Бауыржан атамызда: «Әскер аты
Тік аяқ, бура санды, құймақ тұяқ,
Кең маңдай, етсіз жақты, қамыс құлақ.
Омыраулы, жібек жалды, сағақ мойын,
Бұлшық етті, сауырсын, артың талмақ.
Иығың тік, жұмыр палуан келген белің,
Тықыр жүн, майланғандай жылтыр терің.
Тыртыңқы іш, аш бөрінің қарынындай,
Бесіктен ерге жайлы тегіс жоның.
Сағат қағып адымдап шұлғып жүрсең,
Тұлпарға жеткізбейсің заулап желсең.
Шабысың ұшқан құстан кейін емес,
«Бір қызға сені қалай» қылған өлшем.
Жып-жылтыр, мөлдірген қара сүлік,
Анадан артық туған сен бір «күлік».
Аттан ассаң, дауым жоқ менің сенде,
Теңеру сені қызға шерменделік» [1, 82б.]
Абайша: Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.
Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.
Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы.
Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп,
Көтендігі сығыңқы, аламайлы [3, 82б.].
284
Міне қарап отырсақ, Бауыржан атмыздың поэзиясындағы ерекшелік оның өзіне
дейінгі ақындардың жырларына деген ұқсастықтың болуы. Сирек ұшырайтын,
қайталанбайтын үлкен дарын иесінің бойынан басқа ақындарға ұқсас белгілер табу оңай
емес. Оның алдындағы ақындармен әдеби дәстүрлер жалғастығы да байқала бермейді, ал,
өзгешелігі, ешкімде кездесе бермейтін өзіндік сипаты айқын көрінеді.
Қазақ халқының тарихында өшпес ерлігімен қазақ халқының абыройын асқақтатар
ұлт батыры атанған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы Б.Момышұлы
шығармашылығы төңірегінде сөз өрбітпекпіз.
Бауыржан шығармалары майдан шебіңде жүріп, көзі көрген өмір тәрбисінен алынған
отты жүректің, ыстық қанмен жазылған шығармалар болмақ.
Осыған өзі айтып өткен мына сөздері толық дәлел: «Менің шығармаларым тұтастай
және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, ерекше делінген эпизоидтар
естеліктерінің жиынтығынан іріктеп, екшеп алылған елеулі көріністерге негізделген.
Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ».
Демек, Бауыржанның шығармалары бастан кешкең, көзбен керген оқиғаларға толы,
әрі әлеуметтік қоғамдық мағынасы басым туындылар болмақ.
Бауыржанның тұңғыш туындысы болтан, қазақ әдебиетіндегі шаттығы биік
шығармалардың бірі - «Ұшкан ұя».
«Ұшкан ұя» повесі мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза
денгейіне көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды.
Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, баршаға бауырмалдық
шықпайды, өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді - дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық
патриотизмді күшейту үшін, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді.
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбегін ұлттық салт - дәстүрімізді, көркем шығармаға
мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгі
мәселе -Адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардын өзара
әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды.
Ұлттық тоғылымның түп төркінін шығарманың бас кейіпкері бала Бауыржанның іс -
әрекеті, отбасындағы болмысы, өскен ортасына деген қарым - қатынасы арқылы
байқаймыз. Шығармадағы әр жолдың айтар ойы айқын: адалдық, мейірімділік, жомарттық,
ұстамдылық, ұят - намысшылдық, ел камыл ойлау.
Шығарманың негізіне айналған осы қасиеттерді автор өз кейіпкерлері арқылы
көрсетіп отырады. Автор «Ұшқан ұядағы» оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы
өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде
суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін автор аса
сүйіспеншілікпен бейнелеген. Әуезді әуенімен әлпештеп, әлдилеп айтқан бесік жыры да,
қалагердің жүрегінде сақталған. Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлім -
тәрбиенің негізі ертегі мен көне әңгімелерден қалғанын жас ұрпаққа өнеге етеді.
«Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері,
не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқамын» Менің қазіргі келіндерім
немелеріне бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні
сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп корқамыл» [4, 82б.]- деп
қамығуында терең психологиялық астар бар.
Дала философиясында, ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Әкесінің
баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы
көрініс тапқан. Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да - тамыры терең тәрбие
тиегінің ағытылуы. Профессор М.Мырзахметұлының Баукең туралы естелігіндегі:
285
«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген мақалға ерекше мән беріп, өзінің
бала -немерелеріне тіпті бізге дейін Дулатқа дейінгі бабаларымыздың тізімін жазып беріп,
жаттап алуды ескертіп отырамын. Еңді ойланып қарасам, орыстар арасында айтылатын
«Иван безродный» дегені сияқты кейбір тексіз қазақ бала бастағандарды көріп, рухани
мәңгүрттіктең сақтандырған ескертуі ме деп шамалаймын» деген пікірі де осы ойымызды
куаттайтыны ақиқат. Повесьтте ғасырдан ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе
жатқан салт- [5, 82б.] дәстүріміздің көрінісін Үрбианның ұзатылу тойынан аңғарамыз.
Шығармада «Ұрын келу салты» анық баяндалған. Жазушы қазақ дәстүріндегі
құлалық, күда күтудегі кәде - жоралғылардың жасалу ерекшеліктері, калықмші салты,
калындық киімі, ұзату тойы, сыңсу, беташар, сүйінші т.б. ерекше мән беріле суреттейді.
Осы негізде: З.Қабдолов: «Әр жазушының каламынан туған шығармада алдымен
идеялық бірлік болғанын байқаймыз. Өйткені әр жазушы өзінің әр шығармасында әр түрлі
проблема қояды да, оны шешуді бір ғана тұрғыдан - өзің тұрақты дүниетанымы
тұрғысынан келеді» - деп, әр жазушының өз дүниетанымы бойынша берілетін
шығармадағы авторлық көзқараста тоқиды. Осы пікір дәлелденгендей, жазутяы қандай
шығармада болсын өмірдегі көрген - білгендерін қай тақырыпта жазсын ұлттық салт -
дәстүрдің негізінде қарастырып, ой түйіндейді.
Қазақ әдебиеті тарихында хатты өлеңмен жазу үрдісінде болған. Хат - өлең қазақ
эпистолярлық жанрының өзіндік бір ерекшілігі. Эпситолярлық әдебиет - эпистолография
сан алуан хат түрінде жазылған шығармалар Эпистолярлық жанрдың әдебиет тарихқа
тигізер әсері туралы профессор Қ.Ергөбек «Әдебиетілілер тіпті жазушы шығарма қызығу
сырын, автор өмірбаяны төңірегінен іздейтін жағдайда табан тірейтін деректердің бірі -
жазушы хаттар» [6, 82б.]- деп баға береді.
Б. Момышұлы майдан даласында жазған хаттарының мәні ерекше. Оның өмір мен
өлім, оқ пен оттың арасында жазған хаттары сол жылдардағы көкейтесті мәселелерге
арнапған. «Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрі», «Қазақ тілі». «Қазақстан
жазушыларына», «Кенесары туралы», «Қойын дәптеріндегі жазбалар» сынды хаттары
осының дәлелі.
Бауыржан хаттарының тақырыбы сан салалы: қазақ халқының ұлттық қалпын сақтап
қалудың жолдары ұлттық қадір — қасиеттерімізді жас ұрпақтың құрметтеуі ана тіліміздің
мәртебесін жоғарылату. ата сатты мен ұлттық әдет - ғұрыптарды қастерлеу. туған
тарихымызды бұрмалауға жол бермеу және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери
әдебиетінің сапасын арттыру секілді ұлттық қоғамдық сипаттағы өзекті мәселелер
көтеріледі.
1942 жылдың ақпанында «Жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу туралы ойлар»
еңбегін жазуға әрекет етеді. Онда: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжіриебемнен солдаттын
бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде, халықтың басынан өткен жауынгерлік
жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екендігіне көзім жетті» [7, 82б.]- деп
жазады, демек, Бауыржанның эпистолярлық шығармаларында жазушылық ұстанымның
бастау бұлағы ұлттық көріністе жатқаны анық. Сондықтан, Бауыржан жазған
эпситолярлық жанр ретіндегі хаттар легі, замана шындығын, қанды майдан үстіндегі
жауынгердің ішкі рухын таныту арқылы жастарды, елін, жерін сүюге деген махаббат
сезімін оятуда таптырмайтын өмір оқулығындай әсерде қалдырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |