— жамандық, қызғаныш ойлама: кекшiлдiк сезiмнен арыл. Адамдар бiр-бiрiне бауыр
Кәсіпкер білуі тиіс осы жағдайларды Мырзакелді аға өзінің мол тәжірибесі арқылы
263
Мырзакелді ағаның ой-толғамдарының ішінде өзіме ұнағаны мына айтылған кесек
ойлар еді:
«Өмір сүрудің ең басты қағидасы – Ұят. Жеке адам үшін де, мемлекет үшін де!
Сондықтан, басты базис – ұят болуы тиіс. Үлкеніміз үшін де, кішіміз үшін де.
Шенеунігіміз де, жұмысшымыз да солай жетілуі тиіс. Адамзаттың мыңдаған жылдарғы
тәжірибесі, бұрын-соңғы діндер Ұятты ең маңызды санаған. Бұрын-соңғы қоғамдардың
бәрі әділеттілік тек ұятқа мойынсұнғанда ғана халқына жақсы тұрмыс сыйлаған. Нарық
экономикасы сынды қатыгездеу қоғамда да ұятқа басымдылық берілсе, адамдарды
теңсіздіктен, еріксіздіктен қорғау барынша дұрыс жүреді.
Әлемдегі ең бай адам Билл Гейтс бүкіл жинаған дүниесінің тең жартысын Құдай
берген денсаулығы мен жағдайына қарай, қанша тырысса да жеткілікті күнелтуі мүмкін
еместерге бөліп беремін дегені – оның ұятының оянғаны. Ең негізгісі – өмірдің мағынасын
табу, адамның өзін өзі тануы, яғни – ұятының ояу болуы, өз ұяты алдында жауап бере
алуы. Біз адам өмірінің және мемлекеттің іргетасы ұят екенін түсінгенімізше, біздің
барлығымыздың бірдей жолымыз болмайды. Бүгінгіше біреулер біреулерден жалақыны
мың есе көп алатын, миллион есе бай болатын қоғам тіршілігі жалғаса береді.
Дегенмен, қара аспанды төндіру де артық! Жаман емеспіз. Батырлықпен алып
қалған кең-байтақ жеріміз асырап жатыр. Көшбасшымыздан да жолымыз болды,
жағдайымыз бірқалыпты, елде тыныштық. Жастарымыз да жақсы жетіліп келеді. Оларда
біздердегі ұяңдық пен бұйығылық, бүгінгі жағдайға көне салу жоқтың қасы. Бұл – өте
жақсы. Оған қоса айтарым – біз адамзат өркениетінен өзімізді бөліп қарай алмаймыз.
Жаһандану үрдісі, тез дамып жатқан, кеше жаңа, бүгін ескі болып жатқан дәуірде
екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Біз бір нәрсені есімізде берік ұстауымыз керек.
Ол – тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай
сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек екендігін ұғыну, соны мойындау және
соған қызмет ету. Абай айтқан: «…Уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып
алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға
жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге – қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл
мойындамаған нәрсеге – оңай да болса, мойындамау – ерлік, батырлық осы!» [3.,10б.].
екенін есте тұту. Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде: «Бір сағат ілім үйрену бір кеш
бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу – үш ай ораза тұтқаннан жақсы»,
[3.,10б.]. – дейді. Пайғамбардың өзі де құр күтіп отыра беретін соқыр сенімді емес, оқуға,
ілім-білімге, ізденуге үндегені осыдан-ақ көрініп тұр. Швед халқы да XV ғасырда ежелгі
қазақ секілді жаугер болып, бүкіл Еуропаға үрей туғызыпты. Бірақ кейіннен онысымен
ұзаққа бармасын біліп, ғылымға бой ұрған. Оттықты, есептеуіш құралды алғаш жасап
шығарған солар.
Осы күнге дейін озық қалпында. «Шведтік социализм» деп аталатын ең үздік
әлеуметтік қорғау да сол елде. Саяси бәсекелестік, халықтың, әсіресе, зиялы қауымның
намысының оянып, рухының өрлеуі нәтижесінде XVII ғасырдың аяғына қарай Швеция
әлемдегі ең озық ел болды. Олар, ең алдымен, жаппай ішімдікке салынуды тоқтатқан. Ол
үшін сауық-сайранға арналған отырыстардың мәнін төмендетіп, швед столын ойлап
тапқан. Біздің Елбасы атынан жасалған арнайы кештерде болмаса, басқа жерде мұндай
үрдісті кем көреміз.
Негізінде, осы да бір ойланатын жай. Біріншіден, аста-төк тамақтың қажеті жоқ,
екіншіден, шақырылған адамдардың бір үстелге жабысып қалмай, қалаған адамымен
араласып-құраласып, сөйлесуіне қолайлы. Орналасуына қарай халқы бізден көп, әлеуеті
мықты, алып елдердің ортасындамыз. Сондықтан халқымыз, үкіметіміз бәсекеге қабілетті
болып жетілмесе, жаһандану жағдайында ұтылуымыз мүмкін. Академик Төрегелді
264
Шармановтың мақаласы ұлтымыздың ертеңіне қатысты проблемалық мәселелерді
қозғаған соң, пікірімізді барынша ашық айтуға тырыстық. Сайып келгенде, біздің халқы-
мыздағы құндылықтар көшпелі тұрмыстан – отырықшылыққа көшуіне; сөзге тоқтауға
негізделген ауызекі мәдениетіміз – жазба мәдениетке өтуге; қалалар салынып, халқымыз
урбандануына орай адасқандай күй кешсек, енді олай болуға себеп жоқ. Бұдан былай:
«анау айыпты, мынау айыпты, біз айыпты емеспіз» дей алмаймыз. Тәуелсіз елміз,
экономикада да, әлеуметтік салада да, рухани дүниемізде де өз жолымыз қалыптасты. Енді
әрі қарай төмендесек, онда ұяты – өзімізде, бұны – білімге ұмтылмауымыз бен
мәдениетіміздің кемшіндігінен ғана көруге тиіспіз»
Мырзакелді Кемел ағаның осы айтқандары арқылы қазағымның санасына ой қосылып,
адамның үш қорғаны: ары, қайраты һәм махаббатын қорғаштап, дақ түсірмей өтсе ғұмыры
да баянды болмай ма? Арсызда ұят болмайды. Қайратсызда намыс жоқ. Махаббатта
барлық ең ізгі, мөлдір қасиеттер жатыр. Осы үшеуі иманға сияды. Міне осы қасиеттерді
жоғалтпай, рухани дүниемізді бұдан да терең байыта білсек, ар-ұятты алдыңғы қатарға
шығарсақ қазақ деген халықтан жер жүзінде бақытты ұлт табылар ма сірә?
Ал "өзіндік қожайын сана" болса, өзгеріске бейім, өзі үшін күресе алатын, штамтық
қағидаттарға қарсы тұратын, өзін танып білуге әрекеттенген, еркіндік пен бостандықтың
жолында өлуге бар батыл, бастамашыл сана егінде данышпан Абайдың " бір бала ішсем,
жесем деп туады, енді бір бала көрсем, білсем деп туады" дегенінің астарында осы Гегель
философиясының дәні жатқандай. Сөз жоқ Мырзакелді Кемел ағаның аудармалары мен
шығармаларындағы философиялық үні қарапайым тілмен айтқанда ұлттық санамызға
негізделген, Абайдан сусындап, қазақтың өмір сүруціне лайықталып айтылған ой-
толғамдар еді.
Жапон ғалымы Эмото Масару құтыдағы суларға эксперимент жасаған. Жапон тілінде
әр түрлі сөздерді құтыдағы суға айтып отырған. Күн сайын. Соңында нәтиже не болды
дейсіз ғой; құтыдағы судың ең жақсы көретін сөздері екеу болған. Олар:МАХАББАТ және
АЛҒЫС. Осы екі сөзді "естіген" сулардың молекулалық кристалдары ғажайып түрге еніп,
керемет түзіліс жасаған екен. Олай болса, ең қасиетті, тамаша сөз- Махаббат пен Алғыс!.
Осы екі ауыз сөзді жиі айтып, жүректеріңізге бекітсеңіздер өмірлеріңіз де, жүректеріңіз де
сондай кіршіксіз, таза, мүбәрак, ғидаятта болады, достар! Жүрек құтысын махаббат пен
алғысқа шөпілдетіп толтырыңыздар! Махаббат пен Алғыстың адал некесінен Мейірім
жаралады. Ал Мейірім - бар ізгіліктің басы. Өйткені, Жаратушының әр ісінде Махаббат та,
Алғыс та, Мейірім де бар! [4.,10б.].
Достарыңызбен бөлісу: