шығармасы.1922жылы Орынбор қаласында “Қорғансыздың күні” деген атпен және кітап
болып шықты. М.Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған
кездерін баяндап берген. ”Қорғансыздың күні” қазақ ауылындағы кедейлердің өмірінің бір
көрінісін, тереңінен әкеліп, бейшара қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан
түршігерлік азап пен ауыртпалықты шыншылдықпен әсерлі сипаттайды. Тағдыр
тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап қалуы, Ақан
сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп
ашады, қара ниет ауыл әкімінің тығылық қылықтары әшкереленді. Қорғансыздар тұрмысы
неткен ауыр! “Еркектері өлгеннен бері қалған әйелдердің уайымынан босаған шағы осы
бөтен кісілер келгенде ғана болатын. Одан басқа уақытты үшеуі үйде оңаша отырғанда,
жетімдікті де, жесірлік те, қорғансыздық-сорлылық та көздеріне айқын көрініп, көңілдерін
мұң мен зардап айықтырмаушы еді” Осы ауыр тұрмысты, зорлық-зомбылықты көрсете
248
отыра Мұхтар Әуезов осынау жандардың бойында өздеріне лайық намыс, жігер барын
көрсетіп қана қоймай, сол зорлықшыларға мойындатады да. “Кемпір келешекте көзі
көретін ауыртпашылықтың, қайғының бәрін де көз алдына анықтап келтіріп, ішінен
“Осының бәрін көретінім рас, осындай азап, қасірет тартқаным шын” деп бас иіп отыр.
Бірақ адамның жүрегін пішінінен танитын кісі болса, кемпірдің жүзіндегі халді көргенде,
еріксіз бұл адамды көңілмен құрметтегендей еді.. Күйіп-пісіп жасырған жоқ. Сынбаған
ажар, қайтпаған қайрат кең салқын ерлік бар”. “Жас күнінен бір үйдің түгелімен еркелетіп,
алақанына салған баласы. Еш уақытта қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқтырған емес.
Жүрегінде ар-ұят та, жігер-намыс та бірге өскен. Кедейлігінен, қорғансыздығынан басқа
міні жоқ, салмақты, таза тәрбиелі бала бұл күнде сол не көріп отыр?”[2]
Алайда жас қыздың Ақан әлеміне қарсы күші жетпейді. Соның құрбаны болады.
Бар қарсылығымен намыс оты билеген қыз бұл өмірден өлім арқылы қоштасты. “Осыны
ойлаған сайын жүрегін ыза керней бастайды. Көңілдегі күшті намыс сілкініп оянғандай
болды. Барша басынан кешірген жетімдікке, бейнетке, жалғыздыққа қорлық - мазаққа
түгелімен қарсылық ойлады. Өмірінде сыртына шықпаған ашу, ыза, намыс барлық еркін
билеп, дуылдап басына шықты”. “Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің
азапты ақтүтегінен адасып, өлімі мәңгі толас тапқандай. Әңгімеде жазушы ескі өмірдің бір
елесін көрсетіп, пасық әрекеттерден аулақ болуға ой салады. Мұнда қаламгердің айтқысы
келген түйіні-жауыздық ешқашан да адамшылықты, тазалықты жеңе алмайды.
Қ.Кемеңгерұлының “Жетім қыз” әңгімесімен М.Әуезовтің. “Қорғансыздың күнінің
ұқсастығы” жоқ емес. М.Әуезов өз әңгімесін 1921жылы жазса, Қ.Кемеңгерұлы 1924жылы
жазған. Екі әңгімеге де қорғансыздар өмірі арқау болған. Жазылу мерзімі жағынан жана
атап өткен шығармалардың бәрі бір уақытта жазылып щыққан. Әуезов, Дөнентаев және
Кемеңгерұлы әңгімелерінде көрсетілген бір тақырып, бір шындық, бір тағдыр. Ол жетім -
жесір қорғансыз жандардың сол қоғамдағы теңсіздігі. Тақырыбы, идеясы бір болғанымен
оқиға желісі мен шешімі екі түрлі. Бір қызығы, аталмыш шығармаларды үш түрлі қалам
иесі жазса да, олардағы оқиғалар бірінен екіншісіне жалғасып жатқандай. М.Әуезовтың
“Қорғансыздың күні”, ”Жетім”, әңгімелеріне арқау болған оқиға басқаларына қарағанда
ілгеріректегі жайды сипаттап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: