Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет224/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

 

 

 

 

 


397 

 

 



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ 

ЭКОНОМИКАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

 

ТУКЕН Ж.Ж.-

  

Экономика мамандығының 2 курс магистранты 



ОРАЛБАЕВА Ж.З., э.ғ.к. 

Алматы Университеті, Алматы қ. 

 

Бұл  мақалада  Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті  экономикасын  арттырудың 

құрылымдық  аспектілері  қарастырылады.  Қазақстанның  экономикасы  және  әртүрлі 

салаларындағы  бәсекеге  қабілеттілік  талданды.  Республиканың  ұлттық  экономикасын 

нығайту және дамыту жөніндегі шаралар ұсынылды. 

Халықтың  тұрмысы  мен  тіршілік  деңгейі  бәсекеге  қабілетті  әр  мемлекеттің  дамуы 

үшін  міндеттелген  мәселе  болып  табылады.Қазақстан  Республикасы  экономикасының 

бәсекеге  теңесуін  және  экспорттық  жүйесінің  сапалы  жаңа  деңгейге  жеткізудің  аса 

маңызды  бағыттары  елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауларында  атап 

өтілген.  Кластерлік  бастамалар  арқылы  бәсекеге  қабілеттілікті  арттыру  елдердің  басым 

көпшілігінің  даму  стратегияларының  базалық  элементі.  Соңғы  10  жылда  20  елде  іске 

асырылған  500-ден  астам  кластерлік  бастамалардың  талдауы  олардың  бәсекеге 

қабілеттілігінің  елеулі  түрде  артқанын  растады.  Бұл  ретте  тиімділікке  инвестициялардың 

өсуі  және  жаңа  компаниялардың  қалыптасуы,  экспорттық  әлеуетті  күшейту,  халықтың 

жұмыспен  қамтылуын  арттыру,  жаңа  технологияларды  дамыту,  кластерлерге  мүше 

корпорациялардың  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  өнімділігін  күшейту,  ғылым  мен  өндіріс 

арасындағы  тығыз  байланыстарды  дамыту  арқылы  қол  жеткізілді.Мемлекеттік  саясат 

жүйесінің  микро  деңгейден  макро  деңгейге  негізделген  ауысуын  және  кластерлерді 

дамытудың  маңызды  факторы  ретінде  белгілі  бір  аумақтардың  болуын  ескере  отырып, 

стратегияны  әзірлеу  процесінде  аймақтық  әкімшіліктердің  рөлі  едәуір  артты. 

Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі 

мен  экспорттық  мүмкіндіктерінің  сапалы  жаңа  деңгейіне  қол  жеткізуге  бағытталған.  Бұл 

елдің  қазіргі  заманғы  даму  логикасымен  әлемдік  дамудың  неғұрлым  кең,  жаһандық 

процеспен қойылған міндеттерге қол жеткізудің  жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.  

Қазақстан Республикасы әлемде бәсекеге қабілетті  дамыған 50 елдің қатарына кіру 

және оны орнықтыру жөнінде алдына міндет қойды. Қазіргі заманғы экономикалық теория 

мен  практика  бәсекеге  қабілеттілікті  қаржылық,  салықтық,  кедендік,  құқықтық  жүйелер, 

білім  беру  жүйелері,  инновациялық  қызмет,  денсаулық  сақтау,  тіршілік  ету  ортасының 

сапасы,  нарықтық  және  т.б.  барлық  аспектілерді  ескеретін  160  критерий  бойынша 

бағалайды.  Елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  төмен  болған  кезде  капитал  ағыны,  ұдайы 

өндірістің  өсімі  мен  тиімділігі,  денсаулық  сақтау,білім  беру,  және  т.  б.  салаларына 

бағытталатын қаржы тапшылығы төмендейді.  

Тұтастай  алғанда,  бәсекеге  қабілетті  және  бәсекеге  қабілетсіздік  аспектілерін  қарай 

отырып,  мыналарды  назарға  алу  қажет.  Қазақстанның  белгілі  бәсекелестік 

артықшылықтарына  сәйкес  геостратегиялық  орналасуы  және  табиғи  минералдықшикізат 

ресурстарына  байлығы,  сондай-ақ  саяси  тұрақтылық,  макроэкономикалық  теңгерімділік, 

капиталдың  жоғары  түсімі,  бизнес  бастамаларға  жәрдемдесу.  Әзірше  пайдалы 

қазбалардың  ірі  қорларының  болуы  Қазақстанның  неғұрлым  салмақты  салыстырмалы 

экономикалық  артықшылығы  болып  қалуда.  Осы  артықшылыққа  сүйене  отырып, 



398 

 

Қазақстан  ұлттық  экономикадағы  дағдарысты  еңсерді,  экономикалық  өсуді  қамтамасыз 



етті, бірқатар аса маңызды экономикалық реформалар жүргізді.  

Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа 

Жолдауында:  «Біз  Қазақстанды  жаһандық  экономикалық  үрдістерге  сәйкес  дамып  келе 

жатқан ел ретінде көргіміз келеді» деген болатын. Әлемдегі жасалған жаңа  озық атаулыны 

бойына  сіңірген,  әлемдік  шаруашылық  жүйесінде  шағын  да  болса  өзіне  лайық  "орнын" 

иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына 

өз  еңбегін  сіңірді.  Өркендеуші  және  серпінді  дамып  келе  жатқан  қоғамның  іргетасы  тек 

қана  осы  заманғы,  бәсекеге  қабілетті  және  тек  шикізат  секторының  шеңберімен 

шектелмеген  ашық  нарықтық  экономика  болуы  мүмкін.  Бұлжеке  меншік  институты  мен 

келісім-шарттық  қатынастарды  құрметтеу  мен  қорғауға,  қоғамның  барлық  мүшелерінің 

бастауы  мен  іскерлігіне  негізделген  экономика.Экономикалық  өсудің  жаңа  моделі 

Қазақстанның  ұлттық  экономикасының  жоғары  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге 

арналған.  Ол  адамдардың  кәсіби  дайындығы  мен  ынтасының  өте  жоғары  деңгейін  талап 

етеді.  ХХІ  ғасырдың  қалыптасып  келе  жатқан  даму  парадигмасы  адами  капиталдың 

сапасын  бірінші  орынға  қояды.  Соның  негізінде  үш  негізгі  драйвер  толық  жұмыс  істей 

бастады:  

Біріншісі  –  технологиялық  экономика.  Бұл  бұрыннан  қалыптасқан  салаларды 

технологиялық  жаңарту  мен  цифрландыру  және  олардың  әлемдік  нарықтардағы 

позицияларын  күшейту  болып  табылады.  Бұған  агроөнеркәсіптік,  тау-кен  металлургиясы 

және отын-энергетика кешендері жатады.  

Екінші  драйвер  –экспортқа  бағдарланған  экономика.  Бұл  жаңа  қазақстандық 

тауарларды  сыртқы  нарықтарға  шығаруға  баса  назар  аудара  отырып,  өңдеу  өнеркәсібін 

одан  әрі  индустрияландыру.  Жоғары  технологиялық  қайта  бөлу  тауарларын  өндіруге 

қабілетті жүйе құрайтын жобаларды іске асыруға ден қойылды. Бұл "салмақ орталықтары" 

индустриялық  кәсіпкерліктің  сындарлы  салмағын  қалыптастырып,  "Индустрия  4.0" 

технологияларын енгізуге негіз болды.  

Үшінші  драйвер  –  жаңа  экономика.  Бұл  жаңа  индустрияларды  қалыптастыру  және 

қызмет  көрсету  саласын  дамыту.  Цифрландыру  және  технологиялық  революция 

экономиканың дәстүрлі салаларының негізінде және айналасында жаңа индустриялардың 

пайда  болуы  үшін  мүмкіндіктер  жасайды.  Жаңа  индустриялар  тауарлар  өндірісінде  де, 

қызметтер  саласында  да  пайда  болады.  Экспортқа  бағдарланған  және  өнімділігі  жоғары 

қызметтер  экономиканың  жаңа"өсу  нүктелеріне"  айналуға  тиіс.  Бұған  көлік  және 

логистика, аэроғарыштық қызметтер, инжиниринг, білім беру, медициналық туризм кіреді.  

 Инновациялық экономикада дамудың басты көзі – бұл адамдар, олардың дағдылары, 

қабілеттері  мен  құзыреттері.  Қазіргі  таңда  адам  капиталының  деңгейі  неғұрлым  жоғары 

елдер  инвесторға  біліктіліктің  кез  келген  деңгейіндегі  мамандарды  ұсына  алатындары 

даусыз,  бәсекелестікте  де  артықшылықтарға  ие  болуда.  Халқы  салыстырмалы  түрде  жас, 

базалық  білімі  жақсы,  тұрақтылығы  мен  болашаққа  ұмтылысы  бар  Қазақстан  адами 

капиталды  дамытудың  қуатты  әлеуетіне  ие.  Қазақстанда  ХХІ  ғасырдың  сұраныстарына 

сәйкес келетін жаңа білім беру индустриясын дамыту үшін маңызды негіз қаланды. 

2020 жылғы қаңтар-шілдедегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы ЖІӨ 2,9%  - ға 

төмендеген.  Қызметтер  өндірісі  6,2%  -  ға  қысқарған,  бұл  ретте тауарлар  өндірісі  2,1%-ға 

өскен.  Инфляция  7,1%  құрады.  Экономиканың  нақты  секторында  құрылыста,  өңдеу 

өнеркәсібінде,  ауыл  шаруашылығында  өсім  көрінді.  Өндірістік  секторда  2,1%  –  ға,  оның 

ішінде құрылыста – 6,3% – ға, өңдеу өнеркәсібінде-3,8% - ға, ауыл шаруашылығында-2,5% 

-  ға  өсу  байқалды.  Импорттың  төмендеуі  аясында  оң  сауда  балансы  сақталды.  Сонымен 

қатар,  карантиндік  шектеулерге  байланысты  сервистік  қызметтер  көлемінің  қысқарып, 



399 

 

мұнай  өндіру  қарқынының  жоспарлы  төмендеуі  байқалды,  бұл  экономиканың  өсуін 



тежеуші  факторға  айналды.  Экономикалық  белсенділікті  қалпына  келтіру  бойынша 

қабылданып  жатқан  шараларды  ескере  отырып,  орталық  және  жергілікті  атқарушы 

органдар төмендегідей аспектілерге 

көбірек көңіл бөлу ұсынылады.

 

-2020  жылға  арналған  экономикалық  өсуді  қалпына  келтіру  жөніндегі  кешенді 



жоспарды уақтылы және тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.  

-Өңірлік  дағдарысқа  қарсы  штабтарда  кәсіпкерлердің  ықтимал  қолдау  шараларын 

көрсету тұрғысындағы проблемалық мәселелерін қарау.  

-Уақытылы  егін  жинауды  және  құрылыс  жұмыстарының  маусымын  тиімді  өткізуді 

қамтамасыз ету.  

-Мониторинг,  интервенция  жүргізу,  шекті  бағаларды  белгілеу  арқылы  әлеуметтік 

маңызы  бар  азық-түлік  тауарларына  бағалардың  өсуіне  жол  бермеу.  Өңірлік  еңбек  және 

әлеуметтік қамсыздандыру нарықтарындағы ахуалды тұрақтандыру. 

Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2020-2025 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  2019  жылғы  19  желтоқсанда  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  отырысында  қабылданды.Мемлекеттік  бағдарлама  алты  жыл 

ішінде  іске  асырылатын  болады  және  оның  мақсаты  –  сапалы  әрі  қолжетімді  денсаулық 

сақтауды  қамтамасыз  ету.  Мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  нәтижесінде  1  адамға 

арналған  шығыстар  жылына  279  мың  теңгені  құрайды,  негізгі  созылмалы  аурулардан 

мезгілсіз өлім-жітім деңгейі 15,56% - ға дейін, ана өлімі 16,7% - ға, бала өлімі 19,4% - ға 

төмендейді.  Ең  маңыздысы-азаматтардың  күтілетін  өмір  сүру  ұзақтығы  2025  жылы  75 

жасқа жетеді депкүтіледі. 

2020  жылы  еліміз  электрондық  денсаулық  сақтау  жүйесін  іске  асырып, 

автоматтандырылған  қызмет  алу  мүмкіндігімен  қамтамасыз  етуде.  Уақтылы,  өзекті, 

сенімді  және  жеткілікті  ақпаратпен,  сапалы  және  тұрақты  қызметпен  қамтамасыз  ету, 

науқастың 

қажеттіліктеріне 

бағытталған 

денсаулық 

сақтау 

жүйесі 


қалыптасты.Электрондық  денсаулық  сақтаудың  негізгі  элементіүшін  логикалық 

құрылымды  қамтамасыз  ететін  электрондық  денсаулық  паспорты,  адам  денсаулығы 

туралы  негізгі  деректерді  сақтау  және  бөлісу,  медициналық  қызметтердің  қолжетімділігі 

мен  сапасын  арттыру  арқылыхалық  қамтамасыз  етілді.  Жаһандану  үдерісінен  Қазақстан 

жоғары  жылдамдықты  және  сапалы  жүйелерге  қол  жеткізді.  Одан  әрі  дамыту  жолында 

ұсынылады: 

-Қағазсыз технологияға негізделген электрондық денсаулық сақтау жүйесі.  

-Электрондық  денсаулық  паспорттары  орталық  компонент  ретінде,әр  түрлі  ақпараттық 

жүйелердегі ақпаратты біріктіру 

-Жоғарысапалы статистикалық, аналитикалық және қаржылық деректер. 

-Интероперабельділік - Денсаулық сақтау процестерін қолдау. 

-Ақпараттық-танымдық сайт. 

-Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторингі. 

Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  саласындағы  заңнамалық 

базаның  жаңа  тәсілдерін,  сондай-ақ  оқу  процесін  ұйымдастырудың  жаңа  тиімді 

нысандарын  іздеуді,  білім  алушылардың  білімін  бақылауды  және  оларды  тәрбиелеуді 

талап ететін терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды. Бұл бірқатар негіз қалаушы 

құжаттарда    стратегиялық  және  салалық  бағдарламаларда,  ҚР  мемлекеттік 

стандарттарының  заңдарында  көрініс  тапты,  олардың  негізгілері:  "Қазақстан-2050" 

стратегиялық  бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-

2020  жылдарға  арналған    мемлекетік  бағдарламасы.Білім  беру  жүйесі  "Қазақстан-2030" 

және  "Қазақстан-2050"ұзақ  мерзімді  стратегиясының  маңызды  басымдықтарының  бірі 




400 

 

болып  танылды.  Қазақстандағы  білім  беру  реформаларының  жалпы  мақсаты  білім  беру 



жүйесін  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  ортаға  бейімдеу.  Елбасымыз  республиканың 

әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі туралы міндет қойды. Білім 

беру  жүйесін  жетілдіру  осы  мақсатқа  жетуде  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  жүйедегі 

бәсекеге қабілеттікті анықтайтын факторлар қарастырылды: 

 

Педагогтердің  жалпы  санынан  жоғары  және  бірінші  санаты  бар  жоғары  білікті 



педагог қызметкерлердің үлесі-52% 

 



Білім  беру  ұйымдары  басшыларының  100%  менеджмент  саласында  біліктілігін 

арттырудан және қайта даярлаудан өтті; 

  Орта  білім  беру  ұйымдарының  90%  -  ында  электрондық  оқыту  жүйесі 



қолданылады; 

 



3  жастан  6  жасқа  дейінгі  балалардың  100%-ы  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және 

оқытумен қамтамасыз етілген; 

 

Қазақстанның  барлық  өңірлеріндегі"Назарбаев  Зияткерлік  мектептері"  жобасы 



шеңберіндегі мектептер саны 20-ға жетті; 

 



Жаратылыстану-математикалық 

пәндер 


бойынша 

білім 


беретін 

оқу 


бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылардың үлесі-70%; 

 



Халықаралық  салыстырмалы  зерттеулердегі  нәтижелерінде  оқушылардың  білім 

жетістіктерін  бағалау  жөніндегі  халықаралық  бағдарлама  (PISA)  -  40-45-орын,  4  және  8-

сынып  оқушыларының  математикалық  және  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығын 

бағалау  (TIMSS)  -  10-12-орын,  "оқу  сапасын  зерттеу  және  мәтінді  түсіну"  халықаралық 

зерттеуі (PIRLS) - 10-15-орын; 

  Ұлттық институционалдық аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі-30%; 



  Қатысушылардың жалпы санынан жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті 

тәуелсіз бағалаудан бірінші реттен өткен ЖОО түлектерінің үлесі – 80%; 

 



Қазақстанның екі жоғары оқу орындары әлемдік үздік университеттер рейтингінде 

атап өтілді; 

Бұл  жұмысты  қорытындыласақ,  Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті  экономикасын 

арттырудың  құрылымдық  аспектілерін  талқылап,  бірнешеуіне  жеке  тоқталды.Қазіргі 

уақытта  жаһандану  қазақстандық  қоғамда  болып  жатқан  барлық  процестерге  барынша 

ықпал  етуде.  Еркін  сауда  саясатын  ілгерілету  өз  кезегімен  жүзеге  асырылып,  біраз 

секторлардың  өндірістік  үрдісі  күшеюде,  Қазақстанның  ақпараттық  кеңістігі  ілгерілеп 

интеграцияланып  келеді.  Ашық  сауда  саясаты  шағын  ішкі  нарығы  бар  және  әлемдік 

нарыққа  қол  жеткізуді  қажет  ететін  ел  үшін  объективті  түрде  қажет.  Бизнес  пен 

мемлекеттік  сектор  өкілдерінің  пайымдауларына  сәйкес,  Қазақстан  халқының  өмір  сүру 

деңгейі  өсіп  келе  жатқанын  және  озық  технологиялар  мен  дағдыларға  негізделген 

экономикасы бәсекеге қабілетті ашық, бірыңғай және әділ елге айналатынына сенімді. 

Денсаулық  сақтау  жүйесі  халықтың  өмірінің  кепілі,  ал  халықтың  өмірі  елдің 

болашағы.  Сондықтан  денсаулық  сақтау  жүйесі  кез  келген  елдің  эконмикасының  ең 

маңызды  бөлігі.  Елімізді  автоматтандырылған  қызмет  алу  мүмкіндігімен  қамтамасыз  ету 

үкіметтің  алғышарты.  Осы  мақалада  медициналық  ұйымдарда  емдеудің  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етуге  және  сапасын  арттырутуралы  қозғалды.  Білім  саласы  да  жер  бетіндегі 

жаһанданудың  ең  негізгі    сатысы  екенін  ескеріп,    оның  бәсеке  қабілетті  тұстарын  атап 

өтілді.  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептерде  зияткерлік,  рухани 

жағынан тәрбиеленген азамат қалыптастыру, оның дамыған әлемде лайықты еңбек ететін 

білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыру, елдің экономикалық қабілеті үшін бәсекеге 

қабілетті адами капиталды өсіру, оқытудың жаңа моделіне көшу көзделеді. 




401 

 

Бұл  жұмыстың  көлеміне  қарай  барлық  мәселені  көрсете  алмады.  Болашақта  бұл 



тақырып ауқымды зерттеліп, өз жалғасын табады. Қазақстан әлемдік нарықтардағы өткір 

бәсекелестікке дайын болуға, ал оның одан әрі дамуы жаһандық экономикалық үрдістерге 

сәйкес міндетті түрде жүзеге асырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет