ӘӨЖ 37.11.2
МЕКТЕПТЕГІ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ МҰҒАЛІМДЕРІ МЕН ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ
БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ШІНӘЛІ Л. А.
Педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты,
Алматы университеті
Егенменді еліміздің білім беру жүйесінде үнемі туындап отыратын жаңа білім
жаңашылыдық тұрғысынан меңгеруді талап етуде. Қазіргі күні кез келген маманға
бәсекеге қабілеттілік талабы қойылып отыр. Бұл мамандардың әр нәрседен озықтығы,
білгірлігін, іскерлігін танытуы тиіс.
Елбасының 2012 жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында білім мен кәсіби машық
заманауи білім беру жүйесінің, маман даярлау мен қайта даярлаудың негізгі
бағыттарын атап өтті. Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің
жаңа әдістеріне көшу керек жайлы айтылды. [1]
18
Қазіргі заман мұғалім мен тәрбиешіден тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес,
тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық
білімділік және ақпараттақ сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім
беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне
еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен
білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеттері - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -
деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.[2]. Бұл міндеттерді шешу
үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір тәрбиешінің күнделікті ізденісі
арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда мамандардың жеке ерекшеліктерін, жұмыс қабіліетін, өз білімін
көтерудегі іс-тәжірибесін, шығармашылық ізденісін ескере отырып білімін жетілдіруін
жүзеге асыру қажеттілігі туып отыр [3].
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше
жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі
ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; жоғары оқу орнында болашақ
тәрбиешілерді даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогикалық жаңа
технологиялар негізінде көтеру. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде өздерінің ұлттық
ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай
әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің біліктілігін көтеру кезеңінде маманның
практикалық және кәсіби шығармашылық қызметі жетілдіріледі, жеке өзіндік-
шығармашылық қабілеті қалыптасады, маманның кәсіби қызметін талдау мен бағалау
жүзеге асырылады, авторлық педагогикалық жүйе қалыптасады, тәрбиешінің жеке
басына тән педагогикалық шеберлігі мен мәдени деңгейі жетіліп, үздіксіз білім алып,
дамуына ынта-ықыласы артады.
«Білу дегеніміз-табиғатты емес, адамдарды танып білу» деп есептейді. Оқығанда
тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек. Сонымен қатар зерттеп
отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі. Әлемнің екінші ұстазы Әл-
Фарабидің «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген,
естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың
ешнәрсесін ұмытпайтын.., алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейлінше шешен, өнер
білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жұрттың
бәріне жақсылық пен ізгілікті көрсететін, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл,
ержүрек болуы керек» деген. [4]
Әл-Фарабидің еңбектеріне сүйене отырып, адамда ғана болатын «ең ерекше»
игілік, ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса солай
бет алды деп жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Адамдардың өзі
көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екендігі айтылады. Адам өзін -
өзі жетілдіріп отыруы тиіс, адам тек ақиқатты, айналадығы дүниені танып білу арқылы
жетіледі деп түйін жасайды.
Өз заманында сан алуан ғылым саласын меңгерген ғұлама ақын Ж.Баласағұн
өзінің «Құтты білік» атты дастанында жан-жақты дамыған адамды сипаттауда «толық
пішімді» ұғымды қолдап, оған жетудің бірден бір жолы ғылым мен білім екенін атап
көрсеткен. Адамның ақыл парасаты барлық нәрсенің мән мағынасын түсінуге қабілетті
деген пікір айтқан.[5] педагогикалық тұжырымдамасынан оның білімге әр қырынан
сипаттама бергенін айқындауға болады. Білімнің тағы бір сипаты ретінде ғұлама оның
19
адамды құрметті, абыройлы ететіндігі, яғни адам білімімен беделді, құрметті бола
алады деген тұжырым жасайды. Дастанның өн бойында білімнің құрмет көзі екендігі
жиі айтылып тұрады. Бұл жерде ғұламаның өзі таныған ақиқатты жастардың санасына
сіңіру қажеттілігін көздеп отырғаны анық байқалады.
Халқымыздың бағалы ғалымы, этнограф, саяхатшы Ш.Уалиханов адамды
табиғаттың өзгеруіне байланысты өзгеретін биологиялық тіршілік деп қарайтын
антропологиялық материализмге қосылмайтындығын атап өтеді. Адам табиғаттың бір
бөлігі болғанымен одан айырмашылығы онда (адамда) білім бар. «білім – миға,
жүйкеге әсер ете отырып, адамды өзгертеді. Сондықтан адам білім ала отырып,
табиғаттан тәуелсіз бола алады», - деген пікір білдіреді. Сонымен қатар Ш.Уалиханов
«Халықты жетілдіріп дамыту үшін білім қажет...Демек, оларды ең алдымен оқыту
қажет», дейді.[6]
Қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз Ы.Алтынсаринның шығармаларында жас буынды
өнер-білімге, адамгершілікке, әдептілікке баулиды. Ұстаздың бала тәрбиесіне арналған
адамгершілікке баулу мақсатындағы әңгімелері осы күнге дейін еш құндылығын
жоғалтпаған [7]. Ол адамның жан дүнесінің, тәртібінің дамуын тілден бөліп қарау
қисынсыз екендігін айтады.
Қазақ халқының ойшыл-педагогы, ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің классигы
А.Құнанбаевтың та бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, оның ең бірінші, әрі негізгі
тәрбиелеушісі – ата-анасы болуы тиіс дей келе, бала – ата-анасы, ұстазы, құрбыларына
жалпы ересектерге қарап өседі деген. Абай өз жерінде мәдени ағарту ошақтарын
ұйымдастыра отырып, «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді. [8]
М.Жұмабаевтың «Педагогика» деп аталатын еңбегінде тәрбиешілер мен ата-
аналарға балалардың үлкендердің ерекшеліктерін біліп, ескере отырып тәрбиелеуді
айтады. [9]
Ж.Аймауытов «Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы сөйлеуге,
басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру. Бірақ бұл мағынасыз
әдеттендіру, құрғақ төселдіру емес, тілге жаттығумен бірге адам ойлауға да
жаттығады» [10] деп дәлелдеген.
Отандық ғалым Қ.М.Мендаяқова мектеп жасына дейінгі балаларды
байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдіснамалық
негіздерін жасады. Ғалым балабақшада тіл дамыту жұмысын үйдегі сөздік қорды
анықтаудан бастау керектігін айтады. Ол балаларды қазақ тілінде қарапайым,
құрылымы жеңіл сөздерді құра білуге үйрету, байланыстырып сөйлеудің бастамасы
болып табылады дейді.Сондай-ақ ғалым байланыстырып сөйлеуге үйретуде ауыз
әдебиетін пайдалану амалдарын көрсетті. Олар: ертегі, тақпақ, әңгіме, мақал-мәтел,
жұмбақ, жаңылтпаштар болып табылады. [11]
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияларды меңгеру
тәрбиешінің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, оқу тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруна көмектеседі. Сонымен қатар біздің өмір сүріп жатқан кезеңіміз
ақпараттық технологиялар кезеңі соған байланысты адамдардың қоғам, болмыс,
табиғат пен ғылым т.б. салаларда жеткен жетістіктерінің сансыздығына байланысты
оқу үрдісінің мазмұны да жаңарып, оқытудың әдіс-тәсілдері де жаңартуды қажет етеді.
Осыған орай, оқу үрдісі барысында барлық адамзат жетістіктерін жеткіншек ұрпақтың
бойына сіңіру мүмкін емес, сондықтан басқа мемлекеттермен қатар біздің
мемлекетіміздің білім саласы да оқытудың инновациялық әдістері мен қатар түрлі
технологияларды пайдалануда. [12]
Жоғарыда аталған зерттеуші ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, біз өзіміздің
зерттеуімізге тірек етіп алып отырған «біліктілік», «кәсіби біліктілік» ұғымдарына
жеке-жеке талдау жасауды жөн көрдік.
20
Кәсіби білім беру адам баласының жасын, білім деңгейін, еңбегін, кәсіптік іс-
әрекетінің сипатын ескермей-ақ, оның кәсіби даярлығын жетілдіруге қажет теориялық,
практикалық білім жүйесі болып табылады. Бұл анықтама адам баласының кәсіби
қалыптасуына қажет білім жүйесіндегі даярлыққа жаңа көзқараспен қарауға, кәсіп пен
кәсіби әрекеттің маман даярлаудағы орнын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Біліктілік-қызмет етушінің, жұмыстың белгілі бір түрін атқаруына рұқсат ететін,
құжат арқылы куәландырылған білім деңгейі мен кәсіби даярлыған көрсетеді.
Біліктілік бәрінен бұрын жаңа технологиялар мен құралдарды, алуан түрлі
жаңалықтарды игеру ретінде қарастырылған жағдайда және адам мінез-құлқының
түрткілер көмескеленгенде, адам өмірінің кәсіптік жақтарын талдауда технологиялық
және технократиялық мифтерді анықтаудың қажеттігі күшейе түседі.
Қорыта келе, қазіргі уақытта әдіс-тәсілдердің бірі ретінде білім беру жүйесінде
болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып
жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп,
балалардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні
ерекше.
Қазіргі кезде Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа
талаптарға лайықты білім беру жүйесі жүзеге асып келеді. Бұл үрдіс оқу тәрбие
үрдісінің педагогикалық теориясы мен іс тәжірибесін мәнді өзгерістермен халықаралық
білім беру деңгейіне жетуді көзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |