Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет140/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

2.Қилы-Заман  -  1916жыл  оқиғалары  -  М.Әуезовтың  көз  алдында  өткен  қасіретті 

тарих.  Ел  ағалары  мен  ата-әжелердің  соғыс  аталатын  сұмдыққа  перзенттерін  жібергісі 

келмеген  қиналыстары  мен  уайым  қайғыға  толы  кейіптері  қаламгердің  рухани  әлемінде 

өшпестей  із  қалдырған.  Тығырықтан  шығар  жол  іздеген  қазақтың  жанталастарын,  

елішіндегі барша әңгімелерді құлағымен естіп, ақылға симайтын түрлі әрекеттерді көзімен 

көрді.  Ресей  үкіметінің  өркениетті  ел  әрекетіне  жатпайтын  жыртқыш  әрекеттері 

шошындырады.  Ашынған.  Отаршыл    елдің  сұрқия  саясаты  әшкерелну  тілегі  оянған. 

Алайда  адамзат  санасына  жат  бұл  саясатты  қаз  -  қалпында  жазудың  мүмкін  еместігі  да 

көріне бастаған кез. Соған қарамастан тағдырын тәуекелге байлап, бір шешімге бел буған. 

1916жыл оқиғалары туралы деректі - тарихи роман “Қилы заман” романы осылай дүниеге 

келген.  Ұлы  жазушы  Мұхтар  Әуезов  1928жылы  дүниеге  келген  “Қилы  заман”  кітабы 

қаламгердің  шығармашылығында  ерекше  орын  алады.  Ол  сол  жылдардағы  жарыққа 

шыққан  романдардың  ішіндегі  ең  шоқтығы  биік,    тарихи  тақырыпта  жазылған  туынды 

екенін  көпшілік  мойындаған.  Роман  саяси  ахуалдың  кернеуі  шегіне  келген  шиелініскен 

шақтағы  қазақ  елінің  ар  намысы  үшін  күрескен  ерлер  туралы  қаламгер  ой-сезімдерін 

жеткізе алған. “Қилы заман” романында М.Әуезов сол кездегі қағидалар бойынша байлар 

мен болыстар ешқашан халық мүддесін көздемейді деп ойлайды.  Романда ел ағалары би, 

болыс,  батырлар  халық  басына  күн  туғанда  қасынан  табылып,  отаршы  үкіметке  қарсы 

күреске шығады. “Қилы заман” романындағы бас қаһармандарды ерекшелеп сипаттайды. 



249 

 

Мысалы, көтерме басындағылардың ешқайсысы да негізгі шайқасқа шыға алмайды, соның 



қарсаңында  қолға  түседі.  М.Әуезов  олардың  рухтарының  биіктігін,  күрес  жолына 

беріктігін,  түрмедегі  тұтқын  мен  тергеуші  арасындағы  жауаптасулар  арқылы  көрсетеді. 

Түрмеде  қанша  азап  көрсе  де  адамдық  қасиет  пен  ірілігін  сақтайды.    Қапаста  қамалып 

отырған  дала  ұлдарының  ажал  сәтінің  таянғанын  ғаламат  сезімталдықпен  аңғаруын 

М.Әуезов асқан шеберлікпен суреттейді.[3] 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет