ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ.
ХАЙРУЛЛАЕВА С. А.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты
г.Алматы
Кіріспе
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттердің бірі – оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік
әдістемелерді сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне
ықпалын тигізуде. Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – оқыту үрдісін
технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту
үрдісін өзгерте отырып, мүғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек.
Ал енді, инновация дегеніміз не? «Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол -
«жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып,
белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. XX
ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда
166
болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин XX
ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады [1;3].
Ағылшынша «Innovation» көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық
ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның
рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет,
сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану
ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекеттің жалпы және арнайы ерекшеліктері
ресейлік зерттеушілер A.A. Арламов, Н.Ф. Вишнякова, В.И. Загвязинский, М.В. Кларин,
Н.В. Кузьмина, С.Д. Поляков, М.М. Поташник, М.М. Фридман, Н.Р. Юсуфбекова және т.б.
еңбектерінде қарастырылады. Инновация туралы қазақстандық мамандардың өз пікірі бар.
Мәселен, 1996 жылы С.Б.Әбдіғаппаров «инновация — бұл ғылыми негізделген
идеялардың шаруашылық субъектілердің зерттеуін, әзірлеу мен енгізуін қамтитын
мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы қоғамның өмір деңгейін көтеруге бағытталған
мақсаттарға жету үдерісі» деп атап өтті. Ал 2006 жылы Н.А.Барлыбаева өзінің
«Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі: перспективасы және даму механизмі»
монографиясында нарықтық табыстардың инновациялық қызметке қатысушылардың
ерекше креативті қабілеттерінен туындайтындығы туралы қорытындыға келді. Бұл
жағдайда: «инновацияның өзі мәні бойынша «технологиялық түрткі» не нарықтық
сұраныс жүктемесі» дейтін ұғым болып табылмай-ақ, олардың бірлескен ықпалынан
туындаған құбылысты білдіреді. [2;4].
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын
орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла
бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және
қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың
дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты
әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Осы бағытта мұғалімдердің инновациялық білім прогресіне бет бұруы көзделуде.
Жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда инновациялық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі мол. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп
жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репин, В.А.Левин); оза отырып оқыту (С.Н.Лысенкова);
іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков); тірек және тірек конспектілері
(В.Ф.Шаталов); сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы; модульдік оқыту
технологиясы; саралап оқыту; шоғырландырып қарқындап оқыту жүйесі; деңгейлік
тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы [3;1].
Инновациялық қызмет білім беру мекемесінің даму процесін басқару ісі неғұрлым
жүйелі жүргізілетін болса, солғұрлым тиімді бола түседі. Бұл инновациялық қызмет
субъектілерінің арасында қажетті байланыстар орнатып, жеке инновациялық процестерді
тұтас бір салаға біріктіруге, дара өзгерістерді білім беру жүйесін дамытудың ортақ мақсат
призмасынан қарауға, оларды жалпы даму бағдарламасы аясында жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Дамуды жүйелі түрде реттеу басқару ісіне қатысты бүтіндей бір
міндеттер кешенін талапқа сай және дер кезінде орындап отыруға мүмкіндік береді.
Инновациялық қызметтің басқару жүйесін жасау үшін мынадай жұмыстарды атқару қажет:
– бұл жүйе жүзеге асыруға тиісті функциялар құрамын белгілеу;
– функцияларды жүзеге асырудың әдістері мен құралдары;
– бөлінген функцияларды жүзеге асыратын органдардың (уақытша және тұрақты)
құрамын, олардың өзара қарым-қатынасын анықтау;
167
– инновациялық қызметті басқару функцияларын жүзеге асыру жөніндегі басқару
әрекеттерінің логикалық құрылымын айқындау;
– бұл басқару әрекеттерінің орындалуына қатысты өкілеттілік пен жауапкершілікті бөлу; –
бақылау.
Білім беру мекемесін басқарудың инновациялық болжамдық сипаты – басқару
циклына білім беру жүйесін дамыту мен оны түбегейлі жаңарту перспективасын
айқындауға бағытталған өзгерістер енгізу нәтижесі. Ал инновацияны басқару
бағдарламасы орындаушылардың алға қойған мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері
кешенін қамтитын жоспар болып табылады. Бұл жоспар орындалу мерзімі, нәтижесі және
қаржылық қамтамасыз етілу жағдайлары жөнінен өзара келісілген. Кешенді-мақсатты
бағдарлама әзірлеу технологиясы – бұл өзара байланысты кезеңдердің жиынтық бірлігін
құрайды. Атап айтқанда: ұйымдық-басқару (білім беру мекемесі бойынша инновациялық
іздестерудің нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу); білім беру мекемесі қызметіне жүйе
ретінде проблемалық талдау жасау; тұжырымдамалық-болжамдық; жобалық-құрылымдық
(инновациялық мектептің моделін құру және оны жүзеге асыру процесін ғылыми-
әдістемелік қаматамасыз ету); педагогикалық ұжым инновациялық қызметі мониторингі
(рефлексифті-бағалау) кезеңдері [4;19]
Инновациялық жоба және оның тиімділігін бағалау әдістеріне тоқталып өтейік.
Инновациялық жоба – инновациялық қызметті ұйымдастыру мен мақсатты басқарудың
жаңа формасы, ресурстары, мерзімдері мен сатылары өзара ықпалдасты және өзара
байланысты күрделі процестер жүйесі. Мұны бірнеше аспектіде қарастыруға болады. Атап
айтқанда, инновациялық мақсаттарға қол жеткізу бағытындағы шаралар жиынтығы
ретінде, инновациялық қызметті жүзеге асыру процесі ретінде, сол шараларды негіздейтін
және сипаттайтын құжаттар пакеті ретінде. Жоба инновацияға алып келетін нақты
міндеттердің (проблемалардың) тиімділікпен орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Ол
инновациялық циклдың барлық сатыларында өзінің жалпылама сипатымен көрініп
отырады. Дамудың мүмкін боларлық мақсаттары мен міндеттері инновациялық
жобалардың түр-түрін тудырады. Инновациялық жобалар жүзеге асырылу кезеңіне, мақсат
сипатына, талап түріне, типіне, қабылданатын шешімдердің деңгейіне және орындалатын
міндеттердің көлеміне байланысты жіктеледі (классификацияланады). Инновациялық
жобаның қандай да бір түрге қатыстылығы оның өзіндік мәніне және түзілу әдістері мен
жасалу жолдарына байланысты анықталады. Инновациялық жобаны басқару – бұл
мақсатты, ұйымдық құрылымдарды айқындауға, инновациялық идеяларды іс жүзінде
қолдануға бағытталған шараларды жоспарлауға және олардың орындалуын бақылауға
байланысты басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асыру процесі. Инновациялық
жобаны басқару ғылыми негізделген және сыннан өткен принциптерге сүйенуі тиіс.
Басқару циклын жалпы екі сатыға бөлуге болады: – инновациялық жобаны әзірлеу және
инновациялық жобаның жүзеге асуын басқару. Бірінші сатыда жобаның мақсаты және
күтілетін нәтижелер айқындалады, жоба нәтижелерінің бәсекелестікке қабілеті мен
перспективалылығына баға беріледі, тапсырмалар белгіленіп, жобаны жоспарлау және оны
ресімдеу ісі атқарылады; – екінші сатыда басқарудың ұйымдық формасы таңдалып
алынады, нәтижеге қол жеткізу, уақыт, қаржы, ресурс жөніндегі оперативті жағдайларға
болжам жасау және бағалау міндеттері орындалады, жоспарларға түзету ендіріледі [5;21].
Мектепті дамытуды басқару тиімділігін бағалау критерийі туралы В. С. Лазарев:
- Педагогикалық ұжым мүшелерінің мектепте игерілуі ықтимал жаңалықтар туралы
хабардарлық деңгейі (мектеп дамуының мүмкіндіктері мен шектеулер туралы хабардарлық
деңгейі);
168
– Мектептің көкейкесті проблемаларын айқындау (ұжым мүшелерінің мектеп
проблемаларын, олардың себеп-салдарлық байланыстарын ұғынуы) сынды кезеңдерді
айтқан болатын.
Мектептегі инновациялық қызметтің ортақ және жеке мақсаттарын орнымен қолдану
ұтымдылығына - мектептің көкейкесті проблемаларды шешу мүмкіндіктерімен алға
қойған мақсат мейлінше сәйкес келеді. Мектепті дамыту мақсаттарының ықпалдастығына
- жекелеген жаңа ендірмелердің ортақ мақсатпен үйлесімі және өзара келісілуін
жатқызамыз. Жоспарлардың шынайылығына - қандай да бір бағытта қолданылатын
инновациялық қызметтің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілетіндігі туралы
куәландырманың негізділік деңгейін, мектеп педагогикалық ұжымының жаңаны игеруге
деген мүдделілігін, мектептегі инновациялық процестердің бақылану мүмкіндігін
жатқызамыз [6;14].
Достарыңызбен бөлісу: |