ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Өмірбек Гүлнәр, Ақ қанатты періштем : (өлеңдер жинағы) / Г. Өмірбек. - Алматы :
Шапағат-Нұр, 2012. - 52 б.
2.Өмірбек Гүлнәр,Жанымның жапырағы: (өлеңдер жинағы) / Г. Өмірбек. -
Шымкент:Алтын шаңырақ, 2020. - 52 б.
3.Өмірбек Гүлнәр,Сүмбіле қыздың сырғасы : (өлеңдер жинағы) / Г. Өмірбек. -
Шымкент:Алтын шаңырақ, 2017. - 52 б.
ӘӨЖ 82,3
СӘРСЕН БЕК САХАБАТ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ
АППАЗОВА А. Е.-магистрант
ЖЫЛҚЫБАЙ Г. Қ., ф.ғ.к., доцент
Шымкент университеті
Мақалада Сәрсен Бек Сахабаттың түркітанудағы зерттеулері мен еңбектері
қарастырылады. Сонымен қатар, осы саладағы қордаланған мәселелерді жан-жақты
зертеулері талданған.
Сәрсен Бек Сахабат түркітану саласын зерттеген әдебиетші ғалым ретінде жүргізген
зерттеулері жетерлік. Көзі тірісінде осы ғылым туралы айтқан пікірі мынадай еді:
«Түркітанушы жаза білетін жазушы яки публицист ғана емес, тағдыр-тарихымызды,
дінді, әдет-ғұрпымызды, басқалармен салыстырып сараптама жасау үшін бірнеше тілді
білуге тиіс. Нағыз филологиялық синтез. Бәрібір қоймассың – түркітану Ресей
империясының түркі халықтарын өз отарына айналдыруға барын салған ғылымы. Айла-
амалын да, ақшасын да аямағандар Шығыстануға жүһүт, Түркітануға татар мен неміс
оқымыстыларын тартты. Қазанда Ибраһим Хальфин, бізде Шоқан отандық түркітанудың
негізін қалап патшалық режимнің ғылым-білімімен күресті. Шоқанның орысша
жазғанының себебі осында. Басты кедергі қазақ оқырманының бұған дайын еместігінде.
Кешегі күні Шоқанды «Ауропаға терезе ашты» деп келдік. Мұнымен өз басым
келіспеймін, Шоқан Ресейге болмасын, сол арқылы Батысқа болмасын «Азия терезесін»
ашып кетті. Әлбетте, оның қызығын қолында билігі бар, ақшасы мен бас-қасы бар империя
көрді» [1, 35б]
Қазақ тіл білімі жалпы түркілік зерттеулер сияқты ХІ ғасырда өмір сүрген
энциклопедист ғалым М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрк» еңбегінен бастау алады.
Қазақ тілінің зерттелу тарихы жалпы түркі тілдерінің зерттелуімен байланысты. Қазақ тіл
білімі түркітану ғылымының бір саласы болып табылады.
Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың басым көпшілігі бір кездегі Ресей
империясына қарағандықтан, түркітанудың алғашқы пайда болған жері де сол Ресей екені
белгілі жайт. Түркі тілдерінің тарихын зерттеудің аса маңызды көздері – Орхон Енисей,
көне ұйғыр жазба ескерткіштері, ортағасырлық араб, парсы, түркі ғалымдарының
еңбектері және ХVІІІ ғасырдан бергі Батыс Еуропа мен орыс ғалымдары зерттеулері. ХІХ
ғасырға дейінгі ғылыми еңбектерде түркі тілдері даралана зерттелуден гөрі жалпы түркі
тілдерімен немесе оның жеке топтарымен (оғыз, қыпшақ, қарлұқ т.б.) практикалық түрде
танысу негізінде оларға тән заңдылықтарды анықтау, салыстырмалы сөздіктер жасау,
259
шағын грамматикалық очерктер жазу дәрежесінде болғаны белгілі. ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысында Ресейде түркітану ғылымының негізі салынды.
Сарсенбек Сахабат түркітануға қосқан үлесіне әдебиетші-ғалым Р. Бердібай кезінде
былай баға берген екен: «Түркі әлемі, Таным жағалаған ғалымдарды білуші ек.
Ақындардың арасынан Сәрсен Бек Сахабат осынау нәзіктікті нысанаға дөп алыпты.
Дегдар тым намысқой. Қайтер екен деп ақырын күттік. Шайырымыз алқына қоймапты.
Керісінше көптеу таңырқатты. Түркіге тым бойлап тіл ұстартқаннан көбіне түсіне де
қоймадық. Қаріп қуалайды, жаңылтпаш па дедік. Сөйтсек, бұл да түркілік үрдіс, бүгінде
ұмытылған дәстүр екен.
Түркіні әркім өзінше қабылдайды, өзіне икемдейді – өзгеге қимайды. Сахабат ешкіммен
салғыласпайды. Қисын қуалап шығыстың, Батыстың дәлел – дәйегін өз өресімен өлшеп
таразылағаны әуесіңді келтіреді. Өгей өреге бағынбайды, өктемді басындырмайды. Түркіні
тарының қауызына сыйдырған қараулыққа жан-тәнімен қарсыласқан пайым-парасаты
бөлек. Поэтиканы ақылға бағындыру, ғылыммен ұштастыру елеңдетерлік еңбек. Көк
Тәңірі көсегесін көгерте алмаған өгей өремен таласқа түскені де өнеге. Сахабаттың өлеңде
өретіні де, этномәдени пайымдауларында пәлсапаның буына бөгетіні де – Көк Тәңірінің
осынау танымы.
Ересек естіге – ойлы оқырманға берері мол. Сондықтан оны оқитындар әсте өкінбесе
керек. Тұран (Түпкістан) – жақ тартқан жауынгер елдің садағын кезегеннен сағымда
көрінгенді мүлт жібермейтін мерген ерлердің атақонысы. Түркістанның төл перзенті
Сахабат та сағымға садағын ілген, сөз өнерінде жақ иген бір бейнеткіш. Төл атасын
төбесіне көтерген кішіпейіл ұл».
Осынау ардақты ағасының әдемі сөздері мен оң бағасын алған Сарсенбек Сахабат
түркітану саласындағы еңбегінің жемісін болашақ ұрпақ та бағасын беретіні сөзсіз.
Түркітанудағы орыс қазақ араласынан туған сөздердің шығу тарихы, жалпы алғанда
қазақ сөздерінің ежелгі сөздерден пайда болу жолдары туралы құнды зерттеулер арқылы
қазақ
әдебиетін
толықтырған
туындылардың
біразына
үңілгенде
байқаған
тұжырымдарымыз:
«Мешіт пен шіркеу түркілері
Сарсенбек Сахабат «Мешіт пен шіркеу түркілері» атты зерттеуінде: «Отаршылдық ілімі
тюркологиядағы толғақты мәселенің бірі – Лев Гумилевтің «Шіркеу халықтары» теориясы
мен оған қарадай еліктеп-солықтаған «Мешіт халықтары». Сондай-ақ қашпаған қашардың
уызы – Қазар қағанаты мен Ұйғыр қағанаты. Мұның ешбірі де Түркі бірлігіне қызмет ете
алмайтын көкжасық жорамал. Русь версиясында Қазарға бүлік әкелген йудейлер. Оның
ізін ала атышулы қанқұйлы Шыңғыс хан мен оның «моңғолдары» бастырып кірген.
Шыңғыс қаған ешқандай да хан емес. Орысша ойланып-толғанатын тарихи
көксауаттың басы осы. Өйткені хан лауазымын тұңғыш ұлы Жошыдан бастап өзінен
кейінгілер иеленген. Демек қағанның лауазымын төмендетіп жерге ұру. Қасақана ма,
білместікпен бе.
Қағанат – ерен елдіктің, діни бірегейліктің тәмсілі. Сондықтан өз басым аурорустік
империяның баламасы дегенге келіспеймін. Қағанатқа бірнеше елдің бірігуі табиғи
заңдылық. Империя да тап солай. Енді бұл екеуінің айырмасына жүгінсек империя өз
айналасын христиан дініне күштейді, ал қағанат жат діннің озбырлығынан азаттаған өз
кеңістігінде басқа елдің дінімен, ана тілімен санасып мәмілемен қатар өмір сүре береді һәм
өз діні тәңіршілдікті ұстанады..» [2, 35б]
Қарап отырсақ, тарихи этимологияны, ұлттар арасындағы араласу салдарынан
туындаған өзгерістердің әсерінен туындаған мәселелерге көлемді зерттеулер жүргізгені
Сарсенбек Сахабат еңбегі әрине құнды деректермен толығып отыр. Түркітану саласында
260
осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми
зерттеу ретінде алынып қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың
екінші жартысынан бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркітанушы ғалымдардың
азды – көпті пікірлерімен әртүрлі көзқарастары бар. Бірақ олар алғашқы зерттеулердің бірі
болғандықтан, тіл даму эвалюциясына байланысты кейбір пікір көзқарастары қазіргі түркі
тілдес тілдер жүйесіне сәйкес келе бермейді. Себебі негізгі міндеті мен мақсаты белгілі бір
сөз табын жан-жақты зерттеп, оған ғылыми тұрғыдан болжамдар мен дәлелдемелер
жазып, елеулі еңбектер қалдыру емес.
Мұнда тіл білімі саласындағы қайшылықтар мен басы ашылмаған мәселелерді
реттеу, қандай да бір халықтың тіл ерекшеліктерін айқындау, тілдік жүйесін бір ізге
келтіру сияқты көпшілікке танымал грамматикалық оқулықтар жасау десек артық не кем
айтқандық бола қоймас. Мәселен, И.Гиганов «Грамматика татарского языка», М.Казем –
Бек «Общая грамматика турецко-татарского языка», «Алтай тілдері грамматикасы»,
П.Мелиоранский «Краткая грамматика казак-киркизского языка», М.Терентьев
«Грамматика турецкого, персидского, киргизского и узбекского языка» деген еңбектерде
әрбір жеке сөз табын көбінесе ғылыми жағынан гөрі, жалпы сипаттамалық тұрғыдан
қарастырған.
Ал, Сәрсенбек Сахабаттың түркітанудағы көлемді зерттеулері де өз алдыңа бір ғана
мәселе төңірегінде ғана емес, осы саладағы қордаланған мәселелерді жан-жақты зертеумен
құнды болмақ. «Отаршыл ағартушылығы» деген зертеуі орыс пен қазақтар арасындағы
алауыздық салдарынан туындаған атаулар мәселесі де өз дәрежесінде көтерілген:
«Шыңғыс лақабының дұрыс нұсқасы – Жеңіс, яғни Жеңімпаз қаған. Мұны қазақ
білмегенімен Батыс Ауропаның ілкі қағантанушылары түгелімен біледі. Оларда
«Дженгис». Қағанның теонимдік «ғ» қарпін қолданбайтын елдерде «каанға» айналуы
айтыла беретін сингармонизм заңдылығы. Ата-анасының құлағына айқайлап қойған есімі
– Темір. Темуцзинге айналғаны (қазақша Темүжін) «р» қарпінен құры алақан қытай
сауатының құдіреті. Тему-цзинь – Темур царевич, по прозванию Киот (Н.Я. Бичурин).
Міне, сізге көрінгеннің көксауаты мен жасық ақылына жетектескеннің пайдасы.
Қытай «ж»қарпі орнына «чж» дифтонгын қолданады, «р» қарпін мүлдем білмейді. Одан
орыс филологиясы сыпыра көшіреді, осылайша мағына алшақтығы туындайды. Ал енді
Шыңғыс қағанның тегі «Түркі ме, Моңғол ма?» деп жүргендер айтсыншы. Бұл араға қазақ
атын тықпалаудың басы артық. Ол заманда жоқ, қолданысқа енбеген атауға қалай
күштемексіз. Мәселе қазақтың Түркі, ал түркінің Ғұн мұрагері, ғұмыржалғастығы
екенінде. Түркітануды бүгінгі атымызға лайық Қазақтануға айналдырайық (Өзбекәлі
Жәнібеков термині) деп жүргеніміздің себебі де осы»,- осылайша Шыңғыс ханның ұлтың
саудалай бастаған мына заманның бас қатырғыш сұрақтарына да өз жауабын дәлелмен
келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |