Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ӘКІМ ЫСҚАҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



Pdf көрінісі
бет165/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

ӘКІМ ЫСҚАҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ  

 

БЕЛТАЕВА Г. И.  

Шымкент университетінің магистранты 

 

Мақалада  Әкім  Ысқақ  шығармаларының  тәрбиелік  мәні  қарастырылады.  Ұлттық 

таным мен ұлттық санаға әсер ететін шығармалары талданған. 

Әкім Ысқақ 1960  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Ордабасы  ауданы,  Бөржар 

ауылында  туған.  Шымкент  педагогика  институтының  физика  және  Алматы  мемлекеттік 

университетінің заң факультетін бітірген. 

 1980 жылдан өзі оқыған Абай атындағы орта мектептің мұғалімі, 1990 жылы Бөген 

аудандық  партия  комитетінің  идеология  бөлімінің  нұсқаушысы,  республикалық 

«Лениншіл  жас»  (қазіргі  «Жас  Алаш»)  газетінің  Қызылорда,  Шымкент,  Жамбыл 

облыстарындағы меншікті тілшісі.  

 1991  жылы  халық  депутаттары  Шымкент  облыстық  кеңесінің  баспасөз  хатшысы, 

1992  жылдан  Ордабасы  ауданы  білім  бөлімінің  меңгерушісі  болған.  1995  жылы 

желтоқсанда  баламалы  негізде  Қазақстан  Республикалық  Парламенті  Мәжілісінің 

депутаты болып сайланды.  

 1999  жылдың  желтоқсан  айынан  бастап  Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Әкімшілігінің  жауапты  қызметкері. Қазақстан  парламентаризмінде  тұңғыш  қазақ  тілінде, 

әрі Үкіметке баламалы негізде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы. 

Балаларға арналған «Котлет» атты тұңғыш сықақ әңгімесі 1977 жылы «Қазақстан пионері» 

(қазіргі  «Ұлан»)  газетінде  басылған. 1989  жылы  Самарқандта  өткен  Орта  Азия  және 

Қазақстан  жастары  өнер  және  поэзия  фестивалінің  лауреаты,  республикалық  «Жігер» 

фестивалінің  дипломанты  (1985),  С.Ерубаев  атындағы  Шымкент  облыстық  Жастар 

сыйлығының лауреаты (1992).  «Абзалдық әліппесі» атты кітабы бірқатар  университеттер 

мен  мектептерде  пән  ретінде  оқытылуда.  Қазақстан  Журналистер  одағы  сыйлығының 

лауреаты. 1997 жылы «Жыл адамы» атағын алған. 

 Философиялық  тәлім-тәрбиеге  негізделген  «Жүректегі  жазулар»,  «Адам  іздеп 

жүрмін»  атты  эссе-кітаптары  жарық  көрген.  Көптеген  әндердің  авторы.  «Көңіл  қымбат» 

(2008),  «Досыма»  (2009)  атты  ән-альбомдары,  «Жүректегі  жазулар»  атты  DVD  жинағы 

жарыққа шыққан. Шығармалары орыс, өзбек, түркімен тілдеріне аударылған. 

Ордабасы  ауданының  Құрметті  азаматы.  «Ерен  еңбегі  үшін»,  «Астанаға  10  жыл», 

«Қазақстан  Республикасы  Парламентіне  10  жыл»,  «Астана»  медальдарымен,  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  Алғыс  хатымен,  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 

Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің 

иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. 

 Бірінші  шақырылған Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің  депутаты. 

Тұңғыш  қазақ  тілінде  жазылған  «Халықтың  көші-қоны  туралы»  заңының 

авторы,Қазақстанның 1997 жылының «Жыл адамы», ақын, сазгер. 

Мәжіліс  депутаты  кезінде  ерекше  белсенділігімен,  шынайы  ұлтжандылығымен, 

қазақ  тілінің  жанашырлығымен  қоғам,  мемлекет  қайраткері  дәрежесіне  көтерілген  ол 

елдің  нағыз  халық  қалаулысына  айналды.  Қазақстан  парламентаризмінде  тұңғыш  қазақ 

тілінде,  әрі  Үкіметке  баламалы  негізде  «Халықтың  көші-қоны  туралы»  заңын  жазған 

депутат ретінде аты тарихта қалды.  



295 

 

Еркіндік,  жариялылық,  абырой,  намыс,  ар-ұят,  жауапкершілік,  мейірімділік, 



мәдениет,  сенім,  ерік,  ізгілік,  т.б. ізгілік құндылықтар  негізінде  білім  беру  оқушылардың 

дүниетанымын,  этикалық  талғамын,  ішкі  рухани  байлығын  молайтып,  ізгілік  түсінікті, 

тұжырымды, қоғамдық нормаларға лайықты сезімді, сенімді, мінез-құлық дағдылары мен 

әдеттерін  дамыту  сияқты  міндеттерді  шешеді.  Оқушы  мен  оқырманның  бойына  осынау 

ізгілік  қасиеттерін  сіңіруді  мақсат  тұтатын  Әкім  Ысқақ  туындыларының  кәрі  жасты 

талғамайтын өз аудиториясы бар.  

Ізгілік түсініктер мен пікірлер ізгілік құбылыстарының мәнін көрсетеді және ненің 

жақсы, ненің жаман, ненің әділетті, ненің әділетсіз екені түсінуге мүмкіндік береді. Ізгілік 

түсініктер мен пікірлер сенімге ұласып, әрекеттер, әдет-қылықтар ретінде көрінеді. Ізгілік 

әрекеттер  мен  әдет-қылықтар  жеке  тұлғаның  ізгілікті  дамыту  критерийін  анықтайды. 

Ізгілікті  сезімдер  –  ізгілік  құбылыстарға  өзіңнің  қатысыңды  сезіну  күйі.  Олар  қоғамдық 

мораль  талаптарына  адамның  мінез-құлқының  лайықты  немесе  лайықсыз  екендігіне 

байланысты. Сезім қайшылықтарды жеңуге ұмтылдырады, түсінуге түрткі болады. 

Біз осы бөлімде адамзатты ізгілікке үндейтін «Адам іздеп жүрмін» күнделік-эсседегі 

рузани әңгімелерді талдап, тәрбиелік мәнін ашпақпыз. 

«Тауды  көр  де,  түбіне  барма»  әңгімесінде  адамзаттың  бәрін  кемшіліксіз 

болмайтындығын,  тіпті  атағы  жер  жаратын  ұлы  адамдардың  өздерінің  бір  жерде  кемшін 

тартып  тұратын  қырлары  болатынын  мысалдармен  дәлелдейді.Мысал  ретінде  Л. 

Толстойдың  жұбайлықөмірін  ала  отырып  былай  дейді:  Халқымыз  «қасықтап  жинағанды, 

шөміштеп  төкпе»  дейді.  Кейде  парасатты  ағаның  үйіне  бара  қалсаң,  суық  жанарлы 

жеңгемізді көріп, көңілдің пәс түсіп қалатыны бар. Сондайда орыс жазушысы Л. Толстой 

тағдырын еске аласың... 

...Жазушының  отбасылық  өмірі  шын  мәнінде  қайғылы  еді.  Күйеуі  елге  танылған 

сайын ол менмен, өзімшіл, көкірек бола бастады. Сән-салтанатқа құмар әйел жоқ жерден 

ұрыс  шығаратын.  Бар  есіл-дерті  байлық  пен  ақша  еді...  Ыза  болған  жазушы  баспалардан 

шығарған кітабы үшін қаламақы бермеуді сұранды. 

Қазымыр, әдепсіз әйелдің іс-әрекеттері жүрегі нәзік жанның жанын жаралайтын... 

...Ақыры  шыдамады.  82-ге  келген  жасында,  яғни  1910  жылдың  қазан  айының  ақ 

қарлы түнінде 46 жыл отасқан өз әйелінен қашты. Ақ  қар көк мұзда суықты бетке алып, 

қараңғылыққа қарсы кете барды, кете барды... 

Тек он бір күн өткен соң ғана шағын темір жол станциясы маңынан әбден аяз сорып 

тастаған  әлсіреген  денесі  табылды.  Кірпіктері  ғана  әлсіз  қимылдағаны  болмаса,  тірі  жан 

деуге келмейтіндей еді. Қиналып, бар күшін жинап, әзер тілге келгенде айтқаны: 

– Әйелімді қасыма жақындатпаңдаршы... 

Лев Толстойдың өмірден өтіп бара жатқандағы ең соңғы сөзі осы болды» [1, 82б.] 

Орыс  ақынының  өмірінен  керемет  мысал  келтіру  арқылы  жазушы  пендешіліксіз, 

кемшіліксіз адам болмайтындығын дәлелдейді.  

«Адам  жолындағы  бөгетті  жоя  алатын,  қиындықтан  қорықпайтын  болуы  керек. 

Оған  барар  жол  қайсы  дейсіз  ғой?  Меніңше,  көре  алмайтынға  дархан  мінезіңді,  зұлымға 

қайырымдылығыңды, сараңға жомарттығыңды мойындат. Жаманды жақсылықпен жеңген 

дұрыс. Жамандыққа жамандықпен жауап берсең, арада мәңгілік өшпенділік пайда болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет