«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Диалектиканың сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналу заңы



бет25/150
Дата02.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89184
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   150
Байланысты:
« ылыми-педагогикалы зерттеулерді діснамасы» П ні бойынша д р (1)

Диалектиканың сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналу заңы кезкелген психологиялық-педагогикалық құбылыстарды олардың сапалық және сандық сипаттамаларының бірлігінде зерттеуді талап етеді.
Теріске шығаруды теріске шығару заңы ескіні алып тастау мен жаңаны орнату дамудың сатылы кезеңдерінде жүзеге асады, теріске шығарудың өзі прогрестің алғашқы сәті болып танылады.
Аталмыш қағидалардың әдіснамалық рөлі нақты психологиялық-педагогикалық зерттеуде диалектикалық логика арқылы көрініс береді. Диалектикалық логика пәнді жан-жақты, даму үстінде, тәжірибені ақиқат өлшемі ретінде қарастыруды талап етеді. Диалектиканың заңдары, категориялары, қағидалары нақты зерттеуде жалпы қағидалар ретінде басшылыққа алынады. Жалпы қағидалар негізінде жеке ұстанымдық талаптар қалыптасты. Олар: детерминизм ұстанымы; тұлғаның белсенді әрекеті ұстанымы; даму ұстанымы; тұлғалық және әрекеттік ұстанымы және т.б. Қарастырылған қағидалар психологиялық-педагогикалық зерттеудің алдын-ала әдістемесін, бастапқы теориялық тұжырымдамаларын, болжамдарын анықтай отырып, оның тікелей әдіснамасы болып табылады.
Нақты психологиялық-педагогикалық зерттеулердің жүргізілуіне мынадай әдіснамалық талаптар қойылады:
а) құбылыстар мен үдерістерді шын ақиқат жетістіктері мен кемшіліктерін, қиындықтарын көрсете отырып, сыни талдау қажет;
б) психология және педагогиканың теориясы мен практикасындағы жаңа идяларды сынақтан өткізуге әрекет ету керек;
в) ұсыныстардың практикалық бағыттылығын арттыру міндетті;
г) зерттелетін құбылыстар мен үдерістердің ғылыми болжамын, болашағын анықтаудың сенімділігін қамтамасыз еткен жөн;
д) ойдың нақты логикасын, психологиялық немесе педагогикалық эксперименттің тазалығын сақтау қажет.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары
Педагогика әдіснамасы зерттеушінің ғылыми жұмысына бағытталған. Сонымен бірге, педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады. Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет