Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ



Pdf көрінісі
бет17/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

БИІК А. 

Педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты 

Алматы университеті 

 

Елбасының  2012  жылдың  желтоқсан  айындағы  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 

қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  атты  жолдауында  «Қазіргі  әлемде  жай 

ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі 

ең  озық  жабдықтармен  және  ең  заманауи  өндірістерде  жұмыс  жасау  машығын 

меңгеруге  дайын  болуға  тиіс.  Сондай-ақ  балаларымыздың,  жалпы  барлық  жеткіншек 

ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет.  Балаларымыз 

қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. [1] 

Отбасы тәрбиесі әрқашанда халықтың көпғасырлық педагогикалық идеялары мен 

тәжірибесіне  негізделіп  келген,  отбасының  түріне,  ата-аналардың  педагогтық 

мәдениетіне, отбасының хал-күйіне т.б. байланысты болған.  Баланы әлеуметтендіруде 

отбасы  тәрбиесінің  мәні  мен  маңызын  төмендетпей,  қоғамдағы,  әсіресе  жас  ұрпақ 

тәрбиесіндегі  отбасының  серіктесі  болған  мектептегі  түбегейлі  өзгерістер  отбасы 

тәрбиесінің сипатына елеулі әсер ету мүмкіндігін ескерту қажет. [2] 

Жаңашыл  білім  беру  жағдайында,  инновациялық  білім  ортасында  оқытын 

баланың білімі, ой-өрісі, сана-сезімі де өзгеше болады. Ол инновациялық білімнің жаңа 

талаптарына  бейімделеді.  Оқуға,  мұғалімге,  мектепке,  білімге  деген  жаңаша  көзқарас 

қалыптасады.  Әрине,  бұл  өзгерістер  мектеп  пен  бала  тәрбиесінде  өзара  әрекеттесетін 

отбасы  тәрбиесі  үшін  де  жаңа  міндеттер  жүктейді.  Ата-аналардың  иннвациялар 

мәселесінде  білімді  де  білікті  болуын,  отбасындағы  тәрбиеде  оған  сай  өзгерістер 

кіргізуін талап етеді. 

 Инновациялық  даму  сатысындағы  мектепте  оқытын  баланың  отбасы  тәрбиесі 

дәстүрлі отбасы тәрбиесінен ерекше қырлары айқын бола бастайды. [3] 

Ата-аналар  да  отбасында  белгілі  дәрежеде  инновациялық  тәрбие  мен  білім  беруді 

қолдайтын нақытылы іс-қимылдарды жүзеге асырады. 

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде инновациялық білімді дамытудың 

зерттеу барысында жасалынған әдістемесі негізгі төрт міндеттерді көздейді: 

-  ата-аналарды  мектептегі  инновациялық  білімді  дамытуға  деген  мотивациясы 

мен қызығушылықтарын қалыптастыру; 

ата-аналардың  мектептегі  инновациялық  білім  туралы  түсініктерін 



қалыптастыру; 

-  мектептің  ата-аналармен    инновациялық  үрдістерді  дамытудағы  өзара 

әрекеттесуін ұйымдастыру; 

-  отбасында  балалар  тәрбиесі  және  олардың  үйдегі  оқу  жұмыстарын 

ұйымдастыруды мектептегі инновациялық үрдістерге сәйкестендіру. 

Осы  міндеттерде  жүзеге  асыру  мектептің  ата-аналармен  инновациялық  білімді 

дамытудағы  өзара  әрекеттесуінің  мазмұнын  әзірлеуді  және  жасалынған  мазмұнды  іс-

жүзіне  асыру  бойынша  нақтылы    жұмыс  формалары  мен  әдістерін  анықтауды  қажет 

етеді. 

Инновациялық  білімді  дамытудағы  мектеп  пен  отбасы  ынтымақтастығының 

мазмұны  жекелеген  іс-шаралардан  тұрмайды,  себебі  онда  бұл  бағыттағы  жұмыс  еш 

қандай  нәтиже  бермейді.  Сондықтан    мектеп  басшылығы  мен  сынып  жетекшілері 

тарапынан іс-жүзінде асырылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен жоспарлылығына қол 

жеткізуге әрекет жасалынды. [4] 




25 

 

Мектептің инновациялық жұмыс жоспарларымен қысқаша таныстыру мектеп ата-



аналар жалпы конференциясында жүзеге асырылады. Мұнда мектеп директорының оқу 

ісі  бойынша  орынбасары    мектептің  жұмыс  тәртібіне,  оқу-тәрбие  үрдісіне,  пән 

сабақтарын  оқытуға  енгізілетін  инновациялар  туралы  баяндама  жасайды.  Тәрбие  ісі 

жөнінідегі директор орынбасары оқушылар тәрбиесінің алдағы міндеттері және оларға 

жаңашыл  тұрғыдан  келу  туралы  мәлімет  береді.  Инновация  бойынша  орынбасар 

әріптестерінің  баяндамаларын  толықтырады.  Мектеп  ата-аналары  комитетінің  оқу 

комиссиясы  торағасы  да  ата-аналардың  мектептегі  инновациялық  білімді  дамытудағы 

міндеттері және жұмыс мазмұны туралы мәліметтер береді. Баяндамалар тыңдалғаннан 

соң  ата-аналар  мектептің  жұмыс  бағыттарындағы  енгізілетін  педагогикалық 

жаңалықтар  туралы  өз  пікірлерін  айтады.  Конструктивті  пікірлер  ескеріліп,  жоспарға 

қажетті тузетулер енгізіледі. [5] 

Сынып  оқушылары  ата-аналарына  инновациялық  білімнің  мәні  мен  маңызын, 

бағыттарын түсіндіру арнайы семинар-тренингтер өткізу жолымен жүзеге асырылады. 

Семинар-тренингтер тәжірибелі  мұғалімдер,  сынып жетекшілері  тарапынан өткізіледі. 

Тренинг сабақтары ата-аналардың өздері белсенділік танытып, әр түрлі жаттығуларды 

орындау  барысында  инновациялық  білімнің  мәнін  ұғынулары,  оның  оқушы  тұлғасы 

дамуында қаншама маңызды екендігін пайымдайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет