.И. Артамонова, Г.М. Кертаева, т. б.). [1; 2; 3].
Педагогикалық мәдениет – тәрбие мен білім берудің рухани және материалдық құндылықтары кең көлемде көрініс табатын, тәрбие білім беру үдерісін жүзеге асыратын, тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар алмасуының тарихи үрдісін қамтамасыз ететін шығармашылық іс-әрекеттер әдісі, жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі.
Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысында болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің интеграцияланған көрсеткіштерін ұсынады: педагогикалық іс-әрекет қажеттілігі мен сұранысының мазмұны; мамандықтың маңызы туралы білім деңгейі мен мұғалімнің кәсіби рөлі, педагогикалық мәселелерді шешу деңгейі және т. б.
ХХ ғасырдың соңындағы көптеген педагогикалық зерттеулер болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесіне арналады. М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, В.А.Пономаренко және т. б. ғалымдар «Даярлау – қандай да бір іс-әрекетті нәтижелі орындаудың алғышарты, іргетасы» деген анықтаманы береді. Сондай-ақ, ғалымдар мұғалімдерді педагогикалық іс-әрекетке даярлаудың құрылымын көрсетеді: мотивациялық, бағыттылық, операциялық, жігерлік, бағалау. Авторлар психологиялық даярлаудың құрылымын, жолдарын тереңірек зерттейді.
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен: В.Н. Литовченко, В.Н. Намазов, Н.С. Амелина, П.Ф. Кравчук, Г.М. Храмова, П. Часакбай, Р.Ч. Бектұрганова, С.П. Арсенова, Л.Ф. Авдеева, Г.В. Никитина және т. б. ғалымдар айналысуда.
Ғалым О.А. Абдуллина «Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования» атты ғылыми жұмысында бірінші және соңғы курс студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына даярлаудың кезеңді жұмысын ұсынады. Бірінші кезеңде студенттерді кафедраның, жоғары оқу орнының, жеке мұғалімдердің жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарымен, мазмұнымен, мақсаттарымен, бағыттарымен таныстырады. Екінші кезеңде оқу-тәрбие үрдісінде жекеленген пәндер бойынша зерттеу жұмысы ұйымдастырылады, студенттер алғашқы зерттеудің қыры мен сырын меңгереді. Үшінші кезеңде жеке немесе ұжымдық топтық зерттеу жұмыстары жүргізіледі, педагогикалық практика кезеңінде студенттер тікелей ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді, сынақтан өткізеді, нәтижесін бағалайды, тұжырымдар жасап, ғылыми болжам ұсынып, ғылыми жоба жарыстарына қатыса алады.
Қазіргі кезеңде жалпы қоғам талабына сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмысын жаңа бағытта жүргізу қолға алынуда. Жалпы мұғалімнің зерттеу іс-әрекеті төмендегідей логикалық байланыста құрылады: рефлексия – ғылыми зерттеу – практика – рефлексия.
В.Б. Бондаревская, Л.Л. Горбунова, Г.С. Сухобская, Л.Н. Маркина, А. И. Кочетов, М.Н. Станкин, А.С. Сиденко, В.И. Загвязинский, Н.В. Кухарев, Н.Л. Селиванова және т. б. ғалымдар зерттеу жұмысын жаңадан бастаған жас мамандарға әдістемелік нұсқаулар, кеңестер береді. Мәселен, ғалым В.Б. Бондаревская ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің төмендегідей іс-әрекеттік алгоритмін ұсынады: тақырып таңдау, жұмыс жоспарын құру, жұмыстың мақсат-міндеттерін анықтау, зерттеу тақырыбына байланысты библиографиялық көрсеткіштер тізімін жасау, зерттеудің нақты әдісін таңдау, зерттеу жүргізу, эксперимент нәтижесін өңдеу, қорытынды жасау т. б.
Г.С. Сухобская, Л.Л. Горбуновалар өз зерттеулерінде мұғалімнің құрылым-әдістемелік іс-әрекетінің зерттеу іскерліктеріне мазмұнды сипаттама береді:
- оқушының қиындықтарын алдын-ала болжай алу және ол қиындықты болдырмайтын не оңай шешетін тапсырмалар құрастыра алу;
- оқушының іс-әрекетті жобалай және бағалай алуы;
- оқушы шығармашылығын ынталандыра алуы;
- пәнге қызығушылық танытатын оқушымен жеке жұмыс жүргізу;
- үлгермейтін оқушылармен қосымша сабақ өткізу;
- оқушының іс-әрекетін бағалау өлшемін негіздеу және дұрыс таңдау;
- педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тарату, насихаттау:
- тақырыпқа байланысты әдебиеттерді дұрыс талдау;
- әдістемелік тақырыпқа байланысты жұмыстың мақсаты, міндеттерін анықтау;
- тақырып бойынша жұмыстың негізгі кезеңдерін анықтау;
- педагогикалық іс-тәжірибені талдау;
- жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі идеяларын тұжырымдау;
- эксперимент нәтижесін өңдеу;
- зерттеу нәтижесінде әдістемелік нұсқау, баяндама, мақала, ғылыми есеп, әдістемелік құрал даярлау.
Бұл зерттеудің ерекшілігі сол, мұғалім жәй әдіскер-сарапшы рөлінен, яғни, өзіне дейін белгілі әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге, өз оқушыларының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу тапсырмаларын өзі құрастыруы, мұғалім – жобалаушы – үйлестірушіге айналады. Мұғалім өз іс-тәжірибесін зерделей, ұдайы өзгерістер енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу барысында өз іс-тәжірибесін, өз іс-әрекетін жаңаша түрлендіріп, жаңаға бет бұрады, мұғалімнің жаңаны үйренсем, меңгерсем, қолдансам деген қажеттілігі артып, инновациялық даярлығын қалыптастырады.
Мұғалімнің әдіснамалық кеңістік аясындағы іс-әрекетінің зерттеушілік іскерлігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:
- педагогикалық мәселені қою және оны шешу жағдайларына талдау жасау (оқушыларды қатты толғандыратын мәселелерді бөліп қарастыру, оған ойша талдау жасау);
- ғылыми болжам жасау, болжам ұсыну, оның шешу жолдарын көрсету (оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатындай тапсырмалар құрастыру, оқушылардың есеп шығару, теорема дәлелдеуге өзіндік «жаңалық» ашуына жол салу және т. б.);
- мақсаты эксперимент жүргізу (өзгерген жағдайларға талдау жасау, әрдайым тиімді шешім ұсыну);
- жұмыс нәтижесіне талдау жасау, бағалау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тест алу;
- жұмысты тиімді бағалаудың жаңа өлшемдерін ұсыну, диагностикалық сараптама жасау.
Мұғалімнің зерттеу іскерлігін меңгеруі оның өз іс-әрекетіне жаңаша қарап, оқу-тәрбие үрдісіне оң өзгерістер әкелінуіне жол салып, мұғалімнің жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияны меңгеруіне жол салады. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысын мектептің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру құралына айналады. Педагогикалық ұжымда тек бір ғана мұғалім ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыспай, әрбір мұғалім, яғни, тұтастай педагогикалық ұжым өзекті мәселе төңірегінде (мектептің өзекті мәселесіне сәйкес) ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқаны орынды. Ғалым Г.Б. Омарова «Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысы мектептің - оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру құралы» атты ғылыми еңбегінде мектептің педагогикалық ұжымын ғылыми-зерттеу жұмысына даярлаудың нобайын ұсынады. Автор мектептің педагогикалық ұжымын ғылыми-зерттеу жұмысына даярлауды қалыптастыру критерийлерінің ең бастыларына мұғалімнің (ұжымның) ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне деген құлшынысын (ынтасын), зерттеу меңгеруі бойынша теориялық білім қорын, ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруін жатқызады.
Қазіргі кезеңде әрбір мектеп, педагогикалық ұжымда оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, жаңарту бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға қатысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілді:
- ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әдіснамасы: Г.И. Рузавин, В.П. Кохановский, В.С. Степин, В.И. Черников, К.Х. Рахматуллин, Г.Н. Волков және т. б.
- ғылыми-зерттеу жұмысының мәдениеті: И.Г. Герасимов, К.М. Варшавский, Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Д. Пельц және т. б. ;
- педагогикалық ғылыми-зерттеу мәдениеті: С.И. Архангельский, Ю.К. Бабанский, В.Г. Воробьев, Л.В. Занков, В.И. Загвязинский, А.И. Кочетов, Н.В. Кузьмина, Я. Скалкова, А.И. Пискунов, В.С. Черепанов, Г.И. Щукина;
- педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі: М.А. Данилов, Н.Д. Никандров, В.В. Краевский, М.Н. Скаткин, Б.С. Гершунский, Г.П. Щедровицкий, Н.Д. Хмель және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет