Д.ДОСЖАН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
ҚАЛДЫБАЕВА Ұ
Шымкент университетінің магистранты
Мақалада Д.Досжан шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктері қарастырылады.
Жазушы шығармалары талданған.
Өмірлік материалдардың өздігінен көркем туынды туындамайды. Өмір шындығын
қажырлы шығармашылық жұмыстың нәтижесінде ғана көркем суретке айналдыруға
болады. «Жазушы үшін творчестводағы ең керекті нәрсе, басты шарт – көзбен көріп,
құлақпен есту, қолмен ұстау, факті жетегінде кету емес, материалды эстетикалық
тұрғыдан игеру, құбылыстардың жігін ажырату. Жез бен алтынның, тас пен алмастың
айырмасын бірден тану» [1, 29 б.].
Тарихи шығарманың көркемдік табиғатын анықтаудағы басты өлшем тарихи
шындық пен ойдан шығарудың ара салмағына негізделеді. Шығарманың көркем
дәрежесінің биіктігі де осы құбылыстардың арақатынасындағы сәйкестікке, олардың бір-
бірімен өзара үйлесім табуының нәтижесіне байланысты. «Ойдан шығару шығармада
суреттелер шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес, сол шындықты сұрыптау, саралау
тәсілі; шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі» [2, 81 б.].
«Тарихи шығармада жазушының ойдан шығаруы да, белгілі ақиқат шындықты ойдан
толықтыруы да, оның кейбір құрамдас мағыналық бөліктерін өзгертіп, өзара орын
алмастыру да тарихи жағдай мен тарихи характер шындығына бағындырылады. Егер
жазушы тарихи шындыққа, тарихи ақиқат құбылыстарға жеңіл қарап, типтік сипаттағы
деректерді дәл танып, ерекше саралауға жеке көңіл бөлмейтін болса, онда ол өмір
құбылыстарының арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың заңдылығын,
диалектикасын терең және жан-жақты ашып көрсету талабының үддесінен шыға
алмайды» [3, 203 б.].
«Ойдан шығару – образға апарар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша
өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі» [3, 80 б.]. Олай болса, жазушы шығармасына
таңдап алған оқиғаны, кейіпкерлер тағдырын алдымен ой елегінен өткізе, көз алдына ойша
елестетіп алады. Творчестолық фантазия, ойдан шығару және көзге елестете білу
құпиясының шешімін тапқан қаламгер ғана көркем бейне, яғни образ жасаудың шебері
бола алады.
«Жібек жолы» романы – тарихи көркем пәлсапалық шығарма. Орыс, украин, неміс,
мадияр, монғол, ағылшын тілдеріне аударылып, жеке кітап болып шықты. Кітап желісі
бойынша Ардақ Әмірқұлов «Отырардың күйреуі» атты екі бөлімді көркем фильм түсірді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алпыс жылдай жабулы архивіне алғаш енген Дүкенбай
279
Досжан сот құжаттары желісімен «Абақты» (1992) дерекнама кітабын және 1986 жылғы
желтоқсан қырғынының ізімен көркемделген «Алаң» (1993) романын жазды.
Зерттеушілер Д.Досжан шығармашылығын үш салаға бөліп жазып жүр. Бірінші: көне
ғасыр қойнауынан ер түрік рухын тірілткен 60-шы жылдар басындағы тарихи
тақырыптағы – «Жібек жолы», «Отырар», «Фараби» шығармалары жатады. Екінші:
бодандық бұғау мен шенеуніктер тепкісі зардабынан мінез экологиясына ұшыраған
өмірзая ұрпақтар образдарының галереясы – «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа табын»,
«Жолбарыстың сүрлеуі», «Кісі ақысы» кітабынан табылады. Үшінші: ғажайып адамдар
ғұмырын көркем тілмен сөйлеткен сериялар тобына «Мұхтар жолы» (1988), «Абайдың
рухы» (1994 ж., 2008 ж.), «Алыптың азабы» (1997 ж.) деген кітаптары енді.
Дүкенбай Досжан дүниені суретпен, ешкімге ұқсамайтын бояу-белгімен көреді, тірі
сөзбен сурет салады. Магиялық реализм тәсіліне жиі жүгінеді, ой ағынымен жазады,
кейіпкердің жан әлемін сөйлетуге машық. 21 ғасырдың ғажайып кейіпкерлерін сомдап
жүрген бірден-бір қаламгер. Тәуелсіздігіміздің тарихын көркем кестелеген «Ақ Орда»
(«Елорда» баспасы, 2005 жыл) романын оқырмандар жылы қабылдады. «Астананың бас
архитекторы» деген деректі хикаяты (2007 жыл) жарыққа шығып, оқырман жүрегіне жол
тартты.
1990 жылы Д.Досжанның 2 томдық таңдамалы шығармалары ақиық ақын Олжас
Сүлейменовтың алғысөзімен, мемлекеттік тапсырыспен «Жазушы» баспасынан жарық
көрді. 2002 жылы «Білім» баспасы облыстық кітапханалардың сұранысымен – меценаттар
көмегімен – жазушының 13 томдық таңдамалы шығармаларын басып шығарды. Он үш
томдықтың алғысөзін көрнекті сыншы Зейнолла Серікқалиев жазған. Қолжазбаны
тұтастай қайта редакциялау, қалыптау, түсініктеме, баспалық аппаратын түзуді жазушы
Жарылқасын Нұсқабаев іждаһатпен орындап шықты. Жазушының аталмыш шығармалары
ағылшын, орыс, жапон, қытай, швед, чех, мадияр, монғол, украин, пұштын тіліндеріне
аударылып басылды.
«Оқырманы қисапсыз жазушы» деген айдардың Қазақстандық кітаптары қатарында
Д.Досжанның «Терезенің жарығы» атты таңдамалы әңгімелер жинағы пайда болды.
«Зауал» («Трудный шаг») романы үшін 1974 жылы «Қазіргі заманғы жақсы роман»
сыйлығын, «Жібек жолы» («Шелковый путь») романы үшін 1988 жылы «Тарихи
тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын иеленді.
Дүкенбайдың төлбасы шығармалары – «Отырар», «Фараби» атты тарихи хикаяттар.
Университет қабырғасынан шығар-шықпаста жазды, оқырман қауымды «қазақ та қала
салған, қаласында дегдар даңғылдар болған екен-ау» дегізіп елең еткізді. Ең әуелі жас
жазушының сол дәуірдің қалыбын, бояуын тап басып тани білгені; бағзылардың реніш-
қуанышын нанымды суреттегені; сөз саптауын, сөйлеу ырғағын, тіршілік базарын айнадан
көріп тұрғандай құп елестеткені; кейіпкердің мінез-құбылысын «құйып келтіргені»
сүйсінтті. Кейіпкерінің тынысымен тыныстап, жүрек бүлкілін тамыршыдай тап басып
танығаны ерекше еді.
Дүкенбай Досжан дүниені суретпен, ешкімге ұқсамайтын бояу-белгімен көреді,
көркем сөзбен сурет салады. Мистика сарынына жиі жүгінеді, ой ағынымен жазады,
кейіпкердің жан әлемін сөйлетуге машық. Жазушы қаламынан туған кейіпкерлер:
Қыдырма, Шортанбай, Ошақбай, Асанәлі, Тойболды, Яғымус, Оразалы – осы сөзіміздің
дәлелі.
Қазақ ұлты тағдырының бейнеленуіндегі тарихилық пен көркемдік қиял тұтастығы
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі салтанат құрған жаңа тарихы басталған XX
ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасыр басындағы қазақ прозасы романдарынан байқалады.
Бұл орайда, көрнекті жазушы Д.Досжановтың романдарын айтуға болады. Жазушының
280
«Алаң» (1993) атты романының тарихилығы шығарма желісінің 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісіне қатысты құжаттық деректерге, нақты прототиптерге сүйене жазылған
реалистік сипатымен танылады. Романның он бір тараудан құралған композициясы,
сюжеттік бөліктері авторлық эпикалық баяндаулармен, философиялық толғаныстармен,
психологиялық талдаулармен, кейіпкерлердің монологтарымен, диалогтарымен, т.б.
поэтикалық тәсілдермен өрнектелген. Романдағы он бір тарауда ұлт тағдырындағы
саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тұрмыстық мәселелерді эпикалық шығарманың көркемдік
жүйесі, шешімі арқылы жеткізуге тырысқан.
Роман тарауларының басты кейіпкерлері – XX ғасырда өмір сүрген, қызметтері
Қазақстан тарихына қатысты болған адамдар. Бұлар – көркем шығарма поэтикасы
заңдылығы бойынша прототиптер. «Алаң» романындағы прототиптілік негізділігін сақтай
отырып, бірақ көркем шығарма талабына орай әдеби тұлға тұғырында бейнеленген тарихи
қайраткерлер тұлғаларын көреміз. «Алаң» романында жазушы кейіпкерлерінің
сомдалуында олардың оңашадағы ойланулары-толғанулары, кейбіреулердің түс көрулері
және т.б. тәсілдерін шығарма композициясында мол қолданған. Романдағы тарихилықтың
көркемдік қиял арқылы романтикалық-реалистік сипатпен танылуы – кейіпкерлерінің
нағыз ұлтын сүйген шын ұлтшыл-отаншыл көзқарастарын даралай танытатын тұстарында
айқындала түседі. Мысалы, «Роман және сынақ алаңы» тарауының кейіпкері Бақытбектің
Қазақстан Республикасы Президентінің тобымен бірге Түркияға, Иранға барған ресми
сапарынан оралып келе жатқандағы самолет ішіндегі Елбасы екеуі арасындағы
әңгімелесуден туындаған мегзеулі ойлар жүйесі шығармадағы идеялық түйінді анықтайды:
«... Бақытбек Президенттің нұсқаған жағына көз салған беті, ет, жүрегі дір етіп шімірігіп
кетті. Қара қошқыл алып бұлт жолбарысқа ұқсап, бүкіс белін бүгіп көкжиектен бермен
нығыз тұтаса жатып алыпты. Күн сәулесін өткізер емес. «Неге ұқсайды?» – деді
Президент. «Жолбарысқа келеді екен, қандай қорқынышты». «Иә, сайын сахарада желдей
есіп, осынша кең даланы иемденіп өтіп өткен қазекемнің кешегі күні қандай болса, бүгіні
де сондай ... жұтып қойғысы келіп аранын ашқан, аңдыздаған жолбарыс көп ... құтылудың
жалғыз жолы – біз де жолбарыс бола білуміз қажет!» Нені мегзеді, қалай ұқтырды... Ешкім
өз тағдырын таңдамайды. Тағдыр адамның талайына жазылады. Мына мазасыз алмағайып,
андыздаған уақытта түлкі болып тағы шекең шылқымайды, тазы болып кімді, қалай
шалмақшысың; қасқырға ұқсап саяқ жортып не оңдырады; текті ауыздан шыққан аталы
сөз әлгі – қазаққа жолбарыс болмай теңдік жоқ» [4, 112 б]. (30 Досжан Дүкенбай. Алаң.
Роман. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 272 б.)
Романның «Алаң» болып аталуының философиялық-символдық мағыналық астарын
жазушы тараулардағы, сюжеттік бөліктердегі толғаныстарымен өріп беріп отырады.
Алғашқы «Романға барар жол» тарауында атомның теріс, оң тебуінің күшінен протон мен
нейтрондардың газды ортада сұрапыл соқтығысқа ұшырауы жаңалығын ашқан, кейін сол
жаңалығының адамзатқа апат әкелуіне қарсы болған «Өркениет, бейбіт қатар өмір сүру
және жеке бастың бостандығы туралы ойлар» атты еңбегімен, Кеңес Одағының
тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы шыққан академик Андрей Дмитриевич
Сахаровтың
ой-толғаныстары
–
жазушының
философиялық
толғаныстарымен
дәйектелген.
Романға тақырып болған «Алаң» сөзінің философиялық-психологиялық мағынасы
арқылы жазушы осынау өткінші жалған фәни дүниенің сипатын бейнелейді: «Біле-
білгенге дөңгелек жарық дүние – үлкен алаң. Алаңға шығып пікірін ашық айтуға әркімнің
жүрегі дауаламайды. Көп пенде өмір бойы айтамын деп діттегенін айта алмай өтеді.
Қолын сермелеген көсемдердің, басы қақшаңдаған жолбасшының соңынан қойша
сүмеңдеп ілеседі, қара бастың қамымен мәзденеді, тобыр көбейтеді, өз әлінше, өз
281
білгенінше біреу ілгері, біреу кейін жүріп дүниеден өтеді, өліп-талып алаң шетіне жетеді.
Алаң – адам тағдыры. Жарық дүниеге келген екенсің: күнделікті тәубаң бейнетің болсын,
жүрегіңнің басынан шүкіршілік кетпесін. Алаңнан жүріп өту бұйырған екен: білеріңді,
түйгеніңді жұрт алдына шығып айтып қал, дабыраны көбейтпе, даралануға ұмтылып бақ
дер едім. Қайтсем де дараланам, дабыраям деп ізет шекарасынан аттама, өзім білемге
семіріп, Тәңірінің көзіне түсіп жүрген жолаушыға таң қалам, алаңнан аман-есен өтуіне
тілек қосам» [5, 21 б]. (27 Жұбатырұлы С. Абыржы. Роман. – Қызылорда: Тұмар, 2000. –
448 б.)
Роман композициясына тұтастай желі болып тартылған тарихилық пен көркемдік
қиялдың егізделе өрілген жолы эпикалық шығарманың соңындағы «Түйін» бөлімінде
жинақтала қорытындыланған.
Қазіргі қазақ прозасының романдарында тарихилық пен көркемдік қиялдың тұтаса
өрілуі – қаламгерлердің классикалық әдебиет үрдістерін шығармашылықпен игеруінің
көрсеткіштері. Әлем әдебиеттерінің әдеби тек жанрлары шығармаларындағы көркемдік
шындық поэтикасы заңдылықтарын игеру арқылы қазақ әдебиеті де өркениеттегі өзіндік
ұлттық бояулы болмысымен танылуда. Қазақтың ұлттық рухани құндылықтары дамуының
өркениеттегі жетістіктері арқылы мемлекетіміздің беделі де нығая түсері ақиқат. Тарих –
адамзат дамуының жүйелі жолы. Қазақ тарихы – ұлттық қалыптасу, даму кезеңдерінің ата-
бабалардан сақталып жеткен тағылымды саласы. ХV–XVIII ғғ. Қазақ хандығы дәуірінен
бастап, қазіргі ХХІ ғасыр басына дейінгі аралықтағы аса елеулі оқиғалар мен көрнекті
тұлғалар туралы эпикалық шығармалар жазу үрдісі – осы тәуелсіздік жылдарында кең
орын алды. XVIII ғасырдан қазақ-жоңғар соғыстары, Абылай хан, Кенесары хан басқарған
ұлттық-мемлекеттік құрылымды сақтау, қалпына келтіру жолындағы оқиғалар қамтылуда
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресей империясы қарауындағы бодандық кезең
шындығы да романдар нысанына алынды. Абылай хан мен Кенесары хан және олардың
төңірегіндегі батырлардың әдеби көркем бейне тұғырымен бейнеленуінде олардың
прототиптік түпкі болмыстары негіз болғаны анық. Бұл орайда, қаламгерлер аталған
кезеңдер тұлғаларын бейнелеген халық әдебиеті шығармаларына көбірек сүйенеді.
Әсіресе, дәстүрлі ақындық поэзиядағы лирикалық және эпикалық шығармалардың
бейнелеу, суреттеу бөліктері дерекнамалық көмекшілік жасайды.
ХХ ғасырдың 50-90-жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі тарихи кезеңдер
шындығы да романдардың тақырыптық нысанына алынды. Қазақстанның кеңестік
кезеңдегі оқиғалары мен тұлғаларын өмір шындығы бойынша суреттеуге мән берілген
туындыларда қаламгерлер тарихи-дерекнамалық сипаттың сақталуын қатаң қадағалайды.
Себебі, ұлттың шынайы тарихының әуелгі негізделуі ғасырлар бойы сөз өнері
шығармаларында жазылып келді.
Қазақ әдебиетінің соңғы онжылдықтарда жазылған прозалық романдарды тарихи
шындық пен көркемдік шешім поэтикасы заңдылықтары бойынша саралау мақсатында
нысанға алынған туындыларды қарастыру міндеттері айқындалды. Романдардағы өмір
шындығының тарихи шындықпен бейнеленуі, тарихилықтың көркем шығармаларға негіз
болуының ерекшеліктері, реалистік сипат пен көркемдік қиял жинақтауларының
сабақтастығы басты назарда болды. Қазақ романдарының пайда болуы, қалыптасуы,
дамуы – ХХ ғасырдағы әдебиетіміздің әлем өркениетіндегі классикалық үрдіске сәйкес
көрнекті көрсеткішіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |