Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


МЕКТЕПТЕГІ ПРАКТИКА - БОЛАШАҚ ҰСТАЗДЫҢ ТӘЖІРБИЕЛІК АЙНАСЫ



Pdf көрінісі
бет295/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   333
МЕКТЕПТЕГІ ПРАКТИКА - БОЛАШАҚ ҰСТАЗДЫҢ ТӘЖІРБИЕЛІК АЙНАСЫ 

 

ЖҰМАБЕК М.Ғ.- дизайн мамандығының студенті 

Ғылыми жетекшісі: МИЗАНБАЕВ Р., доценті, п.ғ.к. 

 Алматы университеті 

 

 



"Алғырлық пен сабырлық түркі елдерінің  

табиғи қасиеттері" Ш.Уәлиханов 

 

В  данной  статье  на  тему  «Школьная  практика  –  становление  будущего  учителя 

ИЗО»,  автор  рассматривает  школьную  практику  как  первую  ступень  становления 

учителя  изобразительного  искусства.  Сегодня  государство  и  правительство  ставит 

первоочередную задачу перед студентами в том, что будущему специалисту необходимо 

как можно больше практиковаться в области педагогической деятельности. Тем самым 

приблизить  теоретические  знания  к  практической  деятельности.  Поэтому  важность, 

необходимость  и  даже  актуальность  очевидна.  Автор  в  своей  статье  приводит 

высказывание  великого  поэта  и  философа  Абая,  немецкого  ученого  Баум  Гартнена  и 

других ученых. А также говорится о целях и задачах педагогических практик, в которых 

практикант  перенимает  опыт  ведущих  специалистов  учебного  заведения.  По  ходу 

практики  осваивает  психологические,  педагогические,  методологические  аспекты 

преподаваемые дисциплины.  

Уақыт,  өмір  ағымы  бір  қалыпты  тұрмайды  бұл  аксиома,  демек  ылғи  қозғалыс, 

өзгеріс  үстінде.  Табиғаттың  өзі  де  құбылмалы,  олай  болса  адамның  өзі  де  техника 

технологияның  дамуының  әсерінен  өмір  талабына  сай  дамып  отырады.  Жаһандану 

саясатына сай білім де, ғылым да дамыған сайын адамзат баласы әлемнің озық үлгілеріне 

қабілеттілігі бірге қайнауы бұл- өмір талабы. 

Қазақстан  Республикасы  мемлекет  басшысы  Қасым  -  Жомарт  Тоқаев:    «Біз 

оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт - бағдар беру саясатына көшуіміз керек» - 

деген. Демек, бүгінгі өмір талабына сай қандай да бір маман иесі болмасын, ол жан- жақты 

парасатты,  білімді,  алған  білімін  іс  жүзінде  ұшқыр  қолданатын,  кез  -  келген  қызметте 

ұтқыр  шешім  қабылдай  алатын,  жаңашыл  адамды  тәрбиелеу  деген  сөз.  Сонымен  қатар 

былтырғы  жылды  жастар  жылы  деп  белгілеп,  биылғы  жылды  соның  жалғасы  іспетінде 

волонтерлік  бастама  көтере  келіп  жастарға  былай  деді:  «Еңбекқорлык,  әлемге  ашықтық 

арқылы  озық  технологияға  және  жоғарғы  еңбек  өнімділігіне  негізделген  жаңа  эканомика 

құра аламыз» Волонтерлік идеясын белсенді ілгерлету отандастарымыздың ой санасының 

жаңа парадигмасын жаңғыртуға ықпал етеді [1,2]. Қазақстан Республикасының әлеуметтік 

экономикасын жақсарту барысында озық технологияларды меңгере отырып, оны заманауи 

дамуда  жастардың  косар  үлесі  мол.  Оның  үстіне  биыл  қазақтың  ұлы  ақыны,  философы 

Абай Құнанбаевқа 175 жылдың мерей тойы президентіміздің бастамасымен ұлы ақынның 

тәрбие,  адамгершілік,  оқу  -  ғылым  парасаттылық  мәселелерді  тиянақты  терең  оқып 

біліуімізге шақырады. Абайдың әрбір басылым еңбектеріне, оның ішінде 45 қара сөздері, 

әндері, өлеңдері т.б. әліде болса оқылмаған дүниелеріне назар аударуымыз қажет. Себебі 

қаншама  уақыт  өтсе  де  Абай  өсиеттері  өміршіл.    Бұл  жағы  әсіресе  оқу  орындарындағы 

жастарға  болашақ  мамандарды  адами  қасиеттілікке,  білімге,  өнерге,  ғылымға  жаңаша 

көзқараспен  қараумен  бірге,  өмір  бойы  тәрбиелеуге,  бір  орында  тұрып  қалмай  заманның 



532 

 

талабына сай жан - жақты қабілеті дамыған заманауи маман болуымызға міндеттейді. Ұлы 



ойшыл  Абай  айтады:  «Устремленность  и  понятливость  порождаются  любовью.  Эти  три 

качества побуждают любовь к знаниям и науке» [ 2.369 ]. Сондықтан заманның талабы кез 

- келген мамандықта тәрбиелеуде, оқыту үрдісінде жастарымызды жаһандау саясатына сай 

қабілетті  яғни,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру  болып  табылады.  Болашақ  ұстаз 

мамандығында  осы  мәселе  қажет  екендігі  айтпасада  түсінікті.  Себебі,  ұстаз  -  оқытушы 

білім  беруімен  қатар,  маман  иесінде  жастарды  қоғам,  өмір  талабына  сай,  елінің 

сұранысына  жауап  бере  алатын,  әлемдік  деңгейде  жаңашыл  ойлауға  қабілетті  маман 

дайындауды  мақсат  етуде.  Бір  сөзбен  айтқанда  Ұлы  Абай  айтқандай  «Сенде  бір  кірпіш 

дүниеде, кетігін тап та бар қалан дегендей заман талабына орай, озық үлгідегі жан - жақты 

ойлай біле алатын, тиянақты шешім қабылдайтын креативтілік ұстаз дайындау [ 3.180 ] 

Кретивтілік  —  (жеке  тұлғаның  шығармашылық  әлеуеті)  кез  –  келген  стандарттан 

тыс мәселелерді шешуге деген жалпы қабілеттілігі, іс - әрекетінің өзгеше,  жаңашыл және 

ерекше  болуы  [  4.  2736  ].  Жеке  тұлға  деп  отырғанымыз  -  ол  ұстаз,  ондаған,  жүздеген 

шәкірттерге  өнеге  тұтар  үлгі  болар  адам.  Оның  жүрісі,  тұрысы,  сөйлеуі,  киінуі, 

адамдармен  қарым  -  қатынасы  барлығы  шәкіртінің  көз  алдында  болғандықтан  осы 

мәселеге мән берген абзал. Сондықтан көпшілік алдында ұзақ  уақыт болатын, өзін жан  - 

жақты өнегелі ретінде ұстайтында – ұстаз . 

Осы тұста Алматы университетінде қанша мамандықта (Бейнелеу өнері және сызу, 

интерьер, дизайн, киім дизайны, қолданбалы қол өнер, графикалық өнер, декоративті өнер, 

модель конструкциясы, сценографика, шаштараз т.б. оқитын студент жастарымыз жалпы 

бейнелеу өнерінен (сурет, кескіндеме, сызу, графика, түс тану, қолөнер т.б) теориялық та, 

практикалық та дәріс алады. Сонымен бірге педагогикалық практика, өндірістік практика, 

бейнелеу  өнері  және  сызу  пәнінен  пленэр  практикасы  оқу  процессі  бойынша  үзбей 

жалғасып тұрады. 

Болашақ ұстаздың алғашқы баспалдағы педагогикалық практика болмақ. Бұл жерде 

білім  беру,  тәрбиемен  қатар,  басқа  да  педагогикалық  міндеттермен  айналысады. 

Практиканттың  оқушылар  алдында  сөйлесуі,  өзін  -  өзі  ұстауы,  оқушылармен  қарым  - 

қатынасы  т.б.  болашақ  ұстаз  ретінде  тұлға  болып  қалыптасуын  сездіре  біліуінде.  Демек, 

студент практиканттың коммуникациялық жағынан көрінуі деген үлкен мәселе. «Оқу мен 

жазу,  сөйлеумен  тыңдау  коммуникация  формулалары.  Коммуникация,  яғни  қарым  - 

қатынас  жасау  -  адам  өміріндегі  ең  маңызды  қабілеттерінің  бірі»  -  деп  жазды  Стивен  Р. 

Кивн  (  6.236б  ).  Бүгінгі  заманның  ұстазын  тәрбиелеу,  оның  білімін  ылғый  да  жетілдіріп 

отыру – арнайы дайындайтын университеттер қарамағындағы мәселе. Олай болатын болса 

білімнің  де,  тәрбиенің  де,  ұлттық  таным  дүниенің  де  негізгі  өзегін  құрайтын  ол 

педагогикалық  практика  болып  есептелінеді.  Бұл  жерде  теория  мен  практика  егіз  деген 

сөз.  Студенттер  өз  мамандығы  бойынша  алған  теориялық  білімдерін  оның  ішінде 

педагогикалық, психологиялык, философиялық, физиологоиялық, тарихи өнертанушылық 

т.б  ілімдерін  практика  жүзінде  шәкірттерінен  тиімді  әртүрлі  әдістемелік  методология 

қолдана білуінде. 

Педагогикалық  практика  оқу  үрдісіндегі  студенттердің  жан  -  жақты  алған 

теориялық  білімдерін,  педагогикалык,  психо  -  физиологиялык,  философиялық,  өнер 

тарихы,  сурет,  живопись,  композиция,  перспектива,  коркем  еңбек  т.б.  ілімдерін  оқушы 

жастармен өз сабағында тиімді пайдалана біле отырып, оқушылармен дәріс жүргізу және 

жан - жақты тәрбие жүргізу педагогикалық практиканың мақсаты. 

Педагогикалық практиканың міндеттері. 

-  мұғалімнің  кәсіби  ісі  -  тұтас  педагогикалық  үрдісті  түсіндіруге  бағытталған, 

теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы. 



533 

 

-  студент  оқу  іс  -  әрекетінің  біртіндеп  күрделенуіне  байланысты  бірінші  курстан 



бітіруші  курсқа  дейін  педагогикалық  практиканы  ұйымдастырудың  жүйелілігі  мен 

кезеңдері центр  

- кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде , студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу 

деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру. 

-инновациялық  білім  беру  жүйесі  негізінде  оқу-  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру 

сол арқылы оны жүзеге асыруы. 

-  "визуалды  өнер  және  көркем  еңбек"  пәнінің  мұғалімдері  мамандығына  деген 

сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу 

- студенттің теориялық және практикалық білімдерін тереңдету.  

-студент практиканттардың атқарар міндеттері. 

- өзін - өзі дамыта білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогтің жетекші рөл 

атқаруы,  тұтас  педагогикалық  үрдістің  субъектісі  болып  табылатын  мұғалім  мен 

оқушының өзара әрекетін ұғынуы . 

- Сыныптағы тұтас педагогикалық үрдісте сынып жетекшісінің және  

«Визуалды  өнер  және  көркем  еңбек»  пәні  мұғалімінің  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту 

қызметін іске асыруы.  

 -  Студент  -  практиканттарды  практикалық  істерді  өз  бетінше  жоспарлауға 

оқушылармен  оқу-  тәрбие  жұмысын  өткізуге,  жалпы  ісі  мен  білім  берудің  негізгі 

мәселелерін  шешуге  шығармашылықпен  қарауға  үйретуі.    -  Студент  -  практиканттарды 

сынып  ұжымымен  жеке  топтармен  және  жеке  оқушылармен  жұмыс  өткізуде  олардың 

жекелік ерекшеліктерін ескеріп отыруға үйретуі. 

Визуалды  өнер  және  көркем  еңбек  ұстазының  жүріс  -  тұрысы,  сабақ  түсіндіруі, 

ондағы  қолданылатын  методикасы,  оқушылармен  педагогикалық  қарым  –  қатынасы 

барлығы  эстетикалық  мән  –  мағыналы  болуы  міндетті  .  Өйткені  ол  «өнер»  деген  үлкен 

ұғымды  тасымалдаушы.  «Эстетика»  сөзі  ертедегі  грек  тілінен  алынған  –  сезіну,  әсерлеу 

деген  мағынаны  білдіреді.  Эстетика  –  сұлулықты  сезіне,  әдемілікті  түсіну  ілімі.  Термин 

ретінде  алғаш  рет  неміс  ғалымы  Баум  Гартен  пайдаланған.  «Эстетика  дегеніміз  өнерді, 

сұлулықты  пәлсапалық  тұрғыдан  ұғыну»  деген  [4.371]  Оқушы  үлгіні,  тәрбиені  болашақ 

(менде  осындай  адам  болсам  деген)  қызығушылықты  ұстаздан  қабылдайды.  Демек 

оқушылардың  өздерімен  де,  әріптес  коллегияларымен  де  сөйлескенде,  іс  –  әрекеттілік 

қимылдарға 

түскенде 

де 

коммуникациялық 



формулаларды 

ұмытпаған 

жөн. 

«Коммуникация, яғни қарым қатынас жасау  – адам өміріндегі ең маңызды қабілеттерінің 



бірі» [ 5, 236 ] 

Педагогикалық  практиканың  негізі  болып  саналатын  –  ол  ұстаздың  кәсіби 

білімдігін қалыптастыру болып саналады. Көбінесе студенттің болашақ кәсіби біліктілігін 

молайтатын,  мүмкін  оны  өзгертетін  нақтылы  тәжірибеге  жүгінеді.  Осы  мәселені  іске 

асыратын  ол  мектептегі  оқушылармен  біте  қайнасуы.  «Білім  беру  үрдісінде  болашақ 

қолөнер мамандығының қызметке дайындығын анықтайтын кәсіби біліктілік қалыптасады 

және дамиды» - дей келе ғалым Р.І. Қадырбаева өзінің кітабында былай дейді. «Осы жерде 

жүктемеде үш үлкен тонқа бөлінеді: 

1.  Кәсіптік  міндеттерді  іске  асыру  үшін  мінез  болып  табылатын  пәндік  (арнайы) 

біліктілік. 

2. Ұйымда тиімді жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби біліктілік  (базалық).  

3. «Әрбір маманның табысты әлеуметтенуін анықтайтын негізгі біліктілік» [ 6. 36 ] 

деп анықтаған. 

Бұл  жерде  «арнайы  біліктілік»  деп  отырғаны  әрбір  студенттің  пәндік  біліктілікті 

игеруі,  яғни  педагогикалық  практикада  өткізетін  сабағының  толыққанды  дайындылығы. 



534 

 

Екіншісі, «базалық білімділік» - дейтініміз студенттік практикада яғни мектеп ұжымымен 



жұмыс істеу кезеңінде, мүмкін ол ашық сабақ немесе оқушылармен тәрбиелік сағаты, тіпті 

болмаса  ғылыми  жұмыс  болуы  мүмкін.  Осы  сәтте  оқыған,  білген  тәжірибе  арқасында 

тексерілген,  тианақты жан  -  жақты  біліктілігі.  Үшіншіден,  «негізгі  біліктілік»  -  дегеніміз 

студент  практиканттың  мектептегі  көрсеткіш  сапасы,  яғни  сыныптағы  оқушылардың 

кәсіби  біліктілігі  ұжыммен  коммуникативті  педагогикалық  қарым  -  қатынасының 

дәрежелік көрсеткіші. 

Мектептегі  практикант  айтылған  үш  топты  қамти  отырып  сабағында,  жүріс- 

тұрғысында,  өзін  үлгілі  жағынан  көрсете  білсе,  болашақ  өз  мамандығының  үлгілі  ұстаз 

болып қалыптасуына үлкен көмегі болар еді 

.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет