Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет147/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   333
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.Сәрсен Бек Сахабат,  Әшекейсіз әңгімелер. «Әлем» баспаханасы, Шымкент 2020 

2.Сәрсен  Бек  Сахабат,  Қырғауыл  қонған  жидетал.  «Қызығұрт»  баспаханасы, 

Шымкент 2018 

3.Шағырбаева  М.  –  Нәзіртанушының  нақыштары  насихатталды.  «Оңтүстік 

Қазақстан» 23 мамыр 2009 8 - б. 

4.Шағырбаева  М.  –  Нәзіртанушының  нақыштары  насихатталды.  «Оңтүстік 

Қазақстан» 23 мамыр 2009 8 - б. 

5.Сахабат С.Б. 55 жаста «Жаңалық » 16 мамыр 2009, 4-5 б. 

 



261 

 

ӘӨЖ 82,3 



 М. КЕМЕЛДІҢ БИЗНЕС-КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 

ДАНАЙ Б. -магистрант 

ЖАНТАСОВА З.Т., ф.ғ.к., доцент  

Шымкент университеті 



 

Мақалада  М.  Кемелдің  бизнес-кәсіпкерлік  саласындағы  еңбектері  қарастырылады. 

Кәсіпкерлікке байланысты әсер ететін нақыл сөздері талданған

Мырзакелді  Кемел  —  экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстан 

жазушылар  одағының  мүшесі,  ҚР  Президенті  жанындағы  Мемлекеттік  басқару 

академиясының  академигі,  белгілі  қаламгер.  Президент  және  халықаралық  «Алаш» 

сыйлығының лауреаты.  

Экономка саласының бел ортасында жүре отырып, Мырзаағаның кәсіпкерлік сынды 

ел  экономикасының  қозғаушы  күші  тақырыбында  қалам  шертпеуі  мүмкін  емес  еді. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  2012  жылғы  желтоқсандағы 

Қазақстан Республикасы халқына жасаған Жолдауында: «Қазақстан Республикасы алдағы 

2050-жылға  дейінгі  аралықта  дамыған  отыз  елдің  қатарына  кіруі  тиіс»,  –  деп  нақты  атап 

өтті [27. 3б.]. Дамыған елдердің қатарына енудің бір бағыты кәсіпкерлік саласын дамыту 

болып табылады.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың:  «...Еңбекші  халықтың 

60%  шағын  және  орта  бизнесте  жұмыс  істеген  кезде,  Қазақстан  тұрақтылыққа  қол 

жеткізетін  болады...»  -  деген  Қазақстан  халқына  жолдауын    басшылыққа  ала  отырып, 

еліміздің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда Үкімет «Бизнес кеңесші», «Бизнестің 

жол  картасы  -  2020»,  «Бизнес  көмекші»,  «Жұмыспен  қамту  картасы»  мемлекеттік 

бағдарламаларын  жүргізуде.  «Ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры»  АҚ-мен 

«Сыбаға»  бағдарламасымен  төрт  жарым  жылға  6%-дан  несие  беруде  және  т.б.  іс-

шараларын жүзеге асыруда [1, 26б.].  

Соңғы жылдары мемлекет кәсіпкерлікті дамыту нәтижесінде сауда-саттық, халыққа 

тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, материалдық-техникалық 

қамсыздандыру,  дайындау  және  өткізу,  жылжымайтын  мүліктермен  операция 

салаларында жеке меншік формасындағы коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпорындар 

көптеп  пайда  болды[2,  12-б.].  Ал,  кәсіпкерлікке  қарсы  жасалынған  қылмыстық  құқық 

бұзушылықтардың  алдын-алу  басты  шарт.  Ол  туралы  Н.Ә. Назарбаев  өз  сөзінде: 

«Кәсіпкерлікке  қарсы  жасалынған  қылмыстың  алдын-алу  арқылы  ғана  елімізді 

экономикалық тұрақтылықты сақтап қала аламыз», – деді [30. 4б.].  

Еліміздің  экономикасының  өркендеуінің  негізгі  күші  болып  отырған  кәсіпкерлік- 

бизнес саласындағы Мызаағаның ой-толғамдары қазіргі нарық заманында әр кәсіп иесіне 

таптырмас құрал болып отыр. 

«Табыс формуласы 

Бiз  жаңа,  жақсы  нәрсенi  бастау  үшiн  ең  алдымен  бiрдеңенi  жоғалтып,  бiр  нәрседен 

бастауымыз  керек.  Аурулар,  жазатайым  жағдайлар,  қаржы  сәтсiздiктерi,  махаббат 

күйiнiштерi  белсендiлiктi  арттырады  және  бiздi  тағдырдағы  бетбұрысты  кезеңге 

итермелейдi  немесе  дәлiрек  айтқанда,  осылардың  арқасында  бiз  болатын  өзгерiстерге 

жiгерленемiз. Сонымен, кейде тiзенiң жарақаттануы не өкпенiң қабынуы адамдағы мүлгiп 

жатқан  түйсiктi  оятуға  түрткi  болады.  Кез  келген  өтпелi  бақытсыздықта  ғажап  жаңа 

мүмкiндiктер  бұғып  жатады.  Демек,  сәтсiздiктер,  апаттар,  тағдыр  соққылары  жаңа 



262 

 

мүмкiндіктерді  туғызады,  психологтардың  пiкiрiнше  тағдыр  бiздi  аяусыз  тоқпақтамайды, 



ол бiздi оянуымыз үшiн нұқып жiбередi. Жағдайға осы тұрғыдан қараған жөн» [3.,10б.]. 

Кәсіпкер  деген  тұлғаның  өзі  белін  тәуекелге  буған  және  бір  құлап,  бір  жүгіріп,  бір 

табысқа жетіп, екінші банкроттыққа ұшрыап отырса да өз кәсібінен жетімейтін, суға салса, 

батпайиын, отқа салса жанбайтын өз мінезді жандардың бірі. Осындай қиын да қатпарлы 

жолды таңдап, өндірісін дөңгелектеп отырған кәсіпкерлеге деген бизнес ақылдары арқылы 

көптеген  осы  саладғы  мәселелерді  шешуге  ұмтылған  Мырзакелді  ағаның  Брайан 

Трейсиден аударған туындысының да берері мол. 

«Екi адам бiр-бiрiмен шағым айту немесе өсектесу үшiн кездеспеуi тиiс, адамдар бiр-

бiрiне рухани жандар ретiнде керек, адамдар әңгiмелесу арқылы бiр-бiрiнiң рухын көтере 

алатын болғандықтан, одан ләззат алады. 

Адамдармен кездесу кезiнде өзiңдi еркiн сезiнуге көмектесетiн алты әдiс: 

— күл, езу тарт; 

— өзiң туралы айт; 

— сұхбаттасыңа еңкейiңкiреп тұр; 

— сұхбаттасыңа жанас; 

— көзiне қарап тұр; 

— бас изеп тұр. 

Тағы бiрнеше кеңес: 

— өзiңдi таныстыр; 

— тәуекел ет; 

— менi қабыл алмайды-ау деп көңiлiңе алма; 

— жаңа идеялардан қашпа; 

— есiмдердi ұмытпа. Бiреудiң есiмiн ұмытып қалсаң, қайта сұраудан қысылма; 

— басқаларға өзiң үшiн маңызды нәрсенi айт» 

Осы айтылғандардың ішіндегі кәсіпкерлерге ең керегі «Тәуекел ет!» деген ұраны еді. 

Себебі, тәуекелге бара алмаған адамнан ешқандай кәсіп иесі шыға алмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет