Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет15/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   333
 

ӘӨЖ 375.4 

 

ТОҒЫЗҚҰМAЛАҚТЫҢ ЖACӨСПІРІМ ЛОГИКАСЫН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ 

МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 

 

ҚАЛИБЕК И.Н. 

Педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты 

Алматы университеті 

 

Тоғызқұмалақтың  қай жердің , қай ұлттың танымы мен болмысын аңғартатынын 



оның  ғасырлар  бойы  түзілген  мәдени-танымдық  сипаты  назар  аудартады.  Әрине, 

мұндай зияткерлік ойын бір күнде немесе белгілі бір уақыт кезеңінде пайда бола қалуы 

мүмкін  емес.  Тіпті,  оның  бастапқы  туындау  сәті  басқа  ойынмен  туыстас  болғанымен, 

белгілі  бір  дәуірде  қалыптасқан  өзге  этномәдени  мазмұндар  мен  сипаттардың  ойынға 

мүлдем басқа танымдық-философиялық қатпар енгізуі шынайы да, қисынды әрі тарихи 

жайт.Тоғызқұмaлақ  та  өзінің  түзілу  тарихында  түрлі  сипаттар  мен  тұрпаттарды  сіңіре 

отырып,  бүгінгі  толық  та  аяқталған  нұсқасын  қалыптағандығы  сөзсіз.  Біздің 

мақcaтымыз да - тоғызқұмалақтың мүмкіндігі мен болмысын қарастыра отырып, оның 

бойындағы  мәдени-танымдық  қырына  үңілу  және  ойынның  түпкі  сипаты  мен 

дүниетанымдық мазмұнын зерделеу. 

Тоғызқұмaлақты  түркі  халықтарының  ойлау  мәдениетімен  қатар,  олардың 

дүниетанымдық төлтума болмысы мен философиялық көзқарасын да танытатын тарихи 

дәйек екенін мойындауға болады. Ойынның мұндай танымдық қабілеті оның атаулары 

мен ережесінде, құрылымында, ішкі логикалық сипаты мен мазмұнында сақталған. 

Тоғызқұмaлақ  ойынының  атауы  белгілі  бір  дәрежеде  оның  болмысы  мен 

сипатына  жол  ашады.  Оны  түркі  халықтары  түрліше  атағанымен,  ойынның  негізгі 

сипаты мен тумысы сақталған, өзгергені сыртқы көрініске қатысты жағы ғана. Мәселен, 

қазaқтар  бертінірек  «тоғызқұмaлақ»  деп,  ал  қырғыздар  «тоғызкоргоол»  («коргоол»  - 

мoңғолша  «құмалақ»)  атағандарымен,  бұның  екеуі  де  «құмaлақ,  домалақ»  деген  ойын 

құралының сыртқы сипатын ғана білдіріп тұр. Ал Ақтеңіз жағалауындағы көшпелі түркі 

тайпалары  «тогузташ»  атағаны  да  мәлім  [1].  Бұл  ойынның  ішкі  мазмұнын  бұзбайтын, 

бар болғаны  ойынның ережелік мәніне емес, сыртқы тұрпаттық қасиетке тән атау екені 

көрініп тұр. 

Алайда,  ойынның  атауына  қатысты  жіті  назар  аудартатын  жайт  -  ХІХ  ғасырда 

қазақ-қырғыздар  тұрмысынан  жазба  қалдырған  ресейлік  этнограф  Г.С.  Загряжскийдің 

[2]  тоғызқұмалақты  «Тоғызaт»  атауымен  сипаттап  қалдыруында.  Біздің  ойымызша, 

ойынның осы атауы оның түпкі болмысына барынша жуық әрі шынайы.  

Тоғызқұмалақ  ойынының  құрылымына  зер  сала  отырып,  оның  салтаттылар 

өмірінен  ажырағысыз  мәдениеттен  хабар  беретініне  куә  боламыз.  Оның  үстіне  бұл 

ойынды  көшпелі  мәдениетке  телитін  зерттеушілер  аз  емес,  соның  бірі  –  Э.Мaккей. 

Ал,орыс  географы  әрі  этнографы  А.Н.Крacнов  [3]  Жетісу  қазақтарының  тұрмыс-

тіршілігін  зерттей  келе,  тоғызқұмалақ  ойынына  да  назар  аударып,  оны  көшермендер 

ойыны деп есептеді. 

Тоғызқұмалақ ойынындағы атаулар мен ұғымдар негізінен жылқыға, аңшылыққа 

және  көшпелі  бағдарға  (ориентир)  қатысты.  Отау  атаулары  қазақ,  қырғыз,  қарақалпақ 

халықтарында  сәл  өзгерістері  болғанымен,  әуелгі  тұтас  мазмұнға  барынша  жуық  әрі 

бірін-бірі толықтырады. 

Тоғызқұмалақ  ойынының  болмысынан  зерттеушілер  көшпелі  түркілердің  түрлі 

өмірлік  көрінісінен  бастап  [4]  көшпелі  қоғамның  саяси  сипатына  дейінгі  тірлік 

мазмұнын аңғаруда.  




22 

 

Алайда  тоғызқұмалақ  ойынын  тек  қана  түркілік  дүниетаным  мен  болмыстың, 



құндылықтың  көзі  ретінде  ғана  қарау  жеткіліксіз.  Аталмыш  ойынға  ежелгі 

математикалық ойлау жүйесінің де араласы бары аңғарылады. 

Логиканың [5] екі жары мың жылдан артық даму тарихы бар екені мәлім болса, 

тоғызқұмалақ  ойынының  тарихы  [6]  төрт  мыңжылдықты  қамтиды.  Демек,  түркі 

халықтары, соның ішінде қазақ халқы дұрыс ойлау тәрбиесін тоғызқұмалақ ойынымен 

бірге  бастады  деуге  толық  негіз  бар.  Алайда,  логика  ғылымы  педагогиканың  дұрыс 

ойлау  тәрбиесіне  жататын  зияткерлік  ойындарын  логика  ғылымының  тарихымен 

байланыстыруды 

әзірге 

қарастырған 

жоқ. 

Дегенмен, 



ғылыми 

орта 


мен 

тоғызқұмалақтану  ілімінің  ізденушілері  бұл  ойынның  баланың  ойлау  жүйесі  мен 

логикасын  дамытудағы  бірден  бір  рөлін  ашатын  пайымдары  мен  пікірлерін  беріп 

үлгерді. 

«Тоғызқұмалақтың орны бөлек. Бұл ойын адамды тапқырлыққа үйретеді. Миды 

шыңдайды» -деп ойынның психологиялық сипатын академик М.Жүргенов [7] келтірсе, 

«Тоғызқұмалақ  –  шахмат,  дойбы  ойындары  сияқты  адамнан  шыдамдылықты,  салқын 

қандылықты,  терең  және  логикалық  ойлауды  қажет  ететін  ақыл-ой  спорты»  -  деп 

спорттық  сипатын  ашады  ҚР  еңбегі  сіңген  жаттықтырушы,  спорт  шебері  С.Тілеубaев 

[8].  


Ал  «...бұл  ойынның  есебі  ерекше,  өзіне  ұқсас  ойындарға  қарағанда  анағұрлым 

күрделірек.  Оның  басты  себебі  –  тоғызқұмалақ  ойынын  немесе  оның  кейбір  жеке 

позицияларын  тақтаға  қарамай,  абстракты  түрде  ойлау  аса  қиын»  деп  зияткерлік 

ойынның ерекшелігін ашқан Т.Сұлтaнбеков пікіріне одан әрі «Тоғызқұмалақ  – әлемдік 

интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, 

логикалық ойлау өнері» - деген пайыммен тереңдете түседі, Қазақстан және Орта Азия 

фестивалінің 2 дүркін жеңімпазы, спорт шебері М.Шотaев [9]. 

Зияткерлік  ойын  болғандықтан  тоғызқұмалақ  ойыны  бала  логикасын  дамыту 

тетігі  ретінде  жалпы  логика  ғылымы  тұрғысынан  қарастырылуға  жатады.  Сол  себепті 

қазақтың  бұл  зияткерлік  ойынын  өспірім  логикасын  дамытуға  деген  әлеуетін 

қарастырмас  бұрын,  оның  қаншалықты  логикалық  үдеріске  қауқары  бар,  қаншалықты 

логикалық  инфрақұрылымдардың  қызметіне  мүмкіндік  беретін  ресурсы  бар  екендігіне 

назар аудару қажет. 

Жалпы  зияткерлік  ойындарға  тән  бірден  бір  талап  –  ойналу  кезіндегі  адамның 

ойлау  жүйесін  әрекетке  итермелейтіндей  белгілі  бір  логикалық  алгоритмдердің 

атқарылуы.  Бұл  жағынан  алғанда  тоғызқұмалақ  ойыны  да  осы  талаптан  шығатынына 

көз жеткізуге болады. Сол үшін логика ғылымы қарастыратын құрылымдардың іске асу 

мүмкіндігін  тоғызқұмалақты  ойнау  жағдайында  да  болатындығына  куә  болуымыз 

қажет. 

Тоғызқұмалақ  ойнаушы  логика  пәнінің  келесі  бір  формасы  болып  табылатын 

пайымды да меңгеруге мәжбүр. Пaйым – ойлаудың «молекуласы» ретінде мойындалған. 

Пайым  үдерісінде  белгілі  бір  нәрсе  мен  оның  қасиеті  арасындағы  немесе  нәрселердің 

арақатынасы  туралы  уәж  не  құпталады,  не  терістеледі.  Пайым  ойлау  формасының 

келесі  сатысы  болғандықтан,  барынша  күрделірек  ойлау  дағдысын  меңгеру  қажеттігі 

туады.  Тоғызқұмалақ  ойыны  кезінде  ойыншы  өзі  мен  қарсыластың  тарабын  бағалау 

кезінде  болсын,  болмаса  әлдебір  жүрісті  жүзеге  асырғанда  қабылдайтын  шешімінің 

дұрыстығына не бұрыстығына барынша көз жеткізіп барып әрекет етеді. Яғни, ойыншы 

санасында  міндетті  түрде  әрекетті  бағалау  не  құптау,  не    оны  терістеу  жолымен 

атқарылады.  Бұл  зияткер  ойыншыны  жағдайды  барынша  анық  әрі  дәл  бағалауға 

машықтандырады  да,  логикалық  форманың  құптау  мен  терістеу  арқылы  іске  асатын 

үдерісін әрбір жүріс сайын дұрыс ойлаудың көрінісіне айналдыруға итермелейді. Дұрыс 

ойламаған ойыншы ұтылыс табады және де ойын барысында логикалық пайымдаудың 

күрделі түрі жүзеге асатынын ескерген жөн. Өйткені, бір жүріске бірнеше ұғымдар мен 

оларға  жасалатын  амалдардың  қатысы  атқарылады:  қарсыластың  отауындағы  аттарын 




23 

 

иелену  салдары  ойыншыға  не  береді,  одан  арғы  ойын  барысы  қалай  болмақ  деген 



секілді бірнеше ұғымды қамтитын ойлау амалы пайымдау кезіне тән. Мұны «Бұл ойын 

қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі 

тез  артып,  тапқыштық  жағы  күшеймек»  деген  ғалым  С.Аманжолұлының  [10]  уәжі  де 

құптайды. 

Осыдан  барып  жас  ойыншыларда  математикалық  қатаң  логика  қалыптасады. 

Олар  өмірде  де  әрбір  қадамын  тоғызқұмалақ  жүрісіндегі  ойлау  формасына  салып, 

бағалауды  әдетке  айналдырып,  ақыры  ол  оның  темпераменті  мен  мінезіне  өзінің 

жағымды ізін қалдырары сөзсіз.   

Алайда,  тоғызқұмалақ  ойыны  барысында  ойыншы  ойынға  қатысты  ұғымдарды 

білумен  және  жағдайды  бағалаумен  шектеліп  шешім  қабылдамайды.  Жүріс  кезінде 

шешім  қабылдау  үшін  ойлау  жүйесінің  келесі  формасы  –  ой  тұжырымдау  үдерісі 

шешуші рөл атқарады. Логиканың бұл формасы алдыңғы ұғым мен пайымға қарағанда 

анағұрлым  күрделі.  Негізінде  шешім  қабылдаудың  өзі  -  тікелей  ой  тұжырымның 

салдары, нәтижесі.  Себебі, логика ғылымы ұғымды  – атом, пайымды  – молекула десе, 

ой  тұжырымдау  –  сол  ақыл-ой  қызметінің  өзі  болып  табылады.  Тоғызқұмалақшының 

ойын  барысында  іштей  жағдайды  талдауы,  өзіне  өзі  қарсы  сұрақ  қоюы,  жауап  іздеуі, 

дәйек  (аргумент)  қарастыруы,  болжауы,  дәлелдеуі,  бекерлеуі  мен  құптауы  тағы  басқа 

ойлау  әрекетінің  қандай  түрлері  болса  да,  жиналып  келгенде  оның  барлығы  -  ой 

тұжырымының көрінісі . Ой тұжырымы кезінде ойыншы қолда бар  білім мен біліктен 

жаңаша  тұжырым  жасап,  шешім  шығарады,  қандай  болса  да  нәтижелі  әрекет  етеді. 

Яғни,  ойыншының  бір  жүрісті  жүру  барысында  логиканың  үш  формасын  сатылай 

отырып,  атқарып  шығуына  тура  келеді.  Тоғызқұмалақшының  жүрісі  –  оның  ой 

тұжырымының нәтижесі болып табылады.  

Алайда,  зияткер  ойыншының  логикалық  әрекеті  ойын  барысымен  шектелмейді, 

ол  ойын  біткесін  де  барлық  жүрісті  қайтадан  талдап,  қай  жерде  қандай  жеңіс  пен 

жеңіліс  болғанын  сараптайды.Сөйтіп,  ой  тұжырымдау  үдерісі  ойын  біткесін  де 

жалғасын табады. Соның нәтижесінде өспірім ойыншы өзінің логикасын шыңдап, ойлау 

дағдысын  дамыта  түседі.  Соған  сәйкес  оның  мінезі  де  түрленіп,  ойыншыға  қажетті 

көріністе қалыптасады.  

Бұған  қоса  айтарымыз  –  тоғызқұмалақ  ойыны  нағыз  зияткерлік  ойындарға  тән 

логикалық формалардың барлық түрлері мен сатыларын қамтитын дұрыс ойлау жүйесі 

екеніне  көз  жеткіздік.  Сол  себепті  аталмыш  ойынды  бала  логикасын  өсіруге, 

машықтандыруға,  дұрыс  ойлауды  дағдыландыруға,  бекітуге  тұрақты  да  арнайы 

бағдарламамен пайдаланса – нұр үстіне нұр болмақ.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет