лоқ аффиксін өзбек тілінде кем колданылатын тарихи аффикс деп қарайды да, чақалоқ,
қизалоқ, буталоқ сөздерінің құрамындағы -лоқ аффиксі жоғарыдағы -лақ/-лоқ аффиксіне
омоним болып, еркелеу, кішірейту мағынасын білдіреді, - деген.
Аталған ғалымдардың пікірлері негізінде бір-бірімен ұштасып жатыр десек те болады.
-Лақ жұрнағымен оның варианттарының якут тілінде өте дамығанын көреміз. Зерттеуші
К.Ф.Гриценко өз мақаласында якут тіліндегі -лaax жұрнағы түбірде аталған нәрсенің бар
екендігін білдіріп, есімнен сын есім жасайтындығын көрсетеді де якут тіліндегі және басқа
түркі тілдеріндегі дауыстылардың үндесу заңымен прогрессивтік ассимиляция
ықпалдарымен -лаах аффиксі өз формасын өзгертіп, бір топ: -лоох,-лээх, -тaaх, -тоох, -
тээх, -даах, -доох, -дээх, -наах, -нээх, -ноох сияқты фонетикалық варианттарын
тудыратынын айтады да мысалдар келтіреді: Ылаганнах «ылаγан» - суставчатая трава без
листьев, Хатынгнах «хатынг» - береза (салыстыр, қаз. «қайыңды»). Л.Каримова -лақ
аффиксінің -нақ варианты жайлы былай дейді: -нақ/-ноқ аффиксі қазіргі өзбек тіліндегі -
лақ/-лоқ морфемасының фонетикалық жағынан айырушы варианты болып Л>Н құбылысы
нәтижесінде пайда болған, мұнда, л дыбысы н дыбысына айналған (сонор дыбыстар өзара
алмаса береді: лэкин/нэкин, ладан/надан, (салыстыр, қаз. лағынет/нағылет).
Жоғарыда аталған топонимдер жайлы әлі күнге толық этимологиялық талдаулар
жасалмағаны аян. Солардың кейбіреулерін этимологиялық тұрғыдан талдаудың мәні зор
екенін ескере отырып, оларға біршама тұрғыдан тоқталуды жөн көрдік.
Қазақ халқының географиялық терминологиясын зерттеуші, белгілі Қазақстан жер
танушысы Ғ.Қоңқашпаев былай дейді: «Қазақстан жерінің кеңдігінен оның табиғаты да әр
түрлі, оңтүстігі құмды ыстық шөлдер болса, солтүстігінде орманды далалар, ал оңтүстік-
192
шығысында бір белдеуде созылып жатқан таулар. Осындай табиғи ерекшеліктер
шаруашылықты жүргізу, жерді күтіп баптауға өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ертеректе
қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, малға жайылым іздеп, жыл бойы бір
жерден екінші жерге көшіп жүрген. Шаруашылықтың осы түрімен айналысқан қазақтар
территорияның ландшафтық ерекшеліктерін, әсіресе, ең негізгі қажеттілігі – мал
жайылымына байланысты табиғи ерекшеліктерді жан-жақты меңгерген»
6
. Сондықтан
қазақ халқының географиялық терминдерінің көбі мал шаруашылығымен байланысты
(малға пана болатын жайлар, жайылым, су қоймаларына қатысты т.б.) аталып отырған. Ал
жер өңдеуге байланысты терминдер оған қарағанда сан мөлшері жағынан әлдеқайда аз.
Бұл туралы жер бедеріне байланысты қалыптасқан топонимдерді зерттеген ғалым
Ғ.Қоңқашпаев: «әрбір тау, жыра, өзен, көл, жайлау және т.б. ұсақ атаулардың өзіне тән
термині бар, әсіресе, егіншілікке қатысты терминдер басқа халықтарда кездеспейді»
6
, -
десе, қазақстандық топонимист-ғалым Ә.Әбдірахманов: «геоморфологиялық құрылысы
жағынан әрбір атау, жер бедері немесе географиялық объектінің өзіндік белгілерін береді»
4
, - деп жазады. Ал кеңестік топонимист-ғалым Э.М.Мурзаев: «...кез-келген топонимдік
зерттеулер халықтық географиялық терминдерді зерттеумен басталуы тиіс және қазіргі
жергілікті терминдер сияқты оның субстратын да ескермеуі мүмкін емес...»
5
, - дейді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін осы тұлғалы бірлі-жарым топонимикалық атауларға тоқталуды
жөн көрдік:
Қарнақ – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы жер, қыстақ аты. Бұл
атау М.Қашқари еңбегінде «огуз қалаларының бірі» деп түсіндіріледі. Атаудың түбірі -қар
(снег), осыған көне түркі тілдеріндегі -лы туынды сын есім жасайтын жұрнақтың бір
варианты -нақ қосылуы арқылы жер аты жасалған. Мағынасы: «қарлы». Бұл жұрнақ якут
тілінде өнімді жұрнақ есебінде сақталып, - лаах//лоох//лөөх//лээх, -таах//тоох//төох, -
Достарыңызбен бөлісу: |